Байланысты: П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»
Жаңа типті мектептегі тәрбие жұмысы, аты айтып тұрғандай өзіндік жаңашылдығымен айшықталуы керек. Яғни, жаңа типті мектептегі оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңашылдық: білім берудің мазмұнында; оқу-тәрбие үрдісінде; әдістерінде; технологиясында; оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда; жаңа типті мектептің басқару жүйесінде, оқушыларды білімін және тәрбиелік деңгейлерін бағалауында көрініс табуы керек. Қазір технологияның көптеген түрлері мектептің оқу тәрбие үдерісіне енгізіліп жатыр. Біздің мақсатымыз тәрбие технологиясын басқа педагогикалық технологиялармен сыңи тұрғыда ойлау технологиясы, миға шабуыл технологиясы, ақпараттық технология т.б. өзара байланыста жүргізу қарастырылуы қажет.
Жаңашыл үрдістің мазмұндық құрылымы: оқыту, тәрбиелеу, оқу-тәрбие үдерісінде, мектеп-гимназияны басқаруда өзіндік жаңашылдығымен көрініс табуы керек. Әрбір компонент өзіндік күрделі құрылымнан тұрады. Оқу-тәрбие үрдісінде ол білім мен тәрбие берудің әдістерінде, түрінде, тәсілінде, құралында және т.б. жаңашылдығымен көрініс табады.
Оқушы гимназистедің ұжымдық іс-әрекетінің ұйымдастырылу түрінің әр түрлілігіне байланысты, олардың топтарының құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты тәрбие жұмысы:
Сынып ішіндегі жүргізілетін тәрбие жұмыстары.
Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары: а) клуб, үйірмелерде жүргізілетін тәрбие жұмыстары; ә) сынып аралық тәрбие жұмысы болып екіге бөлінеді.
Қоршаған ортаға ізгілік қарым қатынасын және жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Жеке тұлғаның бойындағы құндылықтарды қалыптастыруда рухани сезім, адамгершілік сана, ерік, ойлау қабілетін жетілдіру болыпт абылады.
Жеке тұлғаның ішкі қажеттілігі бойынша өзін-өзі жетілдіруді, құзыреттілікті қалыптастыру.