Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Жаратылыс ғылымдары факультеті
Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемелері кафедрасы
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Спорттық ойындар оқыту әдістемесімен»
5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс жалпы білім беретін мектептен кейінгі студенттерге арналған
Семей – 2013
Қурастырған: дене шынықтыру және БӘД теориясы мен әдістемелері кафедрасының аға оқытушысы Мүрсәлімов Р.М.
Кафедра отырысында бекітілді: хаттама №1 «___»__________ 2013 жыл
Кафедра меңгерушісі ___________________________ Прохоров Б.Н.
Жаратылыс ғылымдары факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланды
Хаттама №1 «___» _________ 2013 жыл
Факультет оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы, б.ғ.к., доцент ___________Абдишева З.В.
Жаратылыс ғылымдары факультетінің ғылыми кеңесінде бекітілді
Хаттама №1 «____» ____________ 2013 жыл
Жаратылыс ғылымдары факультетінің деканы, х.ғ.к., доцент ____________Ибраева Л.С.
Глоссарий
«Спорттық ойындар оқыту әдістемесімен» пәні бойынша
Баскетбол
Алаң – баскетбол ойынына арналған орын.
Дриблинг – допты енгізу
Дриблер – допты бастайтын ойыншы
Тосқауыл – қорғаушының алдында қозғалмай тұру, серіктесіне қорғаушыдан босатылуға көмектеседі
Жеке қорғаныс – қарсыласқа қарсы әр түрлі қорғаныс әрекеті
Зоналық қорғаныс –командалық әр түрлі қорғаныс әрекеті
Прессинг – белсенді қорғаныс
Зоналық прессинг – алаңдағы немесе оның бөлігіндегі белсенді қорғаныс
Орталық ойыншы – мықты, ұзын, секірген, щитке жақын ойыншы Шабуылшы – командадағы допты иеленуші ойыншы
Қорғаушы – командадағы допты иеленбеген ойыншы
Ойынды аяқтаушы – артқы сызытағы ойыншы
Период – таза уақыт бойынша ойын үзілісі 10 мин тең
Овер-тайм – ойын соңы нәтижесіз ешкімде жеңбеген болса, онда қосымша бес минут берілетін ойын уақыты.
Волейбол
Партия – ойын бес партиядан тұрады, әр партия 25 ұпайға дейін ойнайды игра
Кездесуде үш партияны жеңу жеткілікті.
Шабуыл соққысы– команданың ойынын қорытындылайтын тиміді әдіс.
Доп беру – техникалық тәсіл, қарсыластың әрекетін қиындатушы әдістердің бірі.
Қоршауға алу – қарсы әрекетке қолданылатын қолданылатын ойын тәсілі.
Топтық ойыншы – екі немесе үш ойыншы қарсыластың соққысынан қорғануы
Диагональды ойыншы – алаңда екінші немесе төртінші зонадан соққы беретін ойыншы
Тартып алу – допты қолда ұстап тұру
Либеро –артқы сызықта ойнайтын қорғаныс ойыншысы
Қол добы
Алаң– алаң өлшемі 40*20.
Ойын техникасы – гандболшының нақты шарттарына және жеке қабілеттеріне орай арнайы тәсілдердің және әрекеттердің жиынтығы.
Ойын тактикасы – жеңіске жету мақсатымен ойын жүргізудегі оңтайлы әдіс. Мұнда кіреді: орын таңдау, допты беру, алаңдататын әрекеттер
Қақпашы – қақпаны қарсыластың добынан қорғайтын ойыншы Сызықты ойыншы – 6 метрлік сызық бойымен ойнайтын ойыншы
Бұрыштық ойыншы – шабуыл кезіндегі алаңның сол немесе оң бұрышында ойнайтын ойыншы
Оң орта жартылы – мықты ойыншы, оң жақтағы 9 метрлік сызық бойымен ойнайтын ойыншы.
Сол орта жартылы – мықты ойыншы, сол жақтағы 9 метрлік сызық бойымен ойнайтын ойыншы.
Қағып алу – шабуылдың ұзаққа беру кезінде аяқталуы
Аут – алаңның шеткі бөліктерінен асатын орын
Бұрыштық лақтыру– допты гандбол алаңының бұрышынан төрешінің ысқырығынан кейін кез-келген бағытта лақтыру
Ескерту – дөрекі ойнағаны үшін ойыншыны ойыннан 2 немесе 5 минутқа аластату
Үш секунд ережесі– ойыншыға допты бір орында тұрып 3 секундқа дейін дұрыс ұстауға мүмкіндік береді
Жүгіріп өту – үш қадамнан артық допты ұстауда ереженің бұзылуы
Футбол, мини-футбол
Алаң – ойынға арналған орын өлшемі 60 *100 метр
Алаңқай –мини – ойынға арналған орын, футбол немесе футзал өлшемі 20 * 40 метр.
Шабуылшы – допты иеленуші команда ойыншысы, олар шабуыл сызығында ойнайды
Қорғаушы –негізгі қызметтерді қарсыластың шабуыл әректттерін бұзатын ойыншы.
Қақпа алаңы– қақпа маңындағы қақпашының ойын орыны
Айыппұл соққысы – дөрекі ойын үшін жазалау
Еркін соққы – ережені бұзған кездегі жаза
Тоғыз метр – ойнышының доптан 9 метр алшақ қабырға жасап тұруы
Бұрыштама соққы–футбол алаңының бұрышынан шығып кеткен жердегі сызықтан допты тебу
Қолмен ойнау – қақпашыдан басқа футболшылар допты ұстауға құқы жоқ.
Сары карточка – дөрекі ойын үшін ескертпе
Қызыл карточка– екінші сары карточка үшін ойыннан аластату немесе ойын ережесін өрескел бұзғаны үшін беріледі
Соңғы мүмкіндік фолы – шабуылшының доппен шыққанда қақпашымен бетпе бет келген сәттегі ереженің бұзылуы
Пенальти – 11 метрлік айып соққысы
Алты метрлік айып соққысы – мини футболдағы пенальти
Айып соққысы – командалық фолдың асып кетуі
Фол – допты иеленуші ойыншыға қарсы ереженің бұзылуы
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – (SYLLABUS)
Пән туралы мәліметтер
Атауы: «Спорттық ойындар оқыту әдістемесімен»
Кредит саны – 4
Оқу сабақтарын өткізу орны: Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті №3 оқу ғимаратының спорт.залы
Оқытушы туралы мәліметтер
Мурсалимов Рафаэль Мухаметгалиевич,
Дене мәдениеті және БӘД ілімі мен әдістемелер кафедрасының аға оқытушысы
Кафедрада болу уақыты 8.00-17.00 күнделікті
Оқу жоспарынан көшірме
Курс
|
Семестр
|
Кредиттер
|
Дәріс,
сағат
|
Тәж.сабақ., сағат
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау формасы
|
3
|
5
|
4
|
15
|
45
|
30
|
90
|
180
|
емтихан
|
Достарыңызбен бөлісу: |