АУТОГИПНОЗ (грек. autos - өзім, hypnos - түс) - өзге адамның ықпал етуінен болатын, гетерогипнозға қарама – қарсы – адамның өзін - өзі мақсатты гипноздық жағдайға келтіруі белгілі бір тәсілдермен жүзеге асады. Аутогипнозға бейімделушілік : физикалық және эмоциялық хал – ахуалға, жеке тұлғалық ерекшеліктерге, физиологиялық және психологиялық функцияларды өздігінен басқару қабілетіне байланысты болады. А. Қазіргі уақытта аутогендік жаттығу әдістерінің бірі ретінде қолданылады.
АУЫТҚЫҒАН МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ (Девиантное поведение) – балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға апарып соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы;оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту – тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай – ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Ауытқымалы мінез – құлық – мінездің қылт етпе, құбылмалы,айнымалы түрі. Адамның психикалық ерекшеліктерімен, әсерді қабылдауының өзіндік сипатымен байланысты болады. Ауытқымалы мінез – құлық физиологиялық және паталогиялық түрлерге ажыратылады. Физиологиялық негіздегі ауытқымалы күйдің (ашу, ыза, үрей) психикаға әсері күшті болғанымен ,адамды оның салдары үшін жауапкерліктен босатпайды. Яғни мұндай сезімдік ахуал жағдайында жасалған қылмысы үшін кінәлылық жоққа шығарылмайды, тек ол белгілі бір реттерде жеңілдетілуі мүмкін. Паталогиалық негіздегі ауытқымалы мінез – құлық адамды бір сәтке сана – сезімнен айырып, мақсатсыз немесе қауіпті іс - әрекеттер (шабуыл) жасауға итермелейді. Егер қылмысты әрекетті патологиялық ауытқымалы мінез – құлыққа ұшыраған адам жасаса (солай екені анықталған жағдайда), ондай адам “есі кіресілі - шығасылы” деп танылады.
ӘДІС (Метод; грек. methodos – теория, ілім, зерттеу жолы) – көздеген мақсатқа жетудің біріңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие және оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім – тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі . Тәлімдік әдістерге байқау және қателік; жобалау әдісі,рейтинг әдісі,басқару әдісі және т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |