Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Жалпы адамзаттық құндылықтар - тәрбие мақсатының негізі



бет83/127
Дата08.02.2022
өлшемі212,74 Kb.
#118816
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   127
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Жалпы адамзаттық құндылықтар - тәрбие мақсатының негізі
Қазақстан Республикасы бүкіләлемдік білім кеңістігіне енуді мақсат етуіне орай, үздіксіз білім беру жүйесінде түбегейлі өзгеріске түсуі тұлғаның тәрбиелік, мәдени деңгейін әлемдік жетістіктер деңгейіне көтеруді, жаңаша пардигманы қажет етеді. Тәрбие парадигмасы қоғамның дамуына байланысты, мақсат, міндеттеріне сәйкес өзгеріп отыратын жаңашыл әдіс - тәсілдерді, ұстанымдарды, тұғырларды қажет ететін зерттеу әрекеттерін қалыптастырады. Білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне кіріктірілуі де тәрбиеге жаңаша көзқарасты - жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қарастыруды көздеп отыр.
Тәрбиенің негізі болып саналатын жалпы әлемдік құндылықтардың бірі – тәрбиенің басқа адамға деген қажеттілігі, басқа адамдарды сүйе білу қажеттілігі болып табылады. Әр адамның тағдыры әрқашан әлемдік дүниемен, адамдармен, ұжыммен байланысты. Сондықтан демократияландыру, адамның құқығы мен бостандығын сақтау жағдайларында ұжымдағы қарым-қатынас мәселелері бұл күнде ерекше маңызға ие болуда.
Құндылықты құбылысты қоғамдық сана түрінде (әділеттілік немесе әділетсіздік) сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге оларға баға береді, оларды мақұлдайды немесе айыптайды және олардың жүзеге асуын талап етеді немесе кемшілікті жоюдың өлшемі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтардың арасында философтар мен прогресшіл ойшылдар мен педагогтар әрқашан бірінші орынға адамның құқығын, оның бостандығын және соған сәйкес келетін тәрбие мен білімді бөліп қарастырған.
Жалпыадамзаттық құндылықтар халықтық дәстүрлерде, адамгершілік принциптерде, діни мәдениетте нақты жазылып қойылған және әлеуметтік ойдың озық белгілері, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді.
Ғалым-педагогтар осы заманғы педагогиканың алдында басты екі міндет тұр деп көрсетеді. Біріншіден, педагогиканы жалпыәлемдік құндылық (педагогикада адамды жақсы көру және адам бостандығын қамтамасыз ету) деңгейіне көтеруге әрекет жасаған жөн. Екіншіден, барынша жетілген адамзаттық идеалды құру. Осы екі міндетті кіріктіріп адами мұрат жасауда бостандық пен сүйіспеншілік сияқты құндылықтарды да ескеру қажет.
Жалпы әлемдік құндылықтар – түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс. Сол себепті де ол жалпыадамзаттық деп аталады. ХХ ғасырдың соңында Халықаралық топ алғаш рет дүниежүзілік тарихта адамның құқықтары туралы халықаралық негізге алынатын құжаттар жасады. “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы”, “Баланың құқықтары туралы конвенция” және т.б., оларда тәрбиенің әдіснамасы мен теориясы, жаңартылған мақсат пен мүдделер қарастырылған. Онда халықтардың рухани құндылықтарын дамытуда жаңа көзқарастарға негізделген халықаралық стандарт болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтар - адамның құқықтары мен бостандығы көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет