ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені зейінді зерттеу психологиясы пәні


Зейіннің шоғырлануын зерттеу



бет2/3
Дата04.08.2017
өлшемі0,52 Mb.
#22556
1   2   3

Зейіннің шоғырлануын зерттеу

Зерттеу мақсаты: Зейіннің шоғырлану деңгейін анықтау.

Құрал жабдықтар: Пьерон-Рузер тестінің бланкісі, қалам және секундомер.

Зерттеу процедурасы

Нұсқау: «Сізге шаршы, үш бұрыш, шеңбер және ромб бейнеленген тест ұсынылады. «Баста» - деген сигнал бойынша геометриялық фигураларға қатесіз сәйкес белгілерді қойып шық: шаршыға +, үшбұрышқа -, шеңберді ешқандай белгімен белгілемейсің және ромбқа нүкте қойып шық. Белгілер қатарымен қойылады. Жұмысты орындауға 60 секунд беріледі.

«Тоқта» деген сигнал бойынша белгілеуді тоқтатыңыз»









































































































































































































































































































Корректуралық сынақ әдісімен зейіннің таңдамалық сипатын зерттеу
Кіріспе ескерту. Зейінді лабораториялық зерттеуде кең тараған әдістердің бірі жалпы «корректуралық сынақ» деп аталумен біріктірілген бланкілік әдістер. Корректуралық сынақ әр түрлі стимулдардан: әріптерден, сандардан, геометриялық фигуралардан, байланысты немесе байланыссыз мәтіндерден т.с.с. құрастырылған. Сыналушының міндеті берілген стимулды басқа стимулдардың арасынан тауып бланкіде бір немесе бірнеше жолмен белгілеу.

Зейін таңдамалығының нақты көрсеткіші ретінде тапсырманы орындаудың дәлдік коэффициенті есептеледі. Тапсырманы орындаудың дәлдік коэффициенті (А) Уиплдің формуласымен есептеледі:


А = (N-r) / (N+p),
мұндағы N – дұрыс табылған стимулдардың жалпы саны;

r – дұрыс емес табылған стимулдардың саны;

p – табылмаған стимулдар саны.

Экспериментті жабдықтау. Эксперимент жүргізушіге бағдарламалық (кілт) бланкі және әр сыналушыға корректуралық бланкі. Әр бланкіде 10 қатармен орналастырылған тұтастай әріптер мәтіні, әр қатарында 54 әріп. Сол әріптер қатарының ішінде ретсіз тәртіппен 24 әр түрлі мағынасы бар сөздер орналастырылған. Сөздердің күрделілік дәрежесі әр түрлі (мысалы: қуаныш, үй т.с.с.). Тапсырманы орындау уақытысын тіркеу үшін секундөлшеуіш қажет. Тәжірибенің нәтижесін жазып отыруға алдын - ала В – 1-кестесі түрінде хаттама даярланады.

Тәжірибені орындау тәртібі. Тәжірибе топпен жүргізіледі. Эксперимент жүргізуші немесе оның көмекшісі әр сыналушыға бір корректуралық бланкіден таратып тапсырманы орындау тәртібін жариялайды.

Сыналушыға нұсқау. «Бланкіде қазақ алфавитінің әріптері тұтас мәтіндік тәртіппен арасында әр түрлі сөздер орналастырылып басылған. Сіз сол әріптер қатарын бірінші әріптен ең соңғы әріпке дейін ретімен зейін сала қарастырып арасындағы сөздерді тауып астын сызып қоясыз. Сөзге қатысы жоқ жанындағы әріптерді сызбай ұқыпты жұмысты орындаңыз. Тапсырманы жылдам әрі дәл орындаңыз».

Эксперимент барлық қатарды қарап болғаннан кейін бітеді. Эксперимент жүргізуші әр сыналушының жұмыс орындау уақытын тіркейді және оны жариялап отырады.


Нәтижесін талдау:

  1. Эксперимент жүргізушідегі бағдарламалық (кілтпен) бланкімен корректуралық сынақтың нәтижесі тексеріледі.

  2. Сыналушының белгілеп сызған сөздердің жалпы саны саналады.

  3. Сызылмай жіберіліп қойған сөздер саналады (р)

  4. Дұрыс емес сызылған сөздер саналады (r)

  5. Дұрыс сызылған сөздер саналады (m)

  6. Уипплдың формуласы бойынша зейін таңдамалығының дәлдік (А) көрсеткіші есептеледі.

  7. Таңдаудың жылдамдығы (S) есептеледі.

  8. Эксперимент жүргізушімен бірге топтағы сыналушылардың барлығы үшін зейін таңдамалығының және таңдау жылдамдығының орташа мәні анықталады.

Әр сыналушының көрсеткіштерін топтың орташа мәнімен салыстырып даралық мүмкіндіктерін талдау. Зейіннің таңдамалылығын даралық ерекшелігі туралы қорытынды жасау.
Сыналушыларға таратылатын бланкінің үлгісі

БЦКҮНИКВТҒГЩОЦАУДАНЗГУНЦЖАҢАЛЫҚХЭЬЧАДЕРЕКИКЕМ

КИХАНТРОДЧЯГЩГЦПРОКУРОРРГЦЕАГСЕАБЕСТЕОРИЯЕНТСД

ЖЗБЬАШАҢҒЫЙТРЦТАҚУРШРОФШУЙГЗХТЕЛЕДИДАРВОЛДЖШ

ЗХЮЭЛГШЬБДӘПТЕРШОГХЕЮТАҢЛЖИПРУОШЛАПТСЛХЭНИЗҚ

АБЫЛДАУЙЦОКЕНДШИЗХЬБАЖАЙЛАУПРОЛДВПНМАХАББАТБ

ФЫРПЛОСЛДКНЕСЛАКӨРІНІСЯЧСИМТЬҰЙҚЖЮҚУАНЫШГЭЛО

ФЦПЭЖДБАСАНОРАЙШМВЬТЛДЖЬЭГНЕЕКУЫФЙШРЕПОРТАЖЗ

ПОКЖОЛЫФЫВЮЭБЬБАЙҚАУСЗЖШНАПФЯЧЬЩУВСКАПТҰЛҒА

НОТСЭХЬТМРКНЖЭЬЕЮДШШГБАЛКОНПРЖЧЗУНИБӨЛШЕКЖК

ВАЫЭЗБЬТРЛШШЖНПРКМРЫВКОМЕДИЯШЛДКЦУЙФОӨКІНУФ

РЯЧАТЛДЖЭТЬБЮНХТЬЛАБОРАТОРИЯШЕШЕНИЯГШДШНРУЦГ

РГШЩТЛРНЕГІЗАНВЕЗШЭМИТДНТООПРЖТРОКНУКГВМСТРПА

УРХАНАБПЛЕМЕТЧЬЙФЯОМТАЦЭЬАНТЗАХТЛКННОПДЛРОГ
Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Зейіннің негізгі қасиеттеріне тоқталыңыздар

  2. Зейіннің тұрақтылығының психофизикалық сипаты және оның негізгі жағдайлары.

  3. Зейіннің тұрақтылығын зерттейтін әдістерін атаңыздар

  4. Зейіннің толқуын зерттейтін әдістерін атаңыздар

  5. Дерексіздік және оның физиологиялық негіздеріне тоқталыңыздар

  6. Жасанды және шынайы бытыраңқылық дегеніміз не

6 Зейінді дамыту



Жоспары

Зейінді дамытудың негізгі кезеңдері.

Л.С.Выготский бойынша зейінді дамытушы факторлар.

Зейінді анықтауға және дамытуға арналған әдістермен тәсілдер.

Л.С. Выготский зейінді адамның пайда болу тарихымен байланыстырды және баланың дамуында зейіннің біртіндеп дамуына байланысты «екі негізгі.» атап өтті. Олар – 1.зейіннің табиғи даму жолы; 2. зейіннің мәдени даму жолы.

Л.С. Выготскийдің зейін мәселесін дамытудағы маңызды ғылыми жетістіктері зейін мәселесіне әлеуметтік және генетикалық тәсілдерін іске асыруы. Ол ырықты зейінге жағдай жасау, сөйлеу функцияларының бағыттылығын кеңейту, зейінді дамытудағы сөздің ролі және зейінді ойлаумен біріктіре түсіндіруге мән берді.

Доминанта туралы ілімді қолдаушы психологтар Л.С. Выготский, оның оқушылары А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, солармен қатар Б.Г. Ананьев және С.Л. Рубинштейн. 1926 жылы Л.С. Выготский доминанта принципінің мәнділігін теория жүйесінің терминдерімен былайша түсіндірді: «...доминанттық механизм тұтастық, интегралдық, эквифиналдық (мақсаттың соңы) және эмердженттілік (жүйенің элементтерінде болмайтын жаңа сапалардың пайда болуы) жүйелік қасиеттерін қамтамасыздандырады».

П.Я. Гальперин (1974), өз зерттеулерінде ырықты зейін жоспарымен, яғни алдын ала құрастырылған үлгімен бақылау формасы ретінде іске асырылатын зейін, деген қорытынды жасады.

Оқу іс-әрекетіне байланысты зейіннің ырықты және үйреншікті түрлерін, яғни зейіннің бөлінуі, ауысуы сияқты қасиеттерін зерттеген Н.Ф. Добрынин, И.В. Страхов, О.Ю. Ермолева т.б. Осы аталған зерттеушілердің еңбектерін негізге ала отырып, біздің зерттеулердің барлығына стандартталынған, зерттеудің мақсаттарына сәйкес тестілер (сынақ), шкалалар қолданылды. Зерттеу материалдарын өңдеуде статистикалық есептеулер жетекшілікке алынды.

К.Д. Ушинский еңбегінде зейінді «сыртқы әлемнің әсерлерін рухқа енгізетін есік», - деп сипаттаған. Зейін, балалардың оқу материалын анық және есеп бере алатын дәрежеде қабылдауын, жылдам әрі дәл ойлауын, іс-әрекетте бақылауды қамтамасыз етеді.

Мұндай фактілер психология ғылымында зейіннің өзекті мәселе екенін дәлелдейді. Зейіннің физиологиялық табиғатын түсіну үшін И.М. Сеченовтың, И. П. Павловтың, А.А. Ухтомскийдің, П.К. Анохиннің еңбектері маңызды.

Шетел психологтарының ішінде В. Вундт зейін мәселесін сана психологиясымен байланыстарады, У. Джемс зейіннің түрлерін зерттеді, Э. Б. Титченер зейінді генетикалық тұрғыдан қарастырады, Т. Рибо зейінді эмоциямен ұштастырады, А. Трейсман зейінді мәтіннің семантикалық сипатымен байланыстырып зерттеді.

Ал бұрынғы одақтас мемлекеттер психологтарынан зейін теориясын зерттегендер Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин, Н.Ф. Добрынин, А.Н. Леонтьев, И.В. Страхов, Д. Н. Узнадзе .

Балаларда тілдің шығуына байланысты ырықты зейіннің саңылауы байқала бастайды. Ырықты зейін үлкендердің ықпалымен, балаларға түрлі талаптарды орындатып үйретуіне орай дамып отырады (тазалық сақтау, ойыншықтарын, киім-кешектерін жинастыру, үлкендердің айтқанын тыңдай білуге баулу т. б.).

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің қалыптасуында ойын әрекеті ерекше орын алады. Ойын арқылы бала түрлі объектілерді көреді, естиді, байқай алады, фактілер мен құбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға назар аудара бастайды. Балаларда зейіннің түрлі қасиеттері (көлемі, бөлінуі, тұрақтылығы т.б.) жақсы байқалады. Бұлардың бәрі үлкендердің басшылығымен жетіледі.

Мектеп — оқушылардың зейінін оқу-тәрбие процесінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын болса, ал мұғалім — балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Бұрын ойыннан басқаға көңіл бөлмей келген бала оқуға бірден беріліп кетпейді, сабақтың басынан аяғына дейін отыруға оның шыдамы жетпейді. Олардың алғашқы кезде сабақтың аяқталуын асыға күтіп отыратындары да осыдан. Балада ырықсыз зейіннің басымырақ болуы ой-өрісінің көрнекілігіне де байланысты. Мәселен, бірінші сынып оқушылары түрлі нәрселерді санағанда, көбінесе олардың сыртқы формасына, бояуына көңіл аударады да, ең негізгі міндеті — есеп шығаруды ұмытып кетеді. Бұл жастағы балалардың зейініндегі екінші бір ерекшелік зейін көлемінің өте тар келетіндігі. Мұғалім осы жағдайды есінде қатты ұстағаны дұрыс. Ол сабақты бала ұғымына түсінікті, тіл жағынан жеңіл етіп берсе, көрнекі құралдарды тиісінше пайдаланса, бала зейіні бір объектіге тұрақтала түседі де, зейіннің бөлінуі кемитін болады. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде тәрбиеленеді. Сабақтың әрбір минуты бала зейінін билеп алмайынша, мұғалімнің сөзі оның көкейіне қонбайды, қиялын толғандырмайды. Бір сөзбен айтқанда, зейінсіз өткен сабақ өзінің мақсатына жете де алмайды. Зейінді дамытуда әрбір мұғалімнің еске алатын кейбір шаралары мына төмендегілер:

1. Бірінші сыныптан бастап оқушыларды зейінділікке әдеттендіру, оларда зейіннің жоғары түрлерін дамыту естен шықпайтын болсын. Бұл жөнінде К. Д. Ушинский былай деген: «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек».

2. Бүкіл сыныпқа не жеке оқушыларға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келсін.

3. Бала қайда жүрсе де (мектепте, үйде, далада) байқағыштыққа тәрбиеленуі тиіс.

4. Зейінді күшті және тұрақты ететін құбылыстың бірі — ерік. Сондықтан зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен ұштастырып отыру қажет.

5. Төменгі сынып оқушыларының жүйке жүйесінің әлде де болса, «қатая» қоймағандығы еске алынсын. Олардың шаршап кетпеуін қадағалау, орынсыз жалықтырмау, ауыр, жеңілдігі әр түрлі пәндерді күнделікті сабақ кестесіне талапқа сай орналастыру секілді мәселелер де зейін тәрбиесіне қатысы бар шаралар.

Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің де маңызы зор. Егер мұғалімнің өз зейіні дұрыс ұйымдаспаған болса, яғни, ол біресе оқытып тұрған сабағына, біресе сыныптағы оқушыларға алаңдап, нені бастап, нені қойғанын есінен шығарса, ондай мұғалім оқушылардың зейінін дұрыс тәрбиелей алмайды. Мұғалім балаларға сабақ үстінде зейінін дұрыстап аудара алмаса, іске ынтасыз, ұқыпсыз кіріссе, берген сабағынан да жөнді нәтиже шығара алмайтын болады. Мұғалім: «Кейбір оқушылар сабаққа зейін қоймағандықтан үлгермейді» дейтін болса, бұл алдымен оның сабақты дұрыс ұйымдастыра алмауының нәтижесі, өз жұмысындағы кемшілігі болып табылады.


Корректуралық жоба әдістемесі

Аталмыш әдістеме көмегімен зейіннің өнімділігі, тұрақтылығы, бөлінуі және ауысуы қасиеттерін бағалауға болады.



Нұсқау: сіздерге кездейсоқ әріптер қатары орналасқан бланкі ұсынылады. 5 минут ішінде сіз келесі тапсырманы орындауыңыз қажет.

Алғашқы бірінші минут ішінде бланкіден «В» және «И» әріптерін іздеп тауып сызып белгілеуіңіз қажет. Келесі екінші минутта сол бланкінің ішінен «С» және «К» әріптерін тауып, оларды басқаша белгілесеңіз, үшінші минутта – екінші тапсырманы және осылайша жалғастыра беріңіз. Әр минут сайын «Сызықша» командасы беріліп тұрады. Осы команда берілісімен келген жеріңізге үлкенірек сызықша қойып, келесі тапсырмасына ауысып жұмысыңызды жалғастыра бересіз.

Эксперимент соңында, яғни 5 минуттан кейін «Тоқта!» деген соңғы команда беріледі. Осы команда бойынша келген жеріңізге қатарынан екі сызықша қойып жұмысыңызды аяқтайсыз.

Тапсырма соңында барлық сыналушылардан бір мезгілде орындалған жұмыстары жиналуға тиіс.


Жеке тұлғаның зейінінің ауысуын анықтауға арналған әдістеме
Мақсаты: Қара – қызыл түсті кестелері арқылы зейіннің ауысуын зерттеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Қара – қызыл түсті кесте. Қара түсті қатар 1 ден 25 ке дейін сандар, және қызыл 1 ден 24 ке дейін, ауысқан комбинацияда орналасқан, логикалық есте сақтауға келмейтіндей.

Эксперименттің барысы: Алдымен зерттелінушіге қара кестені 1 ден 25ке дейін сандарды көрсетеді, өсу ретімен. Зерттеуші секундомермен зерттелінуші қанша уақыт жұмысты орындайтынын бақылайды. Және жауаптарын жазып алады. Келесіде зерттелінушіге қызыл кестені кему ретімен сандарын көрсетеді. Келесіден зерттелінушіге қара мен қызыл кестелерді ауыстырып көрсетеді, қараны өсу, қызылды кему ретімен.

Сыналушының зейін ауысуының нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.


Көрсеткіштер

1 серия

2 серия

3 серия

Уақыт
Қателері

2мин
-

2мин
-

2мин
1


Қорытындысы:
Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Зейінді дамытудың негізгі кезеңдерін атаңыздар

  2. Л.С. Выготский бойынша зейінді дамытушы факторларын атаңыздар

  3. Зейінді анықтауға және дамытуға арналған әдістер мен тәсілдері қандай



3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ СҰРАҚТАРЫ
1 Зейін туралы психологиялық теориялар.

  1. Зейін психологиясының зерттелу мәселелері.

  2. Зейіннің тәуелсіз үрдіс екендігі туралы.

  3. Зейін туралы философиялық талдаулар.

2 Зейін туралы психофизиологиялық теориялар



  1. У.Джемс зейіннің физиологиялық механизмді зертеуі.

  2. И.П.Павлов зейіннің физиологиялық табиғаты туралы зерттеулері.

  3. Н.Н.Ланге зейіннің моторлық теориясын құрастырушы.

  4. Н.Лейтес, И.Страхов, Е.Хомская, П.Блонский, Ю.Гиппенрейтер, В.Зинченко, Б.Ломов, А.Ярбус еңбектеріндегі зейіннің физиологиялық теорияларына талдаулар.

3 Зейін туралы ұғым



  1. Зейін және сана туралы түсінік.

  2. Т.Рибоның зейін туралы теориясына сипаттама.

  3. П.Я.Гальпериннің зейін туралы концепциясы.

  4. Д.Н.Узнадзенің нұсқа туралы концепциясының зейінмен байланысы.

4 Зейіннің физиологиялық негізі



  1. Зейіннің физиологиялық механизмі

  2. Мидың рефлекторлық қызметімен байланысы

  3. А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясы

5 Зейіннің негізгі түрлері



  1. Табиғи зейін түсінігі.

  2. Ұжымдық зейінге сипаттама.

  3. Сезімдік және интеллектуалдық зейін.

6 Зейін қасиеттерінің сипаттары



  1. Зейіннің толқуын зерттейтін әдістер.

  2. Дерексіздік және оның физиологиялық негіздері.

  3. Жасанды және шынайы бытыраңқылық.

7 Тұлғаның өзін өзі тәрбиелеу үрдісінде зейінді бағдарлау



  1. Өзін өзі тәрбиелеу үрдісінде зейін қасиеттерін дамыту.

  2. Зейін қасиеттерін зерттеуде қолданылатын әдістемелер жүйесі.

  3. Оқушының іс әрекеті нәтижелілігінің зейін тұрақтылығымен байланысы.

8 Оқу әрекетінде зейінді дамыту.



  1. Оқу әрекетінің психологиялық ерекшеліктері.

  2. Зейіннің танымдық үрдістермен байланысы.

  3. Зейінді дамытудағы оқыту әдістері

  4. Зейін арқылы қабылдаумен есті дамыту.

9 Зейінді дамыту және тәрбиелеу жолдары



  1. Таным процестеріндегі зейін болмысы туралы көзқарастар.

  2. Зейінді дамыту жолдары

  3. Зейінді тәрбиелеу жолдары

  4. Зейінді дамытумен тәрбиелеудегі педагогтың ролі.

10 Зейінді дамыту және түзету.



  1. Л.С.Выготский бойынша зейінді дамытушы факторлар.

  2. Зейінді анықтауға және дамытуға арналған әдістермен тәсілдер.

  3. Үлгерімі төмен оқушылар зейін қасиеттерін түзету жаттығулары.

11 Үлгерімі төмен балалардың зейінін анықтау және диагностикалау



  1. Зейін адам тұлғасының феномені ретінде.

  2. Зейін қасиеттерінің жас ерекшеліктеріне байланысты дамуы.

  3. Үлгерімі төмен оқушылар зейінінің даму деңгейі.

  4. Үлгерімі төмен оқушылар зейіні қасиеттерін диагностикалау.


Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?
Магистранттар дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.

Сабақ барысы.

Магистранттар белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Гальперин И.Я. Ждан А.Н. Экспериментальное оформление внимания М., 1963

  2. Гоноболин Ф.Р. Внимание и его воспитание. - М.:1972

  3. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии:В 2т.: Для студентов ВУЗов. - Р. н/Д., 1996

  4. Намазбаева Ж.И. Психология. Оқулық - Алматы, 2006

  5. Сангилбаев О.С. Зейінді зерттеу мәселелері. Оқу құралы. – Алматы. 2005

  6. Немов Р.С. Психология: Учебник для вузов в 3-х т.- Т.1. -М., 2001


Қосымша әдебиеттер:

  1. Мұқанов М.М. Зейінді тәрбиелеу– А., 1980

  2. Лурия А.Р. Внимание и память М.1975

  3. Джакупов С.М. Психология позновательной деятельности. - Алматы., 1992

  4. Намазбаева Ж.И. Развитие личности – А., 1996


4 МАГИСТРАНТТЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
4.1. МӨЖ және МӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.

Магистранттардың өздік жұмысы (МӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, магистранттардың міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

МӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Магистрант өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.


І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:

  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Магистрант осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда магистрант негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Магистранттардың жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет