Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Педагогика»


-тақырып: Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері



бет28/70
Дата05.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11093
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70
7-тақырып: Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері.

  1. Білім берудегі оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлерінің өзіндік ерекшеліктері.

  2. Мектеп оқушысының үй жұмысын орындауы.

Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері:
- семинар;
- экскурсия;
- факультативтік түрі;
- сынақ;
- үйдегі оқу жұмысы.
Сыныптық-сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі – оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы – оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұцымдастырудың қосымша тұрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, сынақ, емтихан т.б. жатқызуға болады.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақрыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенің, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік тұғызады.
Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады.
Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып, талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятады, олармен ақылдаса отыра оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.
Экскурсия жұмысының мақсаты – оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалын практикамен жалғастыру, бекіту.Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат аясына, өндіріске, музейге бару т.б. нысаналар жатады.
Оқыту процесін ұйымдастыру мұғаліммен зор ұйымдастыру жұмысын талап етеді. Экскурсия түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Экскурсия сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын алдын-ала түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар нақтылы заттарды байқап, оларға бақылау жасайды.
Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар:
Біріншісі – кіріспе экскурсия деп аталады. Ол сабақта күрделі тарау, тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Экскурсияның бұл түрін бастауыш және орта алдын-ала өткізсе, олар үшін сабақ өте қызықты жағдайда болады.
Екіншісі – іліспелі экскурсия деп аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізілуі мүмкін.
Үшіншісі – қорытынды экскурсия. Ол күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп болғанан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейді.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультативтік тұрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығымен негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Оның қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дұниетанымын тереңдетеді және кеңейтеді, белгілі бір пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады. Оқушылардың пәнге бейімділігін ескере отыра, факультативтік оқуды олардың қалаған мамандықтарына сай психологиялық және практикалық дайындығын арттыру және кәсіби бағдарын қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады.
Ол оқудың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз етіп, оқушылардың өзіндік білім алуы мен шығармашылық дамуына да ықпал етеді. Кітаппен, анықтама әдебиеттерімен, оқу-әдістемелік нұсқауларымен өз беттерінше жұмыс істеу дағдысын тәрбиелейді, приборлармен қарым-қатынасқа түсу, оларды орнықтыруда өзіндік ақыл-ой еңбегі мен практикалық біліктілікті қалыптастырып, эксперимент жұмыстарын жүргізу тәсілін меңгереді.
Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды тереңірек меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатында көздейді. Семинар сабақтарына қарағанда конференция түрінде өткізілетін оқу жұмысы ұсынылған әдебиеттер мен қасымша құралдардың көлемі кеңірек болады.
Сынақ жұмыстарын жоғары сынып оқушыларына еңгізудегі мақсат – бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.
Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.
Сынақ жұмысы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын оқып болғанан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары мен талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды. Оларға жеке дара тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиеттерді оқу тапсырылады және қосымша сабақ өткізіледі.
Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстыры сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретігде саналады. Оқушылардың үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет