Педагогтың рефлексивтік іскерлігі. Өз іс-әрекеттерін бақылап бағалау, өзіне сырт көзбен қарап іс-әрекет нәтижелерінің тиімділігін талдау, өзін басқалармен салыстыра отырып нені өзгертудің қажеттілігін түсіну арқылы педагогтың кәсіби тәжірибесі жетіле түсетіні анық.
Қарастырылып отырған іскерліктер бір-бірімен тығыз байланысып келеді және өзара бірін бірі күшейте түсіп отырады.
Педагогикалық шеберлік дегеніміз не?Шеберлік – кез келген маманның өз тәжірибесінде ең тиімді әдістерді пайдаланып, жоғары нәтижелерге қол жеткізе алу қабілеті. Осыған орай А.С Макаренко «шеберлік – қол жеткізуге болатын нәрсе, шебер-ұста, шебер-дәрігер болатын сияқты, педагог та керемет шебер бола алады» - дейді.
Педагогикалық шеберлік мұғалімнің тұлғалық қасиетін көрсетеді.
Педагогикалық шеберлік арнайы психологиялық-педагогикалық дайындықты қажет етеді.
Педагогикалық шеберлік педагогикалық міндеттерді тиімді шеше алудан байқалады.
Педагогикалық шеберлік мазмұны өте кең, ол бір-неше құрамдас бөліктерден тұрады.