Пәннің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәннің аталуы:«ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ»
Мамандығы: 020340- Педагогика-психология
(шифр, аталуы)
Оқу формасы: күндізгі .
(күндізгі, сырттай, қысқартылған)
Барлығы 3 кредит
курс - 2 семестр 3
дәріс - 30 сағат АБ саны - 2
семинар сағат барлық аудиториялық сағат - 60
лабораториялық сағат барлық аудиториядан тыс сағат - 30
СОӨЖ - 30 сағат жалпы жұмыс көлемі - 90 сағат
СӨЖ - 30 сағат
емтихан - 1 семестр
Алматы, 2009
Студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешенді құрастырған –
Бағдарлама мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (3.03.025.- 2006) мен 020340- Педагогика-психология - мамандығына даярлау бағытына арналған типтік бағдарламаның негізінде құрастырылды.
(қандай құжаттардың негізінде жасалған)
Кафедраның «...» ................ 2009 жылғы мәжілісінде талқыланып бекітілді.
Хаттама №
Кафедра меңгерушісі.........................................
1. Курс аты: Қарым-қатынас психологиясы
2. Курс коды:
3. Кредит саны: 3
4. Курс оқытушысы:
5. Курс өтетін орны және уақыты:
6. Курс пререквизиттері: “Қарым-қатынас психологиясы” курсын жақсы меңгеру үшін осы курстың алдында оқылуы тиіс, мына пәндермен танысу қажет: “Философия”, “Жалпы психология”, “Әлеуметтік психология”, “Жас ерекшелік психологиясы».
7. Курс постреквизиттері: Оқу пәні болашақ оқытушы мамандарды үш негізгі компоненттер арқылы даярлауға бағытталған: психологиялық мәдениетті қалыптастыру, педагогикалық іс-әрекеттегі психологиялық нақтылық, маманның еңбек барысында өзін көрсете алуы.
8. Курстың жалпы сипаттамасы: Қарым-қатынас психологиясы пәнін құнды оқыту үшін жалпы психология ( жеке адам теориясы, таным іс-әрекет психологиясы, адамның ерік-жігер процесстерінің психологиясы, жас ерекшелік психологиясы, әлкуметтік психология, қарым-қатынас психологиясы) пәнінен хабардар болуы қажет.
9. Курстың мақсаты: Жоғарғы оқу орындарында сабақ берудің психологиялық ерекшеліктерін ашу, болашақ жоғары оқу орындарының мұғалімдерінің педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті мен кәсіби білім сапасын қалыптастыру.
● болашақ кәсіби іс-әрекеті үшін қажетті біліктілігін дамыту;
● тиімді әлеуметтік-психологиялық өзара әрекеттестіктің және оқыту процесіндегі оқытушылар мен студенттердің қатынас тәсілдерімен танысу;
● кәсіби қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
● оқытудың инновациялық технологияларын қолданып сабақ өткізуге (лекция, семинар) психологиялық дайындық.
10. Курстың міндеті:
Педагогикалық қарым-қатынас психологиясының білім және дағдыларын қалыптастыру;
педагогикалық іс-әрекеттегі кәсіби міндеттерді шешу жолдарын үйрету;
қарым-қатынас мәдениетін, басқа адамды түсіну және өзін-өзі тану дағдыларын қалыптастыру;
маманның өзін көрсете алу, шығармашылық қабілетін ашу, ішкі ерекшеліктерін педагогикалық іс-әрекетте және қоғам жағдайында көрсете алу.
11. Курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
050103 Педагогика және псхология мамандығы күндізгі бөлім (4жылдық, 2-курс, 3 КР)
№ п/п
|
Тақырыптың аты
|
Апта бойынша бөлу
|
Дәрістер
|
СОӨЖ
|
апта
|
сағат саны
|
апта
|
сағат саны
|
1 модуль. Қарым-қатынас психологиясына жалпылама шолу
|
1
|
Педагогикалық қарым-қатынас психологиясының пәні және міндеттері.
|
1
|
2
|
1
|
2
|
2
|
Оқу-педагогикалық қарым-қатынасқа жалпы сипаттама
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2 модуль. Білім беру процесіндегі педагогикалық қарым-қатынас психологиясының маңыздылығы
|
3
|
Білім беру процесіндегі қарым-қатынас психологиясы
|
4
|
2
|
4
|
2
|
4
|
Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудағы психологияның орны
|
5
|
2
|
5
|
2
|
5
|
Оқу – педагогикалық іс-әрекеттегі және қарым-қатынастағы "барьер" ұғымы
|
6
|
2
|
6
|
2
|
6
|
Қарым-қатынас психологиясы және мәдениет
|
7
|
2
|
7
|
2
|
7
|
Педагогикалық іс-әрекеттегі коммуникацияның психологиялық ерекшеліктері
|
3
|
2
|
3
|
2
|
1 Аралық бақылау (АБ)
|
|
14
|
|
14
|
3 модуль. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеттінің психологиядағы маңыздылығы
|
8
|
Іскерлік әңгіме және дискуссия
|
8
|
2
|
8
|
2
|
9
|
Қарым-қатынас іс-әрекеттің түрі ретінде
|
9
|
2
|
9
|
2
|
10
|
Қарым-қатынас іс-әрекеттің түрі ретінде
|
10
|
2
|
10
|
2
|
11
|
Педагогикалық қарым - қатынас стилі
|
11
|
2
|
11
|
2
|
4 модуль. БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
|
12
|
Педагогикалық қарым - қатынас стилі
|
12
|
2
|
12
|
2
|
13
|
Білім беру процесіндегі қарым қатынас
|
13
|
2
|
13
|
2
|
14
|
Білім беру процесіндегі қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық механизмдері мен заңдылықтары
|
14
|
2
|
14
|
2
|
15
|
Педагогикалық өзара әрекеттесудегі, қарым қатынастағы және оқу педагогикалық ісәрекеттегі “кедергілер”
|
15
|
2
|
15
|
2
|
2 Аралық бақылау (АБ)
|
|
16
|
|
16
|
Барлығы
|
|
30
|
|
30
|
1 МОДУЛЬ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ ПӘНІ.
1- дәріс Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы пәні, міндеттері және әдістері ( 2 сағат).
Білім беру процесіндегі оқу-педагогикалық бірлесіп істеу және қарым-қатынас. Бір-біріне әсер етуге жалпы сипаттама(субъект-субъективтік жүйе, қарым-қатынастағы психологиялық контактілер).
2- дәріс. Оқу-педагогикалық қарым-қатынасқа жалпы сипаттама (2 сағат).
Қарым-қатынастың негізгі жолдары, оқыту іс-әрекетіндегі қарым-қатынастың әсер етуіне жалпы сипаттама. В.Я.Ляудистің оқытушымен - оқушының бірлескен іс-әрекет жағдайындағы өнімді жүйе туралы.
2 модуль. БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ.
3 - дәріс. Білім беру процесіндегі қарым-қатынас психологиясы (2 сағат).
Қарым-қатынасқа жалпы сипаттама. Қарым-қатынас мәселесінің тарихы және функциясы.
4. - дәріс. Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудағы психологияның орны (2 сағат).
Педагогикалық қарым-қатынасқа анықтама, педагогикалық қарым-қатынасты” бағыттары және тиімділігі,де”гейі.
5- дәріс. Оқу – педагогикалық іс-әрекеттегі және қарым-қатынастағы "барьер" ұғымы (2 сағат).
Қарым-қатынастағы қиыншылықтарға жалпы сипаттама. Педагогикалық-психологиядағы бір-біріне әсер етудегі қиындықтардың негізгі (этно-әлеуметтік аймақтағы қиындықтар, жас ерекшелік дамудағы қиындықтар, жеке психологиялық және педагогикалық іс-әрекет аймағындағы қиындықтар) аймақтары.
3 МОДУЛЬ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ.
6- дәріс. Қарым-қатынас психологиясы және мәдениет (2 сағат).
Қарым қатынас психологиясы туралы жалпы ұғым. Триандис бойынша қарым-қатынас және мәдени байланыстар моделі. Мәдениет және вербальды, вербальды емес қарым-қатынастың түрлерін педагогикалық іс-әрекетте тиімді пайдалану.
7- дәріс. Педагогикалық іс-әрекеттегі коммуникацияның психологиялық ерекшеліктері (2 сағат).
Коммуникациялық процесс. Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас манерасы, түрі, тыңдау техникасы және дауыс ырғағымен сөйлеу.
8- дәріс. Іскерлік әңгіме және дискуссия (2 сағат).
Қарым-қатынас мәдениетті. Сабақтағы қарым-қатынас құрылымы. Мадақтаудың түрлері және тиімділігі.
9- дәріс. Педагогикалық өнімді қарым-қатынастың психологиялық алғы шарттары (2 сағат).
Қарым-қатынастағы жест,мимика, қозғалыс,дауыс тембрінің алатын орны. Хабарласудың деңгейлері.
10- дәріс. Педагогикалық қарым - қатынас стилі (2 сағат).
Жоғары оқу орнындағы қарым-қатынас жүйесі. Мұғалімнің студенттермен қарым-қатынас жасау мәдениеттілігі тәрбиенің негзі болып табылады.
11- дәріс. Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері (2 сағат).
Педагогикалық ұжымдағы қоғамдық көзқарастар, талғам, достық, ұмтылу, конфликтіні шешу жолдары туралы.
12- дәріс. Педагогикалық ұжымда қарым-қатынас өнерін меңгерудің психологиялық тәсілдері (2 сағат).
Педагогтарды” қарым-қатынасындағы операциялық тәсілдерге сендіру, көзін жеткізу, еліктеу, жұқтыру, идентификация т.б. жатады.
13-14- дәріс. Студентерді қарым-қатынас жасауға үйрету (4 сағат).
Анкеталар жүргізу. Тілдік ерекшеліктерін ескеру, қимыл қозғалыс белсенділігі, ақыл-ойының және сырт келбетінің әсері қаралады. Эмоционалдық-сезімдік аймағы және тұлғаның іскерлік сапасы қарым-қатынаста негізгі орында.
15- дәріс. Тұлғалық -педагогикалық өзін-өзі реттеу (2 сағат).
Педогогтың өзін-өзі бақылауы, реттеуі, сын көзбен қарауға, сыртқы келбетінің мәдениеттілігі туралы.
12. Студенттердің оқытушымен бірлескен өзіндік жұмысының сабақ жоспары
Р/с
|
СОӨЖ тақырыбы
|
Сағат саны
|
Сабақ түрі
|
Пайдаланатын әдебиеттер
|
1
|
Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.
|
2
|
Ауызша
|
1,4,7
|
2
|
Білім беру процесіндегі қарым-қатынас психологиясы.Қарым-қатынатың тарихы мен функциясы туралы.
|
2
|
Жазбаша
|
2,6.
|
3
|
Қарым қатынас психологиясы туралы жалпы ұғым.
|
2
|
Кесте құрастыру
|
10, 3.
|
4
|
Оқу-педагогикалық қарым-қатынастағы қиындықтарды шешу жолдары.
|
2
|
Ауызша
|
5,6,7.
|
5
|
Оқу-педагогикалық қарым-қатынастағы қиындықтарды шешу жолдары.
|
2
|
Жазбаша
|
3,5.
|
6
|
Педагогтардың қарым-қатынасындағы операциялық тәсілдер (сендіру, көзін жеткізу, еліктеу, жұқтыру, идентификация) туралы.
|
2
|
Дөңгелек үстел
|
1,3.
|
7
|
Студентерді қарым-қатынас жасауға үйрету.
|
2
|
Жазбаша
|
10.11.
|
8
|
Педагогтардың тілдік ерекшеліктерін ескеру.
|
2
|
Ауызша
|
1,2.
|
9
|
Педагогтың қимыл қозғалыс белсенділігі, ақыл-ойының және сырт келбетінің студентке әсері қаралады.
|
2
|
Жазбаша
|
5.7.
|
10
|
Педагогтың эмоционалдық-сезімдік аймағы.
|
2
|
Жазбаша
|
6,3.
|
11
|
Оқытушы тұлғасының іскерлік сапасы қарым-қатынаста негізгі орында.
|
2
|
Ауызша
|
2,4,5.
|
12
|
Тұлғалық -педагогикалық өзін-өзі реттеу.
|
2
|
Жазбаша
|
3,4.
|
13
|
Педогогтың өзін-өзі бақылауы, реттеуі, сын көзбен қарауға, сыртқы келбетінің мәдениеттілігі туралы.
|
2
|
Ауызша
|
1,10.
|
14
|
Білім беру процесіндегі оқу-педагогикалық бірлесіп істеу және қарым-қатынас.
|
2
|
Жазбаша
|
1,10.
|
15
|
Қарым-қатынас психологиясы және мәдениет
|
2
|
Ауызша
|
2.10.
|
|
Барлығы
|
30
|
|
|
СӨЖ орындау мен тапсыру кестесі
Р/с
|
СӨЖ тақырыптары
|
СӨЖ тапсырмасы
|
Ұсын.
әдебиет тер
|
Тап-
сыру мерз.
|
Макс
балл.
|
1.
|
Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.
|
4 сағаттық эксперименттік жұмыс
|
1, 3, 4, 10, 19, 22
|
1-2 апта
|
4
|
2.
|
Білім беру процесіндегі қарым-қатынас психологиясы.Қарым-қатынатың тарихы мен функциясы туралы.
|
Зерттеу жұмысы
|
2, 6, 12, 24, 30
|
3-4-апта
|
5
|
3.
|
Оқу-педагогикалық қарым-қатынастағы қиындықтарды шешу жолдары.
|
Машықтандыру жаттығулары
|
5, 7, 21, 30, 32, 33
|
5-апта
|
2
|
4.
|
Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.
|
Практикалық жұмыс
|
4, 8, 10, 12, 32, 33
|
6-апта
|
3
|
5.
|
S О, S О схемасы оқу-тәрбиенің жүруі және оқытушының қандай сыртқы,ішкі көрсеткіштері студенттер үшін тиімді әсер етеді.
|
Кесте дайындау
|
10, 11, 23, 19, 30
|
7-апта
|
3
|
|
Ағымдық бақылау
|
|
|
|
20
|
|
Аралық бақылау
|
|
|
|
30
|
|
Қорытынды бақылау
|
|
|
|
40
|
13. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:
Зимняя И.А. Педагогическая психология.- М.,Логос,2002.
Кукушкин В.С. Введение в педагогическую деятельность.-Ростов., "МарТ", 2002.-224 стр.
Бадмаев Б.С. Методика преподавания психологии.-М.,ВЛАДОС, 2001.-304 стр.
Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении.-М.,Просвещение, 1987.
Карнеги Д. Как завоевать друзей и оказывать на людей. –М: Прогресс,1990.
Грехнев В.С. Культура педагогичекого общения. –М:Просвещение,1990.
Ильин Е.И. Искусство общения. М: Педагогика,1982.
Леонтьев А.А. Педагогическая общения. –М.:Знание,1979.
Курбатов В.И. Культура речевого общения.-Ростов н/Д: Молодые таланты,1992.
Кудряшова Л.Д. Каким быть руководителю. Психология управленческой деятельности. –Л.: Лениздат,1986.
Самыгин С.И.,Столяренко Л.Д. Психология управления. –Ростов н/Д.:Изд.во "Феникс", 1997.
Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигиене общения. –М.,1987.
Петровская Л.А. Компетентность в общении: социально-психологический тренинг. М.,1989.
Маркова А.К. Психология труда учителя.-М.,1993.
Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал. –М., 1994.
Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1999.
Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: В 2 т. – М., 1983. Т.1.
Охитина Л.Т. Психологические основы урока. М., 1977.
Қосымша:
Бодалев А.А. Личность и общения. –Л.,1987.
Дебольский н. Психология делового общения.-М.,1992.
Фридман Л.М., Кулагина И.Ю. Психологичесий справочник учителя. – М.: Просвещение, 1991.
Никольская С.Т. Техника речи.-М., Знание,1978.
Буева Л.П. Человек: деятельность и общение. – М;1978.
9. Реферат тақырыптары
Педагогикалық өнімді қарым-қатынастың психологиялық алғы шарттары.
Педагогикалық қарым - қатынас стилі.
Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.
Педагогикалық ұжымда қарым-қатынас өнерін меңгерудің психологиялық тәсілдері.
Студенттерді қарым-қатынас жасауға үйрету.
І ағымдық бақылау сұрақтары
Педагогикалық-психологиядағы бір-біріне әсер етудегі қиындықтардың негізгі.
Этно-әлеуметтік аймақтағы қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар.
Жас ерекшелік дамудағы қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар.
ІІ ағымдық бақылау сұрақтары
Триандис бойынша қарым-қатынас және мәдени байланыстар моделі.
Мәдениет және вербальды, вербальды емес қарым-қатынастың түрлерін педагогикалық іс-әрекетте тиімді пайдалану.
Педагогикалық іс-әрекеттегі коммуникацияның психологиялық ерекшеліктері.
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ.
1. Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы пәні, міндеттері және әдістері.
2. Білім беру процесіндегі оқу-педагогикалық бірлесіп істеу және қарым-қатынас.
3. Оқу-педагогикалық қарым-қатынасқа жалпы сипаттама.
4. Қарым-қатынастың негізгі жолдары, оқыту іс-әрекетіндегі қарым-қатынастың әсер етуіне жалпы сипаттама.
5. В.Я.Ляудистің оқытушымен - оқушының бірлескен іс-әрекет жағдайындағы өнімді жүйе туралы.
6. Білім беру процесіндегі қарым-қатынас психологиясы.
7. Қарым-қатынасқа жалпы сипаттама.
8.Қарым-қатынас мәселесінің тарихы және функциясы.
9. Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудағы психологияның орны .
10. Педагогикалық қарым-қатынасқа анықтама, педагогикалық қарым-қатынастың бағыттары және тиімділігі,деңгейі.
11. Оқу – педагогикалық іс-әрекеттегі және қарым-қатынастағы "барьер" ұғымы.
12. Қарым-қатынастағы қиыншылықтарға жалпы сипаттама.
13. Педагогикалық-психологиядағы бір-біріне әсер етудегі қиындықтардың негізгі.
14. Этно-әлеуметтік аймақтағы қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар.
15. Жас ерекшелік дамудағы қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар.
16. Жеке психологиялық және педагогикалық іс-әрекет аймағындағы қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар.
17. Қарым-қатынас психологиясы және мәдениет .
18. Қарым қатынас психологиясы туралы жалпы ұғым.
19. Триандис бойынша қарым-қатынас және мәдени байланыстар моделі.
20. Мәдениет және вербальды, вербальды емес қарым-қатынастың түрлерін педагогикалық іс-әрекетте тиімді пайдалану.
21. Педагогикалық іс-әрекеттегі коммуникацияның психологиялық ерекшеліктері.
22.Коммуникациялық процесс.
23.Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас манерасы, түрі, тыңдау техникасы және дауыс ырғағымен сөйлеу.
24. Іскерлік әңгіме және дискуссия.
25. Қарым-қатынас іс-әрекеттің түрі ретінде .
26. Сабақтағы қарым-қатынас құрылымы.
27. Мадақтаудың түрлері және тиімділігі.
28. Педагогикалық өнімді қарым-қатынастың психологиялық алғы шарттары .
29. Қарым-қатынастағы жест,мимика, қозғалыс,дауыс тембрінің алатын орны.
30. Хабарласудың деңгейлері.
31. Педагогикалық қарым - қатынас стилі.
32. Жоғары оқу орнындағы қарым-қатынас жүйесі.
33. Мұғалімнің студенттермен қарым-қатынас жасау мәдениеттілігі тәрбиелеу.
34. Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшелітері.
35.Педагогикалық ұжымдағы қоғамдық көзқарастар, талғам, достық, ұмтылу.
36. Педагогикалық ұжымдағы конфликтіні шешу жолдары туралы.
37. Педагогикалық ұжымда қарым-қатынас өнерін меңгерудің психологиялық тәсілдері.
38. Педагогтардың қарым-қатынасындағы операциялық тәсілдер (сендіру, көзін жеткізу, еліктеу, жұқтыру, идентификация) туралы.
39 Студентерді қарым-қатынас жасауға үйрету.
40.Педагогтардың тілдік ерекшеліктерін ескеру.
41. Педагогтың қимыл қозғалыс белсенділігі, ақыл-ойының және сырт келбетінің студентке әсері қаралады.
42. Педагогтың эмоционалдық-сезімдік аймағы.
43. Оқытушы тұлғасының іскерлік сапасы қарым-қатынаста негізгі орында.
44. Тұлғалық -педагогикалық өзін-өзі реттеу.
45. Педогогтың өзін-өзі бақылауы, реттеуі, сын көзбен қарауға, сыртқы келбетінің мәдениеттілігі туралы.
14. Баға қою саясаты
Рейтинг балының бақылау түріне қарай бөлінуі
№
п/п
|
Бақылау түрі
|
Балы
|
1
|
Қорытынды бақылау
|
40
|
2
|
Аралық бақылау
|
30
|
3
|
Ағымдағы бақылау
|
20
|
4
|
Үй жұмысын бақылау
|
10
|
Студент үлгерімінің орташа бағасы
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Балдың сандық баламасы
|
Балы
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
Өте жақсы
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
Жақсы
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
Жақсы
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
Қанағаттанарлық
|
Д+
|
1,33
|
55-59
|
Қанағаттанарлық
|
Д
|
1,0
|
50-54
|
Қанағаттанарлық
|
Ғ
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Рейтинг балының емтихан нәтижесі бойынша бөлінуі
Студенттің дұрыс жауабының бағасы, %
|
Балы
|
Бағасы
|
90-100
|
37-40
|
5 (өте жақсы)
|
75-89
|
31-36
|
4 (жақсы)
|
50-74
|
20-30
|
3 (қанағаттанарлық)
|
0-49
|
0-19
|
2 (қанағаттанарлықсыз)
|
Пән бойынша қорытынды баға
Студенттің жалпы рейтингілік балы
|
Бағасы
|
90-100
|
5 (өте жақсы)
|
75-89
|
4 (жақсы)
|
50-74
|
3 (қанағаттанарлық)
|
0-49
|
2 (қанағаттанарлықсыз)
|
“ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ” КУРСЫ БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
1-дәріс: Педагогикалық қарым-атынас пәні, міндеттері, әдіс тәсілдері.
Педагогикалық қарым-атынас пәні -ғылымның объектісі- әр түрлі ғылымдардың зертелуі. Объектісі: матераилды және материалды емес құбылыстар. Денелер, процестер: тірі, биологиялық және абстрактілі жүйе; әр түрлі қиындықтардың биологиялық организмедері. Ғылыми зерттеудің объектісі ретінде: аңдық және өсімдік, адам, қоғам, өркениет, космос өмірі.
Әрбір объект әр түрлі ғылымдармен зерттеледі. Адам, антропологиямен, физиологиямен, психологиямен. әлеуметтанумен, педагогикамен т.б. зерттеледі. Әрбір ғылымның өз пәні бар. Адамның психикалық дамуының заңдылықтары мен механизмі және туылудан қартайғанға дейінгі тұлғаның дамуы, ал Педагогикалық қарым-атынас пәні - оқу процесі кезіндегі адамның әлеуметтік- мәдени тәжірибемен танысу механизмі және заңдылықтары. Педагогикалық психологияға ашылған түрде айтудың алдында, білім және педагогикалық процесс әр түрлі ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады, күрделі конфессионалды, көп комплексті құбылысты көрсетеді. Күрделілік, оқудың көпкомпоненттілік процесі ұлы дидакттармен анықталған-Я.А.Коменский, И,.Песталоцци, А.Дистраверг.
А.Дистравергтің айтуынша: оқытушы қызметін анықтайтын әр түрлі уақыт пен пәнді көңілге алу керек. Әсіресе:
1)Адамды, оқушы-субъектті;
2)оқудың және оқытудың пәні-оқу пәні-объект;
3)сыртқы жағдай, онда оқушы уақыт және орын бар;
4)оқытушы
Оқу процесінің компонентті құрылымы педагогикалық психологияда факторлардың әсер етуіндегі функционалдық көзқараста көрстеіледі. Оқудың эффективтілігі осы факторлардың әсер етуіне байланысты, “неге оқытады, кімді оқытады, қалай оқытады”.
Педагогикалық қарым-атынас психологиясы пәні факт, механизм, адамның мәдени әлеуметтік тәжірибені меңгеру заңдылықтары т.б. Педагогикалық қарым-қатынас психология “оқуды меңгеру заңдылықтарын зерттеу, осы процестегі индивидуалды әртүрлілілктерді зерттеу, оқушыларда белсенді жеке шығармашылық ойлау заңдылықтарын, тәрбеие және оқу әсерінен болатын психикадағы өзгерулерді зерттейді.” Отандық психологиялық педагогика оқу арқылы психологиялық механизмді зерттеу (Н.Талызина, Л.Лаида т.б.) және білім процесін зерттеу (В.Лазарев т.б.), процесті басқару (В.Давыдов, В.Рубцов), оқу мотивациясы (А.Маркова, Ю.Орлов т.б.), индивидуалды психологиялық фактор; оқушы мен оқытушының жеке тұлғаның ерекшеліктерін (В.Мерлин, А.Леонтьев т.б.) зерттеді. Жалпы педагогикалық психология оқу процесінде психологиялық сұрақтарды зерттейді.
2-дәріс: – Педагогикалық қарым-атынас психологиясы пәні оқу-тәрбие қызметіндегі заңдылықтарын және психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
міндеті:
оқушының жеке және интеллектуалды дамуына оқытушының және тәрбиелеушінің әсерінің механизмін және заңдылықтарын ашу:
оқуды меңгерудің әлеуметтік мәдени тәжірибенің оқу құрылымының, оқушының санасында сақталуы және әртүрлі жағдайда пайдалану механизмдері мен заңдылықтарын анықтау;
педагогтың қызметінің психологиялық негізін оның индивидуалды психикалық және кәсіби сапаны зерттеу;
дамушы білімнің заңдылықтарын, әсіресе ғылыми , теоретикалық дамуының механизмдерін анықтау;
білімді меңгерудегі жаңдайларды, критерийлерді, заңдылықтарды анықтау;
білім стандарттары мен меңгерудің сапасы мен диагностикалық деңгейінің психикалық негіздерін анықтау;
білім жүйесінің барлық кезеңдерінде оқу процесіндегі болашақтағы дамуындағы психологиялық негіздерді өңдеу.
Оқу – педагогикалық қарым-атынасқа үшін тәрбие оқу процесінің әдісін қосады. Педагогикалық қарым-қатынас психологияның құрылымына төмендегілер кіреді:
білім қызметінің психологиясы;
оқушының оқу қызметінің және субъектісінің психологиясы. (оқушы, студент)
педагогикалық қызметтің және субъектінің психологиясын. (оқытушы, мұғалім)
оқу-педагогиалық бірлестіктің және қарым қатынас психологиясы
3-дәріс:Оқу – педагогикалық қарым-қатынасқа жалпы сипаттама.
Қоғам – адамдардың бірігіп тіршілік ету әрекеті. Адамдар жалпы өмір сүру барысында топтасып (еңбек ету, оқу әрекеті), бірлесіп атқаратын іс әрекетте ұжымның әрбір мүшесіне белгілі бір істі тұрақты атқарып отыруы жүктеледі. Осыдан әрбір адамның қоғамдағы орны, қызметі және әлеуметтік ролі анықталынады. Елімізде болып жатқан әлеуметтік экономикалық реформаларға байланысты білікті мамандар дайындаудың сапасын жақсарту көкейтесті мәселелердің бірі. Әрбір қоғам мүшесінің әлеуметтік ролін көрсететін іс-әрекет түрлері: жанұядағы ата-аналар мен балалар арасындағы, оқытушы мен білімгер, мұғалім мен оқушы, тәрбиеші мен бала, сатушы мен алушылар және т.б. адамдар арасындағы әрекеттердегі қарым-қатынас.
Міне, қоғамдық әлеуметтік өмір тіршілігінда осындай қарым-қатынастардағы әр-бір адамның өзіндік даралық және мінез-құлық қасиеттері, сапалары және ерекшеліктері дамып, «Менң бейнесі қалыптасады. Атақты ғалым Л.С.Выготскийдің пікірінше, әлеуметтік әлем мен қоршаған үлкендер адамның дамуына қажетті органикалық жағдай. Балаларда психикалық процестердің дамуы үлкендермен қарым-қатынастағы ролі алғашқы сатыда тұр. Оның ойынша үлкендер бала мен мәдениет арасындағы дәнекер, іс-әрекет нормалары , белгілері мен тәсілдерін абстрактылы тасушы, бірақ жанды нақты адам емес.
М.И.Лисина өзінің қарым-қатынас пен іс-әрекет туралы зерттеуінде қарым-қатынас іс-әрекеттің ерекше түрі екенін көрсеткен. Ал, Л.С.Выготский: «Адам басқа адамдармен айырылыста толыққанды дами алмайды және жағымды немесе жағымсыз ынталануы орталыққа әсер етіп, оны толықтырып отырады ...ң - деп тұжырымдаған. Сондықтан, адам өмірінде ерекше орынға жанұя, білім беру ұйымдары және т.б. институттар кіреді. Тәрбиелік кешеннің бір бағыты (жанұя, балабақша, мектеп) қызықты қатынасы балаға әсер етеді де, практикалық, педагогикалық, тәрбиелік іс-әрекетте қарым-қатынас мәдениетінің жалпы сұрақтарын қоюды және шешуді талап етеді. Қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі: басқа адамның индивидуалдылығына үнемі субьект, тұлға ретінде бағытталуы. Ол өзара белсенділікті болжайды және бір біріне қатысушылардың әрекеттесуі. Сондықтан қарым-қатынас үнемі екі жақты.
Қазақтың көрнекті ғалымы, профессор С.М.Жақыпов адамның психикалық дамуы оқыту процесі әсерінен тыс болмайды, ол үшін оқытушы мен оқушы арасында нақты байланыс, оқытудың формасы мен мазмұны екі жақты біріккен іс-әрекетте орындалады деген.[3]
Педагогикалық іс-әрекеттегі тәуелділік және оның орындау процесі кезіндегі қарым-қатынастың туу себептері, сонымен қатар қоғамдық ортадағы өмірдің тәуелділігі, пікірлесішілердің арасындағы ара-қатынастың барлығы қарым-қатынастың түрлері. Қарым-қатынастың түрлері адамның дүниеге келген күнінен бастап жас ерекшелікке қоршаған ортаның ықпалына байланысты дамиды.
М.И.Лисина қарым-қатынасты адамдардың бірі-біріне қатынасын реттеу мақсатындағы түрлі ақпараттар ауысу және біріккен нәтижеге жетудегі күш деп анықтады, осының негізінде балалардың үлкендермен қарым-қатынасының төмендегі белгілерін ашып берді:
- үлкендерге зейін аудару және қызығушылық;
- үлкендердің әсерін қабылдаудағы эмоционалды рең;
- үлкенге бағытталған баланың ынталы акты;
- олардың қимыл-қозғалысында үлкендердің көрінуінде балалардың қатынасының сезімталдығы. [2]
Бұл көрсеткіштердің бір тұтастығы баланың іс-әрекетінде, өзінің бейнесін құруға және басқа адаммен қарым-қатынаста қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен іс-әрекеттің жалпы құрылымдық компоненттері (зат, қажеттілік, мотив, ...) қарым-қатынастың анайылылығы және нақты коммуникативті мазмұнымен толтырылған. Тек қана басқалармен қарым-қатынас арқылы адам «басқа көзбенң өзін өзі таниды және бағалайды. Қарым-қатынас мотивы адамның өзінің және басқа адамдардың сапаларымен толықтырылады, қоршаған адамдардың әсері арқылы индивид өзін тануға және бағалауға кіріседі. Осы сапалардың арасынан баланың үлкендерге еліктеуі арқылы қарым-қатынасының қалыптасуын топтастыруға болады:
1) танымдық, мұнда үлкендер баланың жаңа әсер қалдырушы ұйымдастырушысы және мәліметтер жинақтаушысы;
2) іскерлік, мұнда үлкендер біріккен практикалық іс-әрекеттің серігі, қозғалыстың көмекшісі және үлгісі;
3) жеке тұлғалық, мұнда үлкендер ерекше тұлға, қоғам мүшесі, оның тобының ерекше өкілі.
Барлық жағдайларда адамдар анықталынған қызметтерді орындайды және нақты коммуникативті қажеттілікті қанағаттандырады. Қарым-қатынасқа қатысты коммуникативті іс-әрекетті жетілдіруші мүмкіндік жасайтын операциялар – экспрессивті, локомоторлы, табиғи сөздік. Осыдан балалардың үлкендермен кез-келген іс-әрекеттерде бірлесуі, тілдесіп сөйлесуі қарым-қатынас жасаудың шешуші маңызы бар екенін ұғынамыз. Егер балаларын үлкендер күнделікті өмірде өзара сөйлесіп, қарым-қатынасқа тартпаса, онда тұлғаның дамуы, өмірінің мән-мазмұны да болмас еді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ғалым Н.К.Тоқсанбаева өзінің еңбектерінде қарым-қатынастың бәрі сөз арқылы біріккен екі жақты іс әрекетте орындалатындығын көрсетті.
Балалардың күнделікті дамуы мен қоршаған ортаны тануында өзара тілдесіп қарым-қатынас жасаудың қаншалықты әсер ететіндігін жете түсінуге болады. Ата-аналар балаларымен тілдесіп, оларға жеткізетін мағлұматтарды доғаратын болса балалардың өсіп жетілуіне, рухани жағынан толыққанды дамуына өз мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмай, әр қилы өзгеріске ұшырар еді. Қарым-қатынас адамзат үшін әр түрлі деңгейде, әр түрлі кезеңде қалыптастыруды қажет ететін құбылыс. Жеке адам қарым-қатынас процесінде ұқсау, мысал, өнеге алу, үйрену, еліктеу арқылы қоғамдық және жеке сананы, эмоцияны, сезімді, мінез құлық нормаларын көрсетудің формаларын меңгереді.
Тұлғаның жас ерекшелігіне және дамуына байланысты әр бала қарым-қатынастағы қажеттілікпен анықталады, негізінен үлкендермен қарым-қатынас жасау арқылы қанағаттандырылады. Зерттеулерден балалардың дамуының алғашқы жеті жасқа дейінгі кезеңінде қарым-қатынас өзіндік үш формасы болады. Алғашқы және генетикалық ерте жастағы баланың қоршаған ортамен тікелей эмоционалды қарым-қатынасы. Оның белгілері баланың қоршаған ортамен тікелей эмоционалды қатынасқа түсуге ынтасы (үлкендер баланы ерекелетеді, бала оған кешенді жанданумен жауап қайтарады), коммуникацияның негізгі құралдары ретінде мимика және мәнерлі ым-ишара қолдану. Мұндай қарым қатынас арқылы нәресте өзіне қажетті үлкендердің мейірімі және зейінімен қанағаттанады. Бала қол қимылын меңгеріп, ойыншықтарды манипуляция жасай алғаннан кейін, ол қарым-қатынастың келесі формасы – ситуативті бірігіп әрекет жасауға ауысады. Бала мен үлкендердің біріккен іс әрекеті эмоционалды байланыспен жалғасады. Қарым-қатынастың келесі формасы- ситуативті емес сөздік біріккен әрекет. Бала өзінің күрделі әлеуметтік қажеттілігін өзара түсіну, бірге уайымдау арқылы қанағаттандырады. Соңғы жылдары көптеген зерттеулердің нәтижесінен баланың толыққанды психикалық дамуы үлкендермен қарым-қатынасы және оқу тәрбие әрекеті арқылы қалыптасады.
Баланың айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдері және оның кез келген психикалық іс-әрекетінің дәрежесі арасындағы қарым-қатынас екі жақтан дамиды. Мәселен, баланың іс-әрекет мүмкіндіктерін кеңейту, оның қажеттіліктерін өзгерту, оның айналасындағыларға деген бүкіл қарым-қатынас жүйесінің өзгеруіне алып келеді. Ал қарым-қатынастың жаңа жүйесінің өзі баланың іс-ерекетінің әрі қарай дамуының негізі болады. Бір жағынан, баланың өмірге деген қарым-қатынасының даму дәрежесі және соның негізінде жасалынған мотивтер, екінші жағынан, іс-әрекет мазмұны мен тәсілдері арасындағы белгілі бір сәтсіздік бастапқы оқыту жағдайларында байқалып отырады. Балалар мектепке көп жағдайда дамыған (қарапайым түрде болса да) танымдық мотивтермен, оқуға деген ықыласпен келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |