ҚОСАРЛАПСТИМУЛДАУ ӘДІСТЕМЕСІ (методика двойной стимуляции)- орыс психологы Л.С. Выготскийдің (1896-1934) жоғары психикалық функциялардың жанама сипаты туралы тұжырымдамасы негізінде жасалған психологиялық әдістеме. Ұғымдардың қалыптасу процесін зерттеуге Л.С. Выготский мен Л.С. Сахаров қосарлап стимулдау әдістемесін бірігіп қолданды. Негізгі мәні- екі қатар стимулдар арқылы жоғары психикалық функциялардың іс-әрекеті мен дамуы зерттелді. Стимулдың бірі сыналушының іс-әрекеті бағытталған объектінің функциясын, екіншісі осы іс-әрекетті ұйымдастыратын белгілер функциясын атқарады. Стимул- объектіге - әр түрлі түстер, нышандар, өлшемдер, ал құрал стимулға әр фигураның сыртында жазылған сөздер алынады. Олар эксперименттік материалдар болып саналады. Бұл әдістеме, сондай-ақ жанамаланған ес пен зейінді зерттеуге де қолданылад