ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «ҚҰС, балық, ара және өсімдік шаруашылығЫ Өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау» 5В120100- «Ветеринариялық медицна» мамандық үшін студенттер үшін пән бағдарламасы



Дата17.06.2018
өлшемі46,96 Kb.
#42637

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі кұжаты

ПОӘҚ

ПОӘҚ042-18-23.1.09/01-2016


ПОӘҚ «Құс, балық, ара және өсімдік шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау» пәнінің студентке арналған жұмыс оқу бағдарламасы

Баспа №


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«ҚҰС, БАЛЫҚ, АРА ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ»
5В120100- «Ветеринариялық медицна» мамандық үшін
СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей, 2016



Алғы сөз




1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ


Құрастырушы: Қойгелдинова А.С. в.ғ.к., доцент м.а.______________

Сүлейменов Ш.Қ. оқытушы _____________________

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық санитария» кафедрасы «___» _______ 2016 ж.


2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1.«Ветеринариялық санитария» кафедрасының отырысында

Хаттама № «___» _______ 2016 ж.

Кафедра меңгерушісі А.Т.Серикова
2.2 Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
Хаттама № «___» _______ 2016 ж.

Төрайымы А.В.Тлеубаева



3. БЕКІТІЛДІ


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітіліп, баспаға ұсынылды
Хаттама № «___» _______ 2016ж.

Төрайымы, оқу ісі бойынша проректоры Г.К.Искакова


4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ



Мазмұны
1 Жалпы ережелер

2 Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу

3 Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

4 Пәннің форматы

5 Пәннің саясаты

6 Баға қою саясаты

7 Әдебиет
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер

Қойгелдинова А.С. в.ғ.к., доцент м.а.

Сүлейменов Ш.Қ. оқытушы

Кафедра «Ветеринариялық санитария»

Байланыс ақпарат - тел: 53-19-70 , оқу ғимараты №5

Сабақ өткізу орны – дәрісхана №309, 311, 312

Пән бойынша кредит саны – 3.
1.2 Пәнді оқу мақсаты: «Құс, балық, ара және өсімдік шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау» пәні студенттерге теориялық білім мен тәжірибелік жұмыстарда, ветеринариялық санитариялық сараптаудың алдына қойылған міндеттерін орындау үшін құс, балық, ара және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздік дәрежесін және сапасын ветеринариялық санитариялық бағалау жұмыстарын жүргізуді оқытады.

1.3 Пәнді оқудың негізгі міндеттері:

-құстарды, балық және араларды күтіп-бағу ережесін;

-тағамдық мақсатта қолданылатын өсімдік өнімдерін өсіру және жинау ережесін;

-құс, балық, ара және өсімдік шаруашылығы өнімдерінен зертханалық зерттеулер үшін сынама алу ережесін;

-құс, балық, ара және өсімдік шаруашылығы өнімдеріне ветеринариялық санитариялық сараптау жүргізу тәсілдерін;

-құс, балық, ара және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығын анықтау тәсілдерін;

-құс, балық, ара және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын бағалау;

-құс, балық, ара және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздік дәрежесін бағалау.



1.4 Пәнді оқытуда студент білуге тиісті:

-құс, балық, ара және өсімдік шаруашылықтарының қазіргі кездегі жағдайын;

-құс өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының құрылымы мен жұмыс тәртібін;

-құс шаруашылығы өнімдерінің түрлерін және адам рационындағы маңызын;

-үй құстары мен құс шаруашылығы өнімдеріне ветеринариялық – санитариялық сараптау жүргізу тәсілдерін;

-құс шаруашылығы өнімдері мен құстан алынған шикізаттарды ветеринариялық – санитариялық бағалау тәртібін;

-құс өнімдері мен шикізаттарын консервілеу тәсілдерін;

-тағамдық уланулардың алдын алу шаралары, тасымалдау мен сақтаудың дұрыс жүргізілмеуінен етте пайда болған өзгерістерде және лажсыздан сойылған құс етін зарарсыздандыру және пайдалану ережесін;

-балық тұқымдастарын;

-бал, ара тұқымдары және олардың биологиялық ерекшеліктерін;

-улы балықтар мен балық шаруашылығының өнімдерінің түрлерін;

-араның әртүрлі токсикоздарын;

-балық еті мен ара шаруашылық өнімдерінің химиялық құрамы мен қасиетін;

-балық және ара шаруашылықтарында өнімдерді санитариялық сараптау жүргізуде пайдаланылатын озық тәжірибе мен заманауи технологиялар мен қондырғыларды пайдалануды;

-балық және бал араларын клиникалық және диагностикалық зерттеу әдістерін;

-балық және ара шаруашылығы өнімдерінің сапалылығын тексерудің зертханалық және сезімдік тәсілдерін;

-балық пен араның жұқпалы, инвазиялық және жұқпалы емес ауруларымен улану себептері, бұл ауруларға қарсы тиімді күресу шараларын жүргізу мен олардың алдын алуды;

-балық пен аралардың және өнімдерінің жұқпалы, инвазиялық, жұқпалы емес ауруларымен улану кезінде балықты, балық және ара өнімдеріне сараптау жүргізу мен санитариялық баға беру тәртібін;

-балық және балық шаруашылығы өнімдерінің, бал мен басқа да ара шаруашылығы өнімдерінің гигиенасы мен технологиясы негіздерін, олардың маңызын;

-тағамдық өсімдік өнімдерінің химиялық құрамы мен тағамдық құндылығын;

-өсімдік шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау, құрал – жабдықтар мен заманауи технологиялар;

-балауса және кептірілген тамыр-түйнектілерді, жемістерді, көкөніс, жеміс – жидекті, субтропикті және тропикті жемістерді ветеринариялық – санитариялық сараптауды;

-ашытылған, тұздалған, маринадталған және мұздатылған көкөніс, жеміс – жидектерді ветеринариялық – санитариялық сараптауды;

-саңырауқұлақтардың жіктелуін, тағамдық құндылығын және ветеринариялық – санитариялық сараптауды;

-өсімдік майларын ветеринариялық – санитариялық сараптауды;



меңгеру:

-құс пен балық етінен, балық және ара шаруашылығы өнімдерінен сынама алуды;

-санитариялық сараптауға өсімдік өнімдерінен сынама алуды;

-құс пен балық етіне, балық және ара шаруашылығы өнімдеріне ветеринариялық – санитариялық сараптау жүргізуді;

-балауса тамыр – түйнектілер, бақшалық жемістерді сараптауды;

-кептірілген тамыр – түйнектілер мен жемістерді зертханалық зерттеулер жүргізіп, сараптауды;

-ашытылған, тұздалған және маринадталған көкөніс, жеміс – жидектерді ветеринариялық – санитариялық сараптау жүргізуді;

-саңырауқұлақтарға сараптау жүргізуді;

-ұн, жарма, астық және бұршақ өнімдерін сараптауды жүргізуді;

-құс, балық етіне және балық шаруашылығы өнімдеріне, бал және ара шаруашылығы өнімдеріне сезімдік және зертханалық зерттеулер жүргізіп, ветеринариялық – санитариялық сараптауды;

-балық және ара шаруашылығында аурудың алдын алу және пайда болған ошағын жоюды ұйымдастыру шараларын жүргізу.



түсіну:

- құстардың, балық, ара және өсімдік шаруашылығы өнімдерін тексеруді және ветеринариялық - санитариялық сараптауды, құс комбинаттарының, қасапханалардың, сою пунктерін және алаңдардың құрылысына, жер таңдауды квалификациялық жүргізуге мүмкіндік беретін теорияны жақсы түсіну және құс, балық,ара және өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруде қолданылатын технология және стандартизация негіздерін білу.

ескере білу:

-құс, балық, ара және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасына әсер ететін факторлар туралы жалпы түсінік және оларды тәжірибеде ескере білу;

игеру:

-құстарды қабылдау және тапсыру, тасымалдау және союға дайындау, технологиялық, биохимиялық бақылау үшін өнімдерден сынама алу;



-базарлардың ВСС зертханаларындақұс ұшасы мен мүшелеріне, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдеріне, сонымен қатар ара, балық, өсімдік шаруашылығы өнімдеріне ВСС жүргізуді;

-құс, ара, балық және өсімдік шаруашылығы өнімдеріне органолептикалық,физико-химиялық, гистологиялық және басқа да зерттеулер жүргізуді игеру.



1.5 Пән пререквизиттері:

Құс, балық, ара және өсімдік шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау - І; Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау



1.6 Пән постреквизиттері:

Құс, балық, ара және өсімдік шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау ІІІ; Ет, сүт өнімдерінің технологиясы, гигиенасы және ветеринариялық – санитариялық сараптау І,ІІ; Өсімдік және жануар тектес өнімдерді соттық ветеринариялық – санитариялық сараптау; Ет – сүт өндіріс орындарындағы ветеринариялық санитария


2 ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ

Кесте 1




Тақырыптың аталуы

Сағаттар

Әдебиеттер

ДС

ЗС

ТС

БОӨЖ

БӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

Дәріс сабақтары

Модуль 1. Ауыл шаруашылық құстары өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау

1

Ауыл шаруашылық құстарын өңдеудің гигиенасы және технологиясы. Ұша мен ішкі ағзаларын тексеру әдістері.

2
















2

Құс еті мен құс шаруашылғы өнімдерін мал дәрігерлік санитариялық сараптау.

2
















3

Жұмыртқаны және жұмыртқа өнімдерін мал дәрігерлік санитариялық сараптау.

2
















Модуль 1. Балық шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау

4

Балық шаруашылығы. Балық тұқымдастары. Қазақстандағы кәсіби ауланатын балықтары. Балық анатомиясы, еттің морфологиясы мен химиялық құрамы. Улы балықтар.

2













№1 323-329б.

№2 56-58б.

№1 329-335,341-342б.

№12 155-156, 158б.



5

Балықтарды тасымалдау, өнімдерін өндірістік өңдеу мен өндіру технологиясы. Балық және балық шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау және санитариялық бағалау.



2













№1 345-347б.

6

Жұқпалы ауруларда балық және балық шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау және санитариялық бағалау.

1













№1 295-298б.

7

Инвазиялық ауруларда балық және балық шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау және санитариялық бағалау.

2













№1 303-305б.

8

Жұқпалы емес ауруларда және улануларда балық және балық шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау және санитариялық бағалау.

2
















Модуль 3. Ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау

9

Ара шаруашылығы, саланың эканомикалық тиімділігі мен маңызы.

2
















10

Бал ара аурулары кезінде ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау және санитариялық бағалау. Жұқпалы, инвазиялық, жұқпалы емес ауруларында

2
















Модуль 4. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау

11

Тағамдық өсімдік өнімдерін сараптау және санитариялық бағалау.

2
















12

Балауса тамыр-түйнектілер, жемістер, көкөніс, көкөнім, жеміс-жидек, саңырауқұлақ және бақша, жаңғақтарды өнімдерін сараптау.

2
















13

Ашытылған. тұздалған, маринадталған жәнне мұздатылған көкөніс, жеміс-жидектерді сараптау.

2
















14

Ұн, жарма,крахмал, астық және бұршақ өнімдерін сараптау

2
















15

Тағамдық өсімдік майларын сараптау.

2



















Барлығы

30
















Зертханалық сабақтары

Модуль 1. Құс шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау

1

Құс етінің балаусалығын анықтау




1













2

Ауру құс етін анықтау




1













3

Жұмыртқа және ұмыртқа өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау




1













Модуль 2.Балық шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау

4

Ветеринариялық санитариялық сараптау үшін балықты сыртынан тексеру және сойып қарау технологиясы. Тірі, тоңазытылған және мұздатылған балықтарды сезімдік зерттеулер




1













5


Базарлар мен дүкендер желісінде балық және балық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау және санитариялық бағалау. Балық түрлері, оларды тасымалдау, сақтау және жарату кезеңдерімен танысу




1













6

Балықтарды зооантропонозды паразиттерге тексеру тәртібі және ветеринариялық санитариялық сараптау және бағалау




1













Модуль 3. Ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау

7

Ара балының және өнімдерінің түрлері. Балды ветсансараптау және санитариялық бағалау. Балды сезімдік және зертханалық зерттеулер. Балдың «жұмыстық» ерітіндісін дайындау, балдың ылғалдылығын, тұтқырлығын анықтау




1













8

Балдың бұрмалануын зерттеу, борық қамыс немесе қызылша қантының, қантты шырынды ертіндісінің қоспаларын анықтау. Инверттелген қанттың диастаза санына қарай қоспаларын анықтау




1













9

Шіре балын зерттеу – спиртпен, әк суымен және сірке қышқылды қорғасын ерітінділерімен реакциялар жүргізу




1













10

Ұн, крахмал және желатиннің қоспаларын анықтау. Балдың қыздырылғандығын және балдың улылық дәрежесін анықтау




1













Модуль 4. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау

11


Балауса тамыр түйнекті жемістер, көкөніс пен көкөнімдер сапасын сараптау. Олардың құрамындағы солонин, нитрат және нитреттерді химиялық токсикологиялық талдау.




1













12

Балуаса және ауру цитрусты жеміс-жидектер, саңырауқұлақтар және бақша көкөністерің сапасын сараптау және санитариялық бағалау.




1













13

Ашытылғын қырықабат, тұздалған қияр, қызанақ, қарбыз, маринадталған көкөністердің сапасын сараптау және санитариялық бағалау.




1













14

Әр түрлі ұн мен жарма сапасын сараптау және санитариялық бағалау. Астық бұршақ пен бұршақ тұқымдастарының сапасын сараптау және санитариялық бағалау.




1













15

Күнбағыс, зығыр, кендір, мақта жүгері, қыша, жержаңғақ, күнжіт майлары сапасын сараптау және санитариялық бағалау. Межелік бақылау




1
















Барлығы




15













БӨЖ

1

Қазақстанның балық шаруашылығы, оның қазіргі кезеңдегі жағдайы және болашағы













3

№12 156-157б.

2

Қазақстанның кәсіби ауланатын балық түрлері, балық және балық шаруашылығы өнімдерінің сипаттамасы













3

№1 552-553б.


3

Балық және балық шаруашылығы өнімдерін всс және санитариялық бағалау













3

№1 335-341, 342-345б.

4

Балық шаруашылығы өнімдерін балықтың вирустық ауруларына байланысты всс және санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары













4

№1 346-347б.

5

Балық шаруашылығы өнімдерін балықтың бактериалды ауруларына байланысты всс және санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары













4

№1 295-298б.

6

Балық шаруашылығы өнімдерін балықтың микоздық ауруларына байланысты всс және санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары













3

№1 303-305б.

7

Балық шаруашылығы өнімдерін балықтың протозойлық ауруларына байланысты всс және санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары













3

№1 281-286, 291б.

8

Балық шаруашылығы өнімдерін балықтың гельминтоздық ауруларына байланысты всс және санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары













4

№2 379-383б.


9

Балық шаруашылығы өнімдерін балықтың акантоцефалездік ауруларына байланысты всс және санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары













3

№12 191-193б

10

Балық шаруашылығы өнімдерін балықтың крустацеоздық ауруларына байланысты всс және санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары













3

№12 193б.

11

Қазақстанның ара шаруашылығы, оның қазіргі кезеңдегі жағдайы және болашағы













3

№3 94-98б.

12

Ара шаруашылығының маңызы, бал араларын өсіру және пайдаланудың озат ғылыми – тәжірибелері













3

№1 295-298б.

13

Ара шаруашылығы өнімдерінің түрлері сипаттамасы және өнімдерді пайдалану салалары













3

№1 303-305б.

14

Ара өнімдерін всс және санитариялық бағалау













3

№1 305-307б.

15

Ара балын всс және санитариялық бағалау, балдың жалғандығын анықтау және алдын алу шаралары













2,5

№12 155-156, 158б.

16

Ара шаруашылығы өнімдерін араның вирустық ауруларына байланысты всс және санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары













4

№1 329-335,341-342б.

17

Ара шаруашылығы өнімдерін араның бактериалды ауруларына байланысты всс және санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары













4

№1 345-347б.

18

Ара шаруашылығы өнімдерін араның микоздық ауруларына байланысты всс және санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары













3

№2 54-56б.

19

Ара шаруашылығы өнімдерін араның инвазиялық ауруларына байланысты всс және санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары













3

№1 280-281б.

20

Араны қоректік заттармен қоректендіру технологиясының бұзылуына қатысты ара шаруашылығы өнімдерін всс, қарсы күресу және алдын алу шаралары













3

№1 281-286, 291б.

21

Ара шаруашылығы өнімдерін араның әртүрлі токсикозына байланысты всс және санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары













3

№1 281-286, 291б.




Барлығы













67,5






3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР
Сабаққа дайындалуда алдын ала ұсынылған әдебиеттермен, әдістемелік нұсқаулармен таныс болу керек. Сабақтың мазмұнына, мақсатына, негізгі сұрақтарына назар аударыңыз. Оқу кезінде бағдарламада берілген барлық сұрақтар бойынша жұмыс дәптеріне конспект жасалуы керек. Зертханалық сабақтарда берілген тапсырманы талдау диалог түрінде өтеді. Зертханалық сабақ екі критерий бойынша бағаланады: сабаққа қатысу және тақырыпты талдаудағы белсенділік көрсету. Сабаққа қатысу әр сабақ үшін 1 балл, талдауға қатысу 3 балл болып есептеледі (1балл-қанағаттанарлық, 2 балл-жақсы, 3 балл- өте жақсы) АБЖ бойынша жасалған жұмысқа байланысты жұмыс дәптерінде жазылады. АБЖ барлығы – 30. Әрбір АБЖ үшбалдық жүйе бойынша есептеледі (1балл-қанағаттанарлық, 2 балл-жақсы, 3 балл- өте жақсы). Күнделікті үйге берілген тапсырманы тиянақты орындау, сабақ кезінде тақырыпты талдауға белсене араласу - сіздің емтиханды жақсы тапсыруыңыздың кепілі екендігін ұмытпаңыз!

Аудиториялық БОӨЖ сабақ кезінде аудиториялық бақылау жұмысы ретінде (АКР-АБЖ) өтеді. Қолдарыңыздағы БОӨЖ жоспары бойынша істелінген жұмыстар дәптерде болуы тиіс. Ағымдағы семестрде 15 АБЖ. Әрбір АБЖ үш балдық жүйе бойынша есептелінеді (1балл-қанағаттанарлық, 2 балл-жақсы, 3 балл- өте жақсы). Аудиториядан тыс БОӨЖ-ді білім алушы сабақтан бос уақытында дәріске дайындалып жеке дәптерге жазып және дәріс кезінде сұрақтарды талқылауға қатысып тиісті бағасын алады.

БӨЖ жеке дәптер арнау керек. Жоспарда көрсетілген тақырыптардың сұрақтарына, ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып, нақты жауап жазу керек. Ағымдағы семестрде 15 БӨЖ.
4 ПӘННІҢ ТҮРІ (ФОРМАТЫ)
Бақылау тапсырмалары (БӨЖ): оларды міндетті түрде орындап, бекітілген уақытында тапсырылуы қажет.

Аралық аттестация: білім алушылардыңдәріс және лабораториялық сабақтарға қатысуымен олардың материалдарына дайындығын тексеру арқылы бағаланады және өздігінен оқып дайындау сабақтары ескеріліп бағаланады.

Берілген жекелеме тапсырмаларды: әр білім алушыөздері орындауы керек, басқа біреуден көшіріп алуға рұқсат етілмейді, ондай жағдайда жұмыс қанағаттандырғысыз деп бағаланады.

Емтихан жазбаша түрде өтіледі. Білім алушы семестр бойы 50 пайыздан жоғары балл жинаған кезде ғана қортынды бақылауға жіберіледі.


5 ПӘН САЯСАТЫ
Курстың саясаты – бұл оқытушының пәнді оқыту барысында білім алушыларға қоятын талаптар жүйесі. Төменде ұсынылатын талаптар тізімі көрсетілген:

  • сабақтан кешігуге оны жіберуге болмайды;

  • сабақ үстінде ұялы телефондарды өшіру;

  • барлық тапсырмаларды өз уақытында орындау;

  • сабақ үстінде сағыз шайнамау,оқытушы ұсынған сабақ жоспарын мұқият тыңдап, оған белсенді түрде қатысу;

  • себепті жағдаймен қатыспаған сабағын ( деканаттың рұқсатымен) қайта тапсыру;

  • өз бетінше кітапханада және үйде дайындық жасау;

Академиялық этика ережесі:

  • тәртіп сақтау;

  • тәрбиелік;

  • адамшергілік;

  • шыншылдық;

  • жауапкершілігінің бар болуы;

Оқу топтарындағы келіспеушілік жағдайларды оқытушылар немесе тьюторлардың қатысуымен ашық түрде талқыға салу керек, шешілмеген жағдайда деканат қызметкерлері көмегімен қарастырылады.


6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
«Құс, балық, ара және өсімдік шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау» пән бойынша баллдардың реттелуі

Кесте 2



Апта

Бақылау түрі

Жалпы балл

Ескерту

1

2

3

4

1

1-7 апта арасында дәрісханалық сабақтарға қатысу

30





2

Лабораториялық сабақтың білімін тексеру

30




3

БӨЖ сабақтың білімін тексеру

40




4

Лабораториялық сабақтың білімін тексеру

30




5

БӨЖ сабақтың білімін тексеру

50




6

Лабораториялық сабақтың білімін тексеру

40




7

Межелік бақылау.

80

1 және 7 апта тақырыптары бойынша ауызша немесе жазбаша сұрау.

1-7 аптаоқу нәтижесі бойынша жалпы балл

300




8

8-15апта арасында дәрісханалық сабақтарға қатысу

30




9

Лабораториялық сабақтың білімін тексеру

30




10

БӨЖ сабақтың білімін тексеру

40




11

Лабораториялық сабақтың білімін тексеру

30




12

БӨЖ сабақтың білімін тексеру

50




13

Лабораториялық сабақтың білімін тексеру

40




14

Лабораториялық сабақтың білімін тексеру

БӨЖ







15

Межелік бақылау 2.

80

8 және 15 апта тақырыптары бойынша ауызша немесе жазбаша сұрау.

8-15 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл

300




Емтихан үшін жалпы балл

400




Академиялық кезен бойынша жалпы балл

1000





7 ӘДЕБИЕТ

7.1 Негізгі әдебиеттер

7.1.1 Шуклин Н.Ф., Қырықбайұлы С.Қ., Жумагелдиева А.А., Экспертиза добракачественности и радиационной безопасности продуктов. Их стандартизация и сертификация. Т.1,2,3. - Аламты, КазНАУ 2011г

7.1.2 Шуклин Н.Ф., Елемесов К.Е., Қырықбайұлы С.Қ., и др. Ветеринарно-санитарная экспертиза, стандартизация и сертифтикация продуктов. Т.1,2. -Алматы, 2002-2003 г

7.1.3 Қырықбайұлы С.Т, Телеуғали Т.М. Ветеринариялық - санитариялық сараптау практикумы. - Алматы, 2013ж

7.1.4. Макаров В.А., Броков М.Ф., Ермолаев А.П Практикум по ветсанэкспертизе. Учебное пособие. – М: Агропроиздат, 1987

7.1.5 Макаров В.А., Фролов В.П. Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизация продуктов животноводства. –М.: Агропроиздат, 1991

7.1.6 Житенко П. В., Боровков М. Ф. Ветеринарная санитарная экспертиза продуктов животноводства.- Москва, Колос, 2000 г. с. 335.



7.2. Қосымша әдебиеттер

7.2.1 Авесиян Г.А. Пчеловодства. - М.: Колос, 1975г

7.2.2 Сенченко Б. С. Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и растительного происхождения. - Ростов на Дону, 2001 г.

7.2.3 Позняковский В. М. Экспертиза мяса и мясопродуктов качество и безопасность. - Новосибирск, 2005 г.

7.2.4 Ахметов Ф.С. Бақша шаруашылығы. - Аламты, Қаз ҰАУ.2001ж.

7.2.5 Полтев В.М Болезни пчел. – Ленинград, 1964г.

7.2.6 Полянский Ю.Н., Волков С.В., Титов Е.И. Справочник по закупам картофеля. Плодов и овощей. - М.: Колос, 1976г.

7.2.7 Скрипникова Ю.Г. Технология переработки плодов и ягод. -М.: Агропроиздат, 1988г.

7.2.8 Осеторв В.С. Болезни рыб. Справочник.- М.. Агропроиздат, 1989г.

7.2.9 Юсупов М., Петров Е., Ахметова Ф.Овощеводство Казахстана. - Алматы, 2000г.



7.2.10 Телеуғалиев Т.М. Балық шаруашылығы. –Алматы, 1986ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет