ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені (ПОӘК) «Корпоративтік қаржы» пәні бойынша


Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар



бет3/5
Дата22.08.2017
өлшемі1,41 Mb.
#24021
1   2   3   4   5

8. Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар
«Корпоративтік қаржы» – батыс және отандық университеттер мен бизнес мекитептерінің экономикалық білім жүйесінде негізгі және міндетті курсы болып табылады. Оның мазмұны қаржының жалпы теориялық концепсиясы және компанияның нарықтық құндылығын максимизациялауда қаржылық басқару әдістемелерінің тәжірибесін құрайды.

«Корпоративтік қаржы» қаржы жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Өйткені ол жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық ұлттық байлық қалыптасатын және экономикалық дамудың заңдылығын көрсететін материалдық өндіріс сферасына қызмет көрсетеді.

Меншікті қаржылық ресурстар, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, олардың тиімді қолданылуы мен бөлінуі, сонымен қатар жоспарлар мен ұзақ мерзімді жәнеқысқа мерзімді активтерді жоспарлау және тиімді пайдалану, өнім, жұмыс және қызметті өндіру мен жүзеге асыру процессінің қалыптасуы «Корпоративтік қаржы» курсының мазмұны болып табылады.

Корпорацияның қаржылық шаруашылығы екі бағыттағы факторлар әсерінен қалыптасады: ішкіфирмалық қатынастар және сыртқы бизнес ортамен қатынастар.Сондықтан , нарық қатынастарындағы корпорация деңгейінің қаржылық қатынастар жүйесін басқарудағы қажетті құрал, қаржылық жағдай деңгейіне әсер ететін жалпы факторлар ара қатынастарын нақты түсіну болып табылады.Ол үшін жоғары тиімді шаруашылыққа жету мақсатында қаржылық тұтқалар мен инструменттерді тиімді түрде қолдану керек.

Тапсырмаларды, қаржылық жағдайының бағасы мен анализі, компанияның нақты бағасы, іскерлік ойындар, презентациялар, реферат, баяндама, өзіндік аналитикалық тапсырма жазуда студенттердің шығармашылық және комплексті түрде орындауын дамытуда бағдарламаны құру процесінде әр тақырып бойынша курсты практикалық қабылдау мен әртүрлі әдістері қарастырылған.

«Корпоративтік қаржы» курсының мәселесі – корпорациялар қаржысын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу мен қаржылық, пайданы оптимиизациялауға жету мақсаттарында тиімді басқару болып табылады.

Пәнді оқыту әдістері: экономика – статистикалық, қаржылық анализі және жоспарлау, компанияның, капиталдың, инвестициялық жобалардың құндылығын бағалау және т.б.

9. Студентің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
1-тақырып. Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны

Әдістемелік нұсқаулар:


  • Тәжирібе сабаққа дайындалу үшін № 1 лекцияны, глоссарийді және ұсынылған әдебиеттерді қолданып келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. “Корпоративтік қаржы” түсінігі мен мазмұны, атқаратын қызыметтері. Қаржыны ұйымдастыру және кәсіпкерлік қызымет тиімділігі. Корпоратициялар қаржы механизмі.

2. Корпорациялар қаржысын ұйымдастырудың ішкі жүйесі. Компанияның қаржылық құрылымы.. Корпорациялар қаржы қызыметі орындарының мәселелері.



Әдебиет: 10, 11, 14
2-тақырып. Қаржы- несие шешімдерін қабылдауда қаржы- экономикалық есептеудің математикалық негіздері

Әдістемелік нұсқаулар:

  • Тәжирібе сабаққа дайындалу үшін №2 лекцияны және ұсынылған әдебиеттерді қолданып келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Капиталдың балама құны және дисконт нормасы.

  2. Дисконттау коэффициенті.

  3. Жай және күрделі пайыздар.

Әдебиет: 7, 8, 10
3-тақырып. Корпорацияның ұзақ мерзімді активтері

Әдістемелік нұсқаулар:

  • Есептерді шығару үшін № 3 лекцияны қолдыныңыздар.

  • Тәжирібе сабаққа дайындалу үшін №3 лекцияны және ұсынылған әдебиеттерді қолданып келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Негзгі құралдарды қайта бағалаудың маңыздылығы.

  2. Негізгі қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштері.

  3. Негізгі қорлар мен басқа да айналымнан тыс активтерді ұдайы өндіру факторлары.

  4. Бейматиматикалық активтер: қалыптасу көздері, амортизация.

Әдебиет: 1, 5, 15
4-тақырып. Корпорацияның айналым капиталы

Әдістемелік нұсқаулар:

  • Есептерді шығару үшін лекцияны қолдыныңыздар

  • Тәжирібе сабақты дайындау үшін лекция мен ұсынылған әдебиеттерді қолданып келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Компанияның айналым капиталындағы тиімді қажеттілігін табу, және осы қажеттілікті белгілейтін факторлар. Айналым қаражаттарын мөлшерлеу әдістері.

  2. Меншік айналым капиталы. Айналым капиталының өсім, оны қаражыландыру көздері. Меншік айналым қаражаттарының жетіспеуі, оның пайда болу себептері, орнын толтыру көздері.

Әдебиет: 2, 10, 19
5-тақырып. Өнімді өндіруге және өткізгеу кеткен корпорацияның шығындары және олпрды қаржыландыру

Әдістемелік нұсқаулар:

  • Есепті шығару үшін лекцияны қолдыныңыздар

  • Тәжирібе сабақты дайындау үшін лекция мен ұсынылған әдебиеттерді қолданып келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Компанияның айналым капиталындағы тиімді қажеттілігін табу, және осы қажеттілікті белгілейтін факторлар.

  2. Айналым қаражаттарын мөлшерлеу әдістері.

  3. Меншік айналым капиталы.

  4. Айналым капиталының өсім, оны қаражыландыру көздері.

  5. Айналым капиталын пайдаланудың экономикалық тиімділігін компания қаржылық жағдайына әсері.

Әдебиет: 9, 10, 16
6-тақырып. Корпорация табысының қалыптасуы мен бөлінуі және тиімді пайдалануы

Әдістемелік нұсқаулар:

  • Есепті шығару үшін лекцияны қолдыныңыздар

  • Тәжирібе сабақты дайындау үшін лекция мен ұсынылған әдебиеттерді қолданып келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Компанияның сатудан тыс табыстарының сипаттамасы. Қаржылық операциялар табыс: акциялар бойынша дивиденттер, облигациялар бойынша табыстар, пайыздар ьойынша табыстар және басқа да табыстар.

  2. Өнімді сатудан табысты жоспарлау және оның көлеміне әсер ететін факторлар. Жалпы табысты бөлу механизмі.

  3. Баланстық пайда, оның мәні, құрамы және бөлінуі. Баланстық пайданы жоспарлау әдістері.

  4. Компания қызыметінің негізгі экономикалық көрсеткіші ретіндегі таза табыс. Таза табысты бөлу мен пайдалану жүйесі.

Әдебиет: 10, 16, 20
7-тақырып. Компанияның меншік капиталы

Әдістемелік нұсқаулар:

  • Рефератты жазу үшін ұсынылған әдебиеттерді қолданыңыздар

  • Тәжирібе сабақты дайындау үшін лекция мен ұсынылған әдебиеттерді қолданып келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Негізгі қорларды қайта бағалау, компанияның эмиссиялық қызметінің т.с.с. қорытындысы ретіндегі қосымша капитал.

  2. Арнайы бағыттағы қорлар, қалыптасу көздері мен пайдалану бағыттары.

Әдебиет: 3, 10, 17
8-тақырып. Корпорацияны қарыз көздерінен қаржыландыру

Әдістемелік нұсқаулар:

  • Рефератты жазу үшін ұсынылған әдебиеттерді қолданыңыздар

  • Тәжирібе сабақты дайындау үшін лекция мен ұсынылған әдебиеттерді қолданып келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Компанияның қысқы мерзімді қаржыландыру көздері. Компания айналым активтерін қаржыландырудың негізгі көзі ретіндегі банк несиесі

  2. Қысқа мерзімді несиелік беру мен қайтару ережелері. Несиелеу әдістері, қаржыландырудың жаңа құралдары: факторинг; форфейтинг; форвардтық және фьючерстік контрактер т.б.

Әдебиет: 4, 10, 12
9-тақырып. Корпорация капиталының құны мен құрылымы

Әдістемелік нұсқаулар:

  • Конспекті жазу үшін ұсынылған әдебиеттерді қолданыңыздар

  • Тәжирібе сабақты дайындау үшін лекция мен ұсынылған әдебиеттерді қолданып келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Леверидж және капиталдың тиімді құрылымын табу.

  2. Қазақстан кәсіпорындары үшін капитал құрлымы терориясының мәні.

3. Капитал құнының түрлері: ішкі, нарықтық, баланстық, шекті, жою, инвестициялық.

4. Капитал құнын бағалау әдістері.



Әдебиет: 10, 19, 20
10-тақырып. Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққажету жолдары

Әдістемелік нұсқаулар:

  • Рефератты жазу үшін ұсынылған әдебиеттерді қолданыңыздар

  • Тәжирібе сабақты дайындау үшін лекция мен ұсынылған әдебиеттерді қолданып келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Компанияның ағымдағы инвестициялық және қаржылық қызыметтегі ақша қаражаттар ағымының түсінігі мен құрамы. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есеп беру. Компанияның түрлі қызыметтерінен түскен табысты қаржылық құжаттарда көрсету.

  2. Бухгалтерлік баланс, қаражылық қорытындылар туралы есеп беру және компания ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру көрсеткіштерінің байланыстылығы.

  3. Компанияның қаржылық жағдайда бағалауда қолданылатын көрсеткіштер жүйесі.

Әдебиет: 9, 10, 16
11-тақырып. Корпорацияның қаржылық қабілетсіздігі және қаржылық сауықтандыру

Әдістемелік нұсқаулар:

  • Рефератты жазу үшін ұсынылған әдебиеттерді қолданыңыздар

  • Тәжирібе сабақты дайындау үшін лекция мен ұсынылған әдебиеттерді қолданып келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Қаржылық жағдай мен инвестициялық артықшылық деңгейі бойынша кәсіпорындарды жіктеу.

  2. Банкроттың нысандары: бейбітшілік келісім, санация, қайта ұйымдастыру, жою.

  3. Қайта ұйымдастыру процедураларының түрлері мен жүргізу ережелер: бақылау, реабилитация, санация.

Әдебиет: 6, 10, 20
12-тақырып. Корпорацияларды қаржылық жоспарлау

Әдістемелік нұсқаулар:

  • Бақылау жқмысына дайындалу үшін ұсынылған әдебиеттерді қолданыңыздар

  • Тәжирібе сабақты дайындау үшін лекция мен ұсынылған әдебиеттерді қолданып келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Қарыздардың негізгі сомасы мен қайтару пайыздары жоспарлау.

  2. Кірістер мен шығыстар, шахматбалансы, оның құлымы мен пайдаланылуы.

  3. Ақша қаражаттар ағымын жоспарлау.

  4. Корпорацияның қаржылық стратегиясы.

Әдебиет: 10, 16, 18

10. Рубеждік бақылау жүргізуге арналған сұрақтар (тесттік тапсырмалар)

1 - нұсқа

1. Корпорация қаржы ресурстарын қалыптастыру, орналастыру және пайдалану процесінде қалыптасатын ақшалай қатынастар жүйесі – бұл…

A) Корпорация қаржысы

B) Нақты ақша айналымы

C) Ақша қатынастары

D) Қаржы жүйесі

E) Қаражат қорлары

2. Құн қозғалысын қалыптастыратын және ақшалай төлемдер мен есеп айырысулар ағымында көрініс табатын экономикалық процесс – бұл…

A) Нақты ақша айналымы

B) Корпорация қаржысы

C) Қаржы ресурстары

D) Қаржы қатынастары

E) Қаражат қорлары

3. Корпорация қаржысының қандай нақтылы функцияларын білесіз?

A) Ұдайы өндірістік, бөлу, бақылау

B) Ұдайы өндірістік, жинақтау, бақылау

C) Бөлу, қайта бөлу, бақылау

D) Бөлу, оңтайландыру, бақылау

E) Қалыптастыру, бөлу, пайдалану

4. Корпорация қаржысы бөлу функциясының негізгі объектісі не?

A) Корпорация табысы

B) Өнімнің өзіндік құны

C) Бюджеттен қаржы бөлу

D) Бюджеттік төлемдер

E) Дивидендтер төлеу

5. Қаржының бөлу функциясы неден басталады?

A) Орнын толтыру қорын құрудан

B) Есеп айырысу пайдасын бөлуден

C) Еңбекақы қорын құрудан

D) Салық көлемін есептеуден

E) Дивидендтер шамасын анықтаудан

6. Қаржының бақылау функциясы ненің көмегімен жүзеге асады?

A) Қаржылық көрсеткіштер

B) Қаржылық жоспарлар

C) Қаржылық ақпараттар

D) Қаржылық құралдар

E) Қаржылық әдістер

7. Салықтық төлемдерді төлегеннен кейін корпорация пайдалануына қалатын табысының есебінен негізінен қандай қорлар құрылады?

A) Резервтік, тұтыну және қорлану

B) Резервтік, тұтыну және орнын толтыру

C) Тұтыну, қорлану және орнын толтыру

D) Орнын толтыру, қорлану және даму

E) Резервтік, тұтыну және даму

8. Өндірістің дамуына белгіленген ақшалай қаражаттар – бұл…

A) Қорлану қоры

B) Тұтыну қоры

C) Резервтік қор

D) Даму қоры

E) Өндірістік қор

9. Негізгі және айналым құралдары қандай қордың есебінен толықтырылады?

A) Қорлану қоры

B) Тұтыну қоры

C) Резервтік қор

D) Даму қоры

E) Өндірістік қор

10. Корпорацияның қорлану қоры қандай көздерден қалыптасады?

A) Амортизациялық аударымдардан

B) Бюджеттен қаржы бөлу арқылы

C) Тиісті жарналар төлеу жолымен

D) Қарыз қаражаттарын тарту арқылы

E) Негізгі құралдарды жалға беру арқылы

11. Әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталатын қор – бұл…

A) Тұтыну қоры

B) Қорлану қоры

C) Әлеуметтік қор

D) Сақтандыру қоры

E) Резервтік қор

12. Өндірістік емес сала объектілерін қаржыландыру қандай қорлардың есебінен жүзеге асады?

A) Тұтыну қоры

B) Қорлану қоры

C) Әлеуметтік қор

D) Даму қоры

E) Резервтік қор

13. Жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар төлеу қай қордың есебінен жүзеге асады?

A) Тұтыну қоры

B) Қорлану қоры

C) Әлеуметтік қор

D) Еңбекақы қоры

E) Ынталандыру қоры

14. Корпорациян резервтік қорының негізгі мақсаты не?

A) Қаржы тұрақтылығын қамсыздандыру

B) Қызметкерлер жұмысын ынталадыру

C) Корпорация қызметін дамыту

D) Өндірістік қорлардың орнын толтыру

E) Ақшалай қаражат көлемін артыру

15. Қаржы міндеттемелерін орындауға, ағымдағы шығындарды қаржыландыруға арналған меншікті ақшалай табыстар мен түсімдердің жиынтығы – бұл…

A) Қаржы ресурстары

B) Ақшалай қорлар

C) Ақшалай табыстар

D) Корпорация қаржысы

E) Қаражат қорлары

16. Корпорацияның меншікті қаржы ресурстарына не жатады?

A) Пайда және амортизация

B) Меншікті және резервтік капитал

C) Меншікті капитал және пайда

D) Меншікті капитал және амортизация

E) Пайда және резервтік капитал

17. Табыс алу мақсатында өндіріске салыған қаржы ресурстары қалай аталады?

A) Капитал

B) Инвестиция

C) Салым

D) Қаржы


E) Ақша

18. Меншікті қаржы ресурстарының сыртқы көздеріне не жатады?

A) Қосымша акциялар шығару және сату

B) Ұзақ мерзімді банк несиелерін алу

C) Қысқа мерзімді банк несиелерін алу

D) Облигациялар шығару және сату

E) Қажетсіз негізгі құралды жалға беру

19. Меншікті қаржы ресурстарының сыртқы көздеріне не жатады?

A) Қайтарымсыз қаржылық көмек алу

B) Қажетсіз негізгі құралдарды жалға беру

C) Бюджеттік қаражаттарды пайдалану

D) Материалдық құндылықтарды сату

E) Өнім өндіру көлемін арттыру

20. Қарыз қаражаттарын қатыстыру корпорацияға қандай мүмкіндік береді?

A) Айналымдылықты жеделдетуге

B) Өндірістік тапсырманы орындауға

C) Өндіріс көлемін арттыруға

D) Шығындар шамасын төмендетуге

E) Табыс көлемін жоғарылатуға

21. Инвестициялау объектісі бойынша капитал қалай топтастырылады?

A) Негізгі және айналым

B) Меншікті және қарыз

C) Негізгі және қосымша

D) Меншікті және ссудалық

E) Ссудалық және қарыз

22. Корпорацияға тиістілігі бойынша капитал қалай топтастырылады?

A) Меншікті және қарыз

B) Меншікті және ссудалық

C) Меншікті және жалға алынған

D) Ссудалық және қарыз

E) Қарыз және жалға алынған

23. Капитал айналымы процесінің алғашқы сатысында капитал қандай нысанда болады?

A) Ақшалай

B) Өндірістік

C) Тауарлық

D) Бағалы қағаз

E) Мүліктік

24. Капитал айналымы процесінің екінші сатысында капитал қандай нысанда болады?

A) Өндірістік

B) Ақшалай

C) Тауарлық

D) Бағалы қағаз

E) Мүліктік

25. Капитал айналымы процесінің үшінші сатысында капитал қандай нысанда болады?

A) Тауарлық

B) Өндірістік

C) Ақшалай

D) Бағалы қағаз

E) Мүліктік

26. Корпорация қаржысын ұйымдастыру қағидатын атап көрсетіңіз.

A) Шаруашылық тәуелсіздік

B) Қаржылық қамсыздандыру

C) Жоғарғы табыстылық

D) Капитал өтімділігі

E) Төменгі шығындылық

27. Корпорация қаржысын ұйымдастыру қағидатын атап көрсетіңіз.

A) Қаржы резервтерін құру

B) Ақша айналымын қамсыздандыру

C) Табыстарды оңтайлы бөлу

D) Қаржы ресурстары көздерін анықтау

E) Қаражаттарды тиімді жұмсау

28. Корпорация қаржысын ұйымдастыру қағидатын атап көрсетіңіз.

A) Өзін-өзі қаржыландыру

B) Қаржы қорларын қалыптасыру

C) Қор айналымын жеделдету

D) Қаржы өтімділігін қамсыздандыру

E) Қаражаттарды тиімді жұмсау

29. Корпорация қаржысын ұйымдастыру қағидатын атап көрсетіңіз.

A) Материалдық жауапкершілік

B) Меншікті көздерге бағытталу

C) Қаржыландыру көздерін анықтау

D) Табыстылық шамасын арттыру

E) Өндіріс көлемін жоғарылату

30. Корпорация қаржысын басқару не арқылы жүзеге асады?

A) Қаржы механизмі

B) Қаржылық бақылау

C) Қаржылық тұтқалар

D) Қаржылық әдістер

E) Қаржы ынталандырмалары

31. Қаржы әдістерінің көмегімен қаржы құралдары арқылы корпорацияның қаржысын басқару жүйесі – бұл…

A) Қаржы механизмі

B) Қаржылық бақылау

C) Қаржы менеджменті

D) Қаржылық құқық

E) Қаржылық әдістер

32. Қаржы механизмі қандай қосалқы жүйелерден тұрады?

A) Басқарушы және басқарылушы

B) Басқарушы және бақылаушы

C) Бақылаушы және басқарылушы

D) Бақылаушы және бақыланушы

E) Бақыланушы және басқарылушы

33. Корпорация қаржысын басқарудың негізгі міндеттерін атап көрсетіңіз.

A) Ақпараттар жинау, талдау және шешім қабылдау

B) Ақпараттар жинау, талдау және бақылау жасау

C) Ақпараттар жинау, реттеу және шешім қабылдау

D) Ақпараттар жинау, реттеу және бақылау жасау

E) Ақпараттар жинау, болжау және бақылау жасау

34. Корпорация қаржысын басқарудағы шешім қабылдау қандай міндеттерді қамтиды?

A) Болжау, реттеу және бақылау

B) Талдау, болжау және бақылау

C) Зерттеу, реттеу және бақылау

D) Саралау, реттеу және бақылау

E) Ақпар алу, болжау және бақылау

35. Қаржы механизмінің элементін атап көрсетіңіз.

A) Корпорацияның қаржы қатынастары

B) Корпорацияның ақша айналымы

C) Корпорацияның қаржы ресурстары

D) Корпорацияның ақша қатынастары

E) Корпорацияның ақша ағыны

36. Қаржы механизмінің элементін атап көрсетіңіз.

A) Қаржылық көрсеткіштер

B) Қаржылық нәтижелер

C) Қаржылық есеп берулер

D) Қаржылық жоспарлар

E) Қаржылық тұтқалар

37. Қаржы механизмінің элементін атап көрсетіңіз.

A) Қаржылық құралдар

B) Ақшалай қаражаттар

C) Ақшалай қорлар

D) Қаржы ресурстары

E) Қаржылық опциондар

38. Қаржы механизмінің элементін атап көрсетіңіз.

A) Ақпараттық қамсыздандыру

B) Қаржылық жоспарлау

C) Ішкі шаруашылық бақылау

D) Экономикалық реттеу

E) Табыс көздерін анықтау

39. Қаржы механизмінің элементін атап көрсетіңіз.

A) Қаржылық әдістер

B) Қаржылық жоспарлау

C) Қаржылық есеп

D) Қаржылық талдау

E) Қаржылық реттеу

40. Қаржы механизмінің элементін атап көрсетіңіз.

A) Құқықтық қамсыздандыру

B) Өзін-өзі қаржыландыру

C) Шаруашылық есеп жүргізу

D) Шығындарды өтеу

E) Қаржы резервтерін құру

41. Корпорацияның барлық айналымнан тыс активтеріне инвестицияланған капитал – бұл…

A) Негізгі капитал

B) Айналым капиталы

C) Жарғылық капитал

D) Төленген капитал

E) Төленбеген капитал

42. Негізгі капитал өндіріс процесі барысында қаншалықты пайдаланылады?

A) Бір жылдан аса

B) Бір өндірістік цикл

C) Бір жылға жуық

D) Бір айдан аса

E) Бір-ақ рет

43. Негізгі капиталдың негізгі бөлігін құрайтын актив түрін көрсетіңіз.

A) Негізгі құралдар

B) Аяқталмаған құрылыс

C) Материалдық емес активтер

D) Қаржы салымдары

E) Дебиторлық қарыздар

44. Қабылдау-тапсыру актісімен рәсімделмеген негізгі құралдар қалай аталады?

A) Аяқталмаған құрылыс

B) Аяқталмаған өндіріс

C) Рәсімделмеген құралдар

D) Кірістелмеген құралдар

E) Қордаланған құралдар

45. Өндіріс процесіне қатысу дәрежесіне байланысты негізгі құралдар қалай бөлінеді?

A) Өндірістік және өндірістік емес

B) Өндірістегі және әрекетсіз

C) Өндірістегі және қорда тұрған

D) Әрекеттегі және әрекетсіз

E) Әрекеттегі және қорда тұрған

46. Өнім өндірсіндегі рөлі бойынша негізгі құралдар қалай бөлінеді?

A) Белсенді және белсенді емес

B) Өндірістік және өндірістік емес

C) Өндірістік және әрекетсіз

D) Әрекеттегі және әрекетсіз

E) Әрекеттегі және қорда тұрған

47. Негізгі құралдарды сатып алуға, жеткізуге, орнатуға және монтаждауға жұмсалған шығындар – бұл…

A) Негізгі құралдардың бастапқы құны

B) Негізгі құралдарды сатып алу шығыны

C) Негізгі құралдарды жеткізу сомасы

D) Негізгі құралдарды кірістеу сомасы

E) Негізгі құралдарды рәсімдеу шығындары

48. Белгілі бір кезеңдегі нарықтық бағадағы негізгі құралдар құны – бұл…

A) Ағымдағы құн

B) Өткізу құны

C) Бастапқы құны

D) Сатып алу құны

E) Баланстық құны

49. Қайта қалпына келтіру құны бойынша негізгі құралдарды қайта бағалау жиі жүргізіледі ме?

A) Мерзімді

B) Жыл сайын

C) Тоқсан сайын

D) Ай сайын

E) Жарты жылда

50. Негізгі құралдарды жоюдан алынған құндылықтар құны қалай аталады?

A) Негізгі құралдарды жою құны

B) Қосалқы бөлшектер құны

C) Материалдық босалқылар құны

D) Негізгі құралдардың қалдық құны

E) Негізгі құралдардың тозу құны

51. Негізгі құралдардың қозғалысын сипаттайтын көрсеткіш…

A) Жаңару коэффициенті

B) Тозу коэфициенті

C) Интенсивтілік коэффициенті

D) Экстенсивтілік коэффициенті

E) Жарамдылық коэффициенті

52. Негізгі құралдардың қозғалысын сипаттайтын көрсеткіш…

A) Істен шығу коэффициенті

B) Тозу коэфициенті

C) Интенсивтілік коэффициенті

D) Экстенсивтілік коэффициенті

E) Жарамдылық коэффициенті

53. Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын қандай көрсеткіштерді білесіз?

A) Жарамдылық және тозу коэффициенті

B) Интенсивтілік және экстенсивтілік коэффициенті

C) Жаңару және істен шығу коэффициенті

D) Айналым және өсім коэффициенті

E) Қор қайтарымы және қор сиымдылығы

54. Табысты шаруашылық қызмет жүргізуге оңтайлы жағдайлар тудыру және оған қаражаттар табу – бұл қаржылық жоспарлаудың…

A) Мақсаты

B) Міндеті

C) Мазмұны

D) Қағидаты

E) Мәні

55. Жасалған стратегиялық мақсаттарды нақтылы қаржылық көрсеткіштер нысанына айналдыру – бұл қаржылық жоспарлаудың…



A) Мазмұны

B) Міндеті

C) Мақсаты

D) Қағидаты

E) Мәні

56. Тиімді қаржы жоспарларын жасауға қандай компаниялардың мүмкіндіктері жоғары?



A) Үлкен

B) Орта


C) Шағын

D) Аралас

E) Біріккен

57. Неліктен үлкен компанияларда тиімді қаржы жоспарларын жасау мүмкіндіктері жоғары?

A) Мамандар қатыстыруға қаражаттар жеткілікті

B) Пайда болған ауытқулар уақтылы жойылады

C) Сұранысы бірқалыпты өнімдер өндіріп-өткізеді

D) Осы саладағы монополист болып табылады

E) Табыстылық деңгейі жоғары болып табылады

58. Көрсеткіштер қозғалысындағы негізгі заңдылықтарды, тенденцияларды анықтауға қаржылық жоспарлаудың қандай әдісі мүмкіндік береді?

A) Экономикалық талдау

B) Ақша қаражаттары ағыны

C) Математикалық модельдеу

D) Көп вариантты есептеу

E) Сараптық бағалау

59. Қаржылық жоспарлаудың әмбебап сипаттағы әдісі қалай аталады?

A) Ақша ағыны әдісі

B) Нормативтік әдіс

C) Баланстық әдіс

D) Экономикалық әдіс

E) Математикалық әдіс

60. Негізгі құралдарды қалыптастырудың меншікті көзі болып табылады…

A) Негізгі құралдар амортизациясы

B) Ұзақ мерзімді банк несиелері

C) Жабдықтаушылармен есеп айырысу

D) Бюджеттік емес қорлармен есеп айырысу

E) Бюджеттен қаржы бөлу

61. Негізгі құралдардың моральдық тозуының қанша нысаны бар?

A) Екі нысаны

B) Бір нысаны

C) Үш нысаны

D) Төрт нысаны

E) Бес нысаны

62. Амортизациялық аударымдарды есептеуде негізгі құралдардың қай құны негізге алынады?

A) Бастапқы

B) Жою


C) Ағымдағы

D) Қалдық

E) Баланстық

63. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің қандай әдістерін білесіз?

A) Тік сызықты, өндірістік, жеделдетілген

B) Тік сызықты, кумулятивтік, жеделдетілген

C) Өндірістік, кумулятивтік, жеделдетілген

D) Кумулятивтік, өндірістік, қалдықты азайту

E) Өндірістік, жеделдетілген, қалдықты азайту

64. Негізгі құралдар амортизациясын есептеудің жеделдетілген әдісі қай мезгілде қолданылады?

A) Жеделдетілген моральдық тозу пайда болғанда

B) Өнім өткізу нарығы тұрақтаған жағдайда

C) Тозған жабдықтар шектен тыс көп болғанда

D) Үлкен шамада артық жабдықтар болған жағдайда

E) Қажетсіз құралдарды есептен шығарған жағдайда

65. Амортизацияның қай әдісін қолданғанда өнімнің өіндік құны өседі?

A) Кумулятивтік

B) Өндірістік

C) Директивті

D) Прогрессивті

E) Интенсивті

66. Негізгі құралдарды ұзақ мерзімді жалға алу қалай аталады?

A) Лизинг

B) Рентинг

C) Хайринг

D) Чартер

E) Лиз-бек

67. Негізгі құралдарды орта мерзімге жалға алу қалай аталады?

A) Хайринг

B) Лизинг

C) Рентинг

D) Чартер

E) Лиз-бек

68. Негізгі құралдарды қысқа мерзімді жалға алу қалай аталады?

A) Рентинг

B) Рейтинг

C) Хайринг

D) Лизинг

E) Лиз-бек

69. Лизинг қандай мерзімге құрылады?

A) Үш жылдан жоғары

B) Бес жылдан жоғары

C) Бір жылдан үш жылға дейін

D) Үш жылдан он жылға дейін

E) Үш жылдан бес жылға дейін

70. Хайринг қандай мерзімге құрылады?

A) Бір жылдан үш жылға дейін

B) Үш жылдан бес жылға дейін

C) Бір жылдан он жылға дейін

D) Бір жылдан бес жылға дейін

E) Үш жылдан он жылға дейін

71. Рентинг қандай мерзімге құрылады?

A) Бір жылға дейін

B) Үш жылға дейін

C) Бір айға дейін

D) Үш айға дейін

E) Жарты жылға дейін

72. Негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуын сипаттайтын қандай негізгі көрсеткіштерді білесіз?

A) Қор қайтарымы мен қор сиымдылығы

B) Қор қайтарымы мен қор рентабельділігі

C) Қормен қарулану және қор рентабельділігі

D) Қор рентабельділігі мен қор сиымдылығы

E) Қор сиымдылығы мен қормен қарулану

73. Негізгі құралдардың бір теңгесіне келетін өндірілген өнім көлемі – бұл…

A) Қор қайтарымы

B) Қор сиымдылығы

C) Қормен қарулану

D) Қор рентабельділігі

E) Қор өтімділігі

74. Өндірілген өнімнің бір теңгесіне келетін негізгі құралдар көлемі – бұл…

A) Қор сиымдылығы

B) Қор қайтарымы

C) Қормен қарулану

D) Қор рентабельділігі

E) Қор өтімділігі

75. Қаржылық жоспарлаудың алғашқы сатысында өткен кезеңнің…

A) Қаржылық көрсеткіштері талданады

B) Қаржылық мәліметтері айқындалады

C) Жоспардың орындалуы анықталады

D) Болжам көрсеткіштері бағаланады

E) Болжам көрсеткіштері нақтыланады

76. Қаржылық жоспарлаудың екінші сатысында…

A) Негізгі болжам құжаттары орындалады

B) Нақтылы қаржы болжамдары негізделеді

C) Қаржы болжамдарына тиісті баға беріледі

D) Негізгі болжам көрсеткіштері нақтыланады

E) Тиісті болжам көрсеткіштері талданады

77. Физикалық негізі жоқ бірақ корпорацияға ұзақ мерзім бойына немесе тұрақты түрде табыс алып келетін актив түрі қалай аталады?

A) Материалдық емес активтер

B) Материалдық ресурстар

C) Материалдық игіліктер

D) Матералдық құндылықтар

E) Материалдық босалқылар

78. Бірлескен немесе акционерлік кәсіпорын құру барысында пайда болатын шығындар қалай аталады?

A) Ұйымдастыру шығындары

B) Инвестициялық шығындар

C) Қалыптастыру шығындары

D) Құрылтай шығындары

E) Бастапқы шығындар

79. Өндіріспен байланысты материалдық емес актив түрін атап көрсетіңіз.

A) Ноу-хау

B) Патенттер

C) Лицензиялар

D) Гудвилл

E) Франшиза

80. Өндіріспен байланысты материалдық емес актив түрін атап көрсетіңіз.

A) Ұйымдастыру шығындары

B) Тауарлық белгілер

C) Өнеркәсіптік үлгілер

D) Интелектуалдық меншік

E) Патенттік лицензиялар

81. Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес актив түрін атап көрсетіңіз.

A) Тауарлық белгілер

B) Интеллектуалдық меншік

C) Ұйымдастыру шығындары

D) Өнеркәсіптік үлгілер

E) Патенттік лицензиялар

82. Материалдық емес активтердің құны қалай өтеледі?

A) Амортизация есептеу арқылы

B) Есептен шығару арқылы

C) Шығындарға қосу арқылы

D) Алынған табыс арқылы

E) Бюджеттік қаражаттар арқылы

83. Амортизация есептеу және өндіріс шығындарына қосу арқылы материалдық емес активтердің…

A) Бастапқы құны өтеледі

B) Қалдық құны есептеледі

C) Құны есептен шығарылады

D) Ағымдағы құны анықталады

E) Тозу құны анықталады

84. Қаржылық жоспарлаудың үшінші сатысында …

A) Қаржылық құжат көрсеткіштері нақтыланады

B) Нақтылы қаржылық болжамдар негізделеді

C) Негізгі болжамдық құжаттар дайындалады

D) Оперативтік қаржылық жоспар орындалады

E) Қаржылық жоспардың негізділігі тексеріледі

85. Болжамдық қаржылық құжат көрсеткіштері не арқылы нақтыланады?

A) Ағымдағы қаржы жоспарларын жасау

B) Қаржылық болжамдарды негіздеу

C) Түрлі болжамдық құжаттар дайындау

D) Қаржылық мәліметтерді айқындау

E) Болжамдық көрсеткіштерді талдау

86. Табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар және басқа да мүліктер – бұл…

A) Инвестициялар

B) Қаржыландыру

C) Қаржы бөлу

D) Негізгі капитал

E) Айналым капиталы

87. Инвестицияланылатын капитал салымының объектілері бойынша инвестиция түрлері…

A) Нақты және қаржылық

B) Нақты және тікелей

C) Қаржылық және қоржындық

D) Қоржындық және венчурлік

E) Қаржылық және венчурлік

88. Табыс алу мақсатында өнім өндірісімен байланысты нақты активтерге ақшалай қаражаттардың кез-келген салымы – бұл…

A) Тікелей инвестициялар

B) Қаржылық инвестициялар

C) Қоржындық инвестициялар

D) Венчурлік инвестициялар

E) Стратегиялық инвестициялар

89. Табыс алу мақсатында бағалы қағаздар нысанындағы активтер сатып алу – бұл…

A) Қоржындық инвестициялар

B) Тікелей инвестициялар

C) Нақты инвестициялар

D) Венчурлік инвестициялар

E) Стратегиялық инвестициялар

90. Инвесторлар жүзеге асыратын негізгі шаруашылық қызметтің бағытына байланысты инвесторлар қалай бөлінеді?

A) Жеке және институционалдық

B) Жеке және стратегиялық

C) Жеке және қоржындық

D) Стратегиялық және қоржындық

E) Институционалдық және қоржындық

91. Инвесторлардың алдына қойған инвестициялау мақсаттары бойынша инвесторлар қалай бөлінеді?

A) Стартегиялық және қоржындық

B) Жеке және институционалдық

C) Жеке және стратегиялық

D) Жеке және қоржындық

E) Институционалдық және қоржындық

92. Табыстылығы төмен қысқа мерзімді инвестициялық жобаларды қаржыландыру қандай қаражаттар есебінен жүзеге асады?

A) Меншікті қаражаттар

B) Несиелік қаражаттар

C) Үлестік қаражаттар

D) Мемлекеттік қаражаттар

E) Жергілікті қаржаттар

93. Табыстылығы жоғары қысқа мерзімді инвестициялық жобаларды қаржыландыру қандай қаражаттар есебінен жүзеге асады?

A) Несиелік қаражаттар

B) Үлестік қаражаттар

C) Мемлекеттік қаражаттар

D) Жергілікті қаржаттар

E) Меншікті қаражаттар

94. Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың кең тараған түрі.

A) Үлестік қаржыландыру

B) Өзін-өзі қаржыландыу

C) Несиелік қаржыландыру

D) Мемлекеттік қаржыландыру

E) Жергілікті қаржыландыру

95. Нақты инвестицияға тән нысанды атап көрсетіңіз.

A) Корпорацияны кеңейту

B) Акциялар сатып алу

C) Облигациялар сатып алу

D) Ұзақ мерзімді несие беру

E) Ақшалай қаражаттар салу

96. Нақты инвестициялау процесі қанша негізгі сатыдан тұрады?

A) 3

B) 2


C) 4

D) 5


E) 6

97. Нақты инвестициялауды жүзеге асыру неден басталады?

A) Инвестициялық ойларды іздеу және таңдау

B) Елдің инвестициялық климатын талдау

C) Инвестициялаудың нақты объектісін таңдау

D) Инвестициялардың өтімділігін бағалау

E) Инвестициялық қызмет бағытын анықтау

98. Инвестициялық жобалардың тиімділігі қалай бағаланады?

A) Бизнес-жоспар көмегімен

B) Инвестиция көлемімен

C) Жұмсалған шығындар арқылы

D) Балама варианттардың санымен

E) Болжалды табыс шамасымен

99. Инвестициялық жобалардың тиімділігін сипаттайтын көрсеткішті атап көрсетіңіз.

A) Өзін-өзі ақтау мерзімі

B) Табыстылық деңгейі

C) Активтер табыстылығы

D) Активтер өтімділігі

E) Таза табыс шамасы

100. Қаржылық инвестицияға тән нысанды атап көрсетіңіз.

A) Бағалы қағаздар сатып алу

B) Техникалық қайта қарулану

C) Кәсіпорындар сатып алу

D) Жаңа құрылыс салу

E) Корпорацияны кеңейту



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет