Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені пәннің аталуы:«Қарым-қатынас психологиясы» Мамандығы: 020340- педагогика-психология


-дәріс:Білім беру процесіндегі қарым-қатынас психологиясы



бет2/3
Дата05.04.2020
өлшемі330 Kb.
#61580
1   2   3
Байланысты:
stud.kz-36350

4-дәріс:Білім беру процесіндегі қарым-қатынас психологиясы.

Еліміз Егемендік алып, Тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа танылып, жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі, Қазақстан педагогика ғылымының жаңа бағытта сипат алуына кең жол ашып отыр. Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030ң бағдарламасында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында, 2005-2010 жылға арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасында, 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескере отырып, білім берудің мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта қарау қажеттілігін атап ,білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің міндеттерін атап көрсеткен. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатының мақсатының бірі –жан-жақты, білімді, шығармашылық қабілетті, танымдық белсенділігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары оқу орындарындағы студенттері мұғалімдердің берген білімді іс-әрекет тәсілдерімен сабақтастыруға тиіс. Осыған орай,қазіргі кезеңдегі жоғары оқу орындарының танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру-осы оқу орнындағы оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.

Еліміздің психология және педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелелердің бірі-студенттердің жеке тұлғасының дамуы.Ал жеке тұлғаның дамуына студенттердің оқу-танымдық белсенділігін арттыру,қазіргі заман талабына сай оны оқу үрдісінде жетілдіру болып табылады.

Танымдық белсенділік–студенттің оқуға, білуге деген ынта-ықыласының құштарлығының ерекше көрінісі. Белсенділік деген (итенсивтендіру) студенттің әрекеті мен пәнімен «қосылғандағың дәрежесін анықтайды.

5-дәріс: Әлеуметтік – педагогикалық көзқарас ежелгі дәуірден бастау алады. Оның көрнекті өкілдеріне ежелгі грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель жатады. Олар белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, жетістіктері мен өзін-өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін негіздеген. Олардың пікірінше,өзіндік іс-әрекет нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі ойанып, білімді игеруге белсенділігі артады деген пікірде болды. Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педегогтардың талдау нысанасы болды.

Ал, психологилық-пелагогикалық көзқараста Ы.Алтынсариннің, К.Д. Ушинскийдің еңбектерін көре аламыз.

Ы.Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда , ой-әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің оқу- тәрбие жүйесіндегі рөліне айрықша орын берді. Алтынсариннің пікірінше педагогтардың жұмысындағы ең шешуші нәрсе, мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде .

К.Д.Ушинский танымдық әрекет мәселесіне мән беріп, «өз бетінше жұмыс-оқытуды жетістікке жеткізудің бірден-бір жолың-деп есептеді. Ол мұғалімнің жұмысын ескере отырып, оқушының белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу, көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. К.Д.Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмысына философиялық және психологиялық-педагогикалық талдау жасайды.

Қоғам дамуының жаңа кезеңінде қоғамның барлық саласында күрделі өзгерістер жүрді. Қоғамның оқу-ағарту, білім бару саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуда, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады.

6-дәріс: Қазіргі кезеңде оқушының оқу-танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттырудың тиімді құралдарының бірі-оқушының өзіндік жұмысы, жастардың өздігінен білім алу әрекеті жайлы Т.С.Сабыров, М.А. Құдайқұлов, А.Е.Әбілқасымова, сонымен қатар жастардың оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде С.А.Ұзақбаева, Б.И. Мұқанова, А.Н.Ильясова,О.С.Сыздықов т.б.атауға болады.

Тұлғаның дамуы күрделі үрдіс, оның маңызды үш аспектісі бар:

Бірінші- әлеуметтік психологиялық аспектісі, екінші- тұлғаның танымдық белсенділігі. Ал,үшінші аспект-тұлғаның ерекшеліктері мен қабілетінің психо-физиолоиялық дәрежесі негізінде анықталады.

Соның ішіндегі танымдық әрекет шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Студенттің танымдық белсенділігі қабылдау, ойлау, есте сақтау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақтылығын қажет етеді. Дәріс барысында студенттің таным белсенділігін арттыруда олардың танымдық ықылас-ынтасын , шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастырады.

Белсенділік-адамның өз бетінше әрекет етуге дайын болуға ұмтылысынан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңай жолды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.

Қазіргі кезеңде жоғарғы оқу орындарында студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыратын педагогикалық шарттарды негіздеу және оны оқу-тәрбие үрдісінде қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі студенттің алған білімдерін өмірде, тәжірбиеде нәтижелі пайдалана білуінде. Студенттердің танымдық белсенділігін арттыруда өзіндік жұмыстардың маңызы ерекше. Өйткені, олар білім жиынтығын тек қана дәрісханалық сабақтарда ғана емес, өзіндік жұмыс барысында жинақтайды.Өзіндік жұмыстың жалпы оқу үрдісіндегі маңыздылығы:


  • өзіндік жұмыс студенттің шығармашылық ойлауының және зерттеу жұмыстарының негізін бекітуін қамтамасыз етеді;

  • дәрісханалық сабақтарынан алған білімдерін кеңейтіп, тереңдетумен қатар, теориялық материалдарды талдау дағдысын қалыптастырады;

  • студенттердің белсенділік, шығармашылық бағыта өсуін бақылауға мүмкіндік береді;

  • студенттің зерттелетін объектілерге қатысты жеке дара ойын бейнелейді және дамытады.

Адам қоғамның ажырымас бір бөлшегі, өйткені адам сол қоғам арқылы қоршаған ортаны таниды, еңбек етеді, сол арқылы өзінің психологиялық үрдістерін сыртқы әлемнің әлпетін танып біледі, ақылға салады.Осының бәрі студеттердің өзіндік танымдық ерекшеліктеріне байланысты және мұғалімнің сабақты жүйелі өкізуі, сонымен қатар жаңа технология , дәстүрлі емес әдіс-тәсілдердің маңызы жоғары.

Елдің болашағы білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты. Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беруі де жастарымыздың қолында. Олардың ақыл-ойын барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік, абыройы жоғары болмақ..



7-дәріс: Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудағы психологияның орны.

Адамзат тарихында іс әрекетті жүзеге асыру құралдары ретіндегі жол - оқыту. Оқыту баланың психикалық даму процесінде айқындаушы роль атқарады. Баланың дамуының оқыту процесіндегі ең негізгісі және анықтаушысы білімдерді, іс әрекет әдістерін күрделендіру. Сондықтан оқыту процесіндегі педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктеріне оқушының психикалық дамуы, ақыл-ой әрекеті және қоршаған орта ықпалы алады деп тұжырымдаймыз.



Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті оқу процесі болғандықтан, олар оқытушыдан тек мінез құлық жүйелерін үйрету ғана емес. Оқушының ішкі дүниесіне жол таба білу, қарым-қатынасқа түсуде жоғары шеберлікті талап етеді. Оқу процесінде педагогикалық қарым қатынастың негізгі үш міндеттері шешіледі: оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Қарым қатынастағы оқыту міндетін шешуде оқушылармен психологиялық қатынас жасау, оқытудың жағымды мотивациясын қалыптастыру, ұжымдық, танымдық және біріккен психологиялық ахуал жасау. Қарым қатынаста тәрбиелеу міндеттерін шешу тәрбие мен педагогикалық қатынас негізінде құрылады, педагог және балалар арасындағы психологиялық байланыс. Ол оқу әрекетіндегі жетістік, жеке тұлғаның танымдық бағыты қалыптасады, психологиялық кедергілерді жеңеді, оқушылар ұжымында өзара үйлесімді қатынас қалыптасады. Қарым қатынаста дамытушылық міндеттерін шешуде жеке тұлғаның өздігінен білім алу және өзіндік тәрбие негізінде құрылған ситуациялар:

  • қарым-қатынас процесінде жеке тұлғаның дамуына шектеу қоятын (ынжықтық, ұялу, сенімсіздік және т.б.) әлеуметтік психологиялық факторларды жеңу;

  • оқушылардың жекелік ерекшеліктерін есепке алу және анықтауға мүмкіндік жасау;

  • жеке тұлғаның дамуы мен өсуінің маңызды сапаларына әлеуметтік психологиялық түзетуді жүзеге асыру.

Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл-кеңесіне, өзге адамдармен басқа мұғалімдермен қарым-қатынасына, оқушыларға қоятын талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. Баланың жасы есейген сайын қарым қатынас жасау мәселесі қиындай түседі. Ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздерін тыңдамау, мінез көріністерінде әр қилы кедергілер мен себептер байқалады. Педагог балалар арасындағы қарым қатынасқа, әсіресе ересек мектеп жасында туатын қайшылыққа өте сақ қарау екенін В.А.Сухомлинский атап өткен.

8-дәріс: Мұғалім оқу-тәрбие процесінде оқушыларға белгілі талаптарды қойып негіздейді. Педагогикалық талаптарды саналы, байыптылықпен орындау, оқушыларға талап тақырыбы не танымдық тұрғысынан қызғылықты, іс-әрекетке пайдалы екенін мұғалім жеткізе білмесе талап тиімсіз болады. Педагогтық белгілі де айқын позиция қалыптасқанда ғана мұғалім оқушылармен өзара қарым-қатынастарындағы (сөйлесу, құпия сақтау, сыйлау) сенімділік, билік құрады. Қазіргі таңда мұғалім тек сабақ беріп қана қоймай, оқушымен оқу процесінде қарым қатынасты дұрыс жүйелі ұйымдастырса оқушы тұлғасының педагогикалық-психологиялық дамуына ықпал ететін міндеттер шешіледі:

  • оқушылардың базалық білім, ептілік дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;

  • оқу процсеінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін , танымдық қабілеттерін белсендіру;

  • оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивын дамыту;

  • белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыру;

  • дамытушы оқытуғы арналған ойындарды қолдану,

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан жақты маман болу мүмкін емес. Оқыту технологиясы оқу процесіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Сонымен қарым-қатынас оқу-тәрбие іс-әрекетінің нәтижесінен анықталатыны байқалды. Оқыту мен тәрбие процесінде өзара қарым-қатынас жүйесін бір ізді ұйымдастыруға арналған бірнеше кеңестерді ұсынамыз:

  • оқушылардың мұғаліммен өзара психологиялық түсінушілігін ұйымдастыру;

  • үлкен адамдарға жоғары өзіндік сана мен өзіндік бағамен бағдарлауға машықтандыру;

  • тәрбиеде авторитарлық форманың жоқтығының әсерін есепке алу;

  • тәрбие мен оқытуды басқаруда оқушылардың қызығушылық фаторы ретінде пайдалану;

  • іскерлік пен жеке тұлғалық қарым-қатынастың бірлігі;

  • педагогикалық қарым-қатынасты түрлі жүйеде, іс-әрекеттерде ұйымдастыру: кружок, конференция, іскерлік ойындар және т.б.

Жас ерекшелік деңгейінде тұлғада қарым-қатынастың қалыптасуында педагог мына ерекшеліктерді ескеруі тиіс:

1. Сыныпқа сенімді, қуатты, сергек кіруі;

2. Өзін жалпы қарым-қатынастың бастапқы кезеңінде сергек, сенімді, продуктивті сезіну;

3. Коммуникативті көңіл күй - қарым-қатынасқа түсудің анық бейнесі;

4. Эмоционалды көтеріңкі көңіл күй, оны сыныпқа бере білу,

5. Сөз (анық, бейнелі, жоғары мәдениетті);

6. Мимика (қуатты, анық, жүйелі);

7. Қарым-қатынастың қорытынды жалпы ерекшеліктерін ескеру.

Сонымен қорыта айтқанда жас ерекшелік деңгейінде қарым-қатынасты қалыптастыру жолдары мен әдістерін жүйелі үйлестірсе, жаңа тұрпатты мамандарды даярлауда, қарым-қатынас проблемасы өз деңгейінде дамиды.
9-дәріс:Оқу- педагогикалық іс-әрекеттегі және қарым-қатынастағы «бареьерң ұғымы.

Егер әңгіме адамдардың бір-біріне әсерінен тундайтын болса, қақтығыстың жекелеген анықтамасы келісімге келмейтін қарама-қарсы формасында көрініс табады.Қақтығыс ашық және жасырын түрде өрбуі мүмкін, бірақ олардың негізінде әрқашан келісімге келмейтін пікірлер жатады. Сондықтан да қақтығыс екі немесе одан да көп кісілер мен топтардың арасындағы қайшылықтар негізінде анықталады.

Келісімге келмеу әртүрлі пікір, көзқарас, идея, мақсат, мұрат және тағы басқалардың сан алуандығынан туындайтын құбылыс. Кейде ол анық қақтығыс, нақтылы дау формасында көріне бермейді. Бұл тек орын алып отырған қарама-қайшылық адамдар арасындағы өзара әсер ету мүмкіндіктерін келісімге келмейтін пікірлер туғанда, алға қойған мақсатқа қол жеткізуге ықпал еткен кезде орын алатын жағдай. Мұндай жағдайда адамдар жай ғана қандай да бір амалмен келіспеушілікті жеңуге мәжбүр болып, ашық даулы әрекеттестікке қатысады.

Егер даулы қақтығыстар нақтылы шашімдерге қол жеткізуге және өзара байланысты дамытуға мүмкіндік берсе, онда олар функционалды (құрастырмалы) деп аталады. Әсерлі әрекеттестікке бөгем болатын және шешім қабылдауға кедергі келтіретін қақтығыстар функционалды емес (құрастырмалы емес) қақтығыстар деп аталады. Қақтығысты зерттеуді, оның себептерін ұғынып, оның нәтижелерін түсінуді меңгеруге тиіспіз.

Л.Клоузердің классификациясына сүйенсек қақтығыс шынайы (заттың) немесе шынайы емес болып жіктеледі.

Шынайы қақтығыстар қатысушылардың нақтылы талаптары қанағаттанбағандықтан және бір немесе екі жақтың да пікірлерінің әділетсіздігінен туындаған, олардың арасындағы қандай да бір меншік үлестіруге және нақтылы шешімге, нәтижеге қол жеткізуге ұмтылатын жағдай.

Шынайы емес қақтығыстар теріс эмоциялардың өкпе, дұшпандық т.б. жиынтығын ашық көрсететін мақсаттардан тұрады. Бұл жердегі өткір қақтығысты әрекеттестік көп мүддесіне нәтиже әкелу емес, өз мүддесін қорғауды ғана көздейді.

Қақтығыс шынайылықпен басталып, шынайылықтан ада күйге ауысуы да мүмкін. Мысалы: қатысушылар үшін қақтығыс амалы өте маңызды болса, олар қолайлы нәтижелерді таба алады. Қандай жағдай болмасын жол табады. Бұл эмоционалды шиеленісті көтеріп, теріс эмоциялардың жиынтығынан азат болуын талап етеді.

Шынайы емес қақтығыстар әрқашан да функционалды емес. Оларды құрылымдық арнаға салу, бетін оң жаққа бұру мүмкін дүние емес. Мұндай қақтығыстарға дауа болар үміт – жағымды психологиялық атмосфера қалыптастырып, жетекшілер мен бағыныштылардың психологиялық мәдениетін көтері, әңгіме барысында эмоциялық жағдайды жасырын ұстау жолдарын меңгеру.

Қақтығыстың бес негізгі түрі бар: тұлғаішілік, тұлғааралық, тұлға мен топ арасындағы, топаралық, әлеуметтілік.



10-дәріс: Тұлғаішілік қақтығыс. Қақтығыстың бұл түрі бізге белгілі анықтамамен толық үйлеспейді. Мұнда қақтығыс қатысушылары адам емес, тұлғаның ішкі әлеміндегі жекелеген психологиялық факторлар ақырға сыймайды деп танылған: әдістер, құндылықтар, сезімдер, талаптар және т.б. негіз болады.

Тұлғаішілік қақтығыстар ұжымдық қызметке негізделе отырып жекелеген формаларды қабылдай алады. Оның ішінде өріс алғаны – маңызды қақтығыс. Ол адамның жекелеген рөлі. Оған қарама-қайшы талаптарды ұсынған кезде пайда болады. Мысалы, отбасыға ұқыпты, қамқор болған (әке, ана, жар, зайып және т.б. рөлі) адам кешкі уақытын отбасында өткізуі тиіс, ал басшылық әрекеті қызметте көрінуге міндетті. Немесе цех басшысы ұста, шеберлерге детальдардың белгілі бір санын шығаруға нұсқау берді, ал техникалық басшысы дәл сол уақытта жабдықтарға техникалық бақылау жүргізуді міндеттейді. Алғашқы қақтығысты жеке талаптар мен өндіріс талаптарының келіспеуі, екіншісінде дара басшылық қағидаларының бұзылуы негіз болған. Өндірісте ішкі қақтығыстардың тууына жұмысты үсті-үсьіне үйіп төгіп беру немесе керісінше жұмыс орнынан табылған кезде жұмыстың болмауы нәтижесі себеп болуы мүмкін.

ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫС. Бұл қақтығыстың көп таралған түрі. Құрылымы жағынан ол әртүрлі болып келеді. Көптеген жетекшілер оның негізгі ерекшелігін сипаттардың ұқсас болмауы деп санайды. Шынында да, мінез-құлық, көзқарас, өзін-өзі ұстау дәрежесіне орай бір-бірінен ажыратылатын жандар кездесіп жатады. Кейде өте терең зерттеулер осындай қақтығыстардың негізінде объективті себептер жатқандығын айтады. Бұл күрес көбіне шектелген ресурстарға: материалдық құрал, өндіріс алаңдары, құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде, жұмысшы күшіне және т.б. жағдайларда өріс алады. Кез-келген қаржы қоры үшін басқа емес, сол ғана қажет деп санайды. Қақтығыс басшы мен бағынушы арасында, мәселен, басшы бағынушыға ақылға сыймайтын талап қойған кезде, өз-өзіне сенімді болған жағдайда жетекші жұмысшысы толық күшін жұмсап, жұмыс істегісі келмейді деп есептейді.

ТҰЛҒА МЕН ТОП АРАСЫНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫС. Формальды емес топтар өздерінің әңгімелесу, өзін-өзі ұстау қағидаларын ұстанады. Мұндай топтар мүшелерінің әрқайсысы оны сақтауға тиіс. Қабылданған қағидадан жаңылу – негативті құбылыс ретінде қаралып, тұлға мен топ арасында қақтығыс туындауына алғышарт болады. Мұндай қақтығыстардың басшылықтың авторитарлы стилінің ағынымен қозғалуы өте қиын жайт.

11-дәріс: ТОПАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫС. Ұжым формальды және формальды емес топтардан тұрады. Олардың арасында қақтығыстар тумай тұруы мүмкін емес. Мысалы басшылық пен орындаушылар, жекелеген бөлімшелер жұмысшыларымен, бөлімшелер ішіндегі формальды емес топтар арасындағы, кәсіподақ пен әкімшілік арасындағы қақтығыстар.

Өкінішке орай, топаралық қақтығыстардың жекелеген мысалдарына сүйенсек, жоғарғы буын мен төменгі жақтың арасындағы келіспеушіліктер, сол сияқты, сызықтық және масштабты кейіпкерлер арасындағы кикілжіңдер ғана өзек болады екен. Бұл функциональды емес қақтығыстың айқын мысалы.



Топаралық қақтығыстар шектелген ресурстар (билік, байлық, территория, материалдық ресурстар тағы басқа) күресіне негізделген мақсаттардың сыймсыздығын қамтамасыз етеді. Онда шынайы бәсекелестік, сондай-ақ, әлеуметтік бәсекелестіктің де туындауы заңды құбылыс.

Топаралық қақтығыстар:

- Жеке адамның өзгеше қасиеттерімен ерекшеленуінің пайда болуын, топ мүшелер, өзге адамдарды жеке адам, тұлғалық болмыс деп қабылдамайды, оларды өзге бір топтың оларды мойындамайтын мүшесі деп санайды.

Өз қасиеттерімен ерекшелену өзге топтарға деген, оларды жеңуге деген құмарлықтың пайда болуына ықпал жасайды.

- Өз тобын барлығынан да жоғары қоятын, өз қадірін арттырып, бір мезетте өзге топтың мәртебесін түсіріп, оған өте төмен баға беру барысында әлеуметтік, топаралық салыстырмалардың пайда болуына ықпалды болады. Әлеуметтік салыстырулар қақтығыстың дамуына, сонымен бірге, көтермелеуге қақтығыс кезінде өзін-өзі ақтауға, жеңіп шығу үшін өзге топтың абыройын төмендету арқылы, өзін «дұрыс жол таңдаған етіпң көрсету арқылы әрекет етеді. Топ басшылары көбіне өзге топ туралы өзге жақтың ақпараттарынан аз-аздап немесе толық айырылуға әрекет етеді, сонда ғана өзі мен өзге топтар арасындағы қақтығысты сақтап қала алады. Қақтығысты бәсеңдету үшін бір-бірі туралы ақпараттарды алмасу үлкен пайда әкеледі.

- Топтық атрибуциялық (өзінен бөлінбес ерекше қасиетінің) пайда болуы, өзге топтың өзі негативті оқиғаға жауапты деп санау орынды. Өзінің және өзге топтардың оқиға себептерін түсіндіру жолы екі түрлі болады:

1) өз тобының дұрыс әрекеті мен ішкі себептерге байланысты дұрыс емес әрекет етіп отырған өзге топты алға тартады. («Біз дұрыс жол таңдадық, өйткені біз жақсымызң), («олар дұрыс жолға түскен жоқ, өйткені олар жаманң);

2) өз тобының жөнсіз әрекеті және өзге топтың дұрыс әрекеті сыртқы себептермен, сыртқы жағдайлармен түсіндіріледі. Осылайша өз тобына қарсы шығу сыртқы жағдайлармен («бізді жағдай мәжбүрледің), ал қарсыластарға қарсы шығу – ішкі себептерге («олар жаман адамдарң) негізделеді. Құрылымдық дұрыс әрекеті (өзге топтың) сырттай алдын-ала келісілген (оларда өзге жол жоқ болатын, жағдай оларды «әлемдіккең апаруға мәжбүрледің) деп бағаланады немесе кейде арандатушылық әрекеті деп қабылданып, «әскери айла, әскери қулықң (бұл жерде әлдене сезік тудырады, олардың «бейбітшілік сүйгішң ұсыныстарына сенуге болмайды) деп есептеледі. Тіпті топ ішіндегі бөлімдердің «бізге жау, бізге қарсы қастандық ұйымдастырадың деп өзге топтың іс-әрекетіне түсінік береді.

Әлеуметтік қақтығыс – бұл өзара әрекет ететін топтардың (субъектілердің) өздерінің қандай да бір мақсаттарына жетуге ұмтыла отырып, сол жолда бір-бірімен сөз, пікір таластырып, бірін-бірі жоққа шығаруға әрекет етуінен туындайды.

Айла-тәсілдердің әртүрлілігіне қарамастан қақтығыстың өзіне ғана тән ерекшеліктерінің үш негізгі белгісі бар:



12-дәріс: Қарым-қатынас психологиясы және мәдениет
Кең мағынасында қатынас сөзі адамдардың жеке және әлеуметтік өмірінің шарты болып табылады. Адамдардың басқару ісіндегі өзара ара қатынасы олардың арасындағы қарым – қатынасқа тікелей байланысты

Қатынас процесінің өзінде адамның құлқының арнайы қалыптасу моделі мен үлгілері негізгі орын алады. Әрі қарай ол тұлға құрылымына жалғасып кетеді, яғни, «ішкең еніп кетеді. Қарым – қатынас процесінің барысынды адам өзінің ішкі «Менінң қалыптастырады, сонымен бірге дүние туралы арнайы ой қалыптастырады. Өзімен - өзі қалған адам өзімен ішкі диалог күйіне түседі.

Ендеше, қарым – қатынас - бұл барлық уақытта диалог: бір адамның екінші адаммен немесе адамның өзімен - өзі. Диалогтік қарым – қатынас әр түрлі екі деңгейде болуы мүмкін: басқа адамдардың қатысуымен болған сырткы коммуникация, сонымен қатар адамның ішкі субъективті әлемінде, оның ойында, қиялында, есінде т.б. Бұл екі жүйе, яғни ішкі және сыртқы коммуникация өзара тығыз байланысты, олар өзара қиылысады және бірін – бірі толықтырады.

Адамдармен қарым – қатынас әр түрлі критериилердіңк өмегімен бағалнады. Олардың бір қарым – қатынастың «нәтижелілігің. Қарым – қатынас процесін зерттеуші белгілі поляк психологы Е.Мелибруда бұл құбылысты былайша талдайды. Қарым – қатынастың нәтижелілігі немесе әсерлілігіне ол белгілі бідр мәліметті екінші біреуге ол түсінетіндей етіп жеткізуді жатқызады. Ендеше, нәтижелі қарым – қатынас егер ол максимальды деңгейде шынайы болса, әріптестердің өзара түсінігін арттырады. Бір – бірін дұрыс түсіну дегеніміз не? Бұл екінші адамның айтайын дегені нәрсесін сезе білу. Өзара дұрыс түсіністік екі жақтың қарым – қатынас процесіндегі мүмкіндіктеріне байланысты.

Адамдар арасындағы өзара әсер тәжірибесі екіжақты түсінігінің деңгейі адамдар арасында жақсы нәрсені қалыптастырады. Бұл көбінесе адамдардың ойларын қате түсінудедн, сонымен бірге өз әріптестеріне оның айтпаған сөздергін тағып қоюдан да болып жатады. Бұның негізінде әр түұрлі себептер жатады: көбінесе адамдар өз ойлағандарын және нені шын мәнінде қалайтындарын айтпайды.

Басқа адамның сөзін дұрыс түсінбеудің басқа себебі өз ойын толық жеткізбегендіктен, яғни ойлардың дәл және бірегей жетпеуінен. Оның үстіне кейбір адамдар өз ойларын қажет болған жағдайда бас тарта алатындай етіп құрайды.

Адамдар қарым – қатынасында көрінетін ойлар мен сезімдер шарттылықтар мен рәсімдер себебінен қарама – қайшылыққа әкеп соғады. Сондықтан адамдар өздері айтуы тиісті нәрсені айтудан гөрі айтқысы келгенін айтады.

Қарым – қатынас процесі - күрделі құбылыс. Біз айтылған мәліметтің қабылдауда бұрмаланғандығын жиі байқаймыз. Сұқбаттас адам өз ойымен, есіндегі басқа нәрселерімен отырса, тыңдалған ой дұрыс қабылданбайды, яғни, жай ғана түрде айтатын болсақ, ол өзіне айтылғанды «естімейдің.

Кейде адам өзіне не айтылатынына соншалықты сенімді болады да, өзі ойламаған түрде өзіндегі бастапқы құрылған ойдың әсерімен тыңдалған мәліметті бұрмалап түсінеді. Мұндай «маған не айтайын дегеніңізді онсыз да білемң деген ішкі сенім себепті адамдар тиісті мағлұматтан алыстап кетеді. Мұндай жағдайда олар өзге адамдарды оған баға беру мақсатында тыңдайды. Сөйлеушіге деген мұндай бағалық тұрғыдан болған қарым – қатынас қабылданған мәліметті талдау барысында тым қатты сынға алып барады.

Ғалымдардың дәлелдеуінше, қатынастың бұзылуының негізі - әріптестердің сөйлесу кезіндегі бір – біріне деген өзара сенімнің болмауы болып табылады. Жеке тұлғалар арасындағы қатынас бұзылғанда, оны қалай жөндеу керек деген әңгіме туады. Психологтардың пікірінше, адамдар арасындағы қарым – қатынастың сәтті болуының негізгі факторлары бар. Бұндай факторлардың бірі – сөйлеушінің сенімділігі. Мұнда тыңдайшының айтылған нәрсеге деген сенім деңгейі незарда тұтылады. Сөйлеушінің сенімділігі егер оны тыңдаушы оның өзі сөйлеп тұрған салада белсенді санағанда ғана өседі.



13-дәріс: Қарым – қатынастағы сенім деңгейі келесідей жағдайлар себебінен өседі:

А) Өз тілегінің ашық жариялануы

Б) Қарым – қатынастағы жылы қабылдаушылық.

В) Талқыланып жатқан сұрақта белсенділікті көрсете білу.

Г) Өз ойларын сенімді етіп жеткізу.

Кей жағдайларда сөйлеуші өз ниетін жасырады да, өзгені шалғытатын маневрлерді пайдаланады. Қарым – қатынастағы сенімділік субъективті шындықпен қатысты болады және сұқбаттасына деген сенім мен оның сөздеріне илануға дайын болуға негізделеді. Егер бір мәліметті жеткізуде бірнеше әдістерді қолданатын болса түсінбеушілік азаяды. Қарым – қатынастың нәтижелілігі егер ойлар дәл және түсінікті құрылса, арта түседі. Сонымен қоса, қарым – қатынас нәтижелілігінің тағы бір себебі біздің өз айтқандарымызға деген жауаптылықтан да болады.

Ендеше біз қарым – қатынастың нәтижелілігін қатынастың бір критерийі ретінде айттық. Критерийдің басқа түрін де атауға болады. Бұл – өз сезімдерін жеткізудегі сұранысты қанағаттандыру деңгейі. Көбінесе мынадай кеңестерді естіп жүреміз: «Көңіліңді түсірме!ң «Қапаланба!ң және т.б. Егер осындай кеңестерді бағалайтын болсақ, олар бір ғана нәрсеге шақырады: «Қазір сезініп жатқаныңды сезінбе!ң Мұндай тілектер эмоционалды экспрессияның бұрмалануына себеп болады.

Бір – бірімен қарым – қатынас барысында адамдар әр түрлі көңіл – күйін бастан кешіреді. Оның үстіне эмоцияны жеткізу және көрсету жеке тұлғалар қарым – қатынасын жақсартатын бірден – бір фактор. Егер қарым – қатынас кезінде адамдар арасында әр түрлі мәселелер болса, ол адамдардың әр түрлі күй кешкендігінен емес, көбіне оны дұрыс шығара алмауынан болып табылады.

Ең көп тараған көзқарастың бірі сезім мен эмоция адамдар арасындағы қарым – қатынаста мәселелерді шешуге кедергі жасайды. Адамдар өз сезімдерін ойлы және рационалды іс жасау үшін іркіп қалып отырады. Шын мәнісінде шынайы сезімнен кету адамдардың бір – бірімен қарым – қатынасында өзін құрылымды ұстауға алып келеді. Сезімнің бұрмалануының көп тараған формасы адамдардың қатынас процесінде басқалардан түсетін мәліметтердің таңдалуында.

Адамдардың өз сезімдерін толық көрсете алатын көптеген жолдар бар. Алайда олар көбіне анық емес формада жеткізіледі.

Сезімдар жайлы аралықтағы хабарламаның бір тәсілі «риторикалық сұрақтарң. Әдетте олар адамдарда тітіркенуді білдіреді. Сонымен бірге олардың көмегімен сұқбаттасының назарын өз қызығушылығына аударады және әріптесінің жауапты реакциясын пайда қылады. Мұндай тектегі сөзге мынау жатады: «Сіз қашан болсын өзіңізді өз деңгейінде ұстайсыз ба? Соны айту керекң Риторикалық сұрақтардың қолданылуы шынында адамдар қатынасында ештеңені өзгертпейді.

Қатынас процесінде сезімнің аралық берілуі сонымен бірге бұйрық және тыйым формасында да болуы мүмкін. Мысалы: «Сіз қазір – ақ менен кешірім сұрауыңыз керек!ңБұйрық және тыйымның көмегімен өзгелердің іс - әрекетін бақылай отырып, оларды шектеуге тырысады.

Сезімді көрсетудің басқа формасы – ұрсу мен балағаттау. Оны қолдану ашу және ызадан арылтады. Экспрессияның бұл формасы әдетте қарсылық пен келіспеушілікті көптеп тудырады. Бұл форма деструктивті характерге ие және адамдар қатынасына кері ықпал жасайды, көбінесе шиленіске алып келеді. Сезімді көрсетудің бұл формасының шынайы мәні өзгелерден кейбір сезімдерді жасыру болып табылады.

Тіксіну, көңіл толмаушылық, аяушылықты көрсету тұлға аралық қатынаста сөгіс пен қарсы талап үшін қолданылады. Әдетте қарсы талапта дұрыстықтын алыс жалпылық орын алады және «ешқашанң, «әрқашанң, «тағы даң және т.б. сөздермен беріледі. Әдеттте қарсы талапқа соған сәйкес жауап беріледі, бұл әріптестер қарым – қатынасын жақсартпайды.

Қажеттілікті көрсетуде эмоционалды экспрессияда сөгіс пен қарсы талап аз қоданылмайды.(негізінен көңіл толмаушылықты, тітіркенуді, аяушылықты және т.б) Әдетте бұл әріптес тарапынан қарым – қатынаста қарсылықты тудырады. Сөгіс пен қарсы талаптың қолдаылуы қарым – қатынас субъектісіне бұрын жиналып қалған өз сезімі мен эмоциясын шығарумен қатысты. Алайда бұл қарым – қатынаста өзара қанағаттанушылыққа апармайды.

Кей жағдайда сұқбаттас адам басқа адамда оның қандай да себептермен жағымсыз эмоциясы үшін ыңғайсыздық жхәне ұят сезімін шақыруға тырысады.

Сондықтан қарым – қатынаста ирониялық, сарказмдік нұсқау қолданылады. Иоронияны қолдануда сөйлеуші өз әріптесінің «алыстауынң ғана қалап қана қоймайды, сонымен бірге өзіндегі көңіл – күйді де көрсетуді көздейді.

Ирониялық ескертулер шынайы сезімдерді бүркемелейді, реалды көңіл – күйді тежеп тастайды. Адамның өзіне деген де ирония да болады, ол өз көңіл - күйінің көрінісін төмендетеді.

Адамдар арасындағы қарым – қатынас процесінде өте кең қолданылатын нәрсе – мақтау мен көтермелеу болып табылады. Әдетте онда өзге адамдарға қатысты кейбір бақылаушылық жинақталады, сонымен бір сәтте ол эмоционалды экспрессияның бір формасы болып табылады.

Қарым – қатынастағы өз сезімдерін атау да жиі қолданылады. Бұл әдісті дұрыс қолдану үшін сіздің әріптесіңіз қарым – қатынас кезінде осы әдістің қолданылуында өзін қолайлы сезінетінін білу керек.

Қарым – қатынас процесінде адамдар кім болғанына қарамастан, басқарушы немесе бағынушы немесе жай іскер және басқа әріптес болсын, ең маңызды мән бір – бірін тану және қабылдау болып табылады. Мұның негізінде адамдар аралық қатынастың белгілі бір түрінде адамдардың белсенді іс - әрекеті жатады.
14-дәріс: Педагогикалық іс-әрекеттегі коммуникацияның психологиялық ерекшеліктері

Психологиялық қарым-қатынастың маңызды ерекшеліктерінің бірі – ол қоғамдағы мағыналы өлшемдерден міндетті түрде қолдануға оқушыны мұғалімнің бағыттауы. Соңғысы адамзат қарым-қатынасының барлық аумағын көрсетеді.

Психо – педогогикалық әдебиеттерде педогогикалық қарым-қатынастың әртүрлі стилі беріліп, педогогтың шығармашылығы мен оқушының шығармашылығы үшін ұйымдастырудың сан қилы түрлері көрсетілген. Көптеген педогогикалық зерттеулер көрсеткендей педогогикалық шеберліктің өсуі, қарым-қатынас стилінің демократизациялау жағынан өзгергенін және осы өзгерістің арқасында балаларға деген қарым-қатынастың жақсарғаны, сонымен бірге бұл қарым-қатынастың балалардың оқуға оң әсер ететініанықталды.

Қарым-қатынас стилін таңдауда мұғалімнің жалпы педогогикалық деңгейі, оның жалпы адамзат құндылығына деген көзқарасы мен оған әсер ететін әдістер байқалады. Біздің ойымызша оқушы мен мұғалім арасындағы өзара қатынастың үш тилінатап көрсетуге болады:



  1. ситуативті (жағдайы)

  2. операционалды

  3. бағаланушы

Ситуативті өзара қатынаста оқушы мұғалім үшін педогогикалық мәселелерді шешетін құрал ретінде қаралады.

Жалпы педогогикалық ситуация (жағдай) нақты ситуация кезіндегі оқушының тәрбиесін қадағалауға не басқаруға әкеледі. Жалпы түрде өзара қатынастың бұл стилін былай сипаттауға болады. «мен істегенді істең. Ол мынандай жағдайларда типичен баланы ойнауға, тырысуға, жадына сақтауға, абай болуға тәрбиелейді, қалай жасауды көрсетпейді, яғни баланың шығармашылығын ұйымдастырмайды, оны тәрбие тұрғысынан мақсат бағытына бейімделуіне, заты, жалпылама механизмінің шығармашылық құрылымына, олар құлықтың категория және принциптерді жатқызбайды.

Ситуативті ықпалдасушылықтың мысалы ретінде 7 – сыныптың орыс тілі сабағының көрінісі.

Мұғалім. Үй тапсырмасын тақтада тексереміз (4 оқушы тақта алдында сөйлем жазуда) сөйлемнің құрылысын дұрыс жасаған ба? Құрылған сызба бойынша сөйлемдер дұрыс жасалған ба?Дұрыс. Сен мынау қандай сөйлем екенін анықтай аласың ба? (Тақта алдындағы оқушыға қарайды, оқушы айтады) Мұғалім. Ал, бұл қандай жалғау. Сөйлемді қайталап оқыңыз. (оқушы сөйлемді оқып, интонация жалғауының астын сызады) Сөйлемді талда: егер ол талдай алмаса бәрі көмектеседі.Бұл қандай сөйлем?Кім көмектеседі?(Ешкім қол көтермейді, өзі жалғастырады).1-сөйлем қайсысы? 2-сөйлем қайсысы?(тақтадағы бала жауап береді).

Мұғалім. Дұрыс, ал «жәнең шылауы бұл сөйлемде не мағына береді?

Тәжірибе стилі оқушы мен мұғалім қарым-қатынасының арасында жүзеге асады. Мына принцип бойынша «Мен жасағандай жасаң деген. Ересек әсер ету әдісін табады, олардың жалпылау әдісін көрсетеді және әртүрлі жағдайларда қолданады, мазмұнынын көрсетеді. (алдымен тәжірибелі) бақылау әрекетін, бағаны, жоспарлауды яғни баланы іс-әрекет шартымен өзінің шғармашылығын құруды үйрету.

Сабақ жағдайында тәжірибелі стиль мұғалім оқушыларды әрекеттің талдау әдісіне бағыттайды. «біз неге осылай жасаймыз?ң деген сұрақты зерттеуге бағыттайды.

Құнды стиль жалпы түрде былай көрінеді «адам бәрінің өлшемің. Ол мағына тудырушы механизмдердің ортақ санқилы шығармашылық түрінен туындайды. Бұл негізделу тек обьективті құрылым көзқарасының тұрғысынан ғана емес, адамзат шығармашылығын өзара қатыстығынан да көрінеді.Бұл стильдің жарыққа шығуы әртүрлі формаларда шығарманың құлықты ұйымдастырылуынан әрқашанда туындайды.

Тәжірибеде мұғалім өзінің стильін педогогикалық шығармашылықта ерекшелігін толық сезінбейді.Кейде олардың тәртібінде бөлек оқушыларға да, сыныпта да жағымсыз баға байқалады.Мұндай шарттың өмір сүруі оқушының ортақ бағасына көрінеді. «Қазіргі жасөспірім – бұлң деген анкета сұрағына он жылдық стажы бар 150 адам 75% оң жауап берген.Қазіргі жасөспірімдер – бұл біздердің ауысым «бұл біздің балалық шағымыз, бұл тамаша бәрін білетін халықң. Ал 25%-і теріс жауап берген: «Қазіргі жасөспірімдер – бұл қолданушыларң т.б. Әрбір жауапта жалпы педогогикалық мұғалім позициясы көрінеді, ол өзінің бейнесін және өзінің мамандығына деген бағасын алады.

Ересек жастарға оң қарым-қатынасын көрсеткен мұғалімдер арнайы анкетаға былай жауап берген: «менің мамандығым – бұл өте жауапты және қуанышты жұмыс.Бұл өте қиын кейде рахметі жоқ, алайда сондай сүйкімді жұмысң; «Бұл менің қуанышымң. Ересек жастарға теріс көзқарастағы мұғалімдер мүлдем басқа ойда болды – «менің мамандығым бұл - қатең; «бұл күшті босқа жұмсауң т.б. Жауаптар корреляциясы екі анкетадағы да r = 0.7сенімді 0.95.

Өзінің оқушыларына деген мұғалімнің теріс қарым-қатынасын мойындау – бұл өзін тәрбиелеу жолын жеңу деген мағынада, өзінің тәжірибесіне мамандық талап ету тұрғысынан сәйкес түрде құралымен ықпал ету әдісін білу керек. Оның бірі оқушылардың оқуға деген уәжділігін зерттеу.Қазіргі дидактиктер мен методистер мұғалімдер әдейі шақырылған, олар оқушылардың уәжділігін қалыптастырулары керек екендігін әр кездеде ескертіп отырады.Оқушыларды тәрбиелеп өз уәжділігі аймағына әсер ете білуге үйретеді.Оқу уәжінің жағдайын бүкіл сынып және бөлек оқушылар үшін де мұғалімнің білуі педогогикалық әсерлік пен эффектілікті анықтауға көмектеседі.Сабақ кезіәнде сынып тәрбиесін әр оқушыны әртүрлі баға формасында көрінеді.Жасөспірім қажеттілігінің мойындалуы мен өзін силаушылығы мұғалім бағасының оқудың уәжділігінің қалыптасуына үлкен әсер етуі көрінеді. «оқушылар бағалауға өте көп мән бередің. Бұл адаптация, оқу жүйесінде қалыптасып, бақылау өзінің маңызды ролін жоғалтты.Алайда оқушылардың формалды бақылауы керексіз өрістер туғызады: ең алдымен жақсы баға алуға қалыптасып, шынайы білім сапасы керек емес болып қалады.Осыдан сыбырлап айту, көшіріп алу және т.б. шығады.

Оқушы ретінде өзін-өзі бағалау оның оқу үрдісі кезінде бақылаудан туындап, басқа адамдармен қарым-қатынасын анықтап, өзінің басқаларға деген түсіну қарым-қатынасының айнасы ретінде сезінеді. Мысал ретінде 4 – 7 сынып оқушыларынан жауап аламыз. Брестадағы №13 мектептің (300 адам) оқу уәжін зерттеу туралы анкеталардағы мынандай сұрақтарға «барлығы мені ойлайды...ң Олардың ішінде өзіне деген жалпы теріс көзқарасы бар, өзіне деген бағасы жоқ жауаптарда кездеседі (бәрі мені жынды деп ойлайды), оң қарым-қатынасты жауабы бар сұрақтар да бар (бәрі мені жақсы оқиды деп ойлайды).

Теріс жауап берген оқушылардың 4 – 7 сыныптар арасындағы мектеп оқушылардың (8 % -ы 4 сынпта және 37%-ы 7сыныпта). 7 – сынып оқушыларының өзіне берген бағалары өте жоғары.Өсіп кеткен (бәрі мені қорқақ деп ойлайды); (бәрі мені топпас деп ойлайды); бәрі мені жаман деп ойлайды.

Оқушының өзіне берген теріс бағасы барлық сыныптарда (18-20%) өзіне оң қарым-қатынас жоғары дәрежеде 7 – сыныптарда 4 – сыныппен салыстырғанда көп кездеседі. Осылай теріс бағалау тәрбиесі мен біліміне оқушылардың тұрақты әсер етіп, жасөспірім кезеңдерінде өзі туралы ойларды қалыптастырады.Оң баға беретін өзіне мектеп оқушысының оң қарым-қатынастары қалыптасып өзін мойындайды.

Жасөспірімдер моральдік жағынан өз кемшіліктерін айтады.Бұл олардың өте жоғары сезімталдықтарын моральді нормаларға үйренуіне куәлік етеді.Сондықтан қалжыңды, күлкіні педогогикалық қатынас құралы ретінде эффективті қолданады.Қалжың мен күлкі өзінің ішкі әлеміне аз болса да жақындай алатын кезде ғана пайда болады. Бұл бақылау дұрыстыққа, заңдылыққа негізделеді.В.Я.Пропанның айтуынша күлкі моральді тануда маңызды құрал және адамдардың құлықтық жағын тану.Қанша адамзат қарым-қатынасы әрқилы болса, сонша күлкі түрі де әрқилы.Баланың, жасөспірімнің күлкісі мен қалжыңы – оның ойлауының теріс жағы бұл әлемді қырағы көру мен нәзік түсіну шеберлігі бұл оптемистивтік мүмкіншілік өзіне де қоршаған ортаға да қатысты. Алайда, өзінің жолдасының ақылдылығына балалар қуанып таң қалса, мұғалім кейде ашуланады, жиі емес. В.А.Сухаменинский былай деп сол туралы жазды «Шектеулі педогогикалық қате, тәртіпті тәртіп бұзушылық деп көру күлкілің

Мұғалім үшін, өзінде және оқушыларында қалжыңды тәрбиелеу ол өзінің тұлғалық және оқушылық тұлғалық шығармашылық деңгейін өсіру болып табылады. Жасөспірімнің қарым-қатынасына мұғалім солардың көзімен қарауы керек және мазақтау мен өтірік әдейі күлушіліктен сақтану болса, қарым-қатынас арасына салқындық туғызады.

В.А.Сухаменский былай деп жазды: «Қалжың күрделі нәрсе, қалжыңмен тәрбиелеуде ұзақ уақыт рухани ұжымды, тұлғаны дайындау керекң.

Мұғалімнің жасөспірімге сабақ үстіндегі эмоционалды реакциясы - өзін ұғындырудың өзіндік формаы. Мұғалім айқайын жасөспірім шабуыл деп ұғады. Қай жағдайда да ол активті реакция туғызады, содан кейін құлықтың қарым-қатнас тұлғасының сапалық, категориялық ішкі әлемін меңгеру сияқты қарым-қатнас жойылады. Педогогикалық қарым-қатнастың құрамы мен әдісі ортақ педогогикалық мұғалім позициясында түсінуге тырысу өзінің тәрбиеленушілеріне ықпалын анықтайды.


15-дәріс:І скерлік әңгіме және дискуссия



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет