1. Mатематика мен дене тәрбиесі сабағы арасындағы байланыстар



Pdf көрінісі
Дата07.07.2023
өлшемі294,06 Kb.
#179348
Байланысты:
Bastauysh-synyptarda-matematikany-o ytu- distemesi



1. Mатематика мен дене тәрбиесі сабағы арасындағы байланыстар 
A) халықтық ән, би, күй, айтыс және термелерді математика мазмұнына 
сіңіру 
B) баланың кеңістікті болжауы және сәйкес түсінікті пайдалануы 
C) уақыт аралығы жайындағы түсініктердің қалыптастырылуы 
D) нота сауатында математикалық білімнің пайдалануы 
E) қозғалысты ұлттық ойындардың қолданылуы 
F) өзіндік пікір айту және оны дәлелдеу 
G) күнделікті өмірге қажетті бұйымдар жасауда математикалық білім
білік, дағдылардың пайдалануы 
H) өлең жолдарындағы буын сандарының теңдігі 
2. Mатематикалық модельдеу бөлімінің мазмұны 
A) пікірлер 
B) теңдік және теңсіздік 
C) математикалық тіл 
D) сандармен амалдар орындау 
E) тізбектер 
F) есептер және математикалық модель 
G) геометриялық фигураларды кескіндеу және салу 
H) шамалар және оларды өлшеу бірліктер 
3. Бастауыш мектеп математика пәні мазмұнының бөлімдері 
A) Сандар және өлшемдер 
B) Алгебра элементтері 
C) Кестелік қосу мен азайту 
D) Геометрия элементтері 
E) Арифметикалық амалдарды оқытудың әдістемесі 
F) Үлестер 
G) Есеп, оның мазмұны 
H) Қарапайым түсініктер 
4. 2 сынып математика оқулығының авторлары 
A) Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.Қ.Құрманалина 
B) Т.Қ.Оспанов, О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева.
C) М.И. Моро, А.М. Пышкало 
D) А.Б.Акпаева, Л.А.Лебедева, М.Ж.Мынжасарова 
E) М.А. Бантова 
F) Г.В.Бельтюкова 
G) М.И. Моро, Т.Қ.Оспанов,
H) М.А.Бантова, О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева.


5. Блум таксономиясының алтыншы – бағалау деңгейінің көрсеткіштері 
A) ақпаратты, оқу материалын есте сақтау мен қайталау 
B) оқу материалын бір формадан екінші формаға, бір белгі жүйесінен 
басқа жүйеге түрлендіру (интерпретация), ауыстыру, оқу мәліметін 
өздігінше игеру, салдары мен нәтижелерінің қандай болатындығы 
туралы алдын-ала болжау, жорамалдау 
C) оқу материалын жаңа жағдайлар мен ситуацияларда қолдану 
D) оқу материалын құрамдас бөліктерге жіктеп, олардың арасындағы 
байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша құралатындығын түсіну 
және түсіндіре білу.
E) оқу материалдарын пайдалана отырып, шығармашылық тұрғыдан жаңа 
мазмұн құрастыру 
F) оқу материалының маңызын бағалау: салыстыру және 
айырмашылықтарын айқындау, дәлелдеу арқылы шешім қабылдау 
G) оқу материалдарын пайдалана отырып зерттеушілік тұрғыдан өзіндік 
идея шығару 
H) танымдық қабілеттерін дамыту 
6. Блум таксономиясының екінші– түсіну деңгейінің көрсетікштері 
A) ақпаратты, оқу материалын есте сақтау мен қайталау 
B) оқу материалын бір формадан екінші формаға, бір жүйеден басқа 
жүйеге түрлендіру (интерпретация), өздігінше игеру, салдары мен 
нәтижелерінің қандай болатындығы туралы алдын-ала болжау, 
жорамалдау 
C) оқу материалын жаңа жағдайларлар барысында қолдану 
D) оқу материалын құрамдас бөліктерге жіктеп, олардың арасындағы 
байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша құралатындығын түсіну 
және түсіндіре білу 
E) оқу материалдарын пайдалана отырып, шығармашылық тұрғыда жаңа 
мазмұн құрастыру 
F) оқу материалының маңызын бағалау: салыстыру және 
айырмашылықтарын айқындау, дәлелдеу арқылы шешім қабылдау 
G) оқу материалдарын пайдалана отырып зерттеушілік тұрғыдан өзіндік 
идея шығару 
H) танымдық қабілеттерін дамыту 
7. Mатематиканы оқытуда оқушылардың тыңдалым және айтылым 
дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері 
A) мұғалімдермен және оқушылармен сұхбатқа қатысу 
B) талқылауларға қатысу 
C) сұрақтар құрастыру және сұрақтарға жауап іздеу 
D) мәтінде тірек сөздерді белгілеу 
E) ғылыми мәтіндермен жұмыс жасау 
F) тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру 
G) тапсырманы орындау барысына талдау жасау (ауызша және жазбаша)
H) математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу тәсілдерін 
сипаттау және түсіндіру


8. «Интербелсенді» дегеніміз 
A) белгілі бір тұлғамен қарым-қатынасқа түсу, онымен бірлесе әрекет 
жасау, диалог құру 
B) ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану 
C) проблемаларды шешу және шешім қабылдау 
D) өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін жалпы 
адами құндылықтармен байланыстыру 
E) өздігінен үйрене білу 
F) ортақ жұмысқа жұмыла білу 
G) ақпаратты жан-жақты талдау 
H) өздігінен жаңа түсінік пен білім құрастыру 
9. Hатурал сандар қатары 
A) шексіз 
B) шектеулі 
C) 1-9 дейінгі сандар 
D) 0 ден басталатын сандар 
E) 1- ден-100-ге дейінгі сандар 
F) 1-ден -1000 –ға дейінгі сандар 
G) көп таңбалы сандар 
H) миллиондар 
10. Mиллион санымен оқушы ... танысады 
A) 1 сыныпта 
B) 2 сыныпта 
C) 3 сыныпта 
D) 4 сыныпта 
E) 5 сыныпта 
F) 2 сыныптың 4 тоқсанында 
G) 3 сыныптың 2 тоқсанында 
H) 3 сыныптың 3 тоқсанында


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет