Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдарда саясат мәселелері былайша әңгімеленеді. Ол кез феодалдық кезең. У-ХУІғғ. Созылған уақыт. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі болған кез. Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйектердің қоғамдағы басқарушы рөлі басым айтылады.
Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді құдай берді. Христиан дініне көп еңбек сіңірген саяси ойшылдің бірі- А.Августин (354-430жж) Христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады.
Оның ізін жалғастырушы Ф.Аквинский (1225-1274жж) ол өзін Аристотельдің көзқарастарына бағыттады. Адам жалғыз өзі саяси тірі жәндік. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндіреді. Сондықтан патшалық билікке бағыну керек. Яғни аспанда құдай, жерде Рим папасы.
ХХ ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда болды Жас буржуазияны жақтаушылар католик шірекуінің озбырлығын әшкерелеп, адам құқығы мен ар-намысын қорғауға шақырды. Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасын саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл «гуманизм» деп аталды. Ал тарихи кезеңнің саяси өмірінде «қайта өрлеу дәуірі» деп аталды. Алдыңғы қатарлы оқымыстылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне қарсы бағытталған әлеуметтік-саяси қозғалыс –реформацияның тұрғысынан сынға алды.
Қайта өрлеу дәуіінің өкілі Н.Макиавелли (1469-1527 жж) Өз шығармаларында діни көзқарасқа қарсы бола отырып, шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Мемлекет ерікті болғанда ғана қуатты, абыройлы бола алады. Елдің бірлігі мен мемлекеттің қол астындағы адамдардың бірілігі де соған (мемлекетке) байланысты Мәселені саяси мақсат тұрғысынан қарастырады.