Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Педагогика»


-тақырып: Тәрбие әдістері



бет33/70
Дата11.12.2021
өлшемі149,84 Kb.
#99180
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70
Байланысты:
6bc58168-3ef3-11e3-b318-f6d299da70ee3

9-тақырып: Тәрбие әдістері.

1. Тәрбие әдістері, оның мәні мен қызметі.

2. Тәрбие әдістерінің түрлері.

Тәрбиелеу әдісі дегеніміз – әлемге және өзінің жеке басына деген жоғары қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатына негізделген педагог пен бала арасындағы іс-әрекеттерді ұйымдастыру моделі.

Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Өйткені тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Тәрбие әдістері деп тәрбиенің мақсат-міндеттеріне сай оқушылардың санасы мен ерік-күшіне ықпал ету, жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ынталандырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданылатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

Педагогика оқулықтары мен ғылыми зерттеу әдістерін зерттеу еңбектерінде тәрбие әдістерін жіктеуге байланысты ортақ пікір жоқ. Дегенмен де қалыптасқан тәжірибе бойынша әдістерді негізінен 3 топқа жіктейміз:

1. Жеке адамның санасын қалыптастыру немесе сендіру әдісінің маңызы тұлғаның сезім мүшелері арқылы оның ақыл-ойы, санасына ықпал ете отырып, өмірлік позициясын, көзқарасын, сенімін қалыптастыру. Ол үшін жас өспірімдерге жағымды мінез-құлық нормалары мен ережелерін түсіндіріп, адам, қоғам өмірінен тәжірибе, үлгі келтіре отыра, олардың әрекеттерін ұйымдастыру қажет. Өйткені тұлғаны қалыптастыруда ең алдымен оның ішкі жан дүниесінің, санасының дамуы ерекше орын алады. Бұл тәрбие әдістеріне негізінен әңгіме, әңгімелесу, дәріс, пікірталас өнеге жатады. Олар мазмұны жағынан танымдық, саяси, этикалық, эстетикалық тақырыптарды қамтиды. Осылардың ішінде ең көп қолданылатыны - этикалық әңгімелер. Бұның негізі мораль мәселелері бойынша жүргізіледі. Этикалық әңгіменің мақсаты оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға, іс-әрекеттерге, әртүрлі жағдайларға баға беруге, соның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік ортаға адамгершілік көзқарасын, қарым-қатынасын қалыптастыру.

Әңгімелесу сынып ұжымының өмірі мен оқушылардың мүддесіне сай тақырыптарды талдау, оған олардың белсене араласуын, қойылған мәселеге сын көзбен қарап, нақтылы қарытындылар жасау қажеттегінен туындайды. Тұлғаның идеялық сенімі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда дәріс тәсілі қолданылады. Дәріс тақырыбы өмірдің, қоғамның, тіпті мектеп немесе оқушылар өміріне қатысты көлемі кең өзекті мәселелерді талқылауға арналады.

Пікірталас ұйымдастыру әрі құрылымы жағынан өте күрделі боп келеді. Тәрбиенің басқа әдістерінен бұның ерекшелігі, оқушылардың жай тыңдаушылар қатарында емес, керісінше, қаралып отырған мәселеге олардың белсене қатысу жағдайында ұйымдастырылуы, оған ұжым болып пікір алмасуы, дербес ойлай білуге дағдылануы. Соның негізінде оларды сөйлей білуге, өз ойларын еркін жеткізіп дәлелдей білуге, жолдастарының пікіріне сын көзбен қарай білуге үйретеді.

Қорыта айтқанда тәрбиенің сендіру әдістері тәрбиеленушілердің санасы мен мінез-құлқын қалыптастыруда, өзара байланыста тәрбие ұрдісінің аса маңызды міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

2. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру немесе жаттықтыру әдісінің маңызы, тұлғаның тек әрекетке ғана емес жеке басының жан-жақты қалыптасып және дамитындығында.

Бұл топтағы әдістерге талап қою, жаттықтыру, тәрбиелік жағдай туғызу, тәрбиеленушілік тапсырма беруді жатқызуға болады. Жас ұрпақтың сенімін қалыптастыруда талап қоюдың қызметі ерекше. Талап қою: бүйыру, нұсқау, ақыл-кеңес беру, қадағалау амалдары арқылы тура немесе жанама түрінде атқарылады. Қоғамдық пікірді ұйымдастыру оқушылардың жалпы жиналыстарда, линейка және жиындарда, баспасөз беттерінде, дөңгелек столдарда, қабырға газеттерінде жүзеге асырылады. Қоғамдық пікірдің басқа әдістерден ерекшелігі, талқыланып отырған мәселеге сай соңынан міндетті түрде шешім қабылдануында. Үйрету – қоғам нормалары мен ережелерін орындауға баулу.

Жаттығу – үйретудің алдына қойылған мақсатын жоспарлы түрде, әртүрлі әрекет барысында жүзеге асыру болмақ. Жаттығу барысында дағды қалыптасады. Үйрету – нақтылы өмір құбылыстарын ескере отыра, тәрбиешілік жағдайлар туғызып, оқушыларда соған арнайы жаттықтыру.

3. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру немесе мадақтау және жазалау әдістерінің маңызы тәрбиелік шаралардың сапасы мен тиімділігін арттырады, оларға баға беруді, баланың мінезіндегі теріс қылықтарын тежеуді көздейді.

Тәрбие әдістерінің ішінде бұл әдістің түрі ықпалды әрі нәтижелі болып келеді. Өйткені бұған жататын мадақтау баланың мінез-құлық пен іс-әрекетіндегі бағалау және көтермелеуді, ынталандыруды мақсат етсе, жазалау ондағы жағымсыз қылықтары мен іс-әрекетіндегі келеңсіздікті түсіндіру, айыбын ұғындыру, оны сезіну, өзіне-өзі бақылау жасауға көмектеседі. Мадақтаудың тәсілдері – алғыс айту, құрмет грамотасымен марапаттау, бағалай сыйлық беру, қоғамдық мәні бар тапсырма беру, лидер етіп сайлау т.б. жатады.

Мадақтаудың ерекшелігі бала өз мінез-құлқына дұрыс баға беріп, оны түсініп әрі дамытып, дұрыстығына сенімділігі артқан жағдайда ғана нәтижелі болады. Егерде керісінше болса, онда оның жауапкершілігі төмендеп, жағымды істерін жалғастыруға теріс ықпал етеді.

Жазалау – балаға қоғамдық мінез-құлық нормалары мен оқушыларға арналған ережелерді мүлтіксіз орындауға сай талап қою, ескертпе жасау, оқушы тәртібін бағалауда төмен баға қою, ұжым алдына шығару тәсілдерінің жиынтығын құрайды.

Ынталандыру әдістерінің ішінде маңызды орын алатын әдіске – жарыс жатады. Жарыстың мәні артта қалғандары алдыңғы қатарға тарту, әрекеттерді көтеруді қамтамасыз ету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет