Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама.
1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы.
2. Білім беруді ұйымдастыру жүйесі.
1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты:
1. ҚР азаматтары білім алуға тең құқылы.
2. Әрбір азамат үшін интеллектуальдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қолжетерлік болуы.
3. Білімнің зайырлылығы.
4. Жеке тұлғаның білімнің және дарынының дамуына жағдай жасау.
5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.
6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әртүрлі болуы.
7. Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.
8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек.
9. Білімнің ғылыммен, өңдіріспен байланысы.
10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.
11. Білім беру саласының информатикаландырылуы.
Заң орта және бастауыш кәсіптік, сондай-ақ конкурстық негізде орта кәсіптік ақысыз білім алуға кепілдік береді, егер азамат осы деңгейлердің әрқайсысынын бірінші рет білім алса. Білім бағдарламалары үздіксіз және сабақтастық қағидалар негізінде білім берудің төрт деңгейін: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 1-6 жас аралығында мектепке дейінгі оқыту орындарында немесе отбасында жүзеге асады. Мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепте немесе отбасында 5-6 жасар балалар міндетті түрде мектепке дайындау жүргізілуі тиіс. Орта білім – жалпы орта (бастауыш, негізгі, орта) немесе кәсіптік (бастауыш, орта) білімді қамтиды.
Қазақстан Республикасы, білім беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының, оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару орындары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылады. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ретінде білім алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуы ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен техника жетістіктері негізінде қалыптастыруға қажетті жағдай жасау көзделді. Білім беру жүйесінің төмендегідей жаңа міндеттері айқындалды:
оқыту бағдарламаларының жүзеге асыруына жағдай жасау;
жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физиологиялық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің берік негізін қалыптастыру, жеке даралық қасиетті дамытуға жағдай жасау арқылы ақыл-ойын байыту;
отан сүйгіштік пен азаматтылыққа өз Отаны деген сүйішпеншілікке, мемлекеттік рәзімдерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін сыйлауға, конституцияға, қоғамға қарсы жасалған кез-келген іс-әрекетті болдырмауға тәрбиелеу;
республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне белсенді атсалысуға, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қажеттілігін қалыптастыру;
әлемдік және отандық мәдени жетістіктерге қатыстыру;
білім беру ұйымдарының дербестігі мен өзін-өз билеу құқын және білім беруді басқару міндеті мен демократияландыру ісін кеңейту;
оқытудың жаңа технологиясын еңгізу, білімді информатизациялау, халықаралық коммуникация жүйесіне шығу;
еңбек рыногында бәсекелсе алатын жоғары дәрежелі жұмысшылар мен мамандарды даярлау және қайта даярлау;
жұмыссыздарды қайта оқыту мен қайта даярлау;
білім беру ұйымдарының түрлі қызметкерлерінің қарқынды дамуына көмектесу.
Білім беру мекемелері төмендегіндей бөлінеді:
мектепке дейінгі, мектептен тыс, арнайы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар мекемелері;
оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орындары жалпы орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және қосымша кәсіби білім беру;
жалпы білім беретін мектеп, ол негізгі және қосымша жалпы білім беретін үш сатылы бағдарламаларды жүзеге асырады;
гимназия негізгі және қосымша оқыту бағдарламасын жүзеге асырады, оқушылардың қабілеті мен икемділігіне байланысты арнайы, терең, кәсіптік оқытуды көздейді;
лицей кәсіптік бағытталған оқушыларды оқытуды жүргізетін, негізгі және қосымша бағдарламаларды жүзеге асырады;
жалпы орта, бастауыш кәсіптік оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын әр түрлі бағыттағы кәсіби жұмысшыларды дайындауды қамтамасыз ететін кәсіптік мектеп;
кәсіптік лцей, жалпы орта, бастауыш кәсіптік оқыту бағдарламаларын жүргізетін және жоғары деңгейдегі маман жұмысшыларды дайындайды;
колледж, орта кәсіби білімді мамандарды дайындайтын бағдарламаны жүргізеді.
Жоғары білімді халық шаруашылығының түрлі салаларының мамандарын жоғары оқу орындары дайындайды; университет, академия, институт, сондай-ақ консерватория, жоғары училище, жоғары мектеп. Университеттер мен академияларда және ғылыми мекемелерде жоғары дәрежелі ғылыми және ғылыми педагогикалық мамандарды даярлайтын магистратура, аспирантура, докторнатура қызмет ете алады. Жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлайтын әскери орындарында ол – адъюнктура деп аталады. Жоғары оқу орнынан кейінгі терең медициналық білімді интернатура камтамасыз етеді.
Оқу орындарында жүргізілген оқыту бағдарламалары жалпы және кәсіптік болады.
Жалпы білім беретін бағдарламалар жеке адамның мәдениетінің қалыптасуын, оның қоғам мен өмірге бейімделуін, кәсіпті таңдауын және таңдаған мамандығын меңгеруін шешуге бағытталады.
Заң білім беру жүйесіндегі орталық және жергілікті атқару орындарының қызметін реттейді. Көрсетілген басқару орындары білімді беруді дамыту бағдарламаларын құрастырады және оны жүзеге асыру шараларын жүргізеді: мамандарды дайындау тапсырысын бекітеді; меншік түріне және бағыныштылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына лицензиялар береді; оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары, шығаруға арналған дайындық жұмыстарын ұйымдастырады; білім беру саласындағы заңның жүзеге асуын және білім берудің мемлекетті стандарттарының жүргізілуін бақылайды. Білім беру мекемелерінде бес жылда бір рет аттестация жүргізіледі; мемлекеттік білім беру мекемелерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |