Пәннің оқу әдістемелік кешені (ПОӘК) 2003ж Алматы қ. Абай атындағы амудің «психология және әлеуметтік психология» кафедрасы дайындаған «Психология» типтік бағдарламасы негізінде құрастырылды


Дәрістің мазмұны Психологияның философиядан бөлініп шығуы



бет11/25
Дата28.01.2018
өлшемі1,62 Mb.
#34375
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

Дәрістің мазмұны

  1. Психологияның философиядан бөлініп шығуы.


  2. Ежелгі психология

  3. Орта ғасырдағы жан туралы ілім.

  4. Психологияның дербес ғылымға айналуы.

1. Аль-фараби мұрасы зерттеушілер айтуынша,оның пәлсапалық концепциясы дүниені контеистік тұрғыдан түсіндіретін ,,Алла тағаланың ақыл парасаты,, дейтін ілімге негізделген.Ұлы ғұлама өзінің пәлсапалық пайымдауларын негізінен идеалистік сарында өрбіткенімен, оның еңбектерінде сол дәуірдегі ғылым жетістіктерін қорытындылайтын материалдық, прогрессивті идеялар бар еді.Ол дүниенің мәңгілігін мойындап,табиғат құбылыстарын детерменистік принципі бойынша түсіндірді,жанның мәңгі бақи жасаймайтындығы,оның өшіп отыратындығын мойындады.Оның ғылыми материалдық теориялары,әсіресе,оның таным мәселесі мен логика ғылымы туралы айтқандарында,сондай-ақ адамның жан қуаттарының әр қилылығын түсіндіруде ерекшк байқалады.Кезінде ол болжам жасап, айтпаған ғылым,білім саласы кемде-кем.70 тілден аса тіл білген. Мыс,психология саласында ғана 7 еңбек ,,Жанның мәні туралы,, , ,,Түс көру туралы сөз,, , ,,Жан туралы,, , ,,Ақыл және ұғым,, , ,,Жасөспірімдердің ақылы туралы кітап,, , ,,Ересектердің ақылы туралы кітап,, , ,,Темпетамент туралы жазған екен,,.

Психология үшін ірге асты мәселе болып табылатын жан мен тәннің арақатынасы , бұл екеуінің байланысы жайлы мәселеде Фараби ғылыми ой-пікірдің биігінен көріне білді.

Платон пікірінше,жан мен тән бірге дамиды,тәнсіз жан жоқ.Адамда қатарынан екі жан болмайды.Адам жаны,тәні де өткінші деп көрсетті.Жанның да, тәннің де иесі – жүрек,бұған мидың да қатысы бар.

Фараби адамның тану процестері екі басқыштан тұратын:

1.Сезім /түйсік,қабылдау,ес./

Түйсік дүниетанудың алғашқы көзі, баспалдағы, адамдардың есі мен елесінің сапалы және нәтижелі болуы оның дұрыс түйсіне алуына байланысты.

2. Ойлау дүниені әр қырынан тануға,мәселені тереңірек түсінуге мүмкінлік береді.

Бұл танымның екі басқышы жан қуаттары туралы мәліметінде адамның ерік-жігер,қажыр-қайратында жек процесс ретінде қарастырылмайды.

Фараби эмоция,сезім процестерін жан қуаттарының дербес көрінісі деп санамайды.Бұлар психиканың қалған дүниелеріне басу берді.Олар қозғалысқа итермелейді.Ұлы ойшыл еңбектерінде бала психикасының қалай дамып-жетілетіндігі жөнінде де қызықты мәліметтер көп.Бала жасы өскен сайын жаны мен тәні де бірге өсіп отырады.Мұның бәрі оның тіршілік қажеттілігінен туындайды.Мәселен, балада өсіп-өну қуаты пайда болады,бұл оның ден бітімі қалыптасуында үлкен роль атқарады.
3. Қазақ топырағында ағартушылық идеяның туын алғаш көтерген Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов бүкіл әлемдік ғылым мен біліммен мейлінше мол сусындаған,жан-жақты білімді, озат ойлы адам. Ол өзін терең тарихшы,озат этнограф,батыл саяхатшы,талмас географ,білгір әдебиетші,шебер суретші,жалынды публицист,жан сырын ұққыш нәзік психолог,тәлімгер,үлгілі ұстаз ретінде көрсетіледі.Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық.Олардың ішінде басқа мәселерге қарағанда көбірек сөз болғаны халқымыздың ұлттық санасы,оның ішінде өзіндік ерекшкліктері туралы мәселе еді. Шоқанның алдына қойған тағы бір мақсаты өзінің халқының өмірін жеке зерттеп,даласы мен халқын, бірін орыс,әрісі еуропа жұртшылықтарына таныстыру еді.Сондықтан ол өз еңбектерінде дала халқының қоғамдық өмірін жан-жақты зерттеді.Шоқан өз халқының тарихын,мәдениетін ерте дамыған елдермен сабақтастыра сипаттады.Біздің халықтың бай және поэзиялық құндылығы жоғары реалистік әдебиеттері бар деп ой түйіндей келе,ол қазақтардың рухани байлығын,цивилизациясы аса бай елдермен төркіндес түрде қарайды.ол қазақ ақындарының жырлау қабілетін,олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп қарады.күні бүгінге дейін халқымыздың ұлттық өнері айтыс,т.б.қабылдаудың үлкен тапқырлығын,қиыннан қиыстырған ерекше хас шеберлігін атап көрсетті.

4 дәріс



Тақырып: Психиканың дамуы және сана

Дәрістің мазмұны

  1. Психиканың филогенезде дамуы.


  2. Жоғары жүйке жүйесінің нейрофизиологиялық механизмдері.

  3. Психиканың даму сатылары.

  4. Сана психиканың жоғары формасы.

Адамның психикалық әрекеттерінің, ақыл-ой санасының ағымдарын, өсіп даму жолдарын білу үшін, олардың жүйке саласының, мидың құрылыс әрекетін білу қажет. Жүйке саласы психиканың негізі болғандықтан, оның құрылысын, әрекеттерін, өсіп-дамуын білмейінше, психиканың қалайша өсіп-дамып отыратындығын да жақсы біле алмаймыз.

Жүйке саласы психикалық әрекеттердің негізі, Жүйке саласы организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайырады. Жүйке саласы нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған.

Бұл нейрондардың әрқайсысының 2 түрлі тармағы болады:

1)дендрит (қоздырғыштарды тітіркендіргішті қабылдайды). және

2) аксон (қоздырғышты жібереді).

Орталық жүйке жүйесіне (ЦНС) жұлын мен ми жатады. Жүйке қызметінің әр түрлі түрлерін, олардың түрлі бөліктері орындайды. Жүйке жүйесінің бөліктерінің жоғарғысы төмендегісінен құрылысы жөнінде атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болып келеді. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі-жұлын. Ол омыртқа қуысының ішіне орналасқан. Жұлынның ішкі жағында сұр зат орналасқан. Жұлын біздің әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым ішкі органымызды және белгілі бір бұлшықет топтарының қызметін реттеп отырады. Жұлынның тікелей жалғасы-сопақша ми, мишық, организмнің күрделі келген функциясын реттеп отырады. Мұнда қан айналысы, ас қорыту,тыныс алу қызметінің функциясын қамтамасыз етіп, ішкі организмнің толық және үлкен топ бұлшықет қызметін реттейді. Бұлардан жоғарырақ орналасқан орта мида құлақ пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, скелет еттерінің қалпын реттейтін жүйке орталықтары бар.

Жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдардың өмірінде негізгі рольді ми қабығы атқарады. Денеде болатын барлық құбылыстарды өз қарамағында ұстайтын ми қабығы адамдарда ерекше жетілген. Ми сыңарлары екі бөліктен (оң жақ және сол жақ сыңар деп аталатын) тұрады. Ми сыңарларының салмағы жалпы мидың жалпы салмағының 80% тең. Мұның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар Сұр зат ми қабығы деп аталынады. Ол бірнеше қабаттардан тұрады. Бұл қабаттардың клеткалары типі мен қызметіне қарай бір-бірінен өзгеше болып келеді. Осы клеткалардан тарайтын жүйке талшықтары оларды сезім мүшелерімен, бүкіл денемен, сондағы барлық клеткалармен байланыстырады. Ми қабығындағы осындай жүйке клеткаларының саны 15 миллиардқа жуық деп есептелінеді.

Ми қабығы төрт бөлімге бөлінеді. Олар маңдай, төбе, желке және самай деп аталынады. Маңдай ми күрделі логикалық ойлау мен қиял процестерін басқарып тұрады. Сондықтан маңдай, миға зақым келсе, адамның ақыл-ой процестеріне де зақым келеді. Мидың төбе бөлігі адамның қимыл әрекеттерімен байланысты. Ол дене мүшелерінің қимылдарын басқарып тұрады. Адамның кеңістік пен уақытты ажырата алуы төбе миының әрекетімен байланысты. Егер төбе миының төменгі жағына зақым келсе, адам үйреншкті әрекеттерін қайтадан жасай алмайды.

Мидың желке бөлігі адамның көру әрекетіне байланысты. Егер оған зақым келсе, оның көз алмасы болғанда заттарды тани алмайды немесе түрлі түстерді бір-бірінен ажырата алмайды, тіпті кейде көре алмайтын жағдайға ұшырайды.

Мидың самай бөлігі есту әрекетімен байланысты. Егер оған зақым келсе, адам ести алмайды, естісе де сөздерді ажырату қиынға соғады. Егер жоғарғы самай ирегінің алдыңғы жағына зақым келсе, адам музыкалық күйлерді есінде қалдыра алмайды. Самай миының тағы бір әрекеті оның дәм, иіс сезім мүшелерін басқаруы болып табылады.

Адамның ақыл-ойы, мидағы жүйке клеткалардың құрылысынан, қандай қыртыстарда қандай клеткалар болып, олардың көптігінен және адам миының сыртқы дүниедегі әсерлерге қайтаратын жауабынан, олардың сәулесін қабылдау, жаңа жағдайларға, жаңа қоздырғыштарға үйреніп, соларға жауап қайтарудан көрінеді.

Адамға айналасындағы барлық оқиғалар, жайт әсер етіп отырады, оның миына әсер етеді. Организм бұл жерді қабылдап оған жауап ретінде реакция жасайды. Бұл процесс рефлекс деп аталады. Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Рене Декарт болды. Рефлекс латын сөзі қазақша бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Рефлекс сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы.

Рефлекс туралы теорияның негізгі қағидаларын ғылыми тұрғыдан атақты орыс физиологы И. М. Сеченев «Ми рефлекстері» деген еңбегінде адамның мінез-құлқының бәрі рефлекторлық актілердің жүйесі екендігін көрсетіп берді. И. М. Сеченевтің ілімін И. П. Павлов өз еңбектерінде дамытты. Ол рефлекстердің типтерін шартсыз рефлекстер деп атады. Өйткені организмге сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіш әсер етсе, олар міндетті түрде пайда болады. Бұл рефлекстер туа біткен рефлекстер. Шартты рефлекстерден басқа пайда болған шартты рефлекстер (яғни жүре пайда болатын) болып қана қоймайды. Сонымен қатар жүре бара жоғалып та кетеді. Сондықтан оны Павлов уақытша нерв байланыстары деп атады. Үлкен ми сыңарлар қыртысының шартты рефлекторлық қызметін Павлов мидың сигнал беру қызметі деп атады. Өйткені сыртқы орталықтың тітіркендіргіштері организмге айналадағы дүниеден сигнал береді.

Шартсыз рефлекс ерекшелігі.

Шартты рефлекс ерекшелігі.

1. Шартсыз рефлекстер - тума.

2. Шартсыз рефлекстер - тұракты.

3. Шартсыз рефлекстер-жүлында ми бағанасында жасалады.

4. Шартсыз рефлекстердің жасалуы үшін ешқандай шарттың қажеті жоқ Мысалы, ыстық нәрсеге тиген қол өзінен-өзі тартылады қалады т. б.



1. Шартты рефлекс-өмірде жасалады.

2. Шартты рефлекс-уақытша.

3. Шартты рефлекс-тек ми қабығында

жасалады.



4. Шартты рефлекстердің жасалуы үшін мида 2 тітіркендіргіш (шартты, шартсыз) мезгіл жөнінен ұштасуы қажет те, соның нәтижесінд уақытша нерв байланысы жасалуы тиіс.


Сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстар арқылы миға жеткен сигналды Павлов І сигнал системасы деп атады. І сигнал системасы адамдар мен жануарларда болады. ІІ сигнал системасы-сөз. Ол тек адамдарда болады. Адамның сөзі барлық нақтылы тітіркендіргіштердің орнына жүреді де, ми қабығында сан алуан қозулар мен тежелушілер туғызады. Сөз арқылы ой қорытындыларын жасауға, абстракті түрде ойлауға, түрлі ұғымдарды қалыптастыруға мүмкіндік болады. ІІ сигнал жүйесі сөз адамды тәрбиелеуге де, ұрпақтан ұрпаққа тәжірибе жинауда да зор маңыз алады.

Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын ж/а отырады, айналадан келетін тітіргкендіргіштерге жауап қайырады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің , ұлраларының, жасушаларының қызметі, зат алмасу мен қан айналымын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады.

Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке жасушалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының 2 түрлі тармағы болады. Олардың біріншісі – ұзын тармақты нейрит (немесе аксон) ал екіншісі - көптеген қысқа тармақты дендрит деп атайды. Нейрондардың тарамдала келіп , өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орта перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелері бойынша орналасқан.

Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық ж.жүйесіне ми мен жұлын жатады.

Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы экспериментті зерттеулер арқылы ғылымда жан-жақты , толық дәлелденген.

Орталық ж.жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса береді. Осы бөліктердің жоғарғысы төменгісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі бойынша күрделірек болып келеді. ОЖЖ төменгі бөлімі – жұлын (жуандығы 1 см)омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарды орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағында сұр зат орналасқан. Мұның көлденен кесіндісінің пішіні көбелектің бейнесіне ұқсас. Сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ затпен қоршалған. Жұлын жан-жаққа 31 жұп жүйке талшықтары тарайды, олардың 1 тобы ортаға тебетін жүйке деп аталады.

Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстың (аяқ-қол , бүгу, көру-сезу т.б.) жұмыстарын басқаратын орталық болып табылады.

ОЖЖ 2 бөлігтен (оң жақ және сол жақ сыңар д.а.) тұрады. Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80% не тең.

Мұның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы деп аталады. Ол қалыңдығы 3-4 мм бірнеше қабаттардан тұрады. Ми қабығы 4 бөлімге бөлінеді. Олар : мандай, төбе, желке, самай деп аталады.
2. Психика – бұл миға тән қасиет. Психиканың биологиялық негізі миға сыртқы дүние заттарымен құбылыстар әсер етпесе ми өзгерісінен психиканы туғыза бермейді. Тек әсер еткенде ғана қоршаған ортаға бейне сәулесі реттелуі п.б. Адам психикасының айырмашылығы адамдарда сананың болуы сөйлеу процесі. Жануарларда тек инстинкт әрекеті және санасыз дағдылау әрекеті ғана бар.

Сананың ерекшелігі:



  1. Соның п.б. және дамуы биологиялық жағдайдағы ғана емес, әлеуметтік тарихи заңдылығы байланысты, яғни адамдардың санасы қоғамдық тұрмыстық ықпалдануы болады және сол тұрмыста сәулеленіп отырады.

  2. Қоршаған әлемді бейнелендіру процесі адам өмірінің барысында өзгеріп отырады. Антогенетикалық тұрғыда өзгереді.

  3. Бейнелендіру ерекшеліктері тек жасына емес жинақталған индивидуалдық тәжірибесіне де байланысты.

  4. Өзіндік сана сезімдерінің болуы.

Сана тек іс-әрекет үстінде п.б. және дамиды (негізгі іс-әрекет ойын, оқу, еңбек).

4. Психика тек әртекті физиологиялық негіздер арқылы п.б.. Баланың жүйке саласының миының болуы. Осыдан бала туғаннан кейін жүйке жасушалары көбеймейді. Олар өсіп дифференцияланып әрекеттер күрделеніп отырады Жаңа туған баланың келешекте дамуына ақыл-ойының пайда болуына оның бойында тиісті мүмкіншілік шарттар болады. Даму процессінде бұл шарттар түрлі әркеттерге , қабілеттерге айналып отыруы мүмкін. Әрбір дені сау балада тілдің, ойдың п.б. тиісті мүмкіншіліктер бар. Бірақ баланың қай тілді ана тіл етіп, жақсы сөйлеуі және ақыл-ой өрісінің қандай дәрежеде болуы бұл тәрбие мен оқуға байланысты. Бірақ ересек адамның психологиясында айналағанымен баланың психикасы бірнеше кезеңдерден өтеді. әркезеңдердегі балалардың өздеріне лайықты анатомиялық-физиологиялық және психологиялық өзгерістері болады

Бала психологиясының даму кезеңдері.


Дүниеге келгеннен бастап ( нәрестелік кезең) – бұл кезде сезім мүшелерінің дамуы анықталады, бұл түйсіну мен қабылдаудың дамуына әсер етеді. Кейін жармасу, ұстау сияқты қимыл-қозғалыстар байқалады. Нәрселерге көз тігіп іштей бағдарлау рефлекс қалыптасады. Шартты рефлекстер п.б. бастайды.

1-3 жасқа дейінгі сәбилік кезең. Кинестезиялық және сезімді қабылдау, заттармен әрекет жасау, сыртқы бағдарлау әрекеттері, көрнекті түрде ойлау әрекеті, сөйлеу және мінез-құлықты реттеу. Негізгі іс-әрекеті – ойын, функционалдық ойындар яғни әрекеттік заттармен қарым-қатынас жасау.

Мектеп жасына дейінгі кезең 3-6-7 жас. Негізгі іс-әрекеті ойын. Мұнда сюжеттік, рольдік ойындар. Бұлар арқылы – қоршаған ортаға адамдардың қарым-қатынасы мен танысады.

Ұжымдық ойындарға қатысып, ережелер бойынша ойнайтын ойындарға қатысады.

Бастауыш мектеп оқушылары (6-7-11ж) 6 жастағы оның негізгі іс-әрекеті де ойын, бірақ бірте-бірте оқу әрекетіне айнала бастайды. Сөйлеу қабілеті дамиды. Бала оқып жазып үйренеді. Есте сақтауы мағынасыз жаттап алады. Психологиялық құрылымдары: 1)рефлексия 2)өз ісіне іштей жоспарлау

Орта класс оқушылары (жеткіншек кезеңі 11-16) организмінің жедел дамуы байқалды. Анатомиялық-физиологиялық, психологиялық жағынан өзгерістерге ұшырайды. Ашуланшақ , қызба болып келеді.

Ересек кезеңі 16-18 ж дейін. Организмнің жедел дамуы тоқталады. Таным процесстері – жоғарғы процестерге деңгейге жетеді Өзіндік сана п.б. Бала есейеді, үлгерімі жоғарылайды, үлкендермен қарым-қатынас, дағдарыс кезеңінен өтеді

5 дәріс



Тақырып: Жеке адамның іс-әрекеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет