Педагогикалық үдеріс - әлеуметтік жүйе
И.П.Подласыйдың пікірінше, педагогикалық үдеріс - әлеуметтік тәжірибе адамның сапасының қалыптасуына айналатындай өзара іштей байланысқан әлеуметтік жүйе ретінде «педагог-оқушылар» - мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде қарастырылады. Оның барлық құрамаларының бір мақстақа бағынатынын айқындайтын тұтастық, ортақтық, бірлік – педагогикалық үдерістің басты сипаттары.
Білім беру парадигмасы және субъект-субъектілі қатынас
Білім берудің жаңа парадигмасының пайда болуы әлемдік білім кеңістігіне енудегі өркениетті дамудың маңызды жақтарының бірі болып табылады. Тұтас педагогикалық үдерістің қызметі бүгінгі күні білім беру парадигмасына сай ұйымдастырылуды талап етеді. Сондықтан білім беру парадигмасының нақты мәнін зерделеу қажет. Ғылыми зерттеулерде «парадигма» ұғымына әртүрлі анықтамалар береді.
Білім беру және педагогика сөздігінде «парадигма (бейне, үлгі, мысал деген грек сөзінен шыққан) - сол кезеңдегі ғылым дамуының, ғылыми зерттеу стандартының, алынған мәліметтерді, ғылыми зерттеу нәтижелерін бағалау мен жүйелеудің моделі ретінде қабылданған теориялық және әдіснамалық ереже, тұжырымдамалық схема». Парадигманы ғылыми термин ретінде енгізген Т. Кун, оның ғылымды тану тұжырымдамасында «парадигма танымал болған ғылыми жетістіктер» деп түсіндіріледі, яғни берілген білімдер саласындағы белгілі бір тарихи кезеңдегі ғалымдардың зерттеу практикасы, соларға қарап ұйымдастырылатын негізгі ғылыми жетістіктер (теориялар, әдістер жүйесі); қоғамдағы ғылыми қауымдастықта басым болатын зерттеу әдістерінің, мәселені қою мен оларды шешудің бастапқы тұжырымдамалық сызбасы, моделі.
Достарыңызбен бөлісу: |