Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Мұғалімнің психология-педагогикалық құзіреттілігінің диагностикасы»


Мектеп жасына дейінгі балалардың психодиагностикасы



бет45/68
Дата06.02.2022
өлшемі145,66 Kb.
#80482
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68
Байланысты:
34c8778b-4d17-11e4-973d-f6d299da70ee3

Мектеп жасына дейінгі балалардың психодиагностикасы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психодиагностикалау ерекшеліктері.
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерінің психодиагностикасы. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасы мен жеке адамдық қарым-қатынасының психодиагностикасы.
Мектепке дейінгі балалық шақ танымдық іс-әрекеттің даму және қалыптасу кезеңімен сипатталса, алты жасқа қарай баланың сөздік қорының көбейетіні соншалық, ол күнделікті тұрмысқа қатысты және өзін қызықтырған нәрселер жайында екінші адаммен оп-оңай түсінісе алады. Егер қалыпты дамыған бала үш жасында 500-дей сөз қолданса , алты жасар бала 3000-нан 7000-ға дейін сөз қолдана береді. Алты жасар баланың сөздік қоры зат есім, етістік, есімдік,сын есім,сан есім, шылау сөздерден тұрады. Психикасы дұрыс қалыптасқан балаға тән нәрсе - оның білуге құштарлығы. Баланың білмекке құштарлығы үнемі айналадағы дүниені танып білуге және өз санасында осы дүниенің өзіндік бейнесін жасауға бағытталған. Бала ойын үстінде тәжірибе жасайды, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділікті анықтауға тырысады.
Бала білуге талпынады, білімді меңгеру үстінде оны «не үшін», «қалай», «неліктен» деген сан алуан сұрақтар мазалайды. Ол білімге жүгінуге, жағдайға орай өзі білмейтін сұрақтарға қисынды жауап іздеуге тырысады. Алты жасар бала кейбір мәселелерді шын жағдайға орай шешудің жолдарын қарастырады, ол тіпті оларды ойша шешуі де мүмкін. Ол нақты жағдайды болжамдап, оны көз алдына елестетуге әрекетте жасайды. Үлкендер мен құрдастары тарапынан балаларға тигізілетін ықпал негізінен іс-әрекет барысында жүзеге асады.
Үлкендер балалардың іс-әрекетін ұйымдастыра отырып ойындар мен суреттердің сюжеті жайында кеңестер мен нұсқаулар береді, бейнелейтін адамдардың өзара қарым-қатынастарымен және амалдарымен балаларды таныстырады, балалардың өздерінің іс-әрекеттері мен құлықтарына белгілі талаптар қояды, оларға баға береді, іс-әрекеттер барысында пайда болатын қиындықтар мен жанжалдарды шешуге көмектеседі. Балалар қоғамының негізін және оның мүшелерінің жеке басын дамытуға көмектесетін бірлескен іс-әрекетті орындағанда ғана балалар бірігеді және өзара әр түрлі қарым-қатынасқа түседі.
Адамның жеке басының дамуы үшін ойынның неғұрлым маңызды мәні бар. Балалар өздері үлкендер ролін ала отырып, олардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын елестетіп, үлкендер өздері еңбек және қоғамдық қызметте, өзара қарым-қатынаста жетекшілікке алып жүрген мінез-құлық ережелері мен қағидаларының өздері түсінген түрлерімен танысады. Мысалы, бала шеберханадағы жұмысшының ролін орындағанда ауруға деген қамқорлық пен ілтипаттылықты көрсете білуге тырысады.
Сөйтіп, біз жеті жаста балада келесі жас кезеңге-мектептік балалық шаққа өтуге байланысты алғышарттар бар екендігін көреміз.
Алты жасар баланың мектепте оқуға даярлау және мектепте оқуы барысында жоғарыда айтылған психологиялық даму заңдылықтарын есепке алу керек.
Бала оқушының жаңа әлеуметтік статусын меңгеруге даяр бола тұра, соған талпынысын білдіреді. Баланың ерік қасиеттері дамуының үлкен мәні бар, онсыз бала өзінің, мінез-құлқын саналы түрде реттеп, оны оқу міндеттерін шешуге бағындырып, сабақта өзін ұйымшыл түрде ұстай алмайды. Баланың тек сыртқы мінез-құлкы ғана емес, сонымен бірге ақыл-ой әрекеті де — оның зейіні, есі, ойнауы — ықтиярлы түрде басқарылуы тиіс. Баланың бақылай білуі, есте білуі, есте сақтай білуі және сондай-ақ мұғалім қойған міндеттерді орындай білуі қажет. Ең алдымен бала мектепке физиологиялық тұрғыдан даяр болу керек. Физиологиялық қасиеттердің ішінен ең маңыздысы бұл төзімділік. Ол кез-келген істің сәтті болуын, сонымен қатар мектеп бағдарламасын сәтті меңгеруге қажетті жұмысқа қабілеттілікпен тығыз байланысты.
Бала мектепке барған кезде біз бала организмінің пісіп-жетілуі аяқталмаған, функционалды ерекшеліктері қалыптасып болмағандығын ескеруіміз керек.
Психологиялық даярлықтың нақты мазмұны тұрақты болмайды, ол өзгеріп, байытылып отырады. Ғылым және техниканың қазіргі кезде жоғары деңгейде дамуы, қоғамның дамуы мектепте оқыту мазмұнының және әдістерінің өзгеруін талап етеді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мақсатты бағытталған педагогикалық іс-әрекет баланың психикалық дамуын анықтаушы фактор екендігі анықталды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктері қандай ?

  2. Оқушыларды кәсіптік бағдарлау жұмысындағы педагогикалық диагностиканың алатын ролін қалай анықтай аламыз ?.

Әдебиеттер:


1. Фридман Л.М., Пушкина Т.А., Каплунович И.Я. Изучение личности учащегося и ученических коллективов: Кн. Для учителя.- М.: Просвещение, 1988. 100, 101, 102, беттер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет