Платон (б.з.б. 427-347жж.) Шын есімі-Аристокл. 200 жуық еңбектері бар. Сократ мектебінен өткен. Платнның айтуынша адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіруі және үй салуы керек.
Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Себебі қоғамдағы қарама-қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деген уәжді айтты. Мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді.Олар: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания.
Аристотель болса (б.з.б. 384-322жж) Платонның ізін жалғастырушы болды. Бала оқытып, көп ізденген ғалым. Өз зерттеулерінде Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты-адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Олда жеке меншікке қарсы болды. Қоғамның тұрақтылығын жақтады.
Достарыңызбен бөлісу: |