Картоптың колорад қоңызы – Leptinotarsa delemlineata Say. Картопты, қызанақты, баялдыны, бұрыш пен темекіні зақымдайды, сондай-ақ олар жабайы өсетін алқа тұқымдастарымен де қоректенеді. Қоңыз сопақша пішінді, ұзындығы – 9-12 мм, алдыңғы арқасы мен қанатының үсті сарғыш түсті. Басында үшбұрышты қара дақ, алдыңғы арқасында он бір қара дақ болады, ортасындағы дақ V рим цифріне ұқсайды, ал әрбір қанат қабағында бес-бестен ұзынша қара жолақтар орналасқан.
Дернәсілдің ұзындығы – 15-16 мм, бүкіл денелі, басы мен аяқтарыь және денесінің бүйіріндегі ұзынша екі қатар дөңестер қара түсті. Бір жастағы дернәсіл қара сұр, екі жастағы – қызыл, үш пен төрт жастағылар – қызғылт сары түсті болады.Қоңыздар топырақта 15-25 см тереңдікте қыстайды. Көктемде 20 см тереңдіктегі топырақ 14-15 С дейін қызғанда, қоңыздар оның бетіне шығады. Олар картоп пен басқа өсімдіктердің жер үсті бөліктермен қоректенеді. Қорек ізлеген қыстап шыққан қоңыздар ұша алады, олар 1-1,15 км қашықтыққа дейін жетеді. 17 С жоғарғы температурада жұптасып, жұмыртқа салады. Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын картоптың жоғарғы жапырақтарының астына, әрбір ұяға 30-40 жұмыртқадан салады. Өсімталдығы 900-ден 2000 жұмыртқаға дейін өзгеріп тұрады. Ұрықтық даму қоршаған орта жағдайына қарай 7-14 күнге созады. Колорад қоңызының құрттары 20-30 күн бойы жапырақтармен қоректенеді. Даму кезеңі аяқталғанда, олар топыраққа, 8-10 см тереңдікке кетіп, сонда қуыршақтанады. 1-2 аптадан кейін жаңа ұрпақ қоңыздары пайда болады, олар картоп жапырақтарымен қоректенеді. Бірінші-екінші жастағы құрттар жапырақта қисық формадағы саңылаулар тесіп шығарады. Ересек жастағы құрттар мен қоңыздар жаппай жапырақтар мен сабақтарын жейді де, нәтижесінде өсімдіктің өсуін баяулап, картоптың түсімі төмендейді. Күн қатты ысып құрғақшылық болғанда жекеленген қоңыздар диапаузаға кетеді, ал кейбіреулерінің 2-3 жылдан 5 жылға дейін диапаузаға кете алатын қабілеттері бар. Тіршілік циклінің өзгергіштігі колорад қоңызының жылына 1-3 ұрпақ бере алады.
Күресу шаралары. Картоптың аз зақымданатын сұрыптарын пайдалану. Тыңайтқыштар еңгізу, топырақтың уақытылы қопсыту, картопты түптеу және арамшөптерді отау. Әр түрлі мерзімдерде қатарлар арасына сөлді өсімдіктер егіп, пайдалы этномофагтарға қолайлы жағдайлар туғызу. Кішірек алқаптарда қоңыздарды, құрттарды және колорад қоңызының жұмыртқаларын қолмен жинап, жоюға болады. Гендік инженерия әдістерімен инсектотоксикалық белок синтезін бақылайтын, геномында Bacillis thuringiensis бактериялы гені бар картоптың трансгендік формаларын алу бойынша зерттеулер жүргізілуде. Вегетация кезеңіңде әрбір сынамада 10 қатар түптен 100 ден 500 сынамадан немесе алқап диагоналі бойынша қатарда 2 түптеп келеді. ЭЗШ саны – 5-8% қыстап шыққан қоңыздар мен құрттар орын алған түптер, шанақтау – гүлдену кезеңінде 1 түпке 20 құрттан келетін 10% түп.Картоп егістерін "Тізімге..." келтірілген инсектицидтердің бірімен өңдейді.
Картоптың сабақ нематодасы – Ditylenchus destructor Thorne. Картопты, шамалы түрде ас бұршақты, сәбізді, қызанақ пен кейбір басқа дақылдарды зақымдайды. Ересек нематодалары құрт тәрізді формада, алдыңғы және артқы жағына қарай кішірейіп келетін жұқа шыны тәрізді түссіз денесі бар. Ұзындығы – 0,7-1,3 мм. Личинкалары кішірек. Нематода бірнеше ұрпақ береді. Бір ұрпағы 15 тен 45 күнге дамиды. Нематодалар картоп түйнектрінде сақталады.
Картоп екпе материалы арқылы зақымданады. Нематодалар жас сабақтарға еніп, өсімдіктін өсуін тоқтатады. Зақымданған өсімдіктерде жапырақтар өтекішкентай және толқынды. Түптің төмеңгі қабатындағы жапырақтар өліп қалады, қалғандары солып, сарғайып кетеді. Нематодалар қалыптасып келе жатқан түптерге енеді. Бұдан кейін түптерде қисық формалы сұр дақтар пайда болады, ал сақтау кезеңінде-түптердің жоғарғы бетінде бастапқыда татты-қоңыр ұсақ жарықшалар, одан кейінірек түптердің толықтай бұзылуына және құрғақ шіріктің дамуына әкеліп соқтырады.
Күресу шаралары. Тек сау түйнектерді ғана отырғызу қажет. Сақтауға жіберу алдында тиянақты іріктеу жүргізіледі. Түптерді сақтау ережелерін орындау қажет (85-90% ылғалдылық, температура +1 - +3 градус денгейде).
2.ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР:
ТАҚЫРЫБЫ: 2-8
Дәнді дақылдардың зиянкестері және кешенді қорғау шаралардың жүйесі.
Тапсырмалар:
1.Дәннің сұр көбелегінің өсу циклі және зияндылығы мен танысу.
2.Жапырақ жемірлері тұқымдасы тұрлерінің морфологиялық,өсіп-өніп көбею ерекшеліктері және зияндылығымен танысу.
3.Астық қоңыздарының морфологиялық,өсіп-өніп көбею ерекшеліктері және зияндылығымен танысу.
4.Дәннің сұр көбелегі,қатты қанаттылар отрядының кеміргіш зиянкестерімен күрес шараларын зерттеп тану.
5.6 кестені жазып толтыру.
Астық дақылдарының кеміргіш зиянкестері
Түр,системалық жүйедегі орны
|
Зақымданатын дақылдар,зақымдану мезгілі
|
Келтірілген зиянкестердің зақымдану кезеңі.ЭЗШ
|
Қысқаша биологиясы
|
Күресу шаралары
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Бақылау сұрақтары:
1.Егіннің көгін зақымдайтын астық дақылдарының зиянкестерін атап,өсімдіктердің зақымдану белгілерінің сипаттамасын,олардың келтірнтін зиянын және күресу шараларын көрсетіңіз.
2.Астық дақылдарының сабақ іші зиянкестерінің систематикалық атауын, ерекше өзгешеліктерін көрсетіңіз.
3.Астық дақылдарының сабақ іші зиянкестеріне қарсы қандай шаралар қолданылады.
4.Астық дақылдарының шаншып сорғыш зиянкестерінің өкілдері қай тұқымдасқа жіне қандай отрядқа жататынын атап шығыңыз.
5.Шаншып сорғыш зиянкестерінің зақымдау белгілеріне анықтама беріңіз.
6.Астық егіушісінің өзгешелігі,күресу шаралары.
7.Астық дақылдарының сорғыш кешенге жататын зиянкестеріне қарсы қолданылатын кұресу шаралары.
8.Астық қоңыздарды және барылдақ қоңызды сипаттаңыз.Олармен күресу шараларынвң жүйесін келтіріңіз.
9.Дәннің сұр көбелегінің тіршілік циклін сипаттап күресу шараларын көрсетіңіз.
9.Астық дақылдарының кезеңдеріне байланысты зақымдайтын фитофагтардың түрлері.
ТАҚЫРЫБЫ: 9-16
Дән және бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері және қорғау шараларының жүйесі.
1. Бұршақ бітенің, бұршақ және үрме бұршақ қоңызының, түйнекті бізтұмсықтың, акция көбелегінің даму циклімен және өсімдіктің залалданған нышандары мен зерттеп танысу.
2. Бір жылдық бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғаудың шараларын қарастырыңыз.
3. 7 кестені жазып толтырыңыз.
Бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері
Түр, жүйелі орны
|
Зақымдайтын дақылдары, зиян келтіретін кезеңі
|
Зияндығы
|
Қысқаша биологиясы
|
Күресу шаралары
|
|
|
|
|
|
Бақылау сұрақтары:
1. Бұршақ тұқымдас дақылдарды зақымдайтын фитофагтардың түрін және отряды мен тұқымдасын сипаттаңыз.
2. Бұршақ бітенің дамуы мен көбеюінің ерекшелігі қандай?
3. Бұршақ тұқымдас дақылдардың қатты қанаттылар отрядына жататын фитофагтардың даму циклін және зақымдауының өзгешелігін сипаттаңыз.
4. Бұршақ жемісжемірі мен бұршақ немесе акция көбелегінің биологиясының ерекшелігін және оның зияндылығын көрсетіңіз.
5. Бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғаудың шараларын тізіп сипаттаңыз.
ТАҚЫРЫБЫ: 16-24
Техникалық және майлы зиянкестері және аурулардан қорғау шараларының жүйесі
1. Күнбағыс қан көбелегінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін танып біліңіздер
2. Күнбағыс мұрты қоңыздың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін танып біліңіздер.
3. Күнбағыс фитофагпен зақымдану белгілерін зерттеп танысыңыздар.
4. 10 кестені жазып толтырыңыз және зақымдану кезеңінің, зақым келтіретін түрдің суретін салыңыз.
ТАҚЫРЫБЫ: 24-30
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері және қорғау шаралары
1.Сәбіз шыбынының тіршілік оралымы мен зияндылығын зерделеу.
2.Пияздың қос қанаттылар отрядына жататын зиянкестердің морфологиялық және биологиялық өзгешіліктері мен өсімдіктерді зақымдау белгілерін зерттеп танысу.
3.ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
№
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
|
Аудитория
|
Аудиториядан тыс
|
1
|
Бунақденелілер құрылысымен танысу.
|
Көп қоректі кеміргіш зианкестер
|
Химиялық күрес шаралары
|
2
|
Дәнді дақылдардың кеміргіш зиянкестері
|
Топырақта мекендейтін зианкестер
|
Агротехникалық күрес шаралар
|
3
|
Қант қызылшасының зиянкестері
|
Көкеніс және бақша дақылдарының зианкестері
|
Биологиялық күрес шаралары
|
4
|
Көкені
|
Тура қанаттылар отрядына жататын көп қоректі жәндіктер
|
Физикалық күрес шаралары
|
5
|
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері және қорғау шаралары
|
Көп қоректік зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері. Биологиясы, экологиясы және Қазақстанда таралуы және күрес шаралары
|
Зианкестермен күресудін химиялық шаралары
|
6
|
Қоймадағы астық және басқа ауыл шаруашылық өнімдерінің зиянкестері және оларды қорғау шаралары.
|
Дәнді дақылдардың зиянкестері және кешенді қорғау шаралардың жүйесі.
|
Карантинге жатқызылған зианкестер
|
7
|
Ауыл шаруашылығына зиан келтіретін карантиндік зианкестер
|
Дән және бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері және қорғау шараларының жүйесі.
|
Шегірткелерді тексеру, және болжам жасау әдістемесі
|
8
|
Ауыл шаруашылық зианкестерінің систематикасы
|
Техникалық және майлы зиянкестері және аурулардан қорғау шараларының жүйесі.
|
Қойма зианкестері
|
Достарыңызбен бөлісу: |