Дарындылықтың диагностикасы. Мектеп оқушыларының дарындылығы деп тұлғаның жеке бас ерекшелігі, туа біткен қасиеті, педагогикалық - психологиялық тұрғыда жан - жақты толық дамуы, ойлау қабілетінің даралығы, шығармашылық ізденістері т.б. атауға болады.
Дарынды балаларды оқытуға негізделген 2011 жылы «Назарбаев Университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заңнамалық деңгейде академиялық еркіндік және дербестік беретін басқарудың ерекше түрі реттелді.
Дарындылықты анықтау критерийлеріне тұлғаныңбілімді толық игеруі, тапсырылған жұмысты сапалы орындауы, тақырып бойынша өз ойын еркін айта алуы, алынған білімдерді өз бетінше дамыта білуі; өзіне-өзі талап қоя білуі, материалды игеруде табандылық, алынған білімді әр сабақ сайын дамыту; өз ойларын баяндағанда ғылыми дәлеледеуі, ғылыми жобалармен шұғылданғанда өз бетінше іздене алуы, тапсырылған жұмысты сапалы орындауы, іс - әрекеттегі, қарым - қатынаста мәдениеттілігі жатады.
Интеллект ұғымы адамның қабілеті ретінде түсіндірілсе де ол басқа қабілеттер арқылы іске асырылады: таным, оқу, логикалық ойлау, талдау арқылы ақпараттарды жүйелеу, олардың қолдану аясын анықтау, заңдылықтары мен ерекшеліктерін табу, ұқсас ақпараттармен салыстыру т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |