ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің


Тұрғын ұй құқығының әдісі, нысаны



бет2/8
Дата25.08.2017
өлшемі1,28 Mb.
#26776
1   2   3   4   5   6   7   8

3. Тұрғын ұй құқығының әдісі, нысаны.


4. Тұрғын ұй құқығының жүйесі

5. Тұрғын ұй құқығымен реттелетін қатынастар.



1. Тұрғын ұй құқығының түсінігі және мәні.

Тұрғын үй - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитарлы және басқада міндеттерге сай келетін және тұрғын үй (жеке-дара тұрғын үй, пәтер, жатақанадағы бөлме);

Тұрғын үй емес үй жай-тұрғын үйдің ортақ мүлік болып бөлігін қоспағанда, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға пайдаланылатын жеке үй жай (дүкен, кафе, шеберхана, кеңсе және сол сиақтылар).

Тұрғын үйдің тұрғын емес алаңы-тұрғын-үй жайдағы ішкі қосалқы бөлмелердің (ас үйдің, ванна бөлмесінің, дәретқананың, кіреберістің, дәліздің, пәтер қоймасының және тағы басқалардың) шаршы метрмен есептелінетін алаңы.

Дара (бөлек) меншік – тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрамындағы үй-жайға азаматтардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің меншігі;

Тұрғын жай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй  бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);

Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұм­са­латын шығыстар –  кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстау­ға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;

тұрғын үй-жай (пәтер) – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғын жайдың тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай;

үй-жай – тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі әрленбеген беті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табылады.

2. Тұрғын ұй құқығының қағидаттары

Құқықтық принциптер деп, құқық нормалары жүйесінің ішкі бірлігі мен дамуының бағыттарын анықтайтын негізгі жетекші бастаулар түсініледі. Құқықтық нормалардың қандай жүйесіне қандай-да бір ережелер жетекші бастаулар болып табылатынына байланысты ажыратылады:

а) жалпы құқықтық қағидаттар, яғни құқықтың барлық жүйесінің дамуының бағыты мен ішкі бірлігін анықтайтын негізгі жетекші бастаулар (заңдылық, демократизм, тең құқықтылық, ізгілік, әділеттілік және т.б.);

б) бірнеше құқық салаларына тән салааралық қағидаттар (меншікті қорғау, материалдық жауапкершілік және т.б.);

в) осы құқық саласының өзгешелігін бейнелейтін салалық қағидаттар,;

г) Тұрғын ұй құқығының нақты институтының мазмұнын бейнелейтін ішкісалалық қағидаттар.

Тұрғын ұй құқығындағы салааралық қағидаттар осы құқық саласының нормалары реттейтін қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне қатысты ғана әрекет етеді. Тұрғын ұй құқығының салалық қағидаттары тек осы құқық саласы нормаларының мазмұндық қасиетін білдіреді. Олар мазмұны мен мақсаттық бағытталуына байланысты жекелеген институттар мен нормаларда нақтыланады және көрініс табады.

Тұрғын ұй құқығының негізгі қағидаттары ҚР Конституциясында және осы құқық саласының маңызды заңи актілерінде көрініс тапты.


3. Тұрғын ұй құқығының әдісі, нысаны.


Құқықтың әрбір саласы реттеудің құқықтық әдісі мен реттеу пәнінің өзгешелігімен анықталады. Бұл құқықты, немесе оның басқа салаларын жасау үшін қоғамдық қатынастар түрінің өзіндік сапалы дәрежесі өте қажет, ол құқықтық реттеудің ерекше әдісін талап етеді.

Егер ол пән немесе басқа құқықтық сала қоғамдық қатынастардың қандай топтарын реттейтіндігіне мағлұмат беретін болса, онда бұл әдіс қатынастардың қандай жағдайда реттелетінің көрсетеді.

Тұрғын ұй құқығының әдісі бірнеше белгілерімен өзгешеленеді:

А) Тұрғын ұй құқық қатынастарының орталықтанған және жергілікті реттелуінің үйлесімі;

Б) реттеу тәсілінің шарттық, ұсынымдық және императивтік болуы;

Осылайша, Тұрғын ұй құқығының әдісі – еңбек қатынастарын реттеудегі амалдардың, құралдардың, әдістердің жиынтығы.

Орталықтанған реттеудің негізінде маңызды еңбек қатынастарын уәкілетті органдармен (Парламент, Үкімет) заңдар және заңға тәуелді актілерді қабылдау жолымен мемлекеттік реттеу принципі жатыр. Мысалы, мемлекет ең төмен жалақы мөлшері, жұмыс уақытының ең жоғарғы ұзақтығы, өндірістегі еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігін сақтаудың негізгі принциптерін белгілейді, яғни ұжымдағы адамның өмірі мен денсаулығының қауіпсіз болуының қалыпты дәрежесін қамтамасыз ететін еңбек жағдайлары.

Бұл тұрғын ұй қатынастарын реттеудің жергілікті тәртібіне қатысты.

Жынысына, жасына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, мүлiк және қызмет жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге көзқарасына, сенiмiне, азаматтықта, қоғамдық бiрлестiктерде болуына, сондай-ақ қызметкердiң iскерлiк қабiлетi мен оның еңбегiнiң нәтижелерiне байланысты болмайтын басқа да мән-жайларға қарамастан, ешкiмнiң де тұрғын ұй құқықтары шектелуге немесе оларды iске асыруда қандай да бiр артықшылықтар алуға тиіс емес. Тұрғын ұй саласында кемсiтушiлiкке ұшырадым деп есептейтiн адамдар тиiстi арызымен сотқа жүгiне алады. 

Ұсыну нормалары жергілікті (локальды) құқықтық актілерде бекітіле отырып тұрғын ұй құқық қатынастарының тараптары үшін міндетті болып табылады. Олар заң шығарушысына керекті тәртіп ережелерін белгілейді.

Бұйрықты (императивті) нормалар ұйғарым немесе тыйым салу нысанында болады.

Тұрғын ұй құқығының әдісі азаматтардың тұрғын ұй құқықтарын қорғау амалдарының өзгешелігін сипаттайды.



4. Еңбек құқығының жүйесі

Тұрғын ұй құқығынын жүйесі - біртұтас саланы құрайтын, кейін құқықтық институттар мен субинституттарға бөлінетін заңды нормалар жиынтығы. Басқа сөзбен айтқанда, еңбек құқығының саласы институттарға біріккен, өзара байланысты еңбек заңнамасының нормаларынан құрылған. Құқықтық институт құқық саласының негізі болып табылады, өйткені заңды нормалар құқық саласын тікелей емес, институттар арқылы құрайды. Осылайша, тұрғын ұй құқық нормаларының институттарға бөлінуі, реттеу пәні бойынша жүзеге асыралады.

Тұрғын ұй құқығының жүйесі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады, олар өз кезегінде институттарға ыдырайды.

Жалпы бөлім Тұрғын ұй құқығының пәні, әдісі және жүйесі, тұрғын ұй қатынастарын реттеудің принциптері, еңбек құқығының қайнар көздері, субъектілердің құқықтық жағдайларын қамтиды. Бұл мәселелердің барлығы тұрғын ұй құқығының нақты тарауларын (институттарын) терең зерттеудің іргелі негіздерін құрайды.

Ерекше бөлімге еңбек заңнамасының барлық басқа нормалары жатады. Олар Тұрғын ұй қатынасының немесе осы құқық саласының пәніне жататын басқа да қоғамдық қатынастардың жекелеген түрлерін реттейтін Ерекше бөлімнің құқықтық институттарына топтастырылады. Мысалы, тұрғын ұй қатынастарының пайда болу, өзгерту мен тоқтату негіздері реттейтін нормалар тұрғын ұй шарты құқықтық институтын құрайды және т.б.

5. Тұрғын үй құқығымен реттелетін қатынастар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті:

1) тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын және мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;

2) тұрғын үй қорын күтіп-ұстаудың ережелерін бекітеді;

3) тұрғын үй көмегін көрсетудің ережелерін бекітеді;

4) тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді жеткізуші нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарттарын бекітеді;

5) жекелеген коммуналдық қызмет түрлерін көрсету ережелерін бекітеді;

6)  Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін айқындайды.

   Уәкілетті органның құзыреті

1) тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асырады;

2) тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерін, тұрғын үй көмегін беру ережелерін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық қызметтер көрсетуші нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарттарын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді

3) тұрғын үй қатынастары саласында бағдарламаларды және  мемлекеттік саясатты одан әрі  жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді, сондай-ақ іске асырады;

4) өз құзыреті шегінде тұрғын үй қатынастары саласында нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлейді және бекітеді;

5) тұрғын үй қатынастары саласында басқа да мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

6) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді;

7) тұрғын үй қорының жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады;

8) тұрғын үй қатынастары саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

9) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналыстары хаттамасының және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне жазбаша сауалнама жүргізу кезінде дауыс беру парағының, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің үлгі нысанын әзірлеп, бекітеді.

10)«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті мемлекеттік басқару  органдарының  құзыреті:

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарламаларын  бекітеді.

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:

1) тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарламаларын әзірлейді және  тиісті жергілікті өкілді органдардың бекітуіне ұсынады, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

2) тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

3) өздеріне ведомстволық бағынысты аумақта кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөніндегі қызметін бақылау бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады; 

4) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум­дар құрамына енгізілмеген ортақ пайдаланылатын жерлерді күтіп-ұстау жөнінде шаралар қабылдайды.

  Аудандардың (облыстық маңызы бар қала­лар­дың) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді органдары тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың  бағдарламаларын бекітеді.

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары:

1) тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарлама­ларын әзірлейді және тиісті жергілікті өкілді органдардың бекітуіне ұсынады, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

2) өздеріне ведомстволық бағынысты аумақта тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

3) тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

4) өздеріне ведомстволық бағынысты аумақтағы тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі қызметін бақылау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады;

5) жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қабылдайды;

6) Заңның 32-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайларда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар дайындау бойынша шығыстарды өтеуді қамтамасыз етеді.

 Өзін өзі бақылау сұрақтары



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет