Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Педагогика»



бет5/70
Дата11.12.2021
өлшемі149,84 Kb.
#99180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
6bc58168-3ef3-11e3-b318-f6d299da70ee3
Айдана Б, Айдана Б, Айдана Б, Айдана Б, Kabardin1, Айдана Б, Айдана Б
Педагогиканың міндеттері:

  1. Үздіксіз білім берудің бірынғай жүйесін жасау.

  2. Халық ағарту жүйесін, оқу-тәрбие үрдісін интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуалдандыру, индивидуализациялау және демократияландыру, ғылыми теориялық прициптерін ашу.

  3. Қоғам өміріндегі тәрбиенің ролі мен жеке адамның қалыптасуы туралы оқушылардың жеке тұлға ретінде танымдық ерекшеліктерін ескеру, қоғам дамуы мен жеке бастын өзара қарым-қатынасы жайындағы теориялық мәселелерді айқындау.

  4. Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау, жалпы, политехникалық және кәсіптік білім беру арасындағы қатынасты анықтау, оқу-тәрбие процесін оптималдандырудың тиімді әдістерін ашу, ғылыми практикалық мәнін көрсету.

  5. Оқыту үрдісін «технологияландыру», оны оқыту үрдесіне еңгізу.

  6. Халық педагогикасының педагогиа ғылымындағы орнын, жүзеге асырылу жолдарын айқындау, ұлтымыздың ерекшеліктерін білім мазмұнына еңгізу.

  7. Қоғамдағы мұғалімнің әлеуметтік орнын және оқу-тәрбие үрдісіндегі ұстаздық ролі мен маңызын көрсету және елімізде үздіксіз педагогикалық білім берудің мазмұнын жасау, өздігінен білім алудың ғылыми- практикалық негізін айқындау жатады.

Педагогика ғылыми пән ретінде және өзінің тарихи даму барысында мынадай салаларды қамтиды:

1. Жалпы педагогика – барлық жастағы жас ұрпақтың оқуы мен тәрбиесіне ортақ негізгі заңдылықтары мен принциптерін зерттейді.

2. Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейді.

3. Мектеп педагогикасы – мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заңдылықтары мен ерекшеліктерін, оны ұйымдастыру жолдарын қарастырады.

4. Жоғары мектеп педагогикасы – жоғары оқу орындарындағы оқитын жастарды тәрбиелеу мен оқытудың заңдылықтарын зерттейді.

5. Арнаулы педагогика бірнеше салаға бөлінеді:

- сурдопедагогика – саңырауларды оқыту және тәрбиелеу педагогикасы;

- тифлопедагогика – соқырлар мен көзі нашар көретіндерді оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейтін педагогика;

- олигофренопедагогика – ақыл-ойы кемшіл балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді;

- логопедия – тілінің кемісі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.

6. Педагогика тарихы - әртүрлі тарихи дәуірлердегі педагогикалық идеялар мен тәрбиенің даму тарихын зерттейді.

7. Оқыту әдістемесі - әртүрлі оқу пәндерін оқыту әдістемесінің негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді.

Педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы.

Педагогикалық ойлардың дамып жетілуі ертедегі шығыс елдерінің (Египет, Вавилония, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде қалыптасып, ежелгі грек философиясының өкілдері Сократ (469-399), Платон (427-347), Аристотель (384-322), Демокрит (460-370) еңбектерінде саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам туралы құнды пікірлерімен жалғасын тапты.

Құлдық қоғам дәуірінің ойшылдары Платон және Аристотель тәрбие мен оқытуды мемлекет тарапынан ұйымдастыру керек деп есептей отыра, құлдардың балаларына білім беруге қарсы болды, дене еңбегі құлдардың төл ісі деп санады, тәрбиенің мақсатын өздері өмір сүріп отырған қоғамдағы мемлекеттің саяси міндеттерімен ұштастыруға тырысты. Дегенмен де олар өздерінің философиялық еңбектерінде падагогикаға қатысты адамдардың рухани өмірінің кейбір заңдарын ашты, тәрбие қызметінде басшылыққа алуға қажет болатын бастапқы бірқатар ережелерді қалыптастырады.

Қайта өрлеу дәуірінде (XIV-XVI ғ.) оқу-тәрбие мәселелері жайында “гуманистік” бағыт қалыптасты. Олардың қатарында социал-қиялшылдар француз жазушысы Франсуа Рабле (1494-1533), ағылшын Томас Мор (1478-1535), италяндық Томаззо Кампанелла (1568-1639) педагогикалық ойдың көрнекті өкілдері болды. Олар жаңа дәуір үшін жаңа адам қажет деген көзқарасты ұсынды. “Гуманист педагогтар балаларға дене тәрбиесін, эстетикалық тәрбие, математика, астрономия, механика, жаратылыс ғылымдарын оқыту арқылы білім беруді талап етті. Олар баланы бағалауды жақтады”.

Педагогика ғылымының философия шеңберінен өз алдына дербес ғылыми пән болып қалыптасуына айырықша үлес қосқан чех халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1671). Оның “Ұлы дидактика” атты ғылыми еңбегі – педагогика теориясындағы тұнғыш шығармалардың бірі.

“Ұлы дидактика” – Я.А. Коменскийдің педагогикалық жүйесінде толық және дәлелді түрде баяндалған шығарма. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді. “Осыдан келіп ол орта ғасырлық мектеп тәртібіне қарсы шықты, мектеп балаға сүйіспеншілікті, адамгершілік жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін “адамгершілік шеберханасы” болуға тиіс деген көзқарасты ұсынды.

Педагогика ғылым ретінде дамудың ұзақ жолдарын өтті. Қоғамның дамуымен бірге оның бала тәрьиесі жөніндегі тәжірибесі, ойлауы да өсті.

Педагогикалық теорияның дамуына одан әрі үлес қосқан “прогресшіл” көзқарастың өкілдері: ағылшын ойшылы Джон Локк (1632-1704), француз ойшылдары Клод Адриан Гельвеций (1715-1771) мен Дени Дидро (1713-1784), француз жазушысы, ағартушы-философы, революционер Жан Жак Руссо (1712-1778), швейцарияның педагог-демократы Иоганн Генрих Песталоции (1746-1827), неміс педагогі Адольф Дистерверк.

XVIII ғасырдағы философ-ағартушылары сияқты педагогикалық ойлардың дамуына нәтижелі үлес қосқандар XIX ғасырдың социал-қиялшылдары Клод Анри Сен-Симон (1760-1825), Шарль Фурье (1772-1837), Роберт Оуэн (1771-1858). Олар өз дәуірндегі капиталистік қоғамды сынап, адамды адам қанау жойылатын жаңа социалистік қоғамды аңсады.

Россиядағы педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің негізін қалаушы К.Д. Ушинскийдің “Балалар әлемі”, “Ана – тілі”, “Педагогикалық антропология” атты құнды еңбектері орыс педагогикалық әдебиетінің баға жетпес классикалық шығармалары болып есептеледі, әрі оның бұл еңбектері педагогика ғылымының алтын қорына қосылды және дүние жүзіне әйгілі де болды.

“К.Д. Ушинскийдің педагогикалық пікірінің ең негізгі мәні - әрбір елде халықтың мақсат-мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік ағарту жүйесі болу керек деген халықтың идеясында еді”.

Прогресшіл орыс педагогтарының идеялары қазақ халқының ағартушы қайраткерлерінің әлеуметтік-саяси, философиялық және этикалық көзқарастарының қалыптасуына әсерін тигізді. Халқымыздың ардақты ұлдары, ағартушы-ғалым Шоқан Уәлиханов (1835-1865), аса көрнекті ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) және ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаев (1845-1904) өз елін прогресс жолымен алға қарай бастады. Олар қазақ халқының азабын жеңілдетудің бірбен-бірі жолы - өнер-білімді, мәдениетті жетілдіру деп біліп, сауатсыздық, теңсіздікпен күресіп, өз өмірлерін осы мұратқа жетуге арнады.

Қазақ халқының біртуар ұлдары Ахмет Байтұрсанов, Мағжан Жұмабаев және Жүсіпбек Аймауытовтың педагогика саласындағы еңбектері өз алдына бір дәуір.

Лингвист-ғалым, ағартушы педагог, тамаша ақын, әрі қоғам қайраткері

А. Байтұрсыновтың ағартушылық жайындағы ой-пікірлері мен көзқарасы, осы саладағы қызметі қазақ халқының рухани дүниесін көтеруде әлеуметтік мәні зор. Ол ағартушылық, ғалымдық қызметтеріне, мемлекеттік басқару-ұйымдастыру жұмыстарын ұштастыра білді.

А. Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап қазақ графикасымен айналысып, 1912 жылы араб жазуын қазақ тіліне икемделген нұсқасын, әлішбиін қазақ жұртшылығына ұсынды.

Қазақ АССР-інің тұнғыш Оқу-ағарту комиссары, қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабайұлының педагогика саласында атқарған қызметі ұшан-теңіз. «Ересектерге» атты сауат ашуға арналған оқулық кітабы мен 1923 жылы Орынборда басылып шыққан «Педагогика» еңбегі қазақстандағы ағартушылық ісінде маңызы зор педагогикалық еңбектер.

Ж, Аймауытов халық ағарту комиссариатында, педагогикалық оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақты жаңа рухта тәрбиелеуге, ғылымның әр саласынан жан-жақты білім алуға шақырған көптеген еңбектер жазды.

Совет мектебінің ірге тасын қалауда, советтік педагогиканың негізін құрып, дамытуда аса көрнекті қызмет атқарған Анатолий Васильевич Луначарский (1875-1935), Надежда Констиновна Крупская (1869-1939), Михаил Николаевич Покровский (1868-1932) болды.

Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе совет педагогикасының алғашқы кезінен-ақ қалыптасты. Бұл бағытта көрнекті совет педагогтері Антон Семенович Макаренко (1888-1939) және Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өздері басқаратын тәрбие мекемелерінде оқу-тәрбие жұмысының коммунистік тәрбие теориясына негізделген жүйесін жасап, іс жүзіне асырды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет