Әрбір ғылым өзінің дербес методологиясын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми-зерттеу әдістері бар. Б ұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.
Тәрбие мен оқытудыңнәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістердіқолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, Жан-жақты дамуына, және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика,химия ) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Алпедагогика ғылымы бойынша экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі педагогикалық зерттеудің объектісі- баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процеске ішкі және кейбір сыртқы факторлар( даму процесінде оқушыда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т. б. ) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми –педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснамасының негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория- таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл- теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл- осы жүйені тану жолы.
Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру керек. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды.Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі, зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді.Сондықтан, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің даму мен жақсару процесі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.
Ғылымның қазіргі әдіснамасында, соның ішінде педагогикалық әдіснамада, теорияның негізін құрайтын бірнеше компоненттер бар:
а) факотлогиялық материялдың бастапқы эмпирикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді;
ә) бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, аксиомалардан, болжамдардан және теориялық ыңғайлардан тұрады;
б) теорияның логикасы мен құрылысы;
в) эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы;
г) педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол дәріптелінген объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты.
Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол- жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттар мен құбылыстардың мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.
2. Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық және әдіснамалық. Экспериментальді-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Empeiria-тәжірибе) .