Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «органикалық химия іі» мамандық үшін 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет17/36
Дата07.02.2022
өлшемі2,41 Mb.
#83964
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Байланысты:
985320f6-a3eb-11e4-bd4b-f6d299da70eeУММ орг 2

Химиялық қасиеттері.
1. Фенолдар сілтілермен әрекеттесіп, феноляттар түзеді.
С6Н5ОН + NaOH → C6H5ONa + H2O
натрий феноляты
2. Нитрлеу реакциясы. Фенолдар нитрлеу реакциясына жеңіл түседі. Бөлме температурасында фенолды сұйытылған азот қышқылымен нитрлейді.

3. Жай және күрделі эфирлер түзу. Феноляттарды галогенарендермен әрекеттестіргенде ароматты жай эфирлер түзіледі, ал феноляттарды галогенангидридтермен не карбон қышқылдарының ангидридтерімен әрекеттестіргенде күрделі эфирлер түзіледі.
4.Сульфирлеу. Бұл процесс жеңіл (оңай) жүреді және температураға байланысты о- не n-изомерлер түзіледі.
5. Алкилирлеу және ацилирлеу - Фридель-Крафтс реакциялары жағдайларында жүргізеді.
6. Тотықсыздану реакциясы. Фенолды катализатор қатысында гидрлеу (тотықсыздандыру) нәтижесінде циклогексанол түзіледі.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Мына қосылыстардың структуралық формулаларын келтіру керек: 3-пентен-2-ол; 2-хлор-1-пропанол; 3-метил-3-пентанол;

  2. Егер бір негізді спирт құрамында 60% көміртегі болса, оның формуласы қандай болады?

  3. Мына реакциялар теңдеулерін жазу керек: 1-бромбутаннан 1-бутанол алу; 2-бутеннен 2-бутанол алу; толуолдан бензил спиртін алу.

Ұсынылған әдебиеттер:
1. В.Л. Белобородов, С.Э. Зурабян, А.П. Лузин, Н.А. Тюкавкина. Органическая химия. – М.: Дрофа, 2008. –Кн.1, С. 363-390
2. В.Ф. Травень. Органическая химия. – М.: Академкнига, 2008. Т.1., С.57-84




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет