ZhBHOAKK 5204 Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың әдістемелік аспектілері
пәні бойынша оқу бағдарламасы элективті пәндер каталогы негізінде құрастырылған
Құрастырған
Л.С.Омарова аға оқытушы
Кафедра отырысында қарастырылды, хаттама № 11 03.06.2019 ж.
Кафедра меңгерушісі
А.К.Ташенов
Факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында мақұлданды хаттама
№ 8 «17» 06 2019 ж.
Факультеттің ОӘК төрағасы
Джакупова Ж.Е.
Түсініктеме хат
1. Пәннің қысқаша сипаттамасы
"Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың әдістемелік аспектілері" пәні
кәсіби пәндер цикліне кіретін элективті пәндердің бірі болып табылады. "Жалпы және
бейорганикалық химияны оқытудың әдістемелік аспектілері" курсы жалпы химиялық
дайындықтың негізін қалайды, ғылыми дүниетанымды қалыптастырады, болашақ маманның
шығармашылық ойлауын дамытады. Курстың пәні барлық химиялық білімнің негізін
құрайтын теориялық түсініктер мен тұжырымдамалар болып табылады - элементтердің және
олардан түзілген қарапайым және күрделі заттардың қасиеттері. Ол магистранттарды заттың
құрылысы туралы қазіргі заманғы ұғымдармен, химиялық процестердің негізгі
теорияларымен, элементтердің химиясымен таныстырады, магистранттардың химиялық
циклдің жекелеген ғылымдарын одан әрі зерделеуге негіз болады және қалған химиялық
пәндерді терең түсінуге ықпал етеді. Жалпы және бейорганикалық химияны оқыту
үдерісінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдану, эксперимент және
зертханалық сабақтар өткізу дағдыларын меңгереді.