ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің


Тұрғын үйге жеке меншiк құқығын алу



бет4/8
Дата25.08.2017
өлшемі1,28 Mb.
#26776
1   2   3   4   5   6   7   8

2.Тұрғын үйге жеке меншiк құқығын алу

Тұрғын үйдi сатып алу құқығы

1. Азамат немесе заңды тұлға, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының қай жерiнде тұратынына қарамастан, жеке меншiгiне заңды түрде тұрғын үй сатып ала алады.

2. Бiр азаматтың немесе заңды тұлғаның меншiгiндегi тұрғын үйлердiң саны мен көлемiне шек қойылмайды.

3. Тұрғын үйге меншiк құқығын алуға немесе жүзеге асыруға байланысты қатынастар да Қазақстан Респуб­ликасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.

Тұрғын үйге ортақ меншiк құқығы

Тұрғын үйдi бiрлесiп салған, азаматтық-құқықтық мәмiлелер жолымен немесе мұраға алған жағдайда және заңдарға қайшы келмейтiн басқа жағдайларда екi немесе одан көп азаматтар тұрғын үйге ортақ меншiк құқығына ие бола алады.

Бiрнеше адамның меншiгiндегi тұрғын үй оларға ортақ бiрлескен меншiк құқығымен:

1) ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi;

2) жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк түрiнде тиесiлi болады.

3. Ортақ меншiктегi тұрғын үйдiң меншiк иелерi арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне белгiленген тәртiппен бөлiнуi мүмкiн.

4. Ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiк құқығының ерекшелiктерi неке және отбасы туралы заңдармен белгiленедi.

Жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ бiрлескен меншiк құқығының ерекшелiктерi осы Заңмен белгiленедi.

 Тұрғын үйге меншiк құқығын тiркеу

Тұрғын үйге меншiк құқығы ол тiркеу органында тiркелген кезден бастап пайда болады.

Тiркеу тиiстi тәртiппен ресiмделген, Заңның 12-бабында көзделген негiздер бойынша тұрғын үй алынғандығын растайтын құжаттар көрсетiлген жағдайда жүргiзiледi.

 3.Тұрғын үйге жеке меншiк құқығының мазмұны және оны жүзеге асыру шарттары

Тұрғын үй иесiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi

Тұрғын үйдiң, сондай-ақ салынып бiтпеген тұрғын үйдiң иесi оны, сату шартын белгiлей отырып, өз қалауы бойынша еркiн сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға, басқа адамдарға мұраға қалдыруға, кепiлге беруге, осы бапта көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, заң актiлерiнде тыйым салынбаған өзге де жолмен оған билiк етуге құқылы.

Ипотекалық тұрғын үй қарызы қаражатының есебiнен толық нeмece iшiнара сатып алынған тұрғын үйдi сатып алу-сату шарты мемлекеттiк тiркелген кезден бастап меншiк иесiнiң ипотекалық тұрғын үй қарызы толық өтелгенге дейiн кредитордың келiсiмiнсiз осы тұрғын үйге билiк етуге құқығы жоқ.

Меншiк иесiнiң тұрғын үйдi немесе оның бiр бөлiгiн тұрғын емес мақсатта пайдалануы оған мемлекеттiк органдардың рұқсатын қажет етпейдi.

Бұл құқықты меншiк иесi құрылыс, санитариялық, өртке қарсы және басқа да мiндеттi нормалар мен ережелердi сақтаған жағдайда ғана iске асырады.

Егер құзыреттi органдар мiндеттi нормалар мен ережелердi бұзу фактiлерiн не тұрғын үйдi пайдалану басқа азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн айтарлықтай бұзатын фактiлердi анықтаса, үй-жай иесi   Қазақстан Республикасының заңдарында  көзделген жауаптылыққа тартылып, сонымен бiрге оған мұндай тәртiп бұзушылықтарды және олардың зардаптарын жою мiндетi жүктелуi мүмкiн.

3. Бiр тұрғын үйде орналасқан үй-жайлардың иелерi оны күтiп ұстау жөнiндегi ортақ шығындарға қатысуға мiндеттi. Әрбiр меншiк иесi шығынның мөлшерi, егер меншiк иелерiнiң келiсiмiнде өзгеше белгiленбеген болса, тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңының немесе дара (бөлек) меншiктегi тұрғын емес үй жайлар алаңының тұрғын үйдiң жалпы алаңына қатынасымен анықталады.



Тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi

Үнемi бiрге тұратын ерлi-зайыптылар мен олардың балалары тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi деп танылады. Ерлi-зайыптылардың ата-аналары, сондай-ақ өздерiнiң отбасы бар және меншiк иесiмен үнемi бiрге тұратын балалары өзара келiсiм бойынша ғана меншiк иесi отбасының мүшелерi деп танылуы мүмкiн.

Ерекше жағдайларда, егер меншiк иесiмен үнемi бiрге тұрса және онымен кемiнде бес жыл ортақ шаруашылық жүргiзсе, басқа адамдардың да тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi деп танылуы мүмкiн. Еңбекке жарамсыз асырауындағылар, егер олар меншiк иесiмен үнемi бiрге тұрса, меншiк иесi отбасының мүшелерi болып табылады.

Тұрғын үй иесi отбасы мүшелерiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi

Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi тұрғын үйiне өзi қоныстандырған отбасының мүшелерi, егер оларды қоныстандыру кезiнде өзгеше ескертiлмеген болса, тұрғын үйдi онымен бiрдей пайдалануға құқылы. Олар өздерiне меншiк иесi берген тұрғын үйге өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын тұрғызуға құқылы. Отбасының басқа мүшелерiн тұрғызуға меншiк иесiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi.

Меншiк иесiмен отбасылық қатынастар тоқтатылған жағдайда отбасының бұрынғы мүшелерi тұрғын үйдi, егер тұрғын үй иесiмен жазбаша келiсiмде өзгеше көзделмеген болса, жалға алу мерзiмiн көрсетпестен жалға алушы құқығын пайдалана алады. Бұл орайда отбасының бұрынғы мүшелерi тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтердiң ақысын төлеу жөнiндегi шығындарға қатысуға мiндеттi.

Тұрғын үй иесi отбасы мүшелерi өздерiнiң тұрғын үйдi пайдалану құқығын бұзған кез келген адамнан, соның iшiнде меншiк иесiнен де аталған бұзушылықты жоюын талап ете алады.

Меншiк иесi отбасының кәмелетке толған мүшелерi (бұрынғы мүшелерi) өздерiнiң тұрғын үй-жайды пайдалануынан туындайтын мiндеттемелерi бойынша ортақ мүлiктiк жауапкершiлікте болады.



4.Тұрғын үйге жеке меншiк құқығының тоқтатылуы

 Тұрғын үйге меншiк құқығының тоқтатылуы

Тұрғын үйге меншiк құқығы тұрғын үй иесi тұрғын үйдi басқа адамның иелiгiне берген кезде, меншiк иесi қайтыс болған жағдайда не тұрғын үй жойылған (қираған) жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

Тұрғын үйге ортақ үлестi меншiкке қатысушылардың бiреуi өз үлесiн сатқан кезде ортақ үлесi бар меншiкке басқа қатысушының сатып алуға басым құқығы болады.

Егер сатылатын үлестi сатып алуға ортақ үлестi меншiкке қатысушылардың бiрнешеуi ниет бiлдiрсе, сатып алушыны таңдау құқығы сатушыға тиесiлi болады. Тұрғын үйге ортақ меншiктегi үлестi басымдықпен сатып алу құқығын iске асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен белгiленедi.

5.Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп тоқтату

Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп (меншiк иесiнiң еркiнен тыс) тоқтатуға:

1) меншiк иесiнiң қарыздары бойынша жер учаскесiмен бiрге төлеттiрiп алуды тұрғын үйге аудару;

2) реквизициялау;

3) тәркiлеу;

4) үй орналасқан жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алу (сатып алу) жағдайларында жол берiледi.

Тұрғын үйге меншiк құқығын осы баптың 1-тармағындағы 2) және 4) тармақшаларда көзделген негiздер бойынша күштеп тоқтатқан кезде меншiк иесiне оның қалауы бойынша:

1) тұрғын үйдiң және жер учаскесiнiң нарықтық құнын қоса, меншік иесiне құқығы тоқтатылғанға дейiн төленетiн ақшалай өтем төленуге, сондай-ақ меншiк иесiне келтiрiлген залалдардың орны толық толтырылуға;

2) Заңның 15-бабында көзделген тәртiп бойынша меншiгiне тұрмысқа жайлы тұрғын үй (пәтер немесе тұрғын жай) берiлуге;



3) реквизициялауды туғызған төтенше жағдайлар тоқтатылғаннан кейiн меншiк иесiне реквизициялаудан келтiрiлген залалдардың өтемақысын толық төлеу арқылы реквизицияланған тұрғын үй қайтарылуға тиiс.

Тұрғын үй қатынастарьн құқықтық реттеуді зерделеу азаматтық құқықтың екінші бөлігін емес, бірінші бөлігін зерделегенде жүргізілуі тиіс. Бүгіндері, "тұрғын үйге құқықтың" жалпы ұғымы шегінде бірнеше түрді ажыратуға болады, олардың бастылары:

  1. тұрғын үйге меншік құқығы;

  2. кондоминиум қатысушыларының тұрғын үй құқығы;

  3. кооперативтік пәтерді пайдалану құқығы;

  4. тұрғын жайды жалдаушының заттық құқығы;

  5. басқа адамға тиесілі тұрғын жайда тұру құқығы.

Тұрғын үйге меншік құқығы, оның өзінше бөлек үй, үйдің бір бөлігі, пәтер немесе пәтердің бір бөлігі екендігіне қарамастан, өзінің туындау негіздері, өкілеттіктерінің мазмұны, тоқтау және қорғау жағынан жылжымайтын мүлікке меншік құқығына жататын жалпы құқықтық міндеттеулермен толықтай қамтылады. Тұрғын үйдің белгілі бір әлеуметтік функцияларымен байланысты бірқатар ерекшеліктер ғана сақталды, олар да біртіндеп реттеліп келеді. Мысалы, Тұрғын үй заңы қабылданғанға дейін тұрғын үйді тұруға емес мақсатта пайдалануға тыйым салыңды, ол меншік иесінің өкілетгігін әрине шектеді. Тұрғын үй заңының 4- және 18-баптары меншік иесінің тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін тұруға емес мақсатта пайдалануы үшін оған мемлекеттік органдардың рұқсаты керек емес екендігін тікелей белгіледі.

Тұрғын үй заңының 12-бабы тұрғын үйге меншік құқығының туындау негізін көздейді. Аталған баптардағы негіздердің көпшілігін меншік құқығын жылжымайтын мүліктің басқа түрлерін иемденген жаздайда да қолдануға болады. Бірақ негіздердің кейбіреуі тек тұрғын үйге ғана меншік құқығын тудырады. Бәрінен бұрын бұл тұрғын үйді жекешелендіруге қатысты; мұндай негіз жайында Заңның 13-бабында айтылған. Тұрғын үйлерді жекешелендіру жаппай ортақ компания ретінде аяқталды, бірақ оның кейбір тұстары әлі аяқталған жоқ, азаматтардың жекелеген санаттары үшін әлі де жалғасар. Жекешелендіру дегеніміз мемлекеттік түрғьш үй қорыньщ пәтерін сол пәтерде жалдаушы ретінде тұрып жатқан адамдардың меншігіне беру. Мемлекеттік пәтерді жай сатудан жекешелендірудің айырмашылығы осында. Жекешелендіру үшін тек пәтер жалдаушының ғана емес, онымен бірге тұратын барлық кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімі керек.

Жекешелендіру шарты заңнамада анықталған, ол өтемді немесе өтемсіз болуы мүмкін. Мемлекеттік пәтердің онда тұратын адамның меншігіне жекешелендіру тәртібінде өткен барлық жағдайларда иемденушіге мүндай пәтерді сатьп алу-сату шарты бойынша иемденудің әдеттегі жағдайымен салыстырғанда бірқатар жеңілдіктер берілді.

Жекешелендіргенде пәтер қандай да бір жекешелендіру жеңілдіктері берілген негізгі жалдаушының ғана емес, пәтерді жекешелендіру кезінде онымен бірге тұратын, оның кейбіреуі сол кезде жоқ болса да, барлық басқа отбасы мүшелерінің меншігіне өтеді. Бұл адамдардың барлығы тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік құқығына ие болады.

Өзін өзі бақылау сұрақтары

  1. Тұрғын ұй иесі отбасы мұшелерінің тұсінігі, негізгі құқықтары мен міндеттері.

  2. Ипотекалық тұрғын ұйлер.

  3. Тұрғын ұйге жеке меншік құқығын жұзеге асыру шарттары.

  4. Тұрғын үйге ортақ меншiк құқығы

  5. Тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi

  6. Тұрғын үй иесi отбасы мүшелерiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi

  7. Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп тоқтату

Ұсынылатын әдебиет

1. Басин Ю.Г. Жилдищные права и обязанности граждан- Алма-Ата:Казгосиздат, 1957.

2.Богомолов А.М., Голощапов Н.А., Помазкова С.И. Договоры жилищно-коммунального хозяйства-М, 1999.

3.Владимирская А.С. аренда жилых и нежилых помещений – М., 1999

4.Гражданское право под ред. Ю.К.Толстого и А.П. Сергеева. – М., 1997 г.
Тақырып 5. Жеке тұрғын үй қорындағы үй-жайды жалдау шарттары – 2 сағат


  1. Жеке тұрғын үй қорының түсінігі.

  2. Тұрғын үйдің техникалық жағдайын тексеру

  3. Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi жалдау

1.Жеке тұрғын үй қорының түсінігі.

Жеке тұрғын үй қоры – жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және олардың бірлестіктеріне меншік құқығымен тиесілі тұрғын жай;

Жалға берілетін үй – жеке және (немесе) заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі, жалдауға беруге арналған тұрғын үй (тұрғын ғимарат), тұрғын үй-жайлар (пәтерлер);

Қосымша жалдаушы – тұрғын жайды қосымша жалдау шартындағы тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін жалдаушыдан  (жалға алушыдан) тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алатын тарап.

Біздің әрбіріміз өзіміздің жеке үйіміз болса деп армандаймыз. Әрине, көп қабатты үйдің кіре берісіндегі ұсақ-түйек мәселелер, есік алдындағы жастардың түні бойғы даңғаза шуы, өмірі бітпейтін жөндеу жұмыстары мен болмашыға бола есігіңді қағып тұратын қытымыр көршілердің әрекетінен талайымызды бұл ой сан рет шаршатқан да болар.

Үй салу үшін жер телімі болуы керек екенін білетін боларсыз. Мемлекет жер телімін беру арқылы жеке тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруды ынталандыруды қарастырған:



  • 10 соттықтан артық емес жер телімдері тегін беріледі;

  • Мұндай алаптар құрылыс басталғанға дейін инженерлік-коммуникативтік инфрақұрылымдармен жарақтандырылады;

  • Жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) берілген алаңдар бекітілген бас жоспарға, детальдық жоспарлау жобасы құрылыс салу ережесі және елді-мекеннің жер-шаруашылық құрылымдарының жобасына сәйкес, алаппен қоршалуы тиіс.

Заңды құрылыс жұмыстарын бастау үшін, сіз жергілікті билік орындарынан келісімдер алуыңыз керек болады.

1. Сіз атқарушы биліктің жергілікті органынан үй құрылысын салуға рұқсат беретін қаулыны аласыз. Ол үшін сізге жерге иелік құқығыңызды білдіретін құжат, паспорт және оның көшірмесі, атқарушы биліктің жергілікті орган басшысы атына жазылған үй құрылысын салуға рұқсат беру туралы өтініш, үй жобасының көшірмесі мен жобалау ұйымының лицензиясының көшірмесі керек болады. Егер сіз кондоминиум қатысушысы болсаңыз, онда жобаны кондоминиум көршілермен де келісуіңіз керек.

2. Аудандық сәулет комитетінің геобақылау бөлімінің мамандарына жер телімін зерттеу бойынша актіге (жер телімінің шекаралары мен құрылыс осьтерін бөлу актісі) немесе өз бетіңізше құрылыс жүргізгіңіз келсе (іргетастан бастап ары қарай)  —  жер телімі мен үйдің атқарушылық топотүсірілімінің жоспарын құрылыс паспортына тапсырыс беріңіз. Бұдан басқа, жер телімінің және құрылыс жүргізілетін ғимарат остерін шығаруға тапсырыс беру керек, егер құрылыс бұдан бұрынғы иелермен басталып қойған болса, жер телімінің жоспары мен жер куәлігінің көшірмесін ұсына отырып, үй мен жер телімінің топотүсіріліміне тапсырысты толтыру қажет болады.

3. Осы комитетке объектінің құрылыс паспортына тапсырыс беріңіз. Оған келесі құжаттар қажет болады: паспорт және оның көшірмесі, жер куәлігі және жер телімінің жоспары, аудан басшысының атына жазылған құрылыс салуға рұқсат беру туралы өтініш, құрылыс салуға рұқсат бергендігі туралы атқарушы биліктің қаулысы (өтініш), үй жобасы, жобалауға рұқсат берген лицензияның расталған көшірмесі, құрылыс басталмас бұрынғы жер телімін қарау актісі немесе құрылыс паспорты үшін жасалған топотүсірілім жоспары.

4. Құрылыстың жер телімінде орналасу жоспарына санитарлық және өрт инспекцияларының келісімін алыңыз. Жер теліміне жер асты және жер үсті коммуникацияларын жүргізу қажет болған жағдайда тиісті бақылаушы ұйымдармен (газбен жабдықтаушылардан бастап энергетиктерге дейін) жоспарға келісімін алыңыз.

5. Барлық келісімдері алынған жоспарды аудандық сәулеткерлік комитетіне апарып, объектінің дайын құрылыс паспортын алыңыз.

Бұдан басқа екі маңызды мәселе:

1. Егер үйдің жалпы көлемі 500 ш. м асып кетсе, құрылысты тағы да сол аудандық сәулеткерлік комитеті беретін сәулеткерлік жоспарлау тапсырмасына (ҮЖТ) сәйкес салуға тура келеді. ҮЖТ қалақұрылысы құжатында бекітілген сәулеткерлік объектінің экологиялық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы міндетті ережелерін, тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау талаптарын, ерекше жағдайдағы құрылыстарды салуға көрсетпені және осы құрылыс барысында мүдделері қозғалатын заңды және жеке тұлғалардың құқын бұзбау талаптарын қамтуы тиіс. ҮЖТ-ны алу үшін жер теліміне сіздің иелік құқығыңызды растайтын құжаттарды (ұйғарым құқығы) немесе жер телімі меншік иесінің осы жерде жобалауға берген рұқсатын және өтінімді дайындау керек. Үй салмас бұрын, рұқсат беретін құжаттарды алғаннан кейін, бұдан басқа тағы да жер жұмыстары өндірісіне, құрылыс-монтаж жұмыстарына, және ең соңынан құрылыс біткен кезде сіздің салынған үйіңізді қабылдайтын ведомоствоаралық комиссияның (ВАК) құрылыс салуға беретін рұқсатын алу керек болады. Сіз алған құжаттардың барлығы екі жыл мерзімге жарамды болатынын ұмытпаңыз.

2. Есіңізде болсын, құрылыс барысындағы жобадағы барлық өзгерістер, (10%-дан жоғары болатын) ауданның бас сәулеткерінің рұқсатымен ғана іске асырылады. Жер теліміндегі келісілген үй жобасында және жер теліміне құрылыс тұрғызу жоспарында көрініс таппаған қосымша құрылыстар аудан әкімшілігінің және бас сәулеткердің рұқсатымен ғана іске асырылатынын ұмытпаңыз.

2. Тұрғын үйдің техникалық жағдайын тексеру

Тұрғын үйлерге техникалық қызмет көрсетуді тексеру ғимараттың ақауларын дер кезінде анықтау, олардың туындау себебін белгілеу және жою шараларын дайындау мақсатында жүргізіледі. Ғимараттарды тексеру кезінде жалпыға ортақ қосалқы орын-жайлардың (тұрғын үйдің жалпы мүлігі) пайдаланылуына және жалпы жағдайына бақылау жүргізіледі, тексеруге берілген уақыт ішінде жоюға болатын аздаған кемшіліктерін түзетеді.

Тұрғын үйдің техникалық жағдайына тексеру жүргізу кезінде мынадай жұмыс түрлері жасалады:

1) ғимараттың техникалық жағдайын, оның инженерлік желілерін (тіректер мен инженерлік жабдықтарға алып баратын құбыр желілерін оларда орналасқан тіректік-реттеуші арматураларымен қоса) толық тексеру;

2) анықталған ақауларды жою жоспарын әзірлей отырып жақын аумақтардың инженерлік жабдықтарын тексеру және абаттандыру;

3) тұрғын орын-жайларды пайдалану, тұрғын үйдің тұрғын және қосалқы орын-жайларын қалпында ұстап тұру, инженерлік жабдықтарды пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидалары бойынша тұрғын үй жалдаушылар мен меншік иелеріне нұсқаулықтар беру;

4) анықталған ақауларды жоюға тапсырма беру (қажет болған жағдайда) және оларды жою мерзімін белгілеу, сондай-ақ алдын-ала берілген тапсырмаға сәйкес ақаулардың жөнделуін бақылау.

Тұрғын үйдің жалпыға ортақ мүлігінің техникалық жағдайына тексеру жүргізу үшін пәтер иелері тұрғылықты жері бойынша әкімдіктердің жанындағы тұрғын үй инспекциясына үйді тексеру және оның техникалық жағдайы туралы акт беруге жазбаша өтініш беруі тиіс.

Меншiк иесi өзi тұратын тұрғын ұйдi, не негiзгi мақсаты жалға алушыларға тұрақты не уақытша тұру ұшiн берiлу болып табылатын тұрғын ұйдi жалға беруге құқылы. Тұру шарттары (жалдау мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi, жөндеу жөнiндегi мiндеттердi бөлiсу, жалға алушыларды шығарудың негiздерi және сол сияқтылар) осы Заңмен, сондай-ақ жалға берушi мен жалға алушы арасындағы шартпен белгiленедi. Тұрғын ұйiн жалға беретiн адамдарды меншiк иесi таңдайды. Жергiлiктi атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚР тұрғын ұй қатынастары заңының 67-бабында аталған азаматтарға кейiннен беру ұшiн жеке тұрғын ұй қорынан тұрғын ұй-жайларды (пәтерлердi) жалдауға құқылы.

Жеке тұрғын ұй қорындағы меншiк иесi тұрмайтын тұрғын ұйдi ол жазбаша тұрде жасалған шарт бойынша басқа адамға жалға бере алады. Жеке тұрғын ұй-жай не тұруға жарамды, құрылыс, санитариялық, өртке қарсы және басқа мiндеттi талаптарға сәйкес келетiн жеке бөлме (бөлмелер) жалға берiлуi мұмкiн. Тұрғын ұй-жайды жергiлiктi атқарушы орган жалға алып берген адам оған қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындарды қоныстандыруға құқылы емес. Егер шартта өзгеше көзделмеген болса, жалға алушы жалға алынған ұй-жайды алты айға дейiнгi мерзiмге тастап кетуге құқылы.

Осы аталғандардың негізінде студенттер семинар сабағының барысында Қазақстан Республикасының «Тұрғын ұй қатынастары туралы» заңына сәйкес қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындардың құқықтық жағдайы анықтауы тиіс. Сондай-ақ меншік иесі тұрмайтын тұрғын ұйді жалдау шарттарына тұсінік бере отырып, шарттың орындалу негіздеріне талдау жасаулары қажет. Және де тұрғын ұйге меншік құқығын кұштеп тоқтату негіздемелерін анықтап, мысал келтіре отырып талдау жасаулары қажет.

Тұрғын үйді жалдау (жалға беру) --- жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін ақы төлеттіріп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру.

Жалға беруші - тұрғын үйді жалдау шартындағы тұрғын үйді меншіктенуші немесе меншік иесі атынан іс-қимыл жасаушы болып табылатын тарап.

3. Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi жалдау

Меншiк иесiнiң тұрғын үйдi басқа адамдарға жалға беруi

Меншiк иесi өзi тұратын тұрғын үйдi, не негiзгi мақсаты жалға алушыларға тұрақты не уақытша тұру үшiн берiлу болып табылатын тұрғын үйдi жалға беруге құқылы.

Тұру шарттары (жалдау мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi, жөндеу жөнiндегi мiндеттердi бөлiсу, жалға алушыларды шығарудың негiздерi және сол сияқтылар) осы Заңмен, сондай-ақ жалға берушi мен жалға алушы арасындағы шартпен белгiленедi.

Тұрғын үйiн жалға беретiн адамдарды меншiк иесi таңдайды.

Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Заңның 67-бабында аталған азаматтарға кейіннен беру үшін жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдауға құқылы.

Меншiк иесi тұрмайтын тұрғын үйдi жалдау шарттары

Жеке тұрғын үй қорындағы меншiк иесi тұрмайтын тұрғын үйдi ол жазбаша түрде жасалған шарт бойынша басқа адамға жалға бере алады.

Жеке тұрғын үй-жай не тұруға жарамды, құрылыс, санитариялық, өртке қарсы және басқа мiндеттi талаптарға сәйкес келетiн жеке бөлме (бөлмелер) жалға берiлуi мүмкiн.

Егер жалға алу шартында өзгеше көзделмеген болса, жалға алушы жалға алынған үй-жайға өзiнiң отбасы мүшелерiн, қосымша жалдаушыларды және уақытша тұрғындарды қоныстандыруға құқылы.

Тұрғын үй-жайды жергілікті атқарушы орган жалға алып берген адам оған қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындарды қоныстандыруға құқылы емес.

Егер шартта өзгеше көзделмеген болса, жалға алушы жалға алынған үй-жайды алты айға дейiнгi мерзiмге тастап кетуге құқылы.

Бұдан неғұрлым ұзақ уақыт бойы болмаған жағдайда шарттың күшi жалға берушiнiң келiсiмiмен ғана сақталады.

Жалға беру шартының күшi тараптар белгiлеген мерзiм бiткеннен кейiн не шартта көрсетiлген ахуал туғанда тоқтатылады. Жалға берушiнiң талап етуi бойынша шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға жалдаушы жалдау шартының ережелерiн сақтамаған жағдайда, сондай-ақ Заңның 91-бабының 2 және 3-тармақтарында, 101-бабының 9-тармағында, 105-бабының 1-тармағындағы 1), 2) және 3) тармақшаларда, 106-бабының 5-тармағында, 107-бабының 1) - 5) тармақшаларында көзделген негiздер мен ережелер бойынша жол берiледi.

Қолданылу мерзiмi және тоқтатудың өзге де негiздерi көзделмейтiн шартты жалға берушi жалға алушыға кемiнде үш ай бұрын ескерте отырып, кез келген уақытта бұза алады. Шарт тоқтатылған не бұзылған жағдайда жалға алушы өзiмен бiрге тұратын барлық адамдармен қоса басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс.

6. Жалға алушы шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда ол бұл туралы жалға берушiге кемiнде бiр ай бұрын ескертуге не сол ай үшiн шартта белгiленген ақыны төлеуге мiндеттi.

Егер шартта көзделген мерзiмге не шарттың қолданылуын тоқтататын өзге де ахуалға бiр айға жетпейтiн уақыт қалса, аталған мерзiм тиiсiнше қысқартылады.

7. Егер отбасы мүшесiн қоныстандырған кезде сол мүше мен жалға алушы арасында өзгеше келiсiм болмаса, жалға алу шартының ережелерiне сәйкес жалға алушымен бiрге тұратын отбасы мүшесi, тұрғын үй-жайды жалға алушының өзi сияқты, дәл сондай пайдалану құқығына ие болады.

Отбасы мүшелерiнiң ауқымы Заңның 21-бабына сәйкес белгiленедi.

8. Тұрғын үй-жайға немесе жалға берiлген тұрғын үй-жай орналасқан тұрғын үйге меншiк құқығы басқа тұлғаға ауысқан жағдайда жалдау шарты, егер жалға алушының және тұрғын үй-жайды жалға берген меншiк иесiнiң арасында өзгеше көзделмесе, жаңа меншiк иесi үшiн күшiн сақтап қалады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет