2 ДӘРІСТЕР 1-тақырып: Педагогиканың жалпы мәселелері. 1. Педагогика пәні.
2. Педагогиканың негізгі ұғымдары.
3. Педагогиканың міндеттері.
4. Педагогика ғылымының салалары.
5. Педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы.
Педагогика пәні, адам тану ғылымының ішіндегі жетекшілерінің бірі ретінде, өте көне ғылымдарының бірі. Сондықтан педагогика ілімін адам баласының саналы өмірімен ұштастырып, оның көне заманнан бастап орын алып келе жатқанын, ешбір дәлелдерге сүйенбей-ақ оңай түсініге болады.
Адамзат қоғамның дамуына байланысты ғылым-білімінің дамуы, тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Жинақталған ғылыми мәліметтерді пайдаланып педагогика адам тәрбиесі қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және методологиялық жолдарын қарастырады.
Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау өрісі кеңейе түсуде. Олай болса педагогика тек қана балалар тәрбиесі жайындағы ғылым деп шек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы – тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен ролін анықтайды.
Педагогика термині гректің екі сөзінен: «пайс» - балалар, «эгейн» - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Педагогика пәні қоғамның талабына сай өскелең жас ұрпақтың тәрбиелеу, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді. Т.А. Ильина педагогика – тәрбие туралы ғылым ретінде тәрбиенің мәнін анықтау, түсіндіру, тәрбиенің өзіне тән ерекше заңдылықтарын көрсету, қоғамның, жеке адамның мүддесіне сай болуын, ықпалын айқындау, танып білу деп дәлелдеген.
Педагогикалық ұғымдардың бірі – тәрбие. Тәрбие дегеніміз адамдарды қоғамдық өміргі және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа, қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі болып табылады. Тәрбие – белгілі жоғары мақсатқа бағытталған процесс;
жас ұрпақтың рухани-дене күштерін дамыту;
ғылыми-материалмстік дүние тануды қалыптсатыру, қоғамға сай ережелерді меңгеру;
қоғам өміріне, қоғамдық өндірістің белгілі саласына қатысуға дайындығы болу міндеттерін қамтиды.
Білім беру деп табиғат және қоғам жайлы ғылымдар жинақтаған білім жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Бұл ұғымды тұңғыш рет еңгізген швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоции.
Оқыту – бұл оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде өзара әрект жасау үрдісі. Бұл үрдістің барысында білім беру, тәрбие беру және адамның дамуы, оның білім алуы жүзеге асырылады.