ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Музыкалық педагогика»


Тақырып: Аспаптық және вокалдық музыкадағы би ырғақтылығы және оның дамуы



бет5/7
Дата12.03.2018
өлшемі1,93 Mb.
#38938
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Тақырып: Аспаптық және вокалдық музыкадағы би ырғақтылығы және оның дамуы.


Негізгі мақсат: Негізгі тақырыпты жалғастыру, орындау, оқушылардың орындау шеберлігін дамыту. Музыкалық сауат арқылы музыка мәнерлеу тәсілдерін байқау, мәнерлеу құралдарын білу.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

І. «Арагон хотасы» М.Глинка — тыңдау, орындау.

2. «Жастар биі» халық күйі — тыңдау, орындау.

3. «Айгөлек» Б.Байқадамов – тыңдау, орындау.

4. «Сүйікті Отаным» Б.Ғизатов – орындау.

5. «Былқылдақ», «Сылқылдақ» Тәттімбеттің күйлері – тыңдау.

6. Балалардың қалауы бойынша әндерді қайталау: Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұраны. Сүйікті Отаным. Суйікті мектебім т.б.

а) «Әсем қоңыр» Д.Нүрпейісова – тыңдау.



Сегізінші сабақ – 1 сағат


Негізгі тақырып: аспаптың және вокальдық музыкадағы марш екпінділігі мен ырғағы және оның дамуы.


Мақсаты: алтыншы сабақтың мақсатын жалғастыру. Жанр-марш.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

І. «№ 5 симфония» – ІІІ бөлім – Л. Бетховен – тыңдау.

2. «Сүйікті Отаным» Б.Ғизатов – қайталау.

3. «Учитель-Мұғалім» күй, Қазанғап – тыңдау.

а) «Полонез» Ф. Шопен – тыңдау.

ә) «Әрқашан күн сөнбесін» – тыңдау.

б) «Жас ұландар маршы» Б.Ғизатов – қайталау.
Тоғызыншы-оныншы сабақтар – 3 сағат
Негізгі тақырып: домбыра музыкасының, күйдің әуенділігі, бидің ырғақтылығы, марш екпінділігі және даму ерекшелігі.

Мақсаты: берілген екі сабақты кеңейте отырып, қазақ аспапты музыкасының, оның ішінде домбыра музыкасының, оған салыстыра әннің, бидің, марштың әуенділік, би ырғақтылық, марш екпінділік және күй ерекшелігін сездіру және тәрбиелік мақсатына тоқталу: музыканың негізгі бағындыру күшін көрсету.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

І. «Сүйікті Отаным» Б.Ғазитов – орындау.

2. «Ұшардың ұлуы» Қорқыт күйі — тыңдау.

3. «Айжан қыз», «Келіншек», «Жастар биі» - тыңдау.

4. «Көкейкесті» Тәттімбет — тыңдау.

5. «Перауский марш» Құрманғазы - тыңдау

6. Әндерді қайталау.

7. «Ақсақ құлан» халық күйі – тыңдау.


Қорытынды сабақ – концерт

Негізгі тақырыптарды қайталау: әннің, биді, күйдің, марштың - әуенділігі, екпінділігі, ырғақтылығы және ерекшелігі, олардың дамуы.

Ж о с п а р:

І. Орыдайтын әндер: «Мұғалім ол біздің»;

«Сүйікті мектебім»;

«Сүйікті Отаным»;

«Айгөлек»;

«Таң», «№ 5 симфонияның» ІІІ бөлімі.
Екінші тоқсан

Бірінші сабақ – 2 сағат
Сабақ - қайталау. Бірінші тоқсанда өткен тақырыптарды еске түсіріп - қайталау.

Негізгі мақсат: І тоқсанда өткен әндерді, тыңдаған шығармаларды, музыкалық саутты еске түсіру. Үлгі арқылы тақырыптарды қайталау, орындау, әңгімелеп қайталау, әннің әуенін, сөзін (мәтінін), авторларын еске түсіру.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

1. «Во поле береза стояла» - орыс халық әні.

2. «Төлдер» - Б.Ғизатов.

3. «Таң» - Э.Григ.

4. «№ 5 симфония» ІІІ бөлімі - Л.Бетховен.

5. «Сүйікті мектебім» - Ө.Бәйділдаев.

6. «Сүйікті Отаным» - Б.Ғизатов.

7. «Айгөлек» - Б.Байқадамов.

8. «Арагон хотасы» - М.Глинка.

9. «Жастар биі» - халық күйі.

10. «Қара торғай» - Ақан сері.

11. «Бүгін қай күн?» - С.Мухамеджанов.

12. «Кімнің құлағы ұзын?» - Ғ.Жұбанова.
Екінші сабақ – 2 сағат

Екінші тоқсанның негізгі тақырыбы: «Интонация» (дыбыс ырғағы), «Интонация – ол дән».

Мақсаты: Әр түрлі әндер, шығармалар арқылы балалардың сезімталдығын дамытып, интонация екендігін ұқтыру.

Сұрақтар:



  • Интонация беген не?

  • Қалай пайда болады?

  • Неден шығады?

Салыстыру арқылы музыкада ерекше интонация бар екені, оны орындау шеберлік арқылы жеткізіледі және қолдана алу көзделеді.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

І. «Қара торғай» Ақан сері.

2. «Бүгін қай күн?» С.Мұхамеджанов.

3. «Балтунья» С.Прокофьев.

4. «Елім-ай».

5. «Кімнің құлағы ұзын?» Ғ.Жұбанова.

6. «Перепелочка» - белорусс халық әні.

Үшінші сабақ – 2 сағат
Тақырып: Музыка мен тіл интонациясының мәні, олардың бірлігі.

Негізгі мақсат: Тіл және музыка интонациясының ерекшелігі, олардың айырмашылығы және бірлігі. Тыңдалатын шығармалар, орындалатын әндер арқылы тәжірибелік жұмыстар атқару. Музыканың негізгі дәні интонациясында, оның әуенділігі мен екпінділігі, ырғағын айқындау, оларды ажырат отырып, жалпы мәнерлеуге тоқталу. Қазақ халқының әндерінің ерекшелігіне тоқталу (лирикалық, тақпақ сазды әндер).

Қолданылған музыкалық шығармалар:
І. «Кімнің құлағы ұзын?» Ғ.Жұбанова - үйрену.

2. «Қара торғай» - үйрену.

3. «Марш» Э.Григ – тыңдау.

4. «Балтунья» С.Прокофьев – тыңдау.

5. «Қазақстан жалауы» Н.Дүкенбай – үйрену.

6. «Естайдың термесі» М.Төлебаев – тыңдау.


Тақырып: Интонация шығармалардың, әндердің әуенділігін, ырғағын, екпінділігін көрсетеді, музыка сипатын, ерекшелігін ашады.

Мақсаты: Ырғақ арқылы музыкалық шығармалардың интонациясын байқау, ал әуенділік пен екпінділік интонацияға қажет. Интонацияның бір қасиеті – музыканың сипатын ашып-көрсету, ән орындағанда осы қасиетке көңіл аудару.


Қолданылған музыкалық шығармалар:
І. «Үш құрбы» Д.Кабалаевский – тыңдау.

2. «№»5 симфония» ІІІ бөлім. Л.Бетховен – тыңдау, орындау.

3. «Қазақстан жалауы» Н.Дүкенбай – қайталау.

4. «Мы догоним вас» - орындау.

5. «Етікші» Д.Ботпаев – орындау.

Бесінші сабақ – 2 сағат
Тақырып: Бейнелеу мен суреттеу интонациясы.

Мақсаты: Өмірде кездесетін жағдай, табиғатта болатын суреттемелерді бейнелейтін, суреттейтін музыкалық шығармаларды тыңдап, әуендерді орындап, тәжірибелік жұмыстар істеу. Дыбыстың тазалығына, оның таза интонациясына көңіл қою, орындап әндермен танысу.

Қолданылған музыкалық шығармалар:
І. «Балдырған әні» Ш.Қалдаяқов – тыңдау, үйрену.

2. «Аққу» Н.Тілендиев – тыңдау.


3. «Көкек» Х.Мұхамедов – үйрету.

4. «Торғай арасында» М.Төлебаев – тыңдау.

5. «Қарлығаш» халық әні – тыңдау, үйрену.

6. «Перепелочка» – қайталау.

7. Қорытынды.

Алтыншы сабақ – 2 сағат
Тақырып: Мәнерлік пен бейнелеушілік музыкада қатар жүреді, олардың қасиеттері.

Мақсаты: Бесінші сабақтағыдай, оны толықтыра жалғастыру.

Қолданылған музыкалық шығармалар:
1. «Алты қаз» биі - «Қыз Жібек» операсынан. Е.Брусиловский – тыңдау.

2. «Көкек» Х.Мұхамедов – қайталау.

3. «Көрікті шыршамыз» Ө.Байділдаев – үйрену.

4. «Шырша әні» Л.Хамиди – үйрену т.б. әндер.



Жетінші сабақ (қорытынды сабақ)

Тақырыбы: 2 тоқсанның тақырыбын дамыту.

Негізгі мақсат: Музыканың негізгі интонациясы шығармаларды мәнерлеу арқылы дамытады, олардың бірлестігі және қасиеттері. Ырғақ, екпін, дыбыстың күштілігі, биіктігі, мәнерлеу қасиеті. Олар музыканың сипатын ашады, дамытады.

Қолданған музыкалық шығармалар:


  1. «Бүгін қай күн?» – орындау.

  2. «Кімнің құлағы ұзын?» - орындау.

  3. «Балтунья», «Естайдың термесі» - тыңдау.

  4. «№ 5 симфония» ІІІ бөлімі – тыңдау.

  5. «Қазақстан жалауы» – орындау.

  6. «Алты қаз» биі – тыңдау.

  7. «Көкек» – орындау.


Үшінші тоқсан

Тоқсанның негізгі тақырыбы: Музыканың дамуы.

Бірінші сабақ – 2 сағат
Тақырып: Екінші тоқсандағы негізгі тақырыптарды еске алу, қайталау.

Мақсаты: Үйренген әндерді, тыңдаған музыкалық шығармаларды еске түсіріп, қайталау арқылы орындау, сауаттылықтарын бекіту, орындаушылық шеберлігін дамыту, аттарын білу, композиторлар туралы шығарамашылығы туралы мағлұматтар алу.

Қолданған музыкалық шығармалар:


  1. «Бүгін қай күн?» – орындау.

  2. «Кімнің құлағы ұзын?» - орындау.

  3. «Балтунья», «Естайдың термесі» - тыңдау.

  4. «№ 5 симфония» ІІІ бөлімі – тыңдау.

  5. «Қазақстан жалауы» – орындау.

  6. «Алты қаз» биі – тыңдау.

  7. «Көкек» – орындау.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

  1. «Петя және қасқыр» С.Прокофьев – тыңдау (Петяның тақырыбы).

  2. «Домбырасыз сән қайда?» И.Нүсіпбаев – үйрету.

  3. «Әр түрлі балалар» - орындау.

  4. «Во поле береза стояла» – орындау.

Үшінші сабақ – 2 сағат

Тақырып: Музыканың дамуы дегеніміз - ол адамның көңіл-күйі, ойы және пікірі.

Мақсаты: Адамның көңіл-күйі музыкаға қалай әсер етеді? Әлде музыка адамның көңіл-күйіне әсер ете ме? Осыны үлгі - орындау арқылы дәлелдеу, көрсету. Орындау шеберлікті дамыту (нотамен орындау, канонды айту т.с.).


  1. «Петя және қасқыр» Петяның тақырыбы. С.Прокофьев – тыңдау.

  2. «Во поле береза стояла» – орындау (канон).

  3. «№ 4 симфония» финал. П.Чайковский – тыңдау.

  4. «Сөз ойыны» - орындау, үйрену.

  5. «Ақша қар» К.Қуатбаев – үйрену.

  6. «Әсем қоңыр» Д.Нүрпейісова – тыңдау.

  7. «Сүйікті мектебім», «Сүйікті Отаным» - қайталау.

  8. «Шәкірттер вальсі» Н.Дүкенбай – үйрену.

  9. «Ақсақ құлан» - аңыз күй – тыңдау.

  10. «Наурыз тойы» Т.Мұратов – үйрету.



Төртінші сабақ – 2 сағат

Тақырып: Мажор - минор сазын түсіну, оның музыканың дамуына әсер етуі. Музыканың дамуы - музыканың бейнелеушілік мазмұнын түсіну.

Мақсаты: Мажор - минор сазына түсінік беру, оны айыра білу, тыңдап, орындап сезіну. Музыкалық сауатын ашу. Сөз мәтіні және әні (әуені) қалай бірлеседі. Мазмұны музыканы өзгерте ме? Оны дәлелдеу ретінде орындау.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

1. «Сөз ойыны» - қайталау.

2. «Шәкірттер вальсі» Н.Дүкенбай – қайталау.

3. «Тоғай арасында» М.Төлебаев – тыңдау.

4. «Батыр бала Болатбек» А.Еспаев – тыңдау, үйрену.

5. «Анамызға мың алғыс» Б.Ғизатов – үйрену.

6. «Вальс» Ф.Шуберт – тыңдау.

7. «Сегізінші наурыз күні» Н.Дүкенбай – үйрену.

8. «Кімнің құлағы ұзын?» Ғ.Жұбанова – қайталау.

9. Қорытынды.



Бесінші сабақ – 2 сағат

Тақырып: Музыканың дамуы – ол музыканың мәнерлеу құралдары: әсерлеу, екпін, ырғақ, саз, бояуы т.б. Орындаушылық шеберлігінін дамуы.

Мақсаты: Динамика, екпін, ырғақ, сөз, диапазон, регистр – музыканы өзгертеді, дамытады. Олар орындаушының шеберлігіне байланысты. Өткен (өтілген) әндерді, шағын әндерді қайталау, қайталағанда басқа, тақырыпқа байланысты көрсету және орындау.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

1. «8 наурыз күні» - орындау.

2. Музыкалық сауат: мажор – минор.

3. «Құстар қайтып келеді» Н.Дүкенбай – үйрену.

4. «Балбырауын» Құрманғазы – тыңдау.

5. «Біздің сынып» А.Еспаев – үйрену.

6. «Тоғай арасында» - тыңдау, орындау.

7. Музыкалық сауат: сольфеджио ...



Алтыншы сабақ – 2 сағат

Тақырып: Музыканың дамуы – интонацияның және тақырыбының қарама-қарсылығы, оның сипаты.

Мақсаты: Музыканың бір қасиеті - қарама-қарсылық. Оны қалай түсіну, сезіну - балаларға қарапайым сөздермен жеткізу, жан - сезімін ояту.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

1. «Құстар қайтып келеді» Н.Дүкенбай – орындау.

2. «Біздің сынып» А.Еспаев – үйрену.

3. «№ 7 және № 20 прелюдия» Ф.Шопен – тыңдау.

4. Музыкалық сауат.

5. «Таң», «Тау королінің үңгірінде» Э.Григ – тыңдау, орындау.

6. «Наурыз тойы» Т.Мұратов – тыңдау, орындау.

7. Қорытынды.



Жетінші сабақ – 2 сағат

Қорытынды сабақ, тақырыптарды қайталау. Наурыз мерекесін арнайы бағдарламамен өткізу, концерт ұйымдастыру.

Мақсаты: Музыканың дамуына не себеп? Нені өзгертеді? Не әсер етеді? Орындау шеберлігін дамытып, бекіту. Есту сезімін дамыту, тәрбиелеу.

Төртінші тоқсан

Тоқсанның негізгі тақырыбы: Музыканың құрылысы (формасы).

Негізгі мақсаты: Шығармалардың бөлімдерінің ауысуы – сипатының өзгеруініне байланысты.

Бірінші сабақ – 1 сағат

Тақырып: Сабақ-қайталау (Интонация. Музыканың дамуы).

Мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталау, әңгімелесу және шығармаларды, әндерді қайталау. Музыкалық сауатты бекіту.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

  1. «Біздің сынып» А.Еспаев – орындау.

  2. «Наурыз тойы» Т.Мұратов – үйрету.

  3. Музыкалық сауат.

  4. «Пастушья песня» – үйрету.

  5. «Туған ел» Л.Хамиди, не «Отаным» Н.Дүкенбай – тыңдау, үйрену.

  6. «№ 6 симфония» П.Чайковский – тыңдау.

  7. «Бала уату» халық әні – тыңдау.

  8. «Сарбаздар маршы» Қ.Сәтиев – тыңдау, үйрену.

Екінші сабақ – 2 сағат

Тақырып: 2-3 бөлімді шығармалар және оларға сипаттама.

Мақсаты: Үлгі арқылы тыңдалатын шығармалар, орындалатын әндерді талдай келе әндердің формасына, неше бөлімді екеніне көңілін аудару.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

1. «Пастушья песня» - орындау.

2. «Наурыз тоиы» Т.Мұратов – орындау.

3. «Әлди-әлди» халық әні – тыңдау.

4. «Калинка» орыс халық әні – тыңдау.

5. «Туған күн» Н.Дүкенбай - үйрену.

6. «Жайдарман» халық әні – тыңдау, үйрету.

Үшінші сабақ – 2 сағат (2 сабақтың жалғасы)

Тақырыбы, мақсаты өткен сабақтағыдай.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

1. «Туған ел» Л.Хамиди – тыңдау.

2. «Кімнің құлағы ұзын?» Ғ.Жұбанова – орындау.

3. «Сольвейгтің әні» Э.Григ – тыңдау.

4. «Пастушья песня» - орындау.

5. «Ата толғауы» Н.Тілендиев – орындау.

6. «Таң», «Кеш» Қ.Қуатбаев – тыңдау.

7. Музыкалық сауат.



Төртінші сабақ – 2 сағат

Тақырып: Рондо формасы.

Мақсаты: Музыка құрылуын - формасын әрі қарай жалғастыру. Үлгі арқылы балалар рондоға өздері түсіне жетсін.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

  1. «Ата тоғауы» Н.Тілендиев – тыңдау.

  2. «Қос алқа» Дәулеткерей – тыңдау.

  3. «Абайдың ариясы» «Абай» операсынан, А.Жұбанов - Л.Хамиди – тыңдау

  4. «Кеш жарық» А.Қоразбаев, «Туған жер» Б.Тәжібаев - орындау.

  5. Нотамен ән орындау.

Бесінші сабақ – 2 сағат

Тақырып : Вариация формасы.

Мақсаты: Үлгі арқылы тыңдайтын, орындайтын шығармалардың сипаты, оның құрылысы, не себептен өзгереді (қарама-қарсылық, мәнерлеу тәсілдері). Оның ішінде – вариация.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

  1. «Қос алқа», «Ата толғауы» - үзінділер – орындау.

  2. «Қараторғай», «Майра» – тыңдау.

  3. «Жазда» Д.Гусенцев – үйрету.

  4. «Қара торғай» әніне вариация. М.Меңдіғалиев - тыңдау.

5. «Камаринская» орыс халық әні – тыңдау.

  1. «Сольвеигтің әні», «Анитраның биі» Э.Григ – тыңдау.

Алтыншы сабақ – 2 сағат

Тақырып: Күрделі жанрлар – увертюра, соната, сюита, симфония, концерт және тембр.

Мақсаты: Біз білетін жәй жанрлар бізді қайда жетеледі? Ән. Би. Марш. Күй. Олар арқылы күрделі жанрлармен танысу. Күрделі жанрлар нені бейнелейді? Нені суреттейді? Оның ішінде: опера, симфония, сюита, увертюра, оратория, концерт. Көркемдеу, мәнерлеу, оның сипатына бір дәлел – бояу (тембр), әр түрлі аспаптармен танысады.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

1. «Капитан Гранттың балалары» И.Дунаевский, к/фильм. Увертюра.

2. «Тореодор маршы» «Кармен» – операсынан. Ж.Бизе – орындау.

3. «Увертюра» – тыңдау.

4. «Кармен-сюита» Р.Щедрин – тыңдау.

5. Әндер.

6. «Жануарлар карнавалы» – сюита К.Сен-Санс – тыңдау.

7. Нотамен әндерді орындау.



Жетінші сабақ – 2 сағат

Тақырып: өткен тақырыптарды, әндерді орындау, тыңдаған музыкалық шығармаларды еске алу. Орындалатын әндер, тыңдалған шығармалар арқылы композиторлардың стиліне көңіл аудару.

Мақсаты: балалардың назарына, ұғымдарына - әуенділік, ырғақтылық, екпінділік, интонация, даму және бояуына аудару, бекіту. Композитордың стилін анықтау (талдай білу).

Оның ішінде: Л.Бетховен, Ғ.Жұбанова, Н.Тілендиев, Қорқыт, Э.Григ, Ж.Бизе, М.Төлебаев, Л.Хамиди. Әндердің мәнерлеу құралдарына сай орындау. Жыл бойы алған білімдерін көрсету, тексеру, бағалау. Орындау шеберлігін байқау.

Қорытынды концерт ұйымдастыруға болады. Мұғалім балалармен бірігіп арнайы бағдарлама жасау істінде болсын. Сабақ – концерт сәтті өтсін дейміз.

Соңғы сабақ - концерт.

Әнді орындау және музыка қабылдау ережесі

Аузыңды бір қалыпта алып, дыбысты «бүрмелеу» арқылы шығаруға дағдыланыңыз.

Әнде кездесетін дауысты дыбыстарды созып, ал дауыссыз дыбыстарды қысқа, анық (орындаңыз) шығарыңыз.

Ән салып тұрғанда музыкалық фразаны аяғына дейін тыныс алып үзбеңіз.

Ән айтқанда, музыкалық шығырманы тыңдағанда оның не туралы баяндайтынын есте сақтаңыз.

Үйренетін әндердің сөздерін жатқа біліңіз.

Әнді немесе музыканы тыңдап отырғанда, еш жаққа көңіл бөлмей, бар ықыласыңмен зейін қойып, ұйып тыңдауға дағдыланыңыз.

Дауысты бірдей бастап, бірдей аяқтаңыз, бір мезетте тыныс алуға үйреніңіз.

Ән әуенін әдемілеп, мәнерлеп орындауды ұмытпаңыздар.

2 сынып

БІРІНШІ ТОҚСАН

Бірінші сабақ – 2 сағат


Негізгі тақырып: Музыкадағы негізгі төрт жанр - ән, би, марш, күй.

Сабақтын мақсаты: Балаларды музыкаға қызықтыру. Музыка мен өмірдің байланысын көрсету.

Тәрбиелік мақсаты: Өмірдің алуан қыры мен сырын танып білу. «Музыканың өзі де - өмір» дегенге көз жеткізу. Музыка мен өмір жеке-жеке болмайды. Музыка адамдар үшін жазылады және оларсыз өмір сүрмейді. Өз еліңнің музыкасын сүю, Отанын сүю, мектебін қадырлеу.

Дамыту мақсаты: Балаларға музаканың үш саласын көрсету:

  1. Шығарма.

  2. Орындау.

  3. Тыңдау.

/Музыканың өмірдегі жалпы моделін көрсету./

Жанрлар:


  1. Ән.

  2. Би.

  3. Марш.

  4. Күй.

Оқытудын мақсаты: Терминдерді білу: композитор, орындаушы, тыңдаушы, ән, би, марш, күй. Орындаушының, тыңдаушының дене қалпы, дыбыстың шығуы, пайда болуы.

Сабақта қолданылатын музыкалық шағармалар:

1. Ө.Бәйділдаев «Сүйкті мектебім» (сыныпқа кіру).

2. Е.Брусиловский «Марш» (тыңдау).

3. Халық ән - биі «Қамажай» (тыңдау).

4. Л.Хамиди «Қазақ вальсі» (тыңдау).

5. Абай «Айттым сәлем, қалам қас» (тыңдау).

6. Халық күйі «Кеңес» (тыңдау).

7. А.Жұбанов «Би күйі» (тыңдау).

8. И.Нүсіпбаев «Жалау» /Балапан/ (үйрену).

9. С.Рахманинов «Италиян полькасы» (тыңдау, орындау).

10. Б.Ғизатов «Мектеп вальсі» (тындау).

Екінші сабақ - 2 сағат

Сабақтың тақырыбы: МАРШ

Сабақтын мақсаты: Өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларға байланысты марштың түрлерімен танысу.

Тәрбиелік мақсаты: 1 сабақтағы тәрбиелік мақсаттарды қараңыз.

Дамыту мақсаты: Өмірдегі марштың әр түріне қатысты музыкалық үлгілер арқылы оның мәнерлігін көрсету. Көп даустылық дыбыстарды әсерлеу, екпін, регистр, легато – стаккато сияқты жалпы марштың ырғақтылығына, екпінділігіне, сипатына ықылас қою.



Оқыту мақсаты: Дағдылар - түзу отыру керек; дыбыс шығару, дыбыстың пайда болуына түсініктеме. Әннің қозғалыс-жүрісін, әннің сөздерін, буындарын, бөлшектерін, қол бейнесімен не суретпен дыбыстың биіктігін қадағалау. Сабақта қолданылатын музыкалық шығармалар:

  1. Е.Брусиловскийдің «Марш» шығармасын тыңдау.

  2. Орыс халық әні «Во поле береза стояла» - орындау, тыңдау.

  3. Б.Ғизатов «Біз өмірдің гүліміз» - орындау.

  4. М.Блантер «Футболшылар маршы» - тыңдау.

  5. С.Чернецкий «Қарсы алу маршы» - тыңдау.

  6. «Прионерлер маршы» - тыңдау.

  7. «Ағаш солдаттар маршы» - П.Чайковский, тыңдау, орындау

  8. И.Нүсіпбаев «Жалау» - қайталау.

  9. С.С.Прокофьев «Марш» - тыңдау, сыныптан шығу.

Үшінші сабақ - 2 сағат

Тақырып: Күй.

Сабақтын мақсаты: Қазақ халқының ерекше музыкалық жанрымен «Күй» деген ұғыммен танысады.

Тәрбиелік мақсаты: Өз елінің музыкасын сүю, қадірлеу. Күйлерді тыңдап, аспаптармен танысу.

Дамыту мақсаты: Жеке аспапты шығармалармен, оркестрге арналған шығармалармен танысады. «Оркестр» деген ұғымға түсінік беріледі, олардың әртүрлі болатындығы ескеріледі.

Оқыту мақсаты: Айтылатын әндердің таза орындалуын, дыбыс биіктігін аңғару және дыбыс үндестігіне назар аударылады.

Сабақта қолданылатын шығармалар:

  1. Құрманғазы «Сарыарқа» - сыныпқа кіру.

  2. Б.Ғизатов «Біз өмірдің гүліміз» - қайталау.

«Во поле береза стояла» - қайталау.

  1. Халық күйі «Кеңес» (жеке домбырамен және оркестрмен орындалуы) - тыңдау.

  2. Б.Ғизатов «Жас ұландар маршы» - үйрену.

  3. Орыс халық биі «Камаринская» (жеке балалайкада және оркестрмен орындалуы) - тыңдау.

Төртінші сабақ - 2 сағат

Тақырып: Би



Сабақтың мақсаты: Жалпы өмірде қандай ситуацияда би музыкасының үні шығатынын анықтау.

Тәрбиелік мақсаты: Балалардың санасында мақтаныш (ұлттық мәдениет және композиторлар), сүйсіну сезімдерін ояту.

Дамыту мақсаты: Мәнерлік құралдар арқылы балалардың санасын ұлғайту, кеңейту, ән, би, марш, күй тыңдағанда кездесетін биге жататын үлгілерді білу. Назарын ырғақ есту сезіміне аудару. П.И.Чайковский, Л.Хамидидің шығармашылығымен таныстыру, олардың мәдениеттегі ролін көрсету.

Оқытудың мақсаты: «Пульс» деген ұғымды бекіту, ұзын, қысқа дыбыстарға түсінік беру (та - ти – ти). «Екі дыбыс» туралы ұғымды бекіту.

Қолданылатын материалдар:

  1. Дәулеткерей «Қос алқа» - (домбыра – оркестр).

  2. Л.Хамиди «Қазақ вальсі» - (әнші – оркестр).

  3. Орыс халық әні «Во поле береза стояла» - орындау.

  4. «Біз өмірдің гүліміз», «Жас ұландар маршы» - қайталау, үйрену.

5. «Вальс» - «Ұйқыдағы ару» балетінен П.Чайковский – оркестр - тыңдау.

6. Н.Дүкенбай «Өнерпаз баламыз» - тыңдау, үйрену.

7. С.Рахманинов «Италиян полькасы» - тыңдау, орындау.

8. «Түлкі» әуеннің қазақша нұсқасын үйрену.



Бесінші сабақ - 2сағат

Тақырып: Сипаттамалы би (характерный танец).
Тәрбиелік мақсаты: Күлкі проблемасы, кей жағдайда ұлғайту, бидің сипаты жөнінде ұғым беру. «Мелодия» деген терминді білу.

Оқулық мақсаты: Музыкалық сауаттылыққа көңіл бөлінеді. Сыныпты «партияға» бөлу, қысқа, ұзын ноталарды айту (та –ти –ти).

Қолданылатың музыкалық шығармалар:

  1. Л.Хамиди «Қазақ вальсі» - тыңдау.

  2. «Ұйқыдағы ару» балетінен «Вальсті» тыңдау.

  3. Д.Шостакович «Әзіл - вальсі» - тыңдау.

  4. Н.Дүкенбай «Өнерпаз баламыз» - қайталау, орындау.

  5. Халық күйі «Қара жорғаны» тыңдау.

  6. Халық ән-биі «Қамажай» - тыңдау, үйрену.



Алтыншы сабақ - 2 сағат

Сабақтың негізгі тақырыбы: Ән

Мақсаты: Ән мелодиясыз (әуенсіз) өмір сүрмейді және әр көркем музыка кішкене де болса - Ән.

Тәрбиелік мақсаты: Мейірімділік, қайғы-қасірет, жан ашу сияқты сезімдерге баулу, мектепке, мұғалімге, ата-анаға деген сүйіспеншілікті білдіру. Жан-дүниесіне (ықылас) мейрімділік проблемасын ескерту.

Дамыту мақсаты: Мелодияның (әуеннің) әртүрлі дамыуна түсінік беру, әр материалдың әр түрлігі, ырғақ туралы түсінікті бекіту, фраза туралы музыкалық пікірді пысықтау (обобщение).

Оқытудын мақсаты: Екі дауысты орындауға дайындық жұмысы. Унисон және дикцияны қадағалау. Дирижерлық тәсілдерді түсіну.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

  1. П.И.Чайковский «Ұйқыдағы ару» балетінен «Вальсті» тыңдау.

  2. Қазақ халық ән-биі «Қамажай» - тыңдау, орындау.

  3. М.Блантер «Футболшылар маршы» - тыңдау.

  4. «Қара жорға», «Кеңес», «Қосалқа» күйлерін тыңдау.

  5. Л.Бетховен «Сурок» - тыңдау.

  6. Қ.Сатиев «Өсіп келе жатырмын» - үйрену.

  7. И.Нүсіпбаев «Мұғалім ол біздің» - үйрену.

  8. В.А.Моцарт «Бесік жыры» - тыңдау.

9. Б.Ғизатов «Біз өмірдің гүліміз» - орындау.
Жетінші сабақ - 2 сағат

Негізгі тақырып: Музыка жанырларының өзара ұласуы, кездесуі.

Тәрбиелік мақсат: Музыка және өмірдің байланысын байқау, өмір мен музыка байланысының үлгілерін көрсету.

Дамыту мақсаты: Жанрлар туралы түсінікті кеңейту және жанрлардың ұласу проблемасын қою.

Оқытудың мақсаты: Музыкалық баспалдақпен 2-3 басқышты нота арқылы орындау және әуеннің жүрісі жоғары - төмен туралы мағлұмат алады.

Қолданылатын музыкалық шығармалар:

  1. Н.Дүкенбай «Өнерпаз баламыз» - орындау.

  2. А.Еспаев «Ортеке» - тыңдау.

  3. «Бір сыныптың балалары» шағын әуенді үйрену.

  4. С.Мұхамеджанов «Қазақстан» - үйрену, орындау.

  5. И.Нүсіпбаев «Мұғалім ол біздің» - орындау.

  6. А.Островский «Әрқашан күн сөнбесін» - тыңдау, орындау.


Сегізінші сабақ - 2 сағат

Тақырап: Музыка жанрының өзара ұласуы, кездесуі (жалғасы).

Негізгі мақсат: Балалардың білімін, әндету шеберлігін тексеру, музыкалық дәрежесінің дамыуын байқау.

Дамыту мақсаты: Балалардың санасында жанрлардың синтезі болатынын бекіту.

Тәрбиелік мәні: Екінші жоспарда қалады.

Қолданылатын музыкалық шығармалар:

  1. «Бір сыныптың балалары» шағын әуенді орындау.

  2. Н.Дүкенбай «Өнерпаз баламыз» орындау.

  3. С.Мұхамеджанов «Қазақстан» - қайталау.

  4. «Түлкі» шағын әуенді - қайталау.

  5. «Кеңес», «Келіншек», «Қара жорға» күйлерін тыңдау.

  6. И.Нүсіпбаев «Мұғалім ол біздің» - қайталау.


Тоғызыншы сабақ - 2 сағат

Тақарып: Концерттік сабақ.

Негізгі мақсаты: Өткенді қорытындылау. Тоқсанның тақырыбына қорытынды жасау. Музыкадағы төрт жанр: ӘН, БИ, МАРШ, КҮЙ.

Композитор – орындаушы - тыңдарман. МУЗЫКА және ӨМІР. Музыканың жанрларының өзара ұласуы, кездесуі. Балалар қаншалықты меңгергендігі, музыканы қабылдау арқылы анықталады. Орындалатын шығармалар, әндер оқушылардың қалауына байланысты таңдалып алынады, орындалады, тыңдалады.



ЕКІНШІ ТОҚСАН

Бірінші сабақ

Тақырып: Музыка бейнелей және суреттей ала ма?

Тәрбиелік мақсаты: Балалардың алдына музыкалық өнердің туу проблемасын қою.

Оқытудың мақсаты: Мажор және минор туралы түсінік беру.

Сыныпқа «Қазақстан» әнімен кіреді және шығады.



Қолданылған музыкалық шығармалар

  1. «Елім - ай» - тыңдау.

  2. «Біз өмірдің гүліміз» - қайталау.

  3. Л.Бетховен «Көңілді. Мұңды.» - кайталау.

  4. С.Мұхамеджанов «Қазақстан» - қайталау.

  5. «Түлкі» шағын әнін орындау.

  6. Н.Дүкенбай «Өнерпаз баламыз» - қайталау.

  7. Шағын әндер «Бір сынаптың балалары» - орындау.
Екінші сабақ - 2 сағат
Тақырып: Музыка нені бейнелейді?

Сабақтың негізгі мақсаты: Ең негізгі маңызы музыка – адамдар туралы, сондықтан балалар үшін керек екенін көрсету және балаларды сендіру.

Тәрбиелік мақсаты: Музыка барлық балаларға әсер етеді. Жақсы сезімге (дерге) тәрбиелейді, мақсатқа жеткізеді.

Дамыту мақсаты: Балалардың музыкалық білімін кеңейту, сөздік қорын молайту.

Оқулық мақсаты: Мажор - минорды көрсету, әсерлеу бейнелерін сөз екпінімен, қоңыраудың сыңғырымен, трельмен және фразировкамен таныстыру.


Қолданылған шығармалар:

  1. Шағын әндер: ән, ән-вальс, ән-полька, ән–марш - қайталау.

  2. «Қазақстан» - қайталау.

  3. Л.Бетховен «Көңілді. Мұңды.», Л.Хамиди «Бұлбұл» - тыңдау.

  4. К.Қуатбаеву «Саяхатта» - үйрену

  5. «Перепелочка» тыңдау, үйрену.

  6. «Сыңғыр қоңырау» үйрену.

  7. Б.Ғизатов «Көңілді ән» - тыңдау.

  8. «Достық», «Мұғалім ол біздің» танысу, үйрену, қайталау.



Үшінші сабақ - 2 сағат

Тақырып: Адамның мінезін музыка қалай бейнелейді? (Тыңдау, орындау, талдау жасай отыра музыка адамның мінезін қалай бейнелейді?).
Оқыту мақсаты: Балаларға музыканың мазмұнын тыңдауға үйрету және оны мәнерлеп орындау.

Дамыту мақсаты: Балаларға музыка мен өмірдің байланысын көрсету (адамның мінезін қалай жеткізеді?).

Тәрбиелік мақсаты: Балалардың өз мінезін тәрбиелеуге қадағалау, қандай көңіл - күйлер болатынын көрсету.
Қолданылған шығармалар:

    1. Шағын әндер: ән, ән-вальс, ән-полька, ән–марш - қайталау.

    2. «Қазақстан» - қайталау.

  1. Л.Бетховен «Көңілді. Мұңды.», Л.Хамиди «Бұлбұл» - тыңдау.

  2. К.Қуатбаеву «Саяхатта» - үйрену

  3. «Перепелочка» тыңдау, үйрену.

  4. «Сыңғыр қоңырау» үйрену.

  5. Б.Ғизатов «Көңілді ән» - тыңдау.

  6. «Достық», «Мұғалім ол біздің» танысу, үйрену, қайталау.



Қолданылған музыкалық материалдар:

    1. Ән - марш – шағын әнді орындау.

    2. Қ.Сатиев «Өсіп келе жатырмын» - қайталау.

    3. Д.Кабалевский «Үш құрбы» - тыңдау.

    4. «Перепелочка» - тыңдау, бірге қосылып орындау.

    5. «Мұғалім ол біздің» - қайталау.

    6. «Әр турлі балалар» - шағын әнді үйрену.

Б.Ғизатов «Көңілді ән» - тыңдау.

    1. «Саяхатта» - қайталау, үйрену.

    2. Л.Бетховен «Марш» - тыңдау, бірге қосылып орындау.

    3. «Сыңғыр қоңырау» - шағын әнді орындау.

10. Д.Ботпаев «Етікші» - тыңдау, үйрену.
Төртінші сабақ – 2 сағат

Тақырып: Музыка нені суреттейді?



Негізгі мақсат: Музыка нені суреттейді, есту сезімі арқылы тыңдап, орындап үйрену.

Дамыту мақсаты: Суреттеу, бейнелеу арқылы балаларды музыканың мәнерлеу құралдар арқылы түсінігін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Музыканың мазмұны арқылы балалардың сезімін, эмоциясын тәрбиелеу.

Қолданатын музыкалық материалдар:

  1. «Қазақстан» - қайталау.

  2. Д.Б.Кабалевский «Труба мен барабан» - тыңдау, орындау.

  3. Д.Ботпаев «Етікші» - үйрену.

  4. «Әр түрлі балалар» - қайталау.

  5. И.Нүсіпбаев «Мұғалім ол біздің» - қайталау, үйрену.

  6. И.Нүсіпбаев «Шырша әні» - танысу, үйрену.


Бесінші сабақ - 2 сағат

Негізгі тақырыбы: Музыка бір нәрсені суреттей ала ма?

Негізгі мақсат: Табиғаттың көріністерін музыка суреттей алады, осыған балаларды сендіру, «көзін» жеткізу керек.

Тәрбиелік мақсаты: Адамдар мен жануарлардың әртүрлі көңіл - күйін, мінезін, кемшіліктерін мысал арқылы көрсету.

Дамыту мақсаты: Білімін кеңейту, орындаушылық мүмкіншілігін, музыкалық тәсілдерін, мәнерлігін білу.

Оқытудың мақсаты: Мәнерлеп ән айту, музыкалық әсерлеумен танысу, әуеннің жүрісін білу, хормен орындау ережелерін дамыту.

Қолданылған музыкалық материалдар:

  1. «Әр түрлі балалар» - қайталау.

  2. Д.Ботпаев «Етікші» - орындау.

  3. М.Глинка «Жолай әні» - «Попутная песенка» - тыңдау.

  4. «Біз адымдаймыз» шағын әнді үйрену.

  5. И.Нүсіпбаев «Шырша әні» - үйрену.

  6. Құрманғазы «Сарыарқа» - тыңдау.


Алтыншы сабақ - 2 сағат

Тақырып: Табиғатта кездесетін музыка көріністері.

Негізгі мақсат: Бейнелеу және суреттеу, олардың байланысын қадағалау.

Тәрбиелік мақсат: Ұлттық мақтанышты ояту, ертедегі заман және қазіргі заман уақыт туралы түсінік беру.

Дамыту мақсаты: Музыкалық тілін дамыту, оның элементтерін білу.

Оқытудың мақсаты: Ән айту, хорда ән айту ережелерін бекіту, икемділік пен дағдыларын бекіту.

Ескерту: әндерді қайталағанда жай ғана табиғат туралы әнгімеден кейін музыкаға көшу. Табиғаттың кешкі, таңғы мезгілдерін еске түсіре отырып, табиғатқа деген махаббат сезімін білдіру, суреттеу және бейнелеуге байланысты болатынын ескеру (Аққу. Араның ұшуы. Сарыарқа).


Қолданылған музыкалық шығармалар:

  1. «Біз өмірдің гүліміз» - қайталау.

  2. «Сарыарқа» тыңдау.

  3. «Етікші» - қайталау, бекіту.

  4. К.Қуатбаев «Таң», «Кеш» - тыңдау.

  5. К.Сен-Санс «Аққу» - тыңдау.

  6. К.Қуатбаев «Саяхатта» - қайталау.

  7. Н.Тілендиев «Аққу» - тыңдау.

  8. Л.Хамиди «Шырша жыры» - үйрену.

  9. Н.Римский-Корсаков «Полет шмеля» - тыңдау.


Жетінші сабақ - 2 сағат

Жаңа жылдық ертеңгілікке дайындық, оны өткізу.

Қорытынды сабақтар.

Негізгі мақсат: Балалардың алған шеберлік пен дағдыларын жетілдіру, түрақтандыру.

ҮШІНШІ ТОҚСАН



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет