Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Саясаттану» Барлық мамандыққа арналған



бет19/34
Дата06.02.2022
өлшемі496,27 Kb.
#28269
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1.Саяси ғылымның тарихын оқып-білудің маңызы неде?
2.Құлдық және орта ғасыр дәуіріндегі саяси ойшылдар көзқарасы туралы не айтасыз?
3.Жаңа заман және қазіргі заманның саяси көзқарастары саясат туралы қандай пікірлерді айтады?
4.Қазақ даласындағы саяси ойшылдардың саясат туралы пікірлері нені меңзейді?
5.ХХ ғасырдың саяси көзқарасы саясат туралы нендей пікірлерді баяндайды


3.Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдар
1.Билік ұғымы мен түсінігі. Билік қызметі мен онің жіктелуі.
2.Билік түрлері: саяси және мемлекеттік.
3.Саяси тәртіп. Саяси жүйе. Олардың жіктелуі
4.Демократия түсінігі және оның саяси маңызы

Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты. Саясаттың негізгі мәселесі-билік, ал мазмұны-билік үшін күрес және билікті жүргізу. Адамның жан-жануардан ерекшілігі- билік үшін күресуі. (Ибн-Халдун (1332-1406жж).


Билік жөнінде түрлі тұжырымдар:
1.Телеологиялық-белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді.
2.Бихевиористік –адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстау ерекшеліктерімен түсіндіреді.
3.Инструиенталистік –белгілі құрал жабдықтар арқылы т.б.
4.Конфликтік-дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін ерекшеленді.
Бұдан билік туралы ғалымдардың біркелкі тұжырымы жоқ екенін түсіндік.
Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болады және оның даму барысында бола бермек. Ол алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Алғашқы қауымдық қоғамда билік қоғамдық сипатта болды. Ал саяси билік құлдық қоғамда пайда болды. Сондықтан саяси биліктің пайда болуын қазіргі саясаттануда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады.
Саяси биліктің биліктің ең басты түріне жатады. Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Оны мынадан байқаймыз:
1.Экономикалық қор: (қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары және т,б.)
2.Әлеуметтік әдіс-құралдар-үстемдік етіп отырған билік өзіне қолдау іздейді.
3.Күш жұмсау құралдары- мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді.
4.Ақпарат құралдары-қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны 4-ші билік деп атайды.
5.Информациялық қор- білім мен ғылыми мағлұматтарды тарату т.б.
Биліктің қызметтері: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру, саяси өмірін ұйымдастыру, мемлекеттің істерін басқару, саяси және саяси емес процестерге басшылық жасау.
Биліктің субьектісіне жеке адам немесе партиялар, ұйымдастыру т.б. жатады. Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі. Олардың өзіндік атқарар қызметі мен әрекеттері бар.
Билік екіге бөлінеді. Саяси билік жіне мемлекеттік билік. Саяси билік-таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін береді. Ал мемлекеттік билік- адамдарға міндетті заңдарды шығару мен ұйымдарды сақтау.
Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимдігінен білінеді. Легитимдік деп-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Саяси билікте бұлармен бірге оның принциптері болады. Олар: легитимдік принцип, қорғау принципі, ұтымдылық принципі, сыр бермеу принципі.
Биліктің түрлері: 1). Басқару түріне қарай монархия және республика болып екіге бөлінеді. Монархия өзі 2-ге: абсолюттік және конституциялық. Олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Республика 3-ке бөлінеді. Президенттік, парламенттік және аралас. Мемлекеттік құрылысына қарай мынадай болады.1.Унитарлық, 2.Федерация, 3.Конфедерация. Мемлекеттерді басқару түрі өзіндік құрылысымен ғана емес саяси тәртібі жағынан да ерекшеленеді.
Саяси тәртіп деп-саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады. Саяси тәртіп екіге бөлінедң. Демократиялық және антидемократиялық.
Демократиялық: а).адал, шынайы сайыс арқылы түрде өткізілетін сайлау; ә).үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі; б). Жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды.
Антидемократиялық: а).тоталитарлық –бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрыым, авторитарлық- күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік-саяси құрылыс.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет