ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені зейінді зерттеу психологиясы пәні



бет3/3
Дата04.08.2017
өлшемі0,52 Mb.
#22556
1   2   3

Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.


Магистранттардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Магистранттардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Магистранттардың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Магистранттардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Магистранттардың табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Магистранттардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Магистранттардың оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Магистранттардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

4.2. МӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары



МӨЖ тақырыптарының тізімі

5.1. Зейін психикалық құбылыс ретінде.

5.2. Зейіннің физиологиялық механизмі.

5.3. Зейін феноменін қарастыратын теориялар.

5.4. Зейін феноменен қарастыратын концепциялар.

5.5. Зейіннің түрлерімен қасиеттері.

5.6. Зейінді зерттеу әдістері

5.7. Зейін туралы Аристотель, Әбу Насыр әл Фарабидің философиялық көзқарастары.

5.8. Р.Декарт, Джон Локк, Лейбниц Г.В., Юм Девид, У. Гамильтонның зейінді талдаулары.

5.9. Л.С. Выготский бойынша зейінді дамытушы факторлар.

5.10. Сезімдік және интеллектуалдық зейін.

5.11. Зейін және сана

5.12. Ю. Гиппенрейтер, В. Зинченко, Б. Ломов, А. Ярбус еңбектеріндегі зейіннің физиологиялық теориялары.

5.13 Оқыту үрдісіндегі зейіннің көріну ерекшеліктері.

5.14 Н.Н. Ланге зейіннің моторлық теориясын құрастырушы.

5.15 В. Вундт, Э.Б. Титченер зейінді зерттеу бағыттары.


«Зейінді зерттеу психологиясы» пәнінен

магистранттардың білімін бағалауға арналған сұрақтар.
Бақылау сұрақтары
1- межелік бақылау тестілері

  1. Зейіннің психологиялық феномен ретіндегі мәні.

  2. Зейін психологиясын зерттеген ғалымдардың ой пікірлері

  3. . Зейіннің тәуелсіз үрдіс екендігі туралы.

  4. Зейін туралы философтардың талдаулары.

  5. Зейіннің анатомиялық және физиологиялық өзін һзі басқаратын құрылымына сүйеніп басқа таным үрдістерінің міндетін атқаруды қамтамасыз ететіндігі туралы.

  6. У. Джемс зейіннің физиологиялық механизмін зерттеуші.

  7. И.П. Павлов зейіннің физиологиялық табиғаты туралы.

  8. Н.Н. Ланге зейіннің моторлық теориясын құрастырушы.

  9. Д.Бродбент зейінді сүзгімен (фильтр) теңестіруі,

  10. Н. Лейтес, И. Страхов, Е. Хомская, П. Блонский, Ю. Гиппенрейтер, В. Зинченко, Б. Ломов, А. Ярбус еңбектеріндегі зейіннің физиологиялық теориялары.

  11. Зейін психикалық феномен ретінде.

  12. Зейіннің негізгі сипаттары.

  13. Зейін және сана. Т.Рибоның зейін туралы теориясы.

  14. П.Я.Гальпериннің зейін туралы концепциясы.

  15. Д.Н.Узнадзенің нұсқа туралы концепциясының зейінге қатысы.


2-межелік бақылау тестілері

  1. Ырықсыз зейін және оны қоздыратын факторлар.

  2. Ырықты зейіннің ерекшеліктері.

  3. Ырықты зейіннің әлеуметтік факторлары.

  4. Үйреншікті зейін.

  5. Табиғи зейін.

  6. Ұжымдық зейін.

  7. Сезімдік және интеллектуалдық зейін.

  8. Зейіннің негізгі қасиеттері.

  9. Зейіннің тұрақтылығының психофизикалық сипаты және оның негізгі жағдайлары.

  10. Зейіннің тұрақтылығын зерттейтін әдістер.

  11. Зейіннің шоғырлануы және бөлінуі.

  12. Зейіннің шоғырлануы және бөлінуін зерттейтін әдістер.

  13. Зейіннің ауысуы және көлемі.

  14. Зейіннің ауысуы және көлемін зерттейтін әдістер.

  15. Зейіннің толқуы.

  16. Зейіннің толқуын зерттейтін әдістер.

  17. Дерексіздік және оның физиологиялық негіздері.

  18. Жасанд Зейінді дамытудың негізгі кезеңдері.

  19. Л.С.Выготский бойынша зейінді дамытушы факторлар.

  20. Өзін өзі тәрбиелеу үрдісінде зейін қасиеттерін дамыту.

  21. Зейін қасиеттерін зерттеуде қолданылатын әдістемелер жүйесі.

  22. Оқушының іс әрекеті нәтижелілігінің зейін тұрақтылығымен байланысы.

  23. Оқу әрекетінің психологиялық ерекшеліктері.

  24. Зейіннің танымдық үрдістермен байланысы.

  25. Зейін арқылы қабылдаумен есті дамыту.


Емтихан сұрақтары немесе тестілер үлгілері

1.Іс-әрекетті бақылау және реттеу қызметін атқарушы психикалық процесс түрі?

А. Қабылдау

В. Ойлау

С. Сөйлеу

D. Ес


E. Зейін

2 .Адам санасыдағы ойлар мен бейнелерге бағытталатын зейін түрі?

А. Сезімдік

В. Интеллектуалды

С. Қимылдық

D. Сыртқы

E. Перцептивті
3 .Зейіннің пайда болу мәнін ғылыми тұрғдан түсіндіруге үлес қосқан психолог-ғалым кім?

А. Павлов

В. Сеченов

С. Фрейд

D. Пиаже

E. Ланге
4 .Зейіннің әрбір нақты көрінісі жаңа ақыл-ес ептіліктерінің пайда болу ізімен туындайтынын пайымдаған психолог-ғалым кім?

А. Ломов

В. Рубинштейн

С. Узнадзе

D. Лурия

E. Гальперин

5 .Мақсатқа тәуелді зейін түрі?

А. Ырықты зейін

В. Ырықсыз зейін

С. Үйреншікті зейін

D. Импульсті зейін

E. Ерікке байланыссыз зейін
6 . Зейіннің физиологиялық негізі-доминанта принципін ашқан ғалым кім?

А. Павлов

В. Сеченов

С. Рубинштейн

D. Ухтомский

E. Лурия
7 .Организмнің әсерлеуінен объектив шындықтың санамыздағы сезімдік бейнесін қалыптастырушы психикалық процестер?

А. Ес, қиял

В. Сөз, ой

С. Түйсік, қабылдау

D. Елес, ес

E. Зейін, ойлау
8.Когнитивтік психологияның негізгі зерттеулері қандай?

А. Тума қасиеттер

В. Көңіл-күй қалыптары

С. Танымдық процестер

Д. Мінез

Е. Қабілет


Зейінді болудың шарты?

А. Таңдау

В. Таңдауды сақтап қалу

С. Жоспарлау

Д. Бақылау

Е. Қорытындылау


10.Саналы іс-әрекеттің белгілі нысанға бағытталып, толығымен қажетті нүктеге шөгуінен болатын зейін қасиеті қандай?

А. Тұрақтылығы

В. Шоғырлануы

С. Шашыраңқылығы

Д. Көлемі

Е. Ауысуы


11. Құбылыстардың кездейсоқ байланыстарын танытушы танымдық психологиялық процестер қандай?

А. Зейін, ес

В. Ой, сөз

С. Елес, ес

D. Түйсік, қабылдау

E. Іс-әрекет, қиял


12. Зейін процесінің мағынасы қандай?

А. Таңдау

В. Қабылдау

С.Тітіркену

Д.Шоғырлану, шому

Е.Қозу
13. Ой-сананы қажетсіз объекттерден ауыстыра алуға байланысты психикалық процесс түрі?

А.Зейін

В.Түйсіну



С.Қабылдау

Д.Қиял


Е.Елес
14.Адам санасындағы ойлар мен бейнелерге бағытталатын зейін түрі не?

А.Сезімдік

В.Интеллектуалды

С.Қимылдық

Д.Сыртқы

Е.Перцептивті


15.Қимылдық зейіннің мәні қандай?

А.Санаға бағытталу

В.Дене қозғалыстарына

С.Көзге түскен объекттерге

Д.Қоршаған ортаға

Е.Физиологиялық қасиеттерге


16.Зейіннің пайда болуы мәнін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге үлес қосқан психолог-ғалым кім?

А.Павлов


В.Сеченов

С.Фрейд


Д.Пиаже

Е.Ланге
17.Зейіннің әрбір нақты көрінісі жаңа ақыл-ес ептіліктерінің пайда болу ізімен туындайтынын пайымдаған психолог-ғалым кім?

А.Ломов

В.Рубинштейн



С.Узнадзе

Д.Лурия


Е.Гальперин
18.Ырықсыз зейіннің туындау негізі қандай?

А.Адам мақсатына тәуелсіз

В.Санаға байланысты

С.Рухтық күш

Д.Жоспарлы әрекет

Е.Ниетті іс


19.Мақсатқа тәуелді зейін түрі?

А.Ырықты зейін

В.Ырықсыз зейін

С.Үйреншікті зейін

Д.Импульты зейін

Е.Ерікке байланыссыз зейін


20.Ырықты зейіннің басты қызметі қандай?

А.Психикалық процесті белсенді реттеу

В.Таныған затқа қана ден қою

С.Жүйе тітіркендіргіштерінің күшейуіне жауап

Д.Жүйкенің мекенді тітіркену қабілетін ұлғайту

Е.Сананың ерекше шоғырлануын басқару


21.Ырықты зейін дамуымен тікелій байланысты психикалық процесс түрі?

А.Қабылдау

В.Түйсік

С.Қиял


Д.Сөз

Е.Ойлау
22.Әдейі қайталап, ерік күшін қосуды қажет ететін зейін түрі?

А.Ырықты зейін

В.Ырықсыз зейін

С.Үйреншікті зейін

Д.Реттеу зейіні

Е.Бақылау зейіні
23.Зейінге байланысты бағдарлаушы рефлексті “немене” рефлексі деп атаған ғалым кім?

А.Сеченов

В.Павлов

С.Ломов


Д.Выготский

Е.Рубинштейн


24.Сезім мүшелерінің икемдесу әрекетін қамтамасыз етуші зейін механизмі қандай?

А.Перифериялық

В.Орталық

С.Индукция

Д.Доминанта

Е.Рефлекс

25.Ми қабығының бір аймағында туындаған қозу басқа бөліктерде тежелу пайда ететінін түсіндіруші зейін заңы?

А.Индукция

В.Доминанта

С.Адаптация

Д.Синестезия

Е.Иллюзия


26.Зейіннің физиологиялық негізі – доминанта принципін ашқан ғалым кім?

А.Павлов


В.Сеченов

С.Рубинштейн

Д.Ухтомский

Е.Лурия
27.Уақытша үстемдік етумен психикалық процеске бағыт-бағдар беретін қозу ошағын танытушы түсінік?

А.Индукция

В.Иллюзия

С.Синестезия

Д.Доминанта

Е.Аккомодация
28.Адам зейінінің жануарлар зейінінен басты ерекшелігі неде?

А.Бағдарлаушы рефлекс

В.Индукция

С.Доминанта

Д.Бағдарлы басқару

Е.Импульсті әрекет


29.Зейін тұрақтылығын күшейтуші фактор қандай?

А.Ес


В.Елес

С.Ақыл-ой

Д.Сөз

Е.Қиял
30.Бас ми қабығында зейіннің шоғырлану себебі не?



А.Тежелу

В.Радиация

С.Иррадиация

Д.Сөну


Е.Қозу
31.Зейіннің өз ауқымында бір уақытта бірнеше әртүрлі нысандарды ұстай алу қасиеті қалай аталады?

А. Тұрақтылығы

В. Шоғырлануы

С. Бөлінуі

Д. Көлемі

Е. Ауысуы


32.Қоршаған ортаның өзгермелі, күрделі жағдайында жылдам бағыт-бағдар табуға мүмкіндік беретін зейін қасиеті қандай?

А. Көлемі

В. Бөлінуі

С. Шоғырлануы

Д. Ауысуы

Е. Тұрақтылығы


33.Сырттан келіп жатқан ақпараттарды топтап, жіктеуге қажет зейін қасиеті қандай?

А. Зейін тұрақтылығы

В. Зейін ауысуы

С. Зейін көлемі

Д. Зейін шоғырлануы

Е. Зейін шашыраңқылығы


34.Зейін көлемін эксперименталды зерттеу үшін қажет аппарат түрі не?

А. Феноскоп

В. Тахитаскоп

С. Кардиограф

Д. Кинескоп

Е. Кодоскоп


35.Қандай да іспен шұғылданып отырған адамға тыс әсерлердің ықпал етуінен туындайтын зейін қасиеті қандай?

А. Алаңдаушылық

В. Тұрақтылық

С. Ауысу


Д. Көлем

Е. Шоғырлану


36.Адамның ұзақ уақыт аралығында өз зейіні мен назарын нақты затқа бағыттай алмауын танытатын психологиялық құбылыс қандай?

А. Зейін шоғырлануы

В. Зейін ауысуы

С. Зейін шашыраңқылығы

Д. Зейін алаңдаушылығы

Е. Зейін көлемінің кемдігі


37.Адамның бір іске қатты беріліп, қоршаған орта әсеріне берілмеуі қалай аталады?

А. Шын шашыраңқылық

В. Жалған шашыраңқылық

С. Зейін тұрақтылығы

Д. Зейін көлемі

Е. Зейін бөлінуі


38.Ой-сананы қажетсіз объекттерден ауысстыра алуға байланысты психикалық процесс түрі ?

А. Зейін

В. Түйсіну

С. Қабылдау

D. Қиял

E. Елес






Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет