ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені (ПОӘК) «Корпоративтік қаржы» пәні бойынша


Тақырып. Корпорацияның айналым капиталы



бет2/5
Дата22.08.2017
өлшемі1,41 Mb.
#24021
1   2   3   4   5

4 Тақырып. Корпорацияның айналым капиталы


Айналым құралдарының түсінігі мен құрамы.

Шаруашылық тәжірбиеде айналым құралдары өндірістік айналым қорлары және айналыс қорлары ретінде болады.

Өндірістік айналым қорларына шикізат, материалдар, болашақ кезеңдегі шығындар, құрал-жабдықтар, аяқталмаған өндіріс жатады.

Айналым қорларының айналымдылығы –дайын өнім, ақшалай қаражаттар, дебиторлық қарыздар, т.б жатады.

Айналым құралдары негізгі капиталға (Д) салынған ақшадан басталып, өткізілген өнімнен (Д1) түскен ақшамен аяқталады.

Айналым құралдарының екі құрамдас бөлігі өндірістік процестерде әр түрлі қызмет етеді. Өндірістік айналым қорлары өндіріс процесін қамтамасыз етеді және де жалпы құрылымында 70-80% -ға дейін құрайды. Айналыс қорлары өтім ортасымен, ақша қаражаттарын құрумен, есеп айырусылармен (30% дан 50% дейін ) байланысты.

Өндірістік қорлардың құрылу принциптері:


    • өндірістік қорлар бойынша нақты мөлшерлерін анықтау;

    • ағымдағы қорларға қызмет ету кезіндегі минимум шығындарды қолдану;

    • жылдық айналымға қорларды жүйелі қатыстыру;

    • инфляция жағдайында өнімнің өзіндік құны бойынша запастардың нақты көрінуі.

Инфляция жағдайында запастарды есептеу тәжірбиесі іске асырылады.

  1. ФИФО әдісі кезінде запастардың құны өнімді алғашқы сатып алынған бағасымен есептелінеді. Сондықтан өнімнің өзіндік құны біршама азяады, ал табыс көбейеді.

  2. ЛИФО әдісі кезінде соңғы сатылымның бағасы бойынша запастарды алып тастайды. Бұл әдіс нақты бағаны анықтауға мүмкіндік береді де өзіндік құны өсіп, пайда төмендейді.

Дебиторлық борыштар. Дебиторлық борыштарды басқаруға мыналар жатады:

    • дебиторлық қарыздың көлемі мен айналым активтерінің жалпы сомасындағы салыстырмалы салмағын бағалау қажет;

    • дебиторлық қарыздардың орташа өтелу кезеңін есептеу қажет.

Сұрақтар:

1. Айналым капиталының мәні мен жіктелуі.

2. Айналым капиталын ұйымдастыру принциптері.

3. Мөлшерлі және мөлшерсіз айналым қаражаттары.

4. Компанияның өндірістік запастары: қалыптасу және пайдалану саясаты.

5. Дебиторлық қарыз: айналым капиталын қалыптастырудағы мәні мен маңыздылығы.

Әдебиет: 4, 10, 16
5 Тақырып. Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен корпорацияның шығындары және оларды қаржыландыру

Корпорация шығындарының экономикалық жіктеуі. Корпорациялардың әрекет ету барысында экономикалық мазмұны мен мақсаты белгілеулеріне байланысты әр түрлі шығындары болады. Олар: өнім өткізу мен өндіруге, өндірістің ұлғаюы, мен жетілуіне кететін шығындар, коллективтің әр түрлі мәдени -әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалатын шығындар өзіндік құн формасына ие болады.

Өнімнің өзіндік құны дегеніміз - өнім өндіру барысында оған жұмсалған табиғи ресурстар, материалдар, шикізаттар, отын, энергия, негізгі қорлар, еңбек ресурстары және оны өндіру мен өткізуге кеткен басқа да шығындарды айтамыз.

Олар әрбір өндіріс циклін өнімді өткізуден түскен табыспен өтейді.

Олар көлеміне қарай шығындарды ауыспалы және тұрақты етіп, ал өнімнің өзіндік құнына қосу тәсілі бойынша тікелей және жанама шығындар етіп бөледі.

Ауыспалы (өзгермелі) шығындар-деп өндіріс көлеміне тікелей пропоционалды тәуелділікте болатын шығындырды айтамыз. Оларға материалдар мен енбек ақыға жұмсалатын шығындар жатады.

Тұрақты шығындарға өндіріс көлемі өзгерген кезде мүлдем өзгермейтін немесе аз ғана өзгеретін шығындар жатады.

Тікелей шығындар өнім өндірудің технологиялық процесіне шарттасқан, яғни нақты өнімді өндіруге кететін өндіріс шығындарына (шығындарының құрамына) тікелей қосылады.

Сұрақтар:

1. Өнімнің, жұмыстар мен қызыметтерінің өзіндік құнын баптар мен элементтер бойынша қалыптастыратын корпорация шығындарының экономикалық жіктелуі.

2. Өзіндік құн құрамы мен құрылымының салалық айрықшалықтары.

3. Шағындар деңгейінің көрсеткіштері, төмендету жолдары мен резервтері.

4. Өнімді өндіріп өткізу шығындарының сметасы.

Әдебиет: 5, 11, 17


6 Тақырып. Корпорация табысының қалыптасуы мен бөлінуі және тиімді пайдалануы

Корпорацияның ақшалай табыстары (кірістері) өнім өткізуден (еңбек ету, қызмет көрсету), басқа да мүліктік өткізулерден (негізгі қор, инвентарь, материалдық емес активтер және т.б), арендалық төлемдерден тұрады.

Ақшалай табыстардың негізгі көзі -өткізілген өнімнен түсетін табыс болып табылады. Оның көлемі өткізілетін өнімнің көлемі және бағасы арқылы анықталады. Өз кезегінде өткізілетін өнімнің көлемі нарықтағы қажеттілікке және ондағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты.

Қызметтің жай түрінінен түсетін табысты корпорация табысы (пайдасы) деп түсінеміз.

Корпорацияның қаржылық және өндірістік шаруашылық қызметі нәтижесінде алынатын табысы мемлекет пен корпорация арасында шаруашылық субъект ретінде бөлінеді.

Мемлекеттік табыстар сәйкес бюджетттерге салықтар мен алымдар түрінде түседі және де олардың қойылымдары өз бетінше өзгертілмейді.

Салықтардың құрамы мен қойылымдары, олардың бюджетке келіп түсуі мен есептелуі заңмен бекітіледі.

Салықтар төлегеннен кейін корпорация қарамағынан қалған табыстардың көлемі өндіріс көлемінің өсуі мен өндірістік –шаруашылық іскерліктің нәтижесін жақсартуға қызуғышылығын төмендетпеуі керек.

Корпорацияның қармағында қалған табыстар бірінші кезекте жинақтау үшін, яғни оның ары қарай дамуына бағыттталған, ол қалған бөлігі тұтынуға жұмсалады.

Корпорацияның табысы таза табыс түрінде бөлінеді, яғни ол корпорация қарамағында салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған табыс. Одан бюджетке және бюджеттік емес қорларға төленетін санкцияларда алынады.

Сұрақтар:

1. Кәсіпкерліктің даму жағдайындағы табыстардың орны.

2. Табыстар функциясы.

3. Корпорация қызыметін бағалаудағы негізгі көрсеткіш ретіндегі табыс.

4. Корпорацияның жиынтық табысы, оның құрамы мен құрылымы.

5. Өнім өндіруден, жұмыстар мен қызыметтерден түсетін табыс- корпорацияны қаржыландырудың негізгі көзі.

Әдебиет: 6, 12, 18

7 Тақырып. Компанияның меншік капиталы

ЖАҚ сатқан акцияларын иеленуге ерекше құқығын тарату кезінде, қосымша акциялар иеленуге ерекше құқық берілген жағдайда, сонымен қатар акционерлер біріккен кезде акционерлердің толық акциялар санын иеленуге мүмкіндігі болмайды. Соның нәтижесінде акция бөліктері, яғни бөлшек акция құралады. Бөлшек акция акционерге (иесіне) толық акцияның эквивалентті бөлігі көлеміне сәйкес келетін категория акциясымен анықталған құқықты береді. Қоғам жарғысына орналастырылған акциялар мен бөлшек акциялардың жалпы көлемі қосындыланады. Егер осындай операциялар нәтижесінде бөлшек сан құралса, онда қоғам жарғысында көрсетіледі Бөлшек акциялар қор нарығында толық акциялармен тең дәрежеде болады. Егер біл тұлға бір категерияға жататын бір немесе одан да көп акциялар иеленсе, онда бұл акциялардан бөлшек акциялардың сомасына тен келетін бір толық немесе бөлшек акция құралады. Қоғамның барлық акциялары атаулы акциялар болып табылады.

Шетел инвестициялары бар кәсіпорын қор капиталына пайдасының үлкен көлемін аударады. Қоғам жарғысымен таза пайдадан жұмысшыларды акциялауға бағытталған арнайы қор қалыптастыру ісі қаралуы мүмкін. Оның құралдары қоғамдағы акцияларды алып, оларды жұмысшылар арасында таратуға жұмсалады.Шаруашылық серіктестіктері мен шектеулі және қосымша жауапкершілікті қоғамдастықтар үшін қор капиталының міндетті минималды көлемі бекітелмеген. Ол ұйымдастырушылардың құжатарымен анықталған көлем шектеуінде қалыптасады.

Сұрақтар:

1. Корпорацияның қызыметіндегі меншік капиталының орны.

2. Корпорация меншік қаражаттарының негізгі бастапқы көзі.

3. Негізгі қорларды қайта бағалау, компанияның эмиссиялық қызметінің т.с.с. қорытындысы ретіндегі қосымша капитал.

Әдебиет: 1, 7, 13


8 Тақырып. Корпорацияны қарыз көздерінен қаржыландыру

Кәсіпорынның қарыз капиталы-оның қаржылық міндетемелерінің көлемінің жиынтығын білдіреді. (жалпы қарыз сомасын). Қазіргі уақыттағы шаруашылық тәжірбиесінде бұл қаржылық міндеттемелер келесідей жолмен дифференциаланады.

Тарту мақсат бойынша, тарту көздері бойынша.

Қарыз құралдарын тарту саясаты өз алдына кәсіпорынның даму қажеттіліктерімен сәйкес әртүрлі қайнар көздерден қарыз капиталын тартудың ен тиімді формалары мен шарттарын қамтамасыз етумен қорытындыланатын жалпы қаржылық стратегияның бір бөлігін көрсетеді.

Кәсіпорынмен қарыз құралдарын тарту саясатының қалыптасу процесі төмендегідей негізгі кезеңдерден тұрады.

Талдаудың бірінші кезеңінде қарастырылған кезеңдегі қарыз құралдарын тартудың жалпы көлемінің динамикасы анықталады.

Талдаудың екінші кезеңінде қарыз құралдарын тартудың негізгі формалары анықталады, сонымен қатар динамикада кәсіпорында қолданылатын қаржылық несие, тауарлық несие және кредиторлық қарызы, қарыз құралдарының жалпы сомасы ретінде болжанады. Талдаудың үшінші кезеңінде тарту кезеңіне байланысты кәсіпорында қолданылатын қарыз құралдары көлемінің арақатынасы анықталады.

Талдаудың төртінші сатысында кәсіпорынның нақты кредиторларының құрамы және олардың қаржылық және тауарлық (комерциялық) несиелерінің әр түрліформаларын ұсыну шарттары қорытындылады.

Талдаудың бесінші сатысында кәсіпорында белгілі бір көлемде және формада қолданылуының мақсаттылығына негізгі бағалы қызметін атқарады.

Қамтамасыз эмиссиялық қызмет. Экономикадағы түрлендірулер жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес ресурстарды, оның ішінде қаржы ресурстарын үлестірудің формаларын қолдануды міндеттейді.

Қор биржасы - бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы атқаратын мынадай қызметтерінен көрінеді:

- қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;

- өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;

- бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру.

Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді.

Қор биржасы өз қызметінде мынадай қағидаларға сүйенеді:

-қаншалықты биржадағы мәмілелердің ауызша жасалып, кейіннен заңды түрде құжатталатындықтан да брокерлер мен клиенттер арасындағы жеке сенімнің болуы;

- сауда - саттық ережелері мен есеп арқылы қаржы делдалдарының қызметінің қор биржасының әкімшілігіжәне аудиторларымен қатаң түрде реттелуі.

Сұрақтар:

1. Компанияның ұзақ қарыздарды қаржыландыру көздерін тарту мен пайдалану мақсаты.

2. Ұзақ мерзімді қарыздарды қаржыландыру көздерін тарту түрлері: ұзақ мерзімді банк ссудалары; лизинг; ипотекалық несие; мемлекеттік және меншікті инвестициялары; шет елдік және пай инвестициялары; акционерлік капитал.

3. Қамтамасыз эмиссиялық қызымет.

4. Қарыз міндетемеллерінің және акциялардық түрі нысандары.

5. Қаржы инструметтерін бағалау: акциялар, облигациялар.

Әдебиет: 2, 8, 14


9 Тақырып. Корпорация капиталының құны мен құрылымы

Капитал құны дегеніміз-бұл компанияның өз капиталын қалыптастыру мақсатында қолданған ақша қаражаттарынан төлеген орта өлшемді бағасы. Осы орта өлшемді көрсеткіш балнстың пассивті бөлігінде қарыз және меншікті акционерлік капиталының арақатынасын, яғни капитал құрылымын анықтайды.

Егер мақсатты құрылым тұрақсыз болса, қаржыландыру көздерінің ара қатынасы жоспарлануы мүмкін, сәйкесінше біз капиталдың жоспарланған бағасын аламыз. Капиталдың шекті құны да капиталдың мақсатты пропорцияларына негізделеді, бірақ ағымдағы қор нарығының бағасы бойынша есептелінеді.

Капиталды арттырудың негізгі әдісіне –пайданың жоғарлауы жатады.



Корпорацияның меншікті капиталының қалыптасуы:

    1. Меншікті капиталдың құрамы мен құрылымы.

    2. Жарғылық капиталдың қалыптасуы.

Сұрақтар:

1. Капитал бағасы мен құрылымы.

2. Капитал құнының тұжырымдамасы- компания қаржыландыру теориясының негізі.

3. Капитал құрылымының белгілейтін факторлар.

4. Капитал құнының түрлері: ішкі, нарықтық, баланстық, шекті, жою, инвестициялық.

Әдебиет: 3, 9, 15



10 Тақырып. Корпорация қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары

Қаржылық жағдай-бұл қаржылық ресурстарды пайдалану және орналастыру көрсеткіштерінің жиынтығы. Қаржылық жағдайды бағалау –программалық, (бағдарламалық) талдау процедурасы мен қаржылық жағдайға терендетілген талдау жатады. Мазмұнына қарай басқару процесі перспективті (болжамдық, алдын-ала) талдау, оперативті талдау, ағымдық (ретроспективті) талдау болып бөлінеді. Ағымдық (ретроспективті) талдау-бухгалтерлік және статистикалық есепке байланысты бағаланады және бірлестіктердің, кәсіпорындардың жылға, кварталға, айға бөлінуін бағалауға мүмкіндік береді. Ағымдық талдаудың негізгі міндеті-резервтері бар коммерциялық іскерлік нәтижелерін кешенді анықтау, оларды мобилизациялау, еңбек нәтижесі мен жұмыс сапасы бойынша материалды және моральды жағдайдың толықтай сәйкес келуіне қол жеткізу. Ағымдық талдау шаруашылық іс-әрекеттердің нәтижелерін шығару кезінде жүзеге асырылады, ал нәтижесі басқару мәселелерін шешу үшін қолданылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсететін көрсеткіштің бірі-оның төлемқабілеттілігі, сонымен қатар, өзінің төлем міндеттемелерін өз уақытында қолда бар қаржы ресурстармен төлеу мүмкіндігі. Төлем қабілеттілігін талдау қаржылық әрекеттерді болжау және бағалау үшін тек кәсіпорындарға ғана қажет емес, сонымен қатар сыртқы инвесторларға (банк) да өте қажет. Несие бермес бұрын банк қарыз алушының несие қабілеттілігіне сенімді болуы керек. Төлем қабілеттілігін бағалау ағымдық активтердің өтімділік мінездемесі негізінде жүзеге асырылады. Өтімділік пен төлемқабілеттілік түсініктері бір-біріне өте жақын. Баланстың өтімділік сатысына төлемқабілеттігін тәуелді. Өтімділік өз алдына есептердің ағымдағы жағдайын ғана емес, сонымен қатар оның перспективасын да көрсетеді. Өтімділік құралдарының тұтас бөлігіне ақша және қысқа мерзімді қаржылық салымдар кіреді, бұлар бірінші топқа жатады. Ал екінші топқа-дайын өнім, тиелген тауарлар және дебиторлық қарыз жатады. Үшінші топқа өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірісті дайын өнімге айналдыру жатады. Осы үш топқа сәйкес кәсіпорынның төлем міндеттемелері дамиды.

Сұрақтар:

1. Компания туралы қаржылық ақпараттар көздері.

2. Бухгалтерлік баланста негізгі және айналым капиталы, кәсіпорынды қаржыландыру көздері көрсетіледі.

3. Компанияның қаржылық жағдайын сипаттайтын баланстын актив және пассив баптарының қатынастары.

4. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру.

Әдебиет: 5, 11, 17
11 Тақырып. Корпорацияның қаржылық қабілетсіздігі және қаржылық сауықтырылуы

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық шаруашылық іскерлігі нәтижесінде жауапкершілік принципі тауар (қызмет, жұмыс) төлемін өтеуде және өндірістік процесті қаржыландыруды қамтамасыз етуде кредиторлардың талаптарын орындай алмаған жағдайда, яғни кәсіпорын банкроттылыққа ұшыраған кезде жүзеге асады. “Дәрменсіздік” түсінігі кәсіпорынның тауарлар (қызмет, жұмыс) төлемін өтеуде кредиторлардың талаптарын орындай алмағандығын, есеп айырысу шотында міндетті сақтандыру жарналары мен салықтарды төлеуге қажетті ақша қаражаттарының жоқтығын білдіреді. Төлемақы , пеня, неустойка төлемегені үшін кәсіпорынды дәрменсіз деп атауға болмайды, яғни санкция сомалары кредиторлық қарыз болмайды. Банкроттылықтың пайда болу себептері: Басқа да көптеген құбылыстар сияқты банкроттылықтың да өз пайда болу себептері бар. Кәсіпорын іскерлігінің сәтсіз болуы –кәсіпорын мүлдем немесе тек әлсіз ықпалын тигізетін сыртқы (объективті) фактор мен тікелей кәсіпорын жұмысының ұйымдастырылуына тәуелді ішкі (субъективті) фактордың өзара әрекетесуінің нәтижесі болып табылады.

Сұрақтар:

1. Банкроттық түсінігі, белгілері мен принциптері.

2. Фирманың дағдарыс факторлары.

3. Қаржылық жағдайы жақсы болу факторларының жіктелуі.

4. Кәсіпорын балансының қанағатсыз құрылымын табу.

Әдебиет: 6, 12, 18


12 Тақырып. Корпорацияларды қаржылық жоспарлау

Жоспарлау сатылары:

- өнім өткізуге кеткен шығындар анықталады; өнім өткізуден түскен түсім көлемі есептеледі; ақша жинағы есептеледі;

Қаржылық жоспарлаумен шешілетін негізгі мәселелер



-кәсіпорынның негізгі шаруашылық іскерлігін қаржылық ресурстар мен және қаржылық құралдармен қамтамасыз ету;

- пайда және оны өсіруге мүмкін болатын факторларды анықтау;

- бюджет пен банктің өзара қаржылық байланысын анықтау;

Жоспар тоқсан, айлық бөлу бойынша жасалады.

Қаржылық жоспардың 3 түрі ажыратылады: жоспарлы кіріс және шығыс балансы; алдын-ала (күтілетін кезеңге); атқарушы (қорытындылаушы)

Бұдан басқа шахматты баланс көрсететін шығыс және кірісті тексеру балансы бар.

Қаржылық жоспардың бөлімдері:


  1. Табыс және түсім

  2. Шығыс және аударым

  3. Бюджетпен, бюджеттік емес қорлармен және банктермен өзара байланыс.

Сұрақтар:

1. Қаржылық жоспардың принциптері мен мәселелері.

2. Қаржылық жоспарлаудың негізгі әдістері.

3. Қаржылық жоспарлау мен өндірістік жоспарлар көрсеткіштерінің байланыстылығы.

4. Стратегиялық, ағымды және оперативті қаржылық жоспар.

5. Қаржылық жоспар жүйесі мен құрылымы.

Әдебиет: 4, 10, 16

7. Дәрістер, тәжірибе (семинар) сабақтарының жоспары
1 тақырып. Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны

1. Корпорациялардың қаржылық механизмі.

2. Компанияның стратегиясы, мақсаты, құрылымы.

3. Корпорацияның қаржы қызметтерінің міндеттері.

4. Компания қызмет етудегі сыртқы ортасы.

5. Капитал нарығындағы компанияның қызметі.



Тапсыру мерзімі: 1 апта
2 тақырып. Қаржы-несие шешімдер қабылдауда қаржы экономикалық есептеудің математикалық негіздері

1. Дисконттау және компаундтау.

2. Жай және күрделі пайыздар.

3. Жай және күрделі есептік ставкалары.

4. Дисконттау коэффициенті.

5. Аннуитеттер.



Тапсыру мерзімі: 2 апта
3 тақырып. Корпорацияның ұзақ мерзімді активтері

1. Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық табиғаты, құрамы мен құрылымы.

2. Негізгі капиталды бағалау әдістері.

3. Негізгі құралдарды қайта бағалаудың маңыздылығы.

4. Амортизация, оны есептеу және негізгі капиталда жаңартудағы орны.

5. Негізгі қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштері.

6. Қазақстандағы корпорациялар инвестициялық саясаттың ерекшеліктері.

7. Негізгі құралдарды жөндеуге қаржыландыру.



Тапсыру мерзімі: 3-4 апта
4 тақырып. Корпорацияның айналым капиталы

1. Айналым капиталының экономикалық мәні және жіктелуі.

2. Дебиторлық қарыз: айналым капиталын қалыптастырудағы мәні мен маңыздылығы.

3. Айналым капиталын ұйымдастыру принциптері.

4. Компанияның босалқы қоры: қалыптасу және пайдалану саясаты.

5. Айналым қаражаттарын мөлшерлеу әдістері.

6. Айналым капиталының өсімі, оны қаржыландыру көздері.

7. Меншік айналым капиталы.



Тапсыру мерзімі: 5-6 апта
5 тақырып. Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен корпорацияның шығындары және оларды қаржыландыру

1. Корпорация шығындарының экономикалық жіктелуі.

2. Өнімнің, жұмыстар мен қызметтерінің өзіндік құнын баптары.

3. Шығындар деңгейінің көрсеткіштері, төмендету жолдары мен резервтері.

4. Өнімді өндіріп өткізу шығындарының сметасы.

Тапсыру мерзімі: 7апта
6 тақырып. Корпорациялар табысының қалыптасуы, мен бөлінуі және тиімді пайдалану

1. Корпорация қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіш ретіндегі табыс.

2. Табыстар функциясы.

3. Корпорацияның жиынтық (жалпы) табысы, оның құрамы мен құрылымы.

4. Компаниянын қаржылық және инвестициялық қызметтерінен түскен табыс.

5. Өнімді сатудан (жұмыстар мен қызметтерден) түсетін табысты жоспарлау және оның көлеміне әсер ететін факторлар.



Тапсыру мерзімі: 8 апта
7 тақырып. Корпорацияның меншік капиталы

1. Корпорация қызметіндегі меншік капиталының орны.

2. Корпорацияның меншікті капиталы, оның құрамы мен құрылымы.

3. Жарғылық капитал –корпорацияның меншік қаражаттарының негізгі бастапқы көзі.

4. Қаржылық арнайы бағыттағы қорлар.

5. Бөлінбеген таза кіріс (залал).



Тапсыру мерзімі: 9 апта
8 тақырып. Корпорация қарыз көздерінен қаржыландыру

1. Компанияның ұзақ қарыздарды қаржыландыру көздерін тарту мен пайдалану мақсаты.

2. Қамтамасыз эмиссиялық қызметі.

3. Франчайзинг және басқа да қаражаттарды тартудың көздері.

4. Несиелендірудің әдістері.

5. Несиелеу әдістері, қаржыландырудың жаңа құралдары: факторинг, форфейтинг, форвардтық және фьючерстік келісім-шарттар т.б.



Тапсыру мерзімі: 10 апта
9 тақырып. Корпорация капиталының құны мен құрылымы

1. Капиталдың бағасы мен құрылымы.

2. Капитал құрылымының белгілейтін факторлар.

3. Капитал құнын бағалау әдістері.

4. Леверидж капиталы.

5. Капитал құнының концепциясы.

6. Қазақстан кәсіпорындары үшін капитал құрылымы теориясының мәні.

7. Компания капиталының құны мен құрамын табу.



Тапсыру мерзімі: 11-12 апта
10 тақырып. Корпорацияның қаржылықжағдайын бағалау және қаржылық турақтылыққа жету жолдары

1. Компания туралы қаржылық жоспарлау ақпараттар көздері.

2. Компания туралы қаржылық жоспарлау ақпараттар көздері.

3. Компанияның қаржылық жағдайын сипаттамасы.

4. Компанияның қаржылық жағдайда бағалауда қолданылылатын көрсеткіштер жүйесі.

Тапсыру мерзімі: 13апта
11 тақырып. Корпорацияның қаржылық қабілетсіздігі және қаржылық сауықтырылуы

1. Банкроттық түсінігі, белгілері мен принциптері.

2. Компания қызметінің дағдарыс факторы.

3. Қаржылық жағдайы жақсы болу факторларының жіктелуі.

4. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпыны келтірудегі нақты мүмкіншіліктерін талдау мен бағалау.

Тапсыру мерзімі: 14апта
12 тақырып. Корпорацияларды қаржылық жоспарлау

1. Қаржылық жоспарлаудың негізгі әдістері.

2. Қаржылық жоспарлау мен өндірістік жоспарларкөрсеткішінің байланыстылығы.

3. Стратегиялы қаржылық жоспарлау.

4. Корпорацияның қаржылық жоспары мен қаржылық саясатын құру.

Тапсыру мерзімі: 15апта



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет