ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің


Талап қою мерзімінің ұғымы мен түрлері



бет7/8
Дата25.08.2017
өлшемі1,28 Mb.
#26776
1   2   3   4   5   6   7   8

2. Талап қою мерзімінің ұғымы мен түрлері

Талап қою мерзімі – адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағантандыруы мүмкін болатын уақыт кезеңі. Талап қою мерзімі дегеніміз – бұл заңда белгіленген мерзім, яғни бұл мерзім өткеннен кейін ақы талап ету құқығы жойылады, басқаша айтқанда құқықты еріксіз жүзеге асыру мүмкіндігі жойылады.Талап қою мерзімін қолдану өте қажет. Бұған бірсыпыра себептер бар – бір жағынан, арада ұзақ уақыт өтіп кеткеннен кейін даулы құқықты анықтай сот органдарына қиын жұмыс. Талап қою мерзімдері жалпы және арнайлы болып бөлінеді. Талап қоюдың жалпы мерзімі 3 жыл болып табылады. Талаптардың жекелеген түрлері үшін заңнамада талап қоюдың жалпы мерзіммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлім ұзақ арнаулы мерзімдер белгіленуі мүмкін. Талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады. Тап осы сәттен бастап жәбірленушінің әрі материалдық, әрі азаматтық іс – жүргізу тұрғысынан талап – арыз беру құқығы пайда болады. Материалдық тұрғыдан алғанда, талап ету құқығы дегеніміз белгілі бір азаматтық құқықты еріксіз түрде орындату – тиістіні сот арқылы алу әдісі мен жүзеге асады. Талап қою мерзімі материалдық талап ету құқығын жояды, бірақ азаматтық іс- жүргізу құқығын жоя алмайды. Талап ету мерзімі өтіп кетсе де, сот азаматтық істі қарауына алуға міндетті, бірақ оны қарау кезінде талап қою мерзімі өтіп кеткендігі анықталған жағдайда ғана сот талапкердің талабын қанағантандырудан бас тартады.

Талап қою мерзімі мынадай жағдайларда тоқтатылады:

- талап қоюшы төтенше және бұл жағдайда болмай қоймайтын оқиға кедергі жасаса;

- міндеттемелердің бұл түрін орындау Қазақстан Республикасы Президентінің жариялауымен кейінге қалдырылуына байланысты (мораторий);

- талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген әскери бөлімшелер құрамында болса;

- әрекет қабілеттігі жоқ адамның заңды өкілі болмаса;

- тиісті қатынасты реттейтін заңдардың қолданылуын тоқтатуға байланысты.

Талап қою мерзімінің өтуі, егер осы бапта көрсетілген мән-жайдар талап мерзімінің соңғы алты ай ішінде пайда болса немесе бұрынғысынша қала берсе тоқтатыла тұрады, ал егер бұл мерзім алты айдан аспаса – талап мерзімінің өтуі кезінде тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға әкеліп соқтырған мән-жайлар тоқтатылған күннен бастап талап қою мерзімінің өтуі одан әрі жалғасады. Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі алты айға дейін, ал егер талап қою мерзімі алты айдан аспаса – талап мерзіміне дейін ұзартылады. Талапты сот қараусыз қалдырған жағдайда, талап қойылғанға дейін басталған талап қою мерзімі жалпы тәртіппен одан әрі жалғаса береді. Ал, со қылмыстық істе қойылған талапты қараусыз қалдырса, талап қоюға дейін басталған талап қою мерзімінің өтуі талапты қараусыз қалдырған үкім заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады. Мерзімі тоқтатыла тұрған кездегі уақыт талап қою мерзіміне есептелмейді. Бұл орайда, егер мерзімнің қалған бөлігі алты айдан аз болса, ол алты айға дейін ұзартылады. Ерекше жағдайларда, талапкердің жеке басына байланысты мән-жайлар (ауыр науқас, дәрменсіз халде болу, сауатсыздық және т.б.) бойынша талап қою мерзімі өтіп кетуінің себебін сот орынды деп таныған кезде, азаматтың бұзылған құқығы қорғалуы тиіс. Талап қою мерзімінің өтіп кету себептері орынды болып, егер ол талап мерзімінің соңғы алты ай ішінде орын алған болса, ал егер бұл мерзім алты айға тең немесе алты айдан аз болса – талап мерзімінің өтуң кезінде танылады. Талап қою мерзімі біткеннен кейін міндетін атқарған борышқордың немесе өзге міндетті адамның тіпті сол міндетті атқарған кезінде талап мерзімінің өтіп кеткенін білмесе де, аталған адамның өзі атқарған нәрсесін қайтаруды талап етуге құқығы жоқ. Талап қою қолданылмайтын талаптарға жататындар:

- заңнамада көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы талаптар

- салымшылардың банкіге банктік салымдарды беру туралы талаптары;

- азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар;

- меншік иесінің немесе өзге заң иеленушінің өз құқығының кез келген бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмайтын, олардың осы құқық бұзушылықты жою туралы талаптар.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары


  1. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің алатын орны

  2. Талап қою тәртібі

  3. Талап қою негіздері

  4. Талап қою мерзімінің ұғымы

Ұсынылатын әдебиет

1.Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том . Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева.

2.Г.А. Жайлин, Б.К. Абдыкадыров. Юридические лица от «А» до «Я». Пособие, А; 2003.

3.Төлеуғалиев Ғ. ҚР азаматтық құқығы Т.1 А., 2001

4.Ынтымақов С. Азаматтық құқық: Практикум. – А., 2000

5.Абдуллина З.К. ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы. – А., 2001

6.Гражданское право. Общая часть: Учеб.пособие / Гл. ред. А.Г.Диденко.- Алматы: Нур-пресс, 2006
Тақырып 9. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді пайдалану құқығын тоқтату және олардан шығару тәртібі – 2 сағат

1. Меншік құқығы ұғымы және мазмұны

2. Меншік құқығының пайда болуының негізгі тәсілдері

3. Меншік құқығының тоқтатылу негіздері

4. Меншік құқығын қорғау

1. Меншік құқығы ұғымы және мазмұны

Меншік дегеніміз - өз материалдық игіліктерді табиғаттың өнімдері мен еңбекті меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады. Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығының мазмұнын меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану және билік ету тәрізді өкілеттіктер құрайды. Иелену құқығы – мүлікті нақты иелену мүмкіндігін заң жағынан толықтай қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік беріп, затты пайдалану үшін маңызды алғы шарт жасайды. Пайдаланудың өкілеттік құқығы дегеніміз – мүлікке оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайдалану осы құқықтың жүзеге асыруы болып табылады. Билік ету құқығы дегеніміз – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік етудің өкілеттігі меншік құқығының объектілеріне қатысты мәмілелер жасауға өкілетті. Билік ету құқығы затқа меншік иесі болып табылмайтын тұлға арқылы да жүзеге асады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады деп жазылған. Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соныішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.



2. Меншік құқығының пайда болуының негізгі тәсілдері

Меншік құқығының екі түрі бар: 1) жеке меншік; 2) мемлекеттік меншік.

Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік жеке меншікте болуы мүмкін.

Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді. Республикалық меншік мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, мелмекеттік меншіктің Азаматтық заңнамада аталып көрсетілген объектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды. Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заңнамаға сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды. Мемлекеттік меншіктегі мүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі мүмкін. Жекелеген мемлекеттік мекемелердің иелігіндегі мемлекеттік мүліктің құқықтық режимінің ерекшеліктері заң актілерімен белгіленеді. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады. Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке меншік құқығының субъектісі ретіндегі қатынасының белгісі орналастырған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік меншік болып саналады. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтар өздеріне қарасты барлық мүліктің меншік иесі болып табылады. Азаматтардың жеке меншік категориясы жеке дара өзіндік меншік ұғымына сай келеді. Қазақстан Ресепубликасының ұлттық меншігі құқығының қалыптасуы айтарлықтай қиын жағдайда өтті. Қазақ КСР-ның 1990 жылғы 15 желтоқсанда қабылданған меншік туралы Заңында тұңғыш рет меншік құқығының принциптері мен ұғымы бекітіліп, Қазақ КСР-ның жері мен басқа табиғат ресурстарына айрықша меншік жарияланады. Меншіктің қалған басқа түрлері де республиканың меншігі болып танылады. Меншік құқығын азаматтық құқықтың субъектілері әр түрлі негіздері ала алады. Меншік құқығын алудың негіздерінің түпкілікті дәрежеде тізімін жасайды. Меншік құқығын алуды бастапқы және туынды негіздерін шектеу өлшемінен бір жағдайда еркіндік өлшемі ал келесі бір жағдайда құқық қабылдайшылық сай келеді, оның соңғысына ерекше баға беріледі.



3. Меншік құқығының тоқтатылу негіздері

Меншік құқығы меншік иесі өз мүлкін басқа адамдаға берген, меншік иесі меншік құқығынан бапс тартқан, мүлік қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлікке меншік құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады. Төмендегі реттерді есептемегенде мүлікті меншік иесінен ықтиярсыз алып қоюға жол берілмейді:

- меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүлікке өндіріліп алынған айналымға түскен ретте;

- заңнамаға сәйкес белгілі бір адамға тиесілі бола алмайтын мүлікті ықтиярсыз иеліктен айырған ретте;

- реквизицияланған ретте;

- тәркіленген ретте;

- жер учасксін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айырған ретте;

- күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған ретте және т.б.

Азамат немесе заңды тұлға өзіне тиесілі мүлікке меншік құқығынан бас тарта алады, бұл жөнінде ол жариялайды, не бұл мүлікке қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз өзінің мүлікті иеленуден, пайдаланудан және оған билік етуден шеттейтінін айқын дәлелдейтін басқа да әрекеттер жасайды. Меншік құқығынан бас тарту осы мүлікке басқа тұлға меншік құқығын алған кезге дейін тиісті мүлікке қатысты меншік иесінің құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға әкеліп соқтырмайды. Меншік құқығы тоқтатылғанкезде мүлік оның нарықтық құны негізге алына отырып бағаланады. Меншік иесі адамның заттық құқықтары заңнамада белгіленген ережелер бойынша, сондай-ақ заң құжаттарында, заңды тұлғаның жарғысында немесе меншік иесінің мүлік иесімен жасасқан шартында белгіленген тәртіп бойынша меншік иесінің шешімімен тоқтатылады.

Меншік құқығын қорғау

Меншік иесі меншік құқығын тануды және өзгенің иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы. Егер мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынып, алушы мұны білмесе, және білуге тиіс болмаса (адал алушы), мүлікті меншік иесі немесе меншік иесі мүлікті иеленуге берген адам жоғалтқан, не мұның екеуінен де ұрланған, не олардың иеленуінен бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап теіп алдыруға құқылы. Егер мүлік оны иеліктен айыруға құқығы жоқ адамнан тегін алынса, меншік иесі барлық ретте бұл мүлікті талап етіп алдыруға құқылы. Меншік құқығы, өз құқықтарының бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды талап теуге құқылы. Меншік иесі болмағанымен, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заңнамада немесе шартта көзделген өзге де негізбен мүлікті иеленушінің құқықтары болады. Бұл адамның өз иелігін меншік иесінен де қорғауға құқығы бар. Қазақстан Республикасы меншік құқығын тоқтататын заң құжаттарын қабылдаған ретте, осы құжаттарыды қабылдау нәтижесінде меншік иесіне келтірілген залалдарды меншік иесіне Қазақстан республикасы толықкөлемде өтейді. Мемлекет басқару органының, жергілікті өкілді немесе атқарушы органның, не лауазымды адамның заңдарға сәйкес келмейтін қалыпты немесе жеке қуат шығаруы салдарынан меншік иесінің және басқа адамдардың өзіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі құқықтары бұзылса, мұндай құжат меншік иесінің құқығы бұзылған адамның талап қоюы бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылады. Нақты іс бойынша сот шешімі шығарған жағдайда мемлекеттік басқару органдарының, жергілікті өкілді немесе атқарушы органның заң құжаттарына қайшы келетін құжаттары қолданылмайды. Аталған құжаттарды шығару салдарынан меншік иесіне келтірілген залал тиісті өкімет немесе басқару органының тиісті бюджет қаражатынан толық көлемінде өтелуге тиіс.



Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Меншік құқығы туралы жалпы сипаттама

  2. Меншік құқығының пайда болу негіздері

  3. Меншік құқығының тоқтатылу негіздері

Ұсынылатын әдебиет

1. Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996.

2.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995.

3. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98.

4. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева.

5.А. Жайлин, Б.К. Абдыкадыров. Юридические лица от «А» до «Я». Пособие, А; 2003.

6.Төлеуғалиев Ғ. ҚР азаматтық құқығы Т.1 А., 2001

7.Ынтымақов С. Азаматтық құқық: Практикум. – А., 2000

8.Абдуллина З.К. ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы. – А., 2001

9.Гражданское право. Общая часть: Учеб.пособие / Гл. ред. А.Г.Диденко.- Алматы: Нур-пресс, 2006


Тақырып 10. Қызметтік тұрғын үйлер және жатақханалар – 2 сағат

1. Қызметтік тұрғын ұйлер жалдау шартының түсінігі.

2. Қызметтiк тұрғын үйдi беру және пайдалану

3. Қызметтiк тұрғын үйден шығару ерекшелiктерi

4. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханалардан тұрғын үй-жай беру тәртiбi

5.Мемлекеттік тұрғын ұй қорындағы жатақханадан шығару.



1. Мемлекеттiк тұрғын ұй қорындағы қызметтiк тұрғын ұйлер жалдау шарты бойынша өздерiнiң еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиiстi азаматтарды тұрғызуға арналады. Өздерiнiң еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиiс және қызметтiк тұрғын ұй берiлуi мұмкiн қызметкерлер санатының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұкiметi белгiлейдi.Тұрғын ұй ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмiмен қызметтiк тұрғын ұйлердiң қатарына кiргiзiледi және олардың қатарынан шығарылады. Мемлекеттiк тұрғын ұй қорынан қызметтiк тұрғын ұйдi беру және пайдалану тәртiбi ҚР тұрғын ұй қатынастары туралы заңмен және Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де нормаларымен белгiленедi.

Қызметтiк тұрғын ұйдi пайдалануға ҚР тұрғын ұй қатынастары туралы заңының 90, 93, 95-баптарының ережелерi қолданылмайды. Мемлекеттiк тұрғын ұй қорындағы қызметтiк тұрғын ұйлердi ауыстыруға қызметтiк тұрғын ұйдi берген мемлекеттiк органның келiсiмiмен жол берiледi.

Жоғарыда аталғандардың негізінде студенттер семинар сабағын талдау барысында қызметтік тұрғын ұйлерден шығару негіздерін, мемлекеттік тұрғын ұй қорындағы жатақханадан шығарудың заңды тәртібін айқындап, меңгерулері тиіс. Сонымен қатар, студенттер қазіргі таңда қарқынды деңгейде салынып жатқан ипотекалық тұрғын ұйлердің ерекшеліктеріне назар аударып, халық ұшін тиімді жақтарын көрсетулері тиіс /мысал келтіре отырып/.

Қызметтік тұрғын жай – азаматтардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде оларды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын жай;

Қызметтік тұрғын үйлерге теңестірілген тұрғын жай – мемлекеттік тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға берілетін тұрғын жай;

2. Қызметтiк тұрғын үйдi беру және пайдалану

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан қызметтiк тұрғын үйдi беру және пайдалану тәртiбi Заңмен және Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де нормаларымен белгiленедi.

Қызметтiк тұрғын үйдi пайдалануға Заңның 90, 93, 95-баптарының ережелерi қолданылмайды.

Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы қызметтiк тұрғын үйлердi ауыстыруға қызметтiк тұрғын үйдi берген мемлекеттiк органның келiсiмiмен жол берiледi.

Қызметтiк тұрғын үйлер

Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы қызметтiк тұрғын үйлер жалдау шарты бойынша өздерiнiң еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиiстi азаматтарды тұрғызуға арналады.

Тұрғын үй ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмiмен қызметтiк тұрғын үйлердiң қатарына кiргiзiледi және олардың қатарынан шығарылады.

Қызметтiк тұрғын үйлерден шығару

Заңның 101-бабындағы 5-тармақтың 1), 2), 3)-тармақшаларында, сондай-ақ екiншi бөлiгiнде көзделген реттердi қоспағанда, еңбек қатынастарына байланысты тұрғын үй берiлiп, ол қатынастарды тоқтатқан қызметкерлер өзiмен бiрге тұратын барлық адамдармен қоса басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс.

Аталған негiздер бойынша қызметтiк тұрғын үйден шығару туралы талап еңбек қатынастарын тоқтатқан күннен бастап үш жылдың iшiнде қойылуы мүмкiн.

3. Қызметтiк тұрғын үйден шығару ерекшелiктерi

Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн берiлген қызметтiк тұрғын үйден тұру үшiн жарамды басқа тұрғын үй берiлместен:

1) I және II топтағы мүгедектердi (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);

2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдарды;

3) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi, әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде, өндiрiстегi жазатайым жағдайдың салдарынан қаза тапқандардың немесе хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердiң отбасыларын;

4) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің қорытындысы бойынша Чернобыль апатының, Семей полигонындағы ядролық сынақтар жарылыстарының, сондай-ақ басқа да азаматтық және әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi төтенше жағдайлардың салдарынан денсаулық жағдайы нашарлаған азаматтарды;

5) қызметтiк тұрғын үй берген кәсiпорында немесе мекемеде кемiнде он жыл жұмыс iстеген адамдарды;

6) қызметтен босатылған, өздерiне соған байланысты қызметтiк тұрғын үй берiлген, бiрақ сол кәсiпорынмен немесе мекемемен еңбек қатынастарын тоқтатпаған адамдарды;

7) жасы бойынша немесе денсаулық жағдайы бойынша, сондай-ақ штаттардың қысқаруына, кәсiпорынның немесе мекеменiң таратылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдарды;

8) қызметтiк тұрғын үй берiлiп, қайтыс болған қызметкерлердiң отбасы мүшелерiн;

9) көп балалы отбасыларын шығаруға болмайды.

4.Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханалардан тұрғын үй-жай беру тәртiбi



Жатақана- мерзімді еңбек шарты бойынша жұмыс істеитін адамдардың, оқу кезінде студенттер мен оқушылардың, сондай-ақ жатақананың меншік иесімен немесе қожаиынымен мерзімді еңбек шарты бар басқада адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын үй.

Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханалардан тұрғын үй-жай кәсiпорын, мекеме әкiмшiлiгiнiң шешiмi бойынша еңбек шартымен жұмыс iстейтiн кезеңiнде, сондай-ақ студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың оқуы кезеңiнде тұруы үшiн берiледi.

Шешiмде жатақханадан тұрғын үй-жай берiлген адаммен бiрге тұрғызылатын барлық адамдар аталуға тиiс. Басқа адамдарды тұрғызуға тыйым салынады

Мемлекеттiк тұрғын үй қорының жатақханаларындағы тұрғын үй-жайларды пайдалану тәртiбi

1. Жатақханалардағы тұрғын үй-жай төсектiк және бөлмелiк үлгiлерде болуы мүмкiн.

2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының жатақханаларындағы тұрғын алаңның көлемi бiр тұрушыға Республикада қолданылып жүрген тұрғын алаңның санитариялық нормасынан кем болмауға тиiс.

Бөлмелiк үлгiдегi жатақханада тұрушыға отбасы мүшелерiнiң санына қарай екi және одан да көп бөлмелерден тұратын тұрғын үй-жай берiлуi мүмкiн.

3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханаларды пайдалану ережесiн, сондай-ақ бұл жатақханалардағы тұрғын үй-жайларды пайдаланғаны үшiн төленетiн ақының мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

4. Қажет болған жағдайда жатақхана берген кәсiпорынның немесе мекеменiң әкiмшiлiгi жатақханада тұратын адамдарды (отбасы мүшелерiмен бiрге) сол немесе басқа жатақханадағы басқа тұрғын үй-жайларға көшiруге құқылы. Бөлмелiк үлгiдегi тұрғын үй-жайда тұратын адамға көшiру кезiнде басқа бөлмелiк үлгiдегi қажеттіліктер керек.

5. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханадан шығару

 Еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген және осы еңбек қатынастарын тоқтатқан адамдар, сондай-ақ оқу орындарында оқыған және олардан шығып қалған адамдар өздерiмен бiрге тұратын отбасыларының мүшелерiмен қоса оларға жұмысына немесе оқуына байланысты берiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорының жатақханасынан басқа тұрғын үй-жай берiлмей шығарылуға тиiс.

Осы ереже еңбек шарты немесе жергілікті атқарушы органдардың және кәсіпорындар (мекемелер) әкімшіліктерінің өзге де шешімдері негізінде мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларда тұру құқығын алған адамдарға, сондай-ақ қоныстанған кезінен бастап осы Заң күшіне енгенге дейін іс жүзінде тұрып жатқан басқа да адамдарға қолданылмайды.

Заңның 107-бабында көзделген негiздер бойынша да жатақханадан басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуы мүмкiн.

Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша талап ету

құқығын беру ерекшелiктерi

Осы Заңның 98-1-бабының күшi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi № 1344 Жарлығын iске асыруға байланысты туындайтын құқық қатынастарына ғана қолданылады.

 Өзін өзі бақылау сұрақтары

1 Қызметтiк тұрғын үйден шығару ерекшелiктерi

2 Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханадан шығару

3 Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша талап ету

4 Қызметтік тұрғын ұйлерден шығару.

5 Қызметтiк тұрғын үйлердi және мемлекеттiк тұрғын үй қорының жатақханаларындағы тұрғын бөлмелердi пайдалану

Ұсынылатын әдебиет

1.Гражданское право.Т.1.Издание четвертое, переработанное и доплненное/ Под ред.А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого М: « Проспект »,1999.



  1. Еренов А.Е. Очерки по истории феодальных земельных отношений у казахов. Алма-ата 1960.

  2. Ерофеев Б.В. Земельное право: Учебник для вузов / Под ред. Академика Г.В.Чубукова.-Министерство: Новый Юрист, 1998.

  3. Жетписбаев Б.А. Административная ответственность в Республике Казахстан: Учебное пособие / Под общей редакцией профессора С.С.Сартаева-Алматы: Данекер, 2000


Тақырып 11. Тұрғын үй – жайларға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу - 2 сағат

1 Коммуналдық қызметтер түсінігі мен мәні

2 Коммуналдық қызметтерге тарифтерді бекітудің тәртібі

3 Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер
1. Коммуналдық қызметтер- тұрғын үйде (тұрғын жайда) көрсетілген және сумен жабдықтауды, канализация, газбен, электрмен, жылуменжабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметкер.

Әлемдік дағдарыстың салдарынан көптеген адамдар табысының азайып қалғанын сезінді. Ондай жағдайда не істеу қажет? Ешқашан да еңсеңізді түсірмеңіз. Жан-жағыңызға қараңыз да, неге үнемдеуге болатынын елестетіңіз. Батыс елдері тіпті ең қажетті деген заттардың өзіне үнемдеуді үйренді.

Жалға алушы Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлерде тұрғын үйді пайдаланғаны үшін және коммуналдық қызметтер үшін төлем төлеуге міндетті. Коммуналды тұрғын үй қорындағы үйлерде тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем жергілікті атқарушы органмен, ал мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорындағы үйлерде кәсіпорын әкімшілігімен белгіленеді. Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемді анықтаудың өзге тәртібі ҚР – ның заңды актілерімен аяқталуы мүмкін.

2. Тұрғын үйлердің меншік нысанына қарамастан коммуналдық қызметтер үшін төлем ҚР – ның Үкіметімен бекітілетін тарифтер бойынша алынады. Мемлекет табысы аз азаматтар мен олардың отбасыларына тұрғын үйді ұстау үшін және коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін ақы төлеу бойынша көмек көрсету жөнінде шаралар қолданады.

Мұндай көмек жеке меншік құқығымен тиесілі жеке тұрғын үйді ұстау кезінде көрсетілмейді. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет есебінен қайсыбір елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің меншік иелері (жалға алушылары) болып табылатын тұлғаларға көрсетіледі.

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жергілікті өкілді органдармен анықталады. Жоғарыда айтылғандай тұрғын үйді пайдаланумен байланысты шығындарды өтеу жалға алушының отбасының барлық кәмелетке толған мүшелеріне жүктеледі. Мұндай міндет бір тұрғын үйде тұратын бірнеше жалға алушылар мен меншік иелерінің әрқайсысына да жүктеледі.

Аталған тұлғалар арасында тұрғын үйге және коммуналдық қызметтерге төлем бойынша ортақ шығындарды бөлу тәртібі олардың арасындағы келісіммен анықталады, келісімге келмеген жағдайда – сот тәртібінен анықталады.



3. ҚР – ның заңнамасымен тұрғын үйге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер белгіленуі мүмкін.

Тұрғын ұй қатынастары туралы Заңнын 6 тарауын 86 бабына сілтеме.



Электр қуаты. Біз өзімізді электроника бізге ыңғайлы өмір сүруді қамтамасыз етеді, біздің өмірімізді жайлы етеді деп, өзімізді электр құралдармен, тұрмыстық техникамен, электроникамен қоршап тастадық. Электр қуаты бізге көптеген бос уақыт беріп біз үшін жұмыс істеуі керек еді, алайда біз осыған қоса шу, кернеу және үлкен сомадағы электр қуатына деген шот алдық. Не істеуге болады? Әжетханадағы, жуынатын бөлмедегі және қоймадағы шамдарды айтарлықтай төмен қуатты, 60 ваттығына ауыстырамыз. Жағдайға үйрену үшін бұл жеткілікті болады. Сіз көп уақытыңызды өткізетін жерлерде және жақсы жарықсыз болмайтын жерлерге электр үнемдейтін лампаларды салыңыз. Ондай лампалар қызбайды және барлық күшін жарық беруге жұмсайды. Олардың бағасы кәдімгі лампаларға қарағанда қымбатырақ, алайда, тұтыну қуаты төмен, сонымен қатар олар тез күйіп кетпейді. Егер сіз оқығанды жақсы көретін болсаңыз, онда алты көзді люстраны қосудың еш қажеті жоқ, кітап оқу үшін торшер немесе стол шамын жағуға да болады. Бір шәйнек шай қайнатқаннан гөрі, өзіңіз ішетінін ғана қайнатқан дұрыс. Бұдан да кәдімгідей үнемделеді. Оның үстіне қайта-қайта қайнаған шәйді ішу денсаулыққа зиян. Жан жағыңызға қараңыз, сөзсіз Сізде тек демалыс күндері, онда да анда-санда қолданатын DVD-плеер, музыкалық орталықтар тоқ сұққышқа (розеткаға) қосылып тұрған шығар. Бұл заттар аз тұтыну режиміне жатады, бірақ сонда да электр тұтынады. Егер сіз әлі пластик терезелер құрғызбаған болсаңыз, балконның ескі ағаш есіктерін жылылаңыз. Осылай сіз желдеулерден құтылып, жылуды үнемдейсіз. Сонда жылыту құрылғысын да қосу керек емес.

Су. Біз қанша ақшаны құбырға жіберетінініміз туралы бір сәт болса да ойландыңыз ба? Пәтерде су өлшеуіш құралдарын орнату суды бей-берекет жұмсауды тоқтатып, отбасы бюджетін үнемдеуге көмектеседі. Егер пәтерде бірнеше адам тіркеліп, шын мәнінде бір адам ғана тұратын болса, онда су өлшеуіш құрал өте тиімді болады. Сондай-ақ, бұл құрылғы сіз жаз айларын отбасыңызбен саяжайда өткізетін болсаңыз да тиімді. Егер сіз сүйікті киноңызды көруге асығып, кранды жабуды ұмытып кетсеңіз, унитазыңыздан су ағып тұрса – онда сізге өлшеуіш құрал көмектеспейді. Сонымен, сіз су өлшеуіш құралын орнатуға бел бусаңыз, онда бірнеше ережелерді білгеніңіз жөн.

Өлшеуіш құрылғысын орнатпас бұрын, крандарды жөндеп, ауыстыру, сондай-ақ барлық ағып тұрған жерлерді жөндеу қажет. Ең бастысы – әдетке айналған дағдыңызды өзгерту керек, яғни суды бекерге төкпеу керек. Өз бетіңізбен өсептеуіш құралдарды орната көрмеңіз. Бекітілген ереже бойынша пәтерлердегі есептеуіш құралдарды тек сәйкес лицензиялары бар ұйымдар ғана құра алады.



Газ. Газды тұтыну нормасы көп жағдайда жоғары. Газында есептеуіш құралы бар пәтер иесі, есептеуіші жоқтарға қарағанда аз ақша төлейді. Газға есептеуіш құрал орнату да қиын емес. Ол үшін қалалық газ қызметіне есептеуіш құрал орнатып, үйді газдандыру жобасына сәйкес өзгертулер енгізу туралы өтініш жазу қажет.

Жылу. Халықтың тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметіне төлейтін жалпы шығындарының 40% жылу шығыны құрайтындықтан, жылуды үнемдеу басқа энергоресурстарды үнемдеуге қарағанда басымдыққа ие. Пәтерлерді жылумен қамтамасыз ету меншік иелері үшін басымдыққа ие, себебі пәтерлерді жылытуда ғимараттарды құрылғылар арқылы тығындау арқылы («ақшасы төленген жылуды шығындатпау және өзіңді тоңдырмау үшін») шығынды өтеуге әрі қосымша газ бен электрді жұмсамай-ақ пәтердегі температураны қажетті деңгейде ұстауға болады.

Егер тұрғын үйдің жылу балансын қарайтын болсақ, жылу жүйесінің басым бөлігі жылу шығындарын жабуға жұмсалады екен. Бұл орталықтанған жылу және су жүйесіне қосылған тұрғын үйде төмендегіше көрінеді:



  • Жылытып бекітілмеген терезелер мен есіктер арқылы жоғалатын жылу шығыны – 14%;

  • Ғимарат қабырғалары арқылы шығын – 22%

  • Төбелер, еден, шатыр жабындылары арқылы шығын – 8%

  • Қымтап жабылмайтын есіктер мен терезелер, желдеткіштер арқылы жылу шығыны – 56%.

Егер Сізде жылуға есептеуіш құрал болмаса, онда Сіз қанша үнемдесеңіз де, жылу үшін төленетін төлемге мұның еш қатысы болмайды.

Жылу беруді реттеуге мүмкіндік болуы үшін және коммуналдық қызметкерлер жылу берумен асыра сілтемеуі үшін жылу беру кезеңінде барлық желдеткіштерді ашық қалдырмай, реттегіш радиаторларды құру ұсынылады. Осылайша, жылу қажеттілік бойынша түсетін болады, енді жылуды қалай үнемдеу емес, оны қалай бостан босқа жоғалтпау мәселесі туындайды.

Жылдың суық мезгілінде жылы ауаның сыртқа шығатын жері – есік пен терезе. Егер Сіздің қаражатыңыз жетсе – онда заманауи терезелер үйіңізді айтарлықтай қолайлы әрі жылы етіп, шығындарыңызды үнемдейді. Егер қаражатыңыз жетпесе, суық түсердің алдында терезелер мен кіретін есікті жылылауға ерінбеңіз.

Өзіңіз үшін кем дегенде екі-үш түрлі ақша үнемдеу әдісін таңдау артық болмайды, әрі нәтижесі де көп күттірмейді.

Үйдегі жылуды қалай сақтап тұруға болады?

Қысқы суық күндерде үйде жылу мен жайлылық жетіспейді. Жылу сақтаудың ең қарапайым жолы - терезе, қабырға, еден мен есікті жылыту.



Терезелерді жылыту үшін жақтауға поролон не мақта тығып, қалыңдығы 4-5 см. мақталық қағаз жабыстыру керек. Ол үшін ескі ақ жайма жарайды. Кесілген жолақтарды сулатып, кір сабын жағу керек. Ондай жолақтар оңай жабысып, қыс бойы ұстап тұрады. Олар қағазға қарағанда икемді, терезелердің сұқпа тиектері мен ілмектерін жабады. Мата қағаз сияқты сарғаймайды, қыс бойы бүлінбей, көктемде жеңіл алынады. Мата жолақтарын бір емес, бірнеше рет қолдануға болады. Көктемде оларды жуып, кептіріп, орамаға орап, келесі қысқа дейін сақтауға болады.

Немесе суы бар банкада парафи­нді (оны дәріханадан алуға болады) немесе май шамның шырақ тұқылын 70°С температурада ерітуге болады. Сол суда бір реттік инесіз шприцті қыздыру керек (көлемі үлкен болса, тіпті жақсы). Одан кейін парафинді жинақтап, суымай тұрғанда терезе саңылауларына салу керек. Бұл әдіс қарапайым және жедел. Ал көктемде терезені ашқан кезде, ол өз-өзінен түсіп қалады.

Терезе пен әйнектерді жабыстыру – бір ғана шара. Жылу тек конвекционды ағындар мен саңылаулар есебінен жоғалып кетпейді, түссіз әйнекке шағылысудан да жоғалуы мүмкін. Сондықтан да суықта терезеге тығыз перделер іліп қойған дұрыс, ашық түсті болған жөн. Олар қара түстілерге қарағанда жылуды көп сіңіреді. Аязда оларды тартып көтеріп қояды. Ал үйлердің көбінде олар жылыту радиаторларының үстінде орналасып, ұзын болғандықтан, түсіріп қойған кезде, жылытуды шектейді. Сондықтан олар қысқа болған жөн.

Тағы бір әдіс – қазіргі заманғы пластик терезелерді орналастыру, яғни шыныпакеттер. Ол арзан болмағанымен, сапасы жағынан ең тиімдісі. Пластик терезе құрылымының бір ерекшелігі – жылыны ұстап тұрады, тіпті қатты жел болғанда, терезе оны өткізбейді, сондықтан қысқы мезгілде қосымша жылыту бойынша шаралар жасаудың қажеті болмайды. Жылыту бойынша шараларсыз пластик терезелер бөлме температурасын 5 градусқа көтере алады. Шыныпакеттердің жылу сақтағыш бетінің болуы электр энергияны үнемдейді, қысқы уақытта әйнек беті қайтадан бөлмеге инфрақызыл толқынды шағылыстырады. Соның нәтижесінде жылу сақталып тұрады. Ал жазда әйнек беті күннің жылуын шағылыстырады, соның нәтижесінде күн жағында орналасқан орын-жай ысып кетпейді.

Сонымен қатар, терезелерді жиі реттеп тұрыңыз, өйткені резеңке нығыздауышы босап, соның нәтижесінде жел немесе жылу сақтау қабілеті нашарлайды.

Есіктің ойықтарына синтетикалық негізде жасалған арнайы жабысқақ тығыздауыштар орнатылады. Осылайша есіктер біраз жылытылады. Егер жаңа есіктер қойылса, онда есік қорабы тығыз орналасу керек. Ол үшін жаңа есіктің сапалы орнатылуынан кейін, қосымша оның бойына құрылыс көбігін жағуға болады. Көбік кепкеннен кейін, ішкі орын-жай біршама жылынады.

Еден – пәтер жайлылығының негізгі бөлігі. Суық плиталардан гөрі, жылы еденмен жүрген жақсы. Жылуы дұрыс жолға қойылған орын-жайдың едені де жылы болу керек. Алайда барлық жерде олай емес. Физика заңдарына сәйкес, суық ауа төменде шоғырланған. Сондықтан, жалпы жайлы бөлменің едені суықтау болады. Бұл көпқабатты үйлердің бірінші қабаттарындағы сонымен қатар, жертөлесі жоқ, топырақ үстінде тұрғызылған жер үй тұрғындарына таныс. Еденді жылыту үйге ерекше жайлылықты қамтамасыз етеді.

Нарықта дайын технологиялық шешімдер бар. Оларға электрлік және сулы жылы еден жүйелері жатады. Ондай едендерді орналастыру және пайдалану бойынша қызмет көрсетуді білікті мамандар жүзеге асырады. Өйткені есеп және құрастыру барысындағы қателер еденнің жоспардан тыс жөнделуіне, сонымен қатар көршілермен түсініспеушілік мәселесіне әкеп соғады.

Еденді жылытудың дәстүрлі әдісінің бірі - лагтар үстіндегі ағаш еден жабдығы. Ондай еден түрі жер үйлер мен көпқабатты үйлердің бірінші қабаттарына орналастырылады. Лагтар арасындағы кеңістікті нығыздауышпен – шыны мақта мен минералды мақтамен толықтырып, ал лагтарды жылуөткізгіш фольгалық пенополиэтилен мен полистиролмен жабады. Еден және қабырға жапсарларын жылыту үшін монтажға арналған көбік пен көбіктенген пенополистирол қолданылады.

Ал егер пәтер жоғары қабатта орналасып, жертөлесі бар болса, онда жылу мен дыбысоқшаулағыш қатпары бар линолеум немесе кілем жабындысы төселеді. Декоративті жабынды астына қосымша жұқа орамалық экрандық көбіктенген полиэтилен орналастыруға болады. Егер орын-жай жертөле үстінде орналасса, жылытуды жертөледен қамтамасыз етуге болады.



Қабырғаларды жылыту үшін, төмен жылу өткізгіш пен жылу ұстайтын материалдар қолданылады: минералды және шынымақта, түрлі пенопластар және пенополиэтилендер, тығындық оқшаулау материалдары.

Қалай дегенмен де, жылыту приборлары – батареялар үйдің жайлылығын қамтамасыз ете алмайды. Осы жағдайда электржылыту жабдықтары қолданылады: конвектор, инфрақызыл жылытқыш, жылужелдеткіш және май ра­диаторлары. Бұл жабдықтарды тұрмыстық техника дүкенінде сатып ала аласыз.

Энергетикалық тиімділікті арттыруға үйдің автоматты жылу жүйесімен жабдықталуы үлкен әсер етеді, ол көшедегі ауа температурасына және жылу көздерінің параметрлеріне байланысты жылудың берілуін реттейді, бұл үйде қолайлы температура ұстауға мүмкіндік береді.

Үйлерді терможаңғырту – едендерді, қабырғаларды, шатырларды жылылау арқылы үйдің қоршау құрастырмаларының жылутехникалық сипатын жақсарту. Терможаңғырту іс-шараларының бірі – панель аралық герметикалық жіктерді қалпына келтіру және қабырғаларды гидроизоляция болып табылады. Батыс елдерінің практикасы қоршау құрастырмалары жылу ысырабын қысқарту жылытуға жұмсалатын шығындарды 40-60 процентке төмендетуге мүмкіндік беретінін көрсетті.

Сыртқы есік арқылы шығып кететін жылуды сақтаудың ең тиімді тәсілі екінші есік орнату, осылай жылу оқшаулағыш тамбур жасалады. Қалай болса да қабырға мен есіктің арасындағы саңылауды монтаждаушы көбікпен толтыру қажет. Есік қаңқасына есіктің толық жанасуы үшін профильдік тығыздағыштарды пайдалану қажет. Егер кіреберістегі есік жақсы жабылатын болса, есіктерді жылылау тиімді. Бұған есікті сапаландырушы немесе жеке коды бар құлып орнату көмектеседі.

Жылыту маусымында үй-жайды аз ғана, бірақ қарқынды желдету қажет. Үнемі ашық тұрған терезе көшені жылытады және тұрғындардың ақшасын шығындайды. Аз уақытқа терезені толық ашып желдету ұсынылады. Ауа алмасады, бірақ үй-жайдың ішін салқындатпайды.

Пәтерде/үйде шытынаған немесе сынған әйнекті ауыстыру ұсынылады. Суық түскеннен кейін терезелердегі саңылаулар жылудың ысырып болуына себеп болады. Сондықтан терезенің рамасы мен әйнектің жанасқан жеріндегі саңылауларды терезенің бойымен жылуоқшаулағыш материалдармен тығыздау қажет, жылуоқшаулаушы ретінде арнайы тығыздағыштар немесе кәдімгі медициналық мақта да қолданылады. Терезені жылылау үй-жайдың температурасын 2-5 0С-қа көтереді.

Пәтерде қолайлы жағдай жасаудың қарапайым да, қолжетімді тәсілі бар. Үй-жайда температураны кем дегенде 1 0С-қа көтеру үшін радиатордың қуысына жылуды шағылыстыратын экран орнату қажет. Радиатордың сыртындағы қабырға 500 0С-қа қызуы мүмкін. Тек қабырғаны жылытуды болдырмау үшін батареяға жылуды шағылыстыратын экран орнату қажет. Экран арнайы материал – пенофол (бір жағында фольгасы бар көбікті негіз), сондай-ақ жай фольга болуы мүмкін. Радиатордың артындағы экран екі рейкаға немесе рамаға орнатылады, оларға желіммен немесе екі жақты скотчпен немесе степлермен бекітіледі. Тиімді жұмыс істеудің міндетті шарты қабырға мен радиатордың арасында 2-3 см саңылаудың болуы.

Батареяны қара түске бояу қажет, тегіс, қара түсті бет 5-10% жылуды артық шығарады.

Үйдің маңына ағаштар отырғызған жағдайда ғимараттың маңындағы ағаштар үй-жайдың ішінде жылудың сақталуына әсер етеді.

Жылыту радиаторларында температураны реттегіш, ең тиімдісі – жылу есептегіш орнату қажет. Түнде мүмкіндігінше төменгі температураны ұстау денсаулыққа пайдалы.

Жылу энергиясын тұтынуда тұрғындардың әдеті негізгі рөл атқарады. Осыған мысал, кіреберіс есіктердің үнемі ашық қалуы, осының салдарынан жылу энергиясы ысырып болады. Дер кезінде аздаған кемшіліктерді, кіреберістегі сынған әйнекті, жабылмайтын терезені және т.б. қалпына келтірмеу салақтыққа алып келеді.



Өзін өзі бақылау сұрақтары

1 Коммуналдық қызметтерге кеткен шығындарды үнемдеуі

2 Үйдегі жылуды қалай сақтап тұруға болады?

3 Тұрғын үйге ақы төлеу жөніндегі женілдіктер.


Ұсынылатын әдебиет

1. Гражданское право / Ред. Тулеугалиев Г. - А., 1999

2.Граждангское право / Ред. Гришаев С. – М., 1998

3.Гражданское право : Уч. Т.1,2,3,/ Ред. Сергеев А.П. – М., 2000

4.Гражданское право: Общая часть / Под ред. Диденко А.Г. – А., 2003

5.Гражданское право. Ч.ІІ :Конспект лекций /Авт.-сост. Р.Беленков .-М.:ПРИОР,2000


Тақырып 12. Тұрғын үй саласын дамыту бағдарламасы – 2сағат

1. Міндеттеме ұғымы және пайда болу негіздері

2. Міндеттемені орындау

3. Міндеттемені тоқтату



1. Міндеттеме ұғымы және пайда болу негіздері

Міндеттеме - бір адамның (борышқордың) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу сияқты белгілі бір әрекеттер жасауы, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуы. Міндеттеменің әр тарабы – несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Мұндай ретте үлесті, ынтымақты немесе жәрдем берушілік міндеттеме пайда болады. Міндеттеме тараптары (несие беруші мен борышқор) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Үшінші жақ ретінде міндеттеме тараптарының біреуне міндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады. Міндеттеме үшінше жақ үшін міндеттер туғызбайды, бірақ міндеттеме үшінші жақтар үшін міндеттеменің бір немесе екі тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкін. Міндеттеменің пайда болу негіздері:

- заңнамаде көзделген шарттар мен мәмілелерден, сондай-ақ заңнамада көзделмегенімен оларға қайшы келмейтін шарттар мен мәмілелерден;

- заңнамаға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;

- азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімімен;

- заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде;

- өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;

- басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау (негізсіз баю) салдарынан;

- азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;

- азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан және өзге де негіздерден міндеттемелер пайда болады.



2. Міндеттемені орындау

Міндеттеме барлық шарттар мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда – іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс. Міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді. Тараптардың келісімінде өзгеше көделмесе борышқор міндеттемені орындау кезінде несие берушінің өзі немесе бұған ол уәкілдік берген адам орындауға қабылдайтын нәрсені талап етуге құқылы және мұндай талап жасалмауының зардабын тартуға тәуекел етеді. Егер заңдарда немесе шартта көзделсе, үшінші жақ тиісті шарт арқылы тараптардың бірімен байланысты болса, міндеттемені орындау түгелдей немесе бөлшектеп үшінші жаққа жүктелуі мүмкін. Міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиіс уақыт кезеңі көзделсе немесе анықтауға мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол кезең ішінде кез келген уақытта орындалуға тиіс. Міндеттемеде ол орындалатын кезең көзделмесе, ол міндеттеме пацда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуға тиіс. Ақылға қонымды мерзімде орындалмаған міндеттемені, борышқор несие беруші талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімде орындауға міндетті. Міндеттеме орындалатын жер шарттарда белгіленбеген жағдайда міндеттеме мынадай жерлерде орындалуы мүмкін:

- міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру – мүлік орналасқан жерде;

- міндеттеме бойынша мүлікті тасымалдауды пайдалана отырып беру – мүлікті несие берушіге жеткізу үшін оны бірінші тасымалдаушыға тапсыратын жерде;

- егер бұл жер міндеттеме пайда болған кезде несие берушіге белгілі болса, кәсіпкердің басқа міндеттемелері бойынша мүлікті беру – мүлік дайындалған немесе сақталған жерде;

- ақшалай міндеттеме бойынша – несие берушінің міндеттеме пайда болған кездегі тұрғылықты жерінде, ал егер несие беруші заңды тұлға болса – міндеттеме пайда болған кезеде оның болған жерінде;

- басқа да барлық мәндеттемелер бойынша – борышқордың тұрғылықты жерінде, ал егер борышқор заңды тұлға болса – оның орналасқан жерінде орындалуға тиіс.Міндеттемеге бірнеше несие беруші немесе бірнеше борышқор қатысса, несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені орындауыды талап теуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы басқалармен тең үлесті орындауға міндетті (үлесті міндеттеме). Несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы орындауға міндетті болуына сәйкес көп жақтар қатысатын міндеттеме ортақтасқан міндеттеме деп танылады. Негізгі борышқор несие берушінің міндеттемені орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиярлық борышқорға) мәлімдеуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол адамға кері талап (регресс) қоюға құқылы. Міндеттеменің орындалғанын қабылдау отырып, несие беруші борышқордың талап етуі бойынша оның толық немесе бір бөлігі орындалғаны жөнінде оған қолхат беруге міндетті. Егер борышқор міндеттемені куәландыру үшін несие берушіге борыш құжатын берсе, несие беруші оның орындалғанын қабылдай отырып, құжатты борышқорға қайтаруға тиіс. Борышқорда борыш құжатының болуы, өзгеше дәлелденге дейін міндеттеменің тоқтатылғандығы куәландырады.

3. Міндеттемені тоқтату

Міндеттеме орындалса, талаптан бас тарту төлемі төленсе, борышты есепке жатқызылса, жаңғыртылса, борышты кешіру арқылы борышқор мен несие беруші бір тұлға болса, орындауға мүмкіндік болмаса, мемлекеттік органның құжаты шығарылса, азамат қайтыс болса, заңды тұлға таратылса, толық немесе ішінара тоқтатылады.Тараптардың келісімі бойынша міндеттеме орындалудың орнына бас тарту төлемін беру арқылы тоқтатытлуы мүмкін. Бас тарту төлемінің мөлшерін, мерзімдерін және тәртібін тараптар белгілейді.Міндеттеме мерзімі жеткен, не мерзімі көрсетілмеген немесе мерзімі талап ету кезімен белгіленген біртектес қарсы талапты есепке жатқызу арқылы толық немесе бөлік-бөлігімен тоқтатылады. Есепке жатқызуға бір тараптың өтініші жеткілікті. Міндеттеме тараптардың арасында болған бастапқы міндеттемені ауыстыру туралы келісіммен сол адамдардың арасындағы орындаудың өзге нысанын немесе әдісін көздейтін басқа міндеттемемен (жаңғыртылуға байланысты) тоқтатылады. Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі және алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерге қатысты жаңғыртылуға жол берілмейді.Міндеттемені орындауға мүмкіндіктің болмауы борышқор жауап бермейтін жағдайлардан туындаса, орындауға мүмкіндік болмағандықтан міндеттеме тоқтатылады. Бұл ереженің күші ақшалай мінддемелерген қолданылмайды. Жергілікті өкілді және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың құжат (жария құжат) шығаруы салдарынан міндеттемені толық немесе ішінара орындау мүмкін болмаса, міндеттеме толық немесе тиісті бөлігінде тоқтатылады. Міндеттемені орындау борышқордың жеке өзінің қатысуынсыз жүргізілмейтін болса не міндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, борышқордың қайтыс болуымен міндеттеме тоқтатылады. Егер де міндеттемені орындау несие берушінің жеке өзіне арналса, не міндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, несие берушінің қайтыс болуымен міндеттеме тоқтатылады. Таратылған заңды тұлғаның міндеттемесін орындау заңдармен басқа заңды тұлғаға (азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келуі салдарына туындаған міндеттемелер бойынша) жүктелген жағдайлардан басқа реттерде, міндеттеме заңды тұлға (борышқор немесе несие беруші) тартылғанда тоқтатылады. Жергілікті өкілді және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қызметін тоқтату немесе оларды қайта құру осы органда борышқор болған міндеттемелерді тоқтатуға әкеліп соқтырмайды.



Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Міндеттеме ұғымы және пайда болу негіздері

2. Міндеттемені орындау негіздері

3. Міндеттемені тоқтату негіздері



Ұсынылатын әдебиет

1. Басин Ю.Г. Жилдищные права и обязанности граждан- Алма-Ата:Казгосиздат, 1957.

2.Богомолов А.М., Голощапов Н.А., Помазкова С.И. Договоры жилищно-коммунального хозяйства-М, 1999.

3.Владимирская А.С. аренда жилых и нежилых помещений – М., 1999

4.Гражданское право под ред. Ю.К.Толстого и А.П. Сергеева. – М., 1997 г
Тақырып 13. Тұрғын үй даулары – 2 сағат

1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұғымы

2. Айыппұл және кепілпұл

3. Кепіл және оның түрлері

4. Кепілдік және кепіл болушылық

1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұғымы

Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиесінше орындайды. Сонымен бірге, өмірде міндеттемені орындау немесе тиесінше орындау орын алатыны тағы шындық. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз етуі үшін әдістер деп аталатын арнайы шараралды көздейді. Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан, ол міндеттемелердің бәріне бірдей емес, тек заңдарда немесе келісімге отырған жақтардың шарттарына қаралған міндеттемелерге қолданады. Азаматтық заңнама талаптарына сәйкес, ондай әдістерге айып төлету, кепіл, борышқордың мүлігін алып қалу, аманат, кепілдік , кепілпұл және басқа әдістер жатады. Қамтамасыз ету әдістерін өздерінің сипаттарына қарай төрт топқа бөлуге болады. Қамтамасыз ету сипатының бірі міндеттемелерді орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда борышқордың белгілі бір ақша сомасын төлей арқылы қосымша мүлік залал шегуініен көрінеді. Екінші топтың әдістері несие беруші арқылы мүлікті өндіріп алумен жүзеге асады. Үшінші топтағы қамтамасыз ету әдісі несие берушіге тек борышқордың ғана емес, үшінші жақтың да мүлкін өндіртіп алуды қамтиды.Төртінші топқа біздің заңымызда бұрын – сонда тән болмаған әдіс – борышқордың мүлкін ұстап қалу болып табылады. Бұл әдістің ерекшелігі сол заң несие берушіге борышқор өз міндетін орындамайынша, борышқордың затын өзін - өзі қорғау мақсатында ұстап қалу құқығын береді.



2. Айыппұл және кепілпұл

Айыппұл (айып төлеу)– борышқордың міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте несие төлеушіге міндетті заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы. Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысаныа қарамастан жазбаша түрде жасалуға тиіс. Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп соқтырады. Айыппұл мөлшері нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгіленеді. Егер төленуге тиіс айыпппұл несие берушінің шеккен залалдарымен салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың міндеттемені орындау дәрежесін және борышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін ескере отырып айыппұл мөлшерін азайтуға құқылы. Міндеттемені бұзғаны үшін дорышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады. Кепілпұл – уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз еткуге берілген ақшалай сома. Кепілпұл туралы келісім кепілпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Бұл ереже негізгі міндеттеме нотариалдық жолмен куәландырылуға тиіс болатын жағдайда да қолданылмайды. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады. Міндеттеменің орындалуы басталғанға дейін тараптардың келісімі бойынша не олардың кінәсінсіз-ақ оны орындаудың мүмкіндігі болмауы салдарынан тоқтатылған жағдайда кепілпұл қайтарылуға тиіс. Егер міндеттеменің орындалмауына кепілпұл берген тарап жауапты болса, ол екінші тарапта қалады, ал егер кепілпұл алған тарап жауапты болса, ол екінші тарапқа кепілпұлдың екі еселенген сомасын төлеуге міндетті.



3. Кепіл және оның түрлері

Кепіл – міндеттемеге сәйкес несие берушінің (кепіл ұстаушының) борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан осы мүлік тиесілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілердің алдында артықшылықпен қанағандандырылуға құқығы бар міндеттемені атқарудың әдісі. Кез келген мүлік, соның ішінде айналымнан алып тасталған заттар, несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты талаптар, атап айтқанда алименттер, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар және заң құжаттарымен оларды басқа тұлғаға беруге тыйым салынған өзге құқықтар, заттар мен мүліктік құқықтар (талаптар) кепіл мәні бола алады. Кепіл түрлері:

- ипотека – кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі;

- кепілзат – кепілге салынған мүлікті кепіл беруші кепіл ұстаушының иелігіне беретін кепіл түрі. Кепіл туралы шартта кепілдің мәні мен оны бағалу құны, кепілден қамтамасыз етілетін міндеттеменің мәні, мөлшері мен орындалу мерзімі көрсетілуге тиіс. Онда кепілге салынған мүлік қай тарапта екендігі және оны пайдалану болатындығы көрсетілуге тиіс. Мемлекеттік тіркелуге тиісті мүлікті кепілге салу осы мүліктің тіркелуін жүзеге асыратын органда тіркелуге тиіс. Тіркеуді жүзеге асыратын орган кепілдерді тіркеу реестрін жүргізуге және кепіл ұстаушылардың мүдделерін қорғау жөнінде шаралар қолдануға, кепілге салынған мүлікті кепіл ұстаушының келісімінсіз иеліктен айыруға жол бермеуге міндетті. Кеплімен қамтамасыз етілген борыштық талап қоюдың сипаты мен мазмұны өзгерген кезде қосымша тіркеу жүргізіледі. Егер кепілге салынған мүлік басқа талаптарды қамтамасызететін басқа бір кепілдің нысанасы болса ( кепілге қайта салу), кейінгі кепіл ұстаушының талабы алдыңғы кепіл ұстаушылардың талаптарынан талаптары қанағаттандырғаннан кейін кепіл мәнінің құнынан қанағаттандырылады. Кепілдің тоқтатылу негіздері:

- кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер тоқтатылғанда;

- кепілге салынған мүліктің жоғалу немесе бүліну қаупі туып, кепіл ұстаушы кепілдегі мүлікті күтіп ұстау мен сақтау міндеттерін өрескел бұзған жағдайда кепіл беруші талабы бойынша кепіл мерзімінен бұрын тоқтатылғанда;

- кепілге салынған мүлік жойылса немесе бүлінсе кепіл беруші кепілге салынған нәрсені ақылға қонымды мерзімде қалпына келтіре алмаса немесе оны басқа мүлікпен алмастыра алмастыра албағандық салдарынан тоқтатылғанда;

- кепілге салынған мүлікті жария саудаға салып сатқан ретте, сондай-ақ оны сату мүмкін болмаған ретте тоқтатылады.

Кепілдің тоқтатылғаны туралы кепіл туралы шарт тіркелген реестрде белгі соғылуға тиіс.

4. Кепілдік және кепіл болушылық

Кепілдік – кепіл беруші заң актілерінде көөделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе борйышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндетті міндетеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі. Кепіл болушылық – кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие беруші алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндетті міндетеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі. Кепілдік немесе кепіл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Жазбаша нысанды сақтамау кепілдік немесе кепіл болушылық шартының жарамсыз болуына әкеледі. Кепілдік беруші немесе кепіл болушы борышқордың міндеттемені орындауын өз жауапкершілігіне алатынын несие берушіге жазбаша түрде хабарласа, ал несие беруші кепілдік берушінің немесе кепіл болушының ұсыныстарынан бұл үшін жеткілікті болатын қажетті уақыт ішінде бас тартпаса, кепілдік немесе кепіл болушылық шарттарыныі жазбаша нысаны сақталған деп есептеледі. Кепілдік және кепіл болушылық өздері қамтамасыз еткен міндеттеменің тоқтатылуымен бірге, осы міндеттеме кепілдік беруші мен кепіл болушының жауапкершілігін соңғылардың келісімінсіз арттыруға немесе өзге де қолайсыз салдарға әкеліп соқтыратындай өзгерген жағдайда тоқтатылады.Кепілдік және кепіл болушылық, егер олар өздері қамтамасыз еткен міндеттемені орындау мерзімінің басталуына қарай борышқор немесе кепілдік беруші мен кепілдіболушы ұсынған тиісті дәрежедегі орындауды қабылдаудан несие беруші бас тартса тоқтатылады. Кепілдік және кепіл болушылық оларға кепілдік немесе кепілдік болушылық шартында көрсетілген мерзім біткен кезде тоқтатылады. Егер мұндай мерзім белгіленбесе, егер несие беруші кепілдіктен немесе кепіл болушылықпен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімі басталған күннен бастап бір жылдың ішінде кепілдік берушіге немесе кепіл болушыға қуыным жасамаса, ол тоқталады. Негізгі міндеттеменің орындалу мерзімі көрсетілмеген және белгілеуге болмайтын немесе талап етуімен белгіленген кезде, кепілдік және кепіл болушылық егер несие беруші кепілдік берушіге немесе кепіл болушыға кепілдік немесе кепіл болушылық шарты жасалған күннен бастап екі жылдың ішінде қуыным жасамаса, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, кепілдік пен кепіл болушылық тоқтатылады.



Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұғымы

2. Айыппұл және кепілпұл

3. Кепіл және оның түрлері

4. Кепілдік және кепіл болушылық

Ұсынылатын әдебиет

1. Абдуллина З.К. ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы. – А., 2001

2.Гражданское право. Общая часть: Учеб.пособие / Гл. ред. А.Г.Диденко.- Алматы: Нур-пресс, 2006

3.Гражданское право / Ред. Тулеугалиев Г. - А., 1999

4.Граждангское право / Ред. Гришаев С. – М., 1998

5.Гражданское право : Уч. Т.1,2,3,/ Ред. Сергеев А.П. – М., 2000

6.Гражданское право: Общая часть / Под ред. Диденко А.Г. – А., 2003
3.Практикалық сабақтың құрылымы

Тақырып 1. Тұрғын үй құқығы – 2 сағат

1. Тұрғын ұй құқығының түсінігі және мәні.

2. Тұрғын ұй құқығының қағидаттары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет