Ақыл-ойын дамытудың психологиялық-педагогикалық диагностикасы.
Интеллект түсінігі және ақыл-ой коэффициенті. Жақын аралық даму зонасы мен өзекті деңгейлері. Ақыл-ойын дамуын диагностикалау мен жалпы қабілеттер. Эмоционалды және функционалдық күйлерін диагностикалау. Ақыл-ой дамуын диагностикалап зерттеу аумағы. Интелектіге әсер ететін факторлар тұқымқуалаушылық, жыныстық ерекшеліктер, тамақтануы, әлеуметтік мәдени орта, оқыту және т.б. Оқу көрсеткіші. Көпке танымал ақыл-ой тестісі.
Тұлғалық сапалардың психодиагностикасы.
Тұлғаның даму үрдісіндегі тұлға кейпінің өзара әрекеті. Тестер-сұрақнамалар, олардың түрлері, формалары, нәтижелерінің көрсеткіші. Тұлғалық қарым-қатынастар, эмоционалды ерік жігер сфералары, мінез-құлық, өзін-өзі бағалау. Көпке танымал әдістер: Миннесотты көпфакторлы тұлғалық сұрақнама (ММРІ) және түрлі түсті Люшер тесті. Сурет салуын байқау, жүргізу техникалары мен нәтижелерін талдау.
Психологиялық тесттер
Тесттердің алдыңғы тарихы терең ғасырларға кетеді, ол әртүрлі қабілеттер, білімдер, дағды және әдеттерді сынаумен байланысты. Тарихи мағлұматтарға қарағанда , біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықтың ортасында Ежелгі Вавилонда жазушылар дайындайтын жерде мектеп бітірушілерді сынақтан өткізу жүргізілген. Ол, яғни абитуриент немесе оқуға түсуші: төрт арифметикалық амалды білуге, алаңды өлшей алуға, рациондарды реттеуге, мүліктерді бөлуге, музыкалық аспаптарда ойнау және өлең айту өнерін игеруге тиіс болды. Сондай – ақ, маталарды, металдар мен өсімдіктерді ажырата алу дағдылары да тексерілді.
Ежелгі Египетте абыз өнеріне тек анықталған сынақтар жүйесінен өтуге қабілеттілерді ғана оқытқан. Алдымен абыз болуға, өзін ұсынушы сынақ кездесуінен өтті, танысу үрдісінде оның өмірбаяны туралы, білімінің деңгейі анықталады, сонымен қатар, түр сипаты, әңгімені жүргізе алу іскерлігі бағаланады. Бұл қатал сынақты белгілі ежелгі ғалым Пифагор бағындырды дейді.
Б. э. д екі жарым мың жыл бұрын Ежелгі Қытай елінде басқарушы чиновник қызметін атқарғысы келгендерге жеке қабілетті тексеру болыпты делінеді. Әр үш жыл сайын чиновниктер, императордың өзіне алты өнер бойынша экзамен қойылған: музыка, садақтан оқ ату, оқи білу, мерекелерді өткізу немесе салт – дәстүрді білу.
Тесттің негізгі тарихы бір ғасыр бұрын басталды. 20 ғасырдың басында ғылыми проблеменың түрі ретінде индивидуалдық айырмашылықты зерттеу болды. Бұл мәселе бірінші тесттің пайда болуына әкеп соқты. Белгілі ағылшын ғалымы Ф. Гальтон 1884 – 1885 жылдары аралығында сын жүргізді, бұл лабораторияларға келушілер аз ғана ақша төлеп, 17 көрсеткіш арқылы өздерінің физикалық сапаларын (күшін, реакцияға жылдамдығын және т. б.), организмнің физиологиялық белсенділігін және психикалық қасиеттерін біле алатын болды. Толық бағдарлама бойынша 9337 адам тексерілді.
Дж Кеттел адамның өлшенбейтін психикалық қасиеттерін, бірінші болып тестте өлшеу құралдарын көрді. Ол 1890 жылы шыққан еңбегінде 50 лабораториялық тесттер берді, бұл тесттерді біз қазір бақылау тесттері дейміз.
Ф. Гальтон мен Дж. Кеттелдің тесттік әдістері басқа елдердің ғалымдарының назарын өздеріне аудартты. Тесттің жақтастары да, қарсыластары да пайда болды. Жақтастар қатарына: Германиядан – Г. Мюнстерберг, С. Крепелин, В. Онри; Франциядан – А. Бине; АҚШ – тан – Дж. Гилберг және т. б. болды.
Проективтік (жобалық) әдістер
Проективтік әдістердің тарихы – бұл хронология және жобалық техниканың дамуы мен жобалық әдістердің дамуын көрсетеді.
1904 – 1905 жылдары пайда болған Н. Юнгтың сөздік ассоциациясы проективті әдістерге әсер етті. Әртүрлі варианттағы ассоциациялы тесттер кінәлік сезімді табу үшін ( М. Вертгеймер, А. Г. Лурия) патологиядағы нормалық шектеулікте ( Г. Кент, А. Розанов) қолданылады. Проективті диагнотика 1921 жылы Берн қаласында жарық көрген Г. Роршахтың «Психологиялық диагностикасымен» байланысты болды.
Роршах бірінші болып жеке тұлғаның негізін қалаушысы мен фантазия образының арасындағы байланысты көрсетті.
Хольцманның сиядақтары әдісі үлкен стандартталғанымен және схемаланғандығымен ерекшеленеді, ол 45 карточкасы бар екі параллельді серия таблицасынан тұрады: әрбір карточкаға жауап беруші бір ғана жауап қайтарады.
Проективті әдістер адамның ішкі жан дүниесін білуге, субъективті алаң болушылық әлемін, сезімін, ойын күтуін ашып көрсетуге бағытталған.
Контент – аналитикалық техникалар
Қазіргі замандағы психологиялық диагностикадағы контент – анализ іс – құжаттарының сандық – сапалық оқулары. Біздің ғасырымыздың 20 – шы жылдарынан бастап, социология мен психологияда іс – құжаттарды оқуда сандық әдістер көп қолданыла бастады. Әлеуметтік іс – құжаттарына: практикалық зерттеулер, ресми түрде және жеке іс – құжаттар, хатар, автобиография, күнделіктер, фотографиялар және т. б. массалық коммуникация материалдары, әдістер және көркемөнер және т. б.
Кеңес Одағында 20 – шы іс – құжаттарды оқуда сандық әдісті психолог Н. А. Рыбников, И. К. Шпильрейн, П. П. Блонский, социолог В. А. Кузьмичев және т. б. қолданды.
40 – 50 жылдары АҚШ – та іс – құжаттарды зерттеуде, оқуда арнайы пәнаралық әдіс – КОНТЕНТ – АНАЛИЗ қалыптасты. Кейін ол Европа елдеріне таралды.
60 – шы жылдар соңында бұл әдіс біздің елімізде социологиялық және социалды – психологиялық зерттеулерде кең қолданылуда.
Адамның дамуы және өз қабілеттерін қолдануы оның себептік сферасының ерекшеліктеріне, эмоциялық басқару деңгейіне, өзара жеке бастық қарым - қатынас сипатына, өзінде қалыптасқан өзі туралы ойларына, яғни өзіндік сапасына байланысты. Индивидтің өзі туралы көзқарасында оның жекелей сапалары және қабілеттіліктің өзара әсері анық көрінеді. Психологиялық диагностика индивидтің дамуы дамуға ықпал ететін жағдайлар туралы, жеке адамның құрылымы туралы, қалыптасу заңдары туралы білімсіз мүмкін емес. Сондықтан жеке адамның параметрлерін псхологиялық диагностикалау жалпы психологиялық диагностиканың маңызды бір бөлімін құрайды.
Тәжірибеде қолданылатын психологиялық диагностикадағы әдістердің басым көпшілігі адамдарға қатысты тілдік сипаттауда қолданылады. Мүмкін болатын жағдайда адамның мінез – құлқын болжау мүмкіндігін алу үшін психологтар негізгі ( базалық ) немесе жүйелі қалыптасқан қасиеттерді өлшеуге тырысады. Бұл қасиеттер «темперамент» деп аталатын функционалды ұғымға қатысты әрекет стилінің жалпы динамикалық құрылымдық сипатына немесе нерв жүйесінің қасиеті деген субстанционалды ұғымға жатады.
Адам жаратылыстану ғылымында объект ретінде қарастырылады. Мұнда 20 – ғасырдың басында « Жеке адам профилі » деп қабылданған параметрлер жиынтығы ретінде көрінеді. Әлеуметтік өмір жағдайларында адамның мінез – құлқын болжауға жеке адам профилін қолдануды әдетте бітістер деп атады. Әртүрлі жағдайларда индивидке қойылатын әртүрлі талаптар әртүрлі қасиеттерді белсендіреді. Ерекше ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жағдайларда зейінді, зейінсіз, ұқыпты, ұқыпсыздық қасиеттері көрінеді. Жеке тұлға түсінігіне әртүрлі анықтамалар беріледі. Мысалы: Олпорт 1949 жылы жеке адамға 50 әртүрлі анықтама береді. Көбінесе жеке адам терминін жеке адамды сипаттайтын психикалық қасиеттердің жиынтығы деп түсінеді. Жеке адамның көптеген және әртүрлі көрінулері жеке адамның құрылымына негізделген. Бұл құрылым өте бай, күрделі және сапалы көрінулерден тұрады. Мұндай жеке адамның жүйелі қалыптасқан параметрлеріне әртүрлі авторлар келесілерін жатқызады:
себептілік, яғни мотивациялық сфера
өзіндік сана
өзара жеке бастық қарым – қатынас
Адам өзі туралы қандай көзқараста келеді? Осы кезде қандай ішкі әрекеттер жасайды? « Мен – бейне », « мен – концепция » қалай қалыптасады?, қазір барлық осы сұрақтар ғылыми зерттеулерде қарастырылады. Өзіндік сана деңгейлік құрылымда болады. Өзіндік сана және жеке адамның деңгейлік концепциясын Эриксон ұсынды. Адамның белсенділік негізінде өзіндік сананың деңгейлік құрылым концепциясын В. В. Столин жасаған. Өзіндік сана құрылымының маңызды сипаттамасы « Мен концепциясы » болып табылады. Бернс « Мен концепциясын » өзіне бағытталған құрылым жиыны ретінде қарастырады. Бұл құрылымға 3 компонент кіреді:
« Мен – бейнесі » - индивидтің өзі жайлы көзқарасы
өзіндік баға – осы көзқарастың бағасы және оның талдануы мен қабылдануы күшті эмоциялар тудыруы мүмкін.
мүмкін болатын мінез – құлық реакциясы, яғни « мен – бейне » немесе өзіндік бағаны көрсететін нақты әрекеттер.
Индивидтің өзін қабылдауы және өзіндік бағалауының құралы болып оның тәні, қабілеттілігі, әлеуметтік қатынасы және т. б. жекелей көріністері бола алады. « Мен концепциясы » адам басынан өтетін әртүрлі ішкі әсерлердің ықпалы арқылы қалыптасады.
Анастазидің басқаруымен өзіндік сананы диагностикалауға арналған 4 диагностикалық әдістер қолданылады:
Гохтың сын есімдер тізімі
Стефенсонның Q классификациясы
Озгудтың семантикалық диффренциал ( мағынасын ажырату )тесті
Келлидің рольдік құрастыру тесті
Сонымен қатар, өзіндік сананы диагностикалауда стандартталған өзіндік есеп беру әдістері қолданылады. Мұнда негізінен сұрақшалар қолданады. Сонымен қатар, суреттеме әдістер бұған байланысты контент талдау әдісін қолданады. Сұрақшалар – кең көлемде қолданылғанымен берілген психометриялық терминологияда және сұрақшалар әдістемелері эмоционалды мотивацияны, мінезді зерттеу деген мағынаны білдіреді
Психологиялық диагностиканың ерекше бағыты жеке бас диагностикасының әртүрлі әдістерін жасаумен байланысты. Осы мақсатпен көбінесе тесттер емес, ал ерекше әдістер, яғни сұрақ – тапсырмалары және проективті техника. Сұрақ – тапсырмаларды жаратылыстану ғылымдарынан алып, ең бірінші Ч. Дарвин болды. Сұрақ – тапсырмалары бұл әдістер тобы, оның тапсырмалары сұрақ және бекітулер түрінде берілген, ал зерттелінушінің міндеті өзі жайлы кейбір мағлұматтарды жауап ретінде хабарлау. Алғашқы психологиялық диагностикалық сұрақ тапсырмалардың пайда болуы Гальтонның есімімен байланысты.
Өткен ғасырдың соңында сұрақ – тапсырмалары әдістерінің көмегімен есті зерттеу ( Бине – Куртье ), жалпы түсінікті анықтау ( Рибо ), іштей сөйлеуді анықтау ( Сен – Поль ), және т. б. зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Жеке бастың сұрақ – тапсырмаларының үлгісі ретінде американ психологы Роберт Вудворт 1919 жылы жеке бас туралы берілгендер бланкасын жасаған.
Жеке басты зерттеудің келесі бір түрі – проективті техника. Проективті техниканың бастамасы ретінде сөздік ассоциациялар саналады. Ол ассоциацивтік теориялар негізінде пайда болды. Ең алғаш рет ағыошын дәрігері Гаркли ассоциация бүкіл психологиялық әрекетті түсіндіретін универсалды категория деп атады.
Проективті әдістердің кең тараған түрі швейцар психологы Герман Роршах 1921 жылы жасаған әдістерін « сия дақтары » деп атады.
Ерте пайда болған әдістеме «Тематикалық апперцепция тесті». Бұл тесттің авторы Морган және Мюррей 1935 жылы жасаған. Осы әдістерді белгілеу үшін 1939 жылы Франк проекция түсінігін ұсынған.
ІІІ. Бүгінгі дәріс бойынша мен сендерге сұрақ қоямын, бәріміз жауап беруге тырысайық.
« Мен – бейнесі» дегенді қалай түсінесіңдер?
Анастази өзіндік сананы диагностикалауға неше әдістер қолданады?
Сұрақ – тапсырмалар туралы не айтасыңдар?
Проективті техника әдісі туралы не айтасыңдар?
Жалпы жеке адам сапаларын зерттеуге байланысты қандай әдістерді айттық?
Достарыңызбен бөлісу: |