Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»



бет94/127
Дата08.02.2022
өлшемі212,74 Kb.
#118816
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   127
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Тәрбиенің мазмұны. Тұтас педагогиалық үдерісте тәрбие үрдісі маңызды орын алады. Ол сырттан ықпал ету арқылыда, оқушының өзінің белсене қатынасуы арқылы да қалыптастырылатын үдеріс. Тәрбие үдерісінде мазмұндық және әдістемелік жағы бөлініп алынады.
Тәрбиенің мазмұнына алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оқушылар меңгеруге тиіс білімдер, сенімдер, дағдылар, сапалар және тұлғаның ерекшеліктері деген ұғымдар енеді. Әлеумдік жаһандану көшіне ілесе алатын тұлғаны тәрбиелеуде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» анықталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу тәрбие жұмысының басым бағыттары Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, ұлттық тәрбие; отбасы тәрбиесі, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, салауатты өмір салты негізінде тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігін өлшеуші ретінде критерийлер: олар тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және құбылыстарға қарым-қатынастары арқылы байқалады, тәрбие тұтастай педагогикалық үдеріске қосылған жағдайда тәрбиенің басты мақсатына жетуге, тұлғаны жан-жақты және үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік туады.
И.П.Подласый тәрбиені мәдениет тұрғысынан қарастыра отырып, кешенді жүргізу технологиясы төмендегі талаптарды орындау барысында іске асатынына тоқталады:

  1. тәрбиеленушіге төмендегі үш бағыт: олардың санасына, сезіміне және тәртібіне әсер ету арқылы;

  2. жағымды нәтижеге тәрбиенің табиғи байланысы (ішкі педагогикалық әрекеттесу) және тұлғаның өзін-өзі тәрбиелуі арқылы жетеміз;

  3. тәрбиеге қатысы бар әлеуметтік институттар мен бірлестіктерді, жалпы баспасөз құралдарын, әдебиет, өнер, отбасы, мектеп, құқық қорғау органдары, т.б. кешенді ықпал ету жағдайларының бірлігі және оларды үйлестіру;

  4. тұлғаның сапалық қасиеті жүйелі нақты тәрбие ісі арқылы қалыптасады;

  5. кешенді ықпал тәрбие жүйесіне және оны басқаруға жүйелі ықпал ету арқылы табысты болады. Тәрбиені басқару ішкі және сыртқы факторлардың өзара әректтестікте болғанда ғана жақсы нәтиже беретініне тоқталады.

Қазіргімектептегіізгілендірумендемократизацияидеясы мұғалім меноқушығаоқу-тәрбиежұмыстарыныңтәсілдерін, бағыттарын, әртүрлідеңгейлердегібағдарламаларды, дифференциялықбілімберудітаңдапалуғаеркіндікқұқығынберіпотыр. Мұның өзі үлкендермен балалардың бірлесе отырып еңбектенуіне, бір тәрбие жүйесін екіншісімен ауыстырып қолдануға жадай туғызады. Шығармашылық, еркіндік пен оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушының кәсібі мен жалпымәдениетіне жоғары талап қойып отыр.
Тәрбие жұмысы – бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған ересектер мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-әрекет.
Қазіргі мектептің жалпы даму тенденциялары, тәрбие жүйесінің болуы, әр мектептегі тәрбие жұмысының атқаруда түрлі әлеуметтік институттардың өзара қызмет бөлісіп алуын, тәрбиешілер қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеріске ұшырауын, олардың функцияларын байта қарауды талап етеді.
Шындығында оқушының іс-әрекетін тудыруда негізінен түрткі болу қажет. Іс-әрекет құрылымының негізгі компоненттері материалдық, экономикалық, гигиеналық, моральдық-психологиялық, уақытша жағдайлар негізінде іске асады. Бұл жағдайлар іс-әрекеттің құрылымына тікелей кірмеседе оның іске асуына тікелей жағдай жасайды. Мектеп дамуында жаңашыл үрдістің, жаңашыл іс-әрекеттің субъектісі болып: мектеп-гимназия директоры, директордың орынбасары, мұғалімдер, ғалымдар, оқушылар, ата-аналар, демеушілер, әдіскерлер, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, кеңесшілер, білім беру органдарының қызметкерлері т.б. енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет