Машықтану сабақтарын жүргізудің мақсаты теориялық материалды меңгеру және есептерді шығаруда белгілі бір дағдылар мен іскерліктерді игеру болып табылады.
Есептерді шығару кезінде анықталған жалғасымдылық ұсынылады.
Қажет:
- тақырып бойынша теориялық материалды меңгеру;
- есепті шығаруды бастағанда, оның мағынасын түсіну. Сөз болып отырған физикалық құбылысты ғана емес, есепті шығару барысында жасауға қажетті қысқарулар мен ескермеуге қажетті шарттарды да еске түсіру керек;
- егер есептің сипаты қажет етсе, есептің мазмұныны түсіндіретін және оны шығаруға мүмкіндік беретін суреттерді салу. Сурет түсінікті болуы керек (мысалға модулі бойынша бірдей күштерді бірдей ұзындықтағы векторлармен-түзулермен және т.б. салу керек);
- есептің шарты қысқаша жазылады, оған енетін барлық шамаларды бір ХБЖ жазу керек;
- шартына қажетті жетіспеген мәліметтерді кестелерден алу қажет;
- есептің шешуін түсіндірме жазбамен көрсету керек;
-есепті жалпы түрде шешіп, жауапты формуланың жекелеген мүшелерінің өлшемдерінің теңдігі бойынша тексеру керек;
-сандық есептеулерді орындау керек;
- сандық жауапты алып, шындыққа жақындығын бағалау керек.