Байланысты: П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»
Мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге байланысты қазіргі таңда мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігіне аса мән беріледі.Қазіргі қазақ қоғамының отбасындағы өмір салты бұрынғы дәстүрлі отбасындағы өмір салтынан өзгеше қалыптаса бастады. Әсіресе индустриалы қоғамға еніп, технологиялық дәуірге ауысқаннан кейін, отбасының құрылымына, отбасылық құндылықтарға деген көзқарас та өзгеріп бара жатыр. Қазақтың дәстүрлі ұғымында «Отбасы – бүкіл берекенің бесігі» деп есептелсе, заманның, қоғамдық өмір тәсілінің өзгеруіне байланысты қазақтың отбасына деген дәстүрлі көзқарастары өзгеру үстінде».
Тәрбие мәнін, оның қоғамдық құбылыс екендігін төмендегідей негізгі белгілері сипаттайды:
- тәрбие өсіп келе жатқан жас ұрпақтың өмірін іс-тәжірибені игеруі арқылы өндіріс жағдайына бейімделуі, қатынасуы, аға ұрпақтың өндірісте орнын басуы, оларды алмастыру қажеттігінен туды;
-тәрбие мәңгілік, қажетті, жалпы, тарихи, таптық категория. Ол адамзат қоғамы пайда болысымен пайда болды, әрі қоғам өмір сүрген кездің бәрінде өмір сүре береді. Ол қажет, себебі қоғам өмір сүруінің қоғамдық сабақтастығының, әрі ұрпақтар жалғастығының қатынасын қалыптастырудың, адамды дамытудың құралы.
Тәрбие категориясы жалпы: онда қоғамдық құбылыстардың өзге де құбылыстармен заңды байланысы мен бір-біріне тәуелділігі көрінеді. Тәрбие адамды біртұтас оқыту мен білім беру негізінде әлеуметтендіруді қалыптастыруды қарастырады.
-тәрбие әрбір қоғамдық тарихи даму кезеңінде өзінің орны, мазмұны мен түрі жағынан нақты тарихи сипатта болады.
-жас ұрпақ тәрбиесі олардың әлеуметтік тәжірибенің негізгі әрекеттерін игеруі арқылы жүзеге асады.