азғындалған газ – температурасы азғындау температурасынан төмен болган жағдайдағы кванттық газ
бозе-газ – спиндері нөлге немесе бүтін санға тең. Бозе – Эйнштейн статистикасына бағынатын бөлшектерден тұратын кванттық газ
бозе-эйнштейн статистикасы – бозондардан тұратын жүйеге қолданылатын кванттық статистика
бозе-эйнштейн конденсациясы – азғындау температурасынан төмен температурада көптеген бозондар ең төмен энергияға ие болатын күйді толтыратын құбылыс. Кез келен басқа күйде бозондар саны аз болады
бозе-эйнштейн үлестірілуі - өзара әрекеттеспейтін энергиясы болатын күйде орналасатын бозондар санының орташа мәні
,
мұндағы - химиялық потенциал, k –Больцман тұрақтысы
бозон – нөлдік немесе бүтін спинге ие болатын бөлшек немесе квазибөлшек. Бозон Бозе-Эйнштейн статистикасына бағынады