ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің



бет3/5
Дата31.12.2019
өлшемі297 Kb.
#55047
1   2   3   4   5

Ұсынылатын әдебиет

1. Жуков Е.В.Очерки методологии истории. М., 1980.

2. Барг М.А.Категории и методы исторической науки. М., 1984.

3. Тарих.Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Астана, 2006. 6-7том.


Тақырып 5. Тарихи танымның ерекшелігі.

1.Тарихтың позитивистік методологиясындағы субьект пен обьект

мәселесі.

2.Тарихи таным –ғылыми таным.

3.Тарихи танымның ментальдық және идеологияылық деңгейі. Тарихтың өзге де ғылымдар тәрізді өзіндік методологиялық негіздері мен ұстанымдары бар. Методологияның дұрыс қойылуы ғылымда оқиқалар мен құбылыстард объективті түрде терең жол ашады.

Методология көне грек сөзінен аударғанда «методос», «зерттеу жолдары», «таным тәсілдері», ал «логос» ілім деген мағына береді,яғни ол ғылыми зерттеу жолдары, таным тәсілдері туралы ілім болып шығады.

Ғылымда методологияның «тарихи таным теориясы» деген интерпретациясы да кездеседі. Қазіргі кезеңде методологияның анықтамасын беруде ресейлік тарихшылар белсенділік танытуда. Мәселен, В.В.Журавлев: «.. тарихи зерттеу методологиясы-бул тарихи білімді дүниеге келтіру және олардың принциптерін реттеу. Методология бұл тұста ғалымның қармағындағы малай немесе құлдық ұруды талап ететін патша емес. Яғни, методологияны не істеме де өзім білемін деген принципті ұстанып, оны біржақты дәріптеуге немесе елеусіз қалдыруға болмайды. Нағыз тарихшы ең алдымен өмір бойы методологиялық жағынан жетіледі.Ол ғылымда жинақталған методологиялық қазынмаен бірге өседі, ал соңғысы ғалымның күш- қайратының арқасында молаяды,- деп жазды. Сонымен тарих ғылымының методологиясы теориялық, дүниетанымдық ережелердің жүйесі, ол нақты шындықты танудың тәсілдері ретінде ғылыми талдау жасау талаптарынан пайда болады. Басқаша айтқанда тарих ғылымының методологиясы ғылыми зерттеу жұмысында танымдық принциптер, идеялар ретінде пайдаланылатын белгілі бір дүниетанымдық теориялық ережелердің жүйесі. Методология- белгілі бір мәселені зерттеудің ғылыми әдістемелері. Тарих ғылымындағы зерттеу тәсілдері мен жолдары,яғни методология математикадағыдай дайын формула емес, ол өзін теориялық жағынан жетілдіруді және үздіксіз ізденістер арқылы қалыптастырып, дамытуды талап етеді. Методологияға суйеніп, зерттеуші іс-тәжірибелік қызметінде әдістер кешенімен жұмыс істейді. Осыған байланысты ғылыми әдістер құрылымын былайша көрсетуге болады:1. танымының мазмұнын сипаттайтын дүниетанымдық ережелер мен теориялық приницптер. 2. зерттелуге тиіс мәселенің ерекшеліктеріне сәйкес әдістемелік қолданыстар.3. ғылыми зерттеуді дәйектейтін, оның барысы мен нәтижелерін көрсетуде қолданылатын тәсілдер осылайша, әдіс зерттеудің теориясының, әдістемесінің және техникасының өзара байланысын іске асырады.

Методология әдістен де кең, ол әдістердің ілімі ретінде білімнің үш деңгейінен құралады; философиялық, ғылыми- теориялық және эмпирикалық.

Тарих ғылымы мен идеология және тарих ғылымы мен саясат тығыз байланысты Ғылымдағы әдістемелік нұсқау жөніндегі ғылыми- қолданбалы ақпарат осы заманғы тарих ғылымының теориясы негізінде терең де ауқымды. Тарихтың мақсаты көшпелі мемлекеттердің дамуы мен қалыптасуындағы негізгі тарихи оқиғаларға баға беру және талдау, көшпелі мемлекеттердің тарихына жаңаша көзқарас қалыптастыру мен тарихтың қыр-сырын меңгертуді мақсат етеді. Тарих ғылымының ғылыми принциптерін игеру, тарихи танымды үйренуге қажетті біліммен қаруландыру; деректер мен тарихнаманың мазмұны мен пішінінің арақатынасының сырын ұғыну; тарих ғылымын құрайтын ұғымдармен, категориялармен танысып, білу; көшпелі мемлекеттердің пайда болуы мен даму процесі, оның заңдылықтарын, кейінгі зерттеулердегі мәселелерді жаңаша көзқарас тұрғысында қабылдай білу; көркемдік, тарихи болмысын тани алып, тарихи бағасын біліп, танитын талғам қалыптастыру; тарихи оқиғаның ішкі, сыртқы аспектілерін саралай алып, түрлі қырынан талдай білуге жаттықтыру.

«Тарих ғылымының пәні» – Қазақстан және Орта Азия жеріндегі алғашқы көшпелі мемлекеттердің пайда болуын, қалыптасуын, ежелгі мәдениеттердің пайда болуын, дамуын, дүниежүзілік тарихтағы орнын және тарихи оқиғаларды объективті түрде нақты деректер негізінде қарастырады.

Бұл курс ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, көшпелі мемлекеттердің пайда болуы мен дамуын зерттеп, олардың тарихтағы орнын анықтауда тарих ғылымына өзіндік үлес қосады. Студенттердің Қазақстан тарихы курсынан алған білімдерін тереңдете түседі және көшпелі мемлекеттердің даму жөнінде көптеген тарихи деректермен танысады.
Тақырыпқа арналған сүрақтар

1.Методологияның тарих ғылымындағы орны қандай?

2.Тарихи танымның мәні?

Ұсынылатын әдебиет

1.Ракитов А.И. Историческое познание. М., 1989.

2.Хвостова К.В., Финн В.К. Проблемы исторического познания в свете современных междисциплинарных исследований. М., 1997.

3.Смоленский А.В. Теория и методология истории. М., 2003.



Тақырып 6. Тарих ғылымының пәні.

1.Тарих пен идеологияның өзара қатынастары.

2.Тарих және саясат. Тарих ғылымының саяси функциялары.

3.Тарих және қоғамдық сана

Тарих – қоғамның қозғалыс түрінің көптігін ашып көрсететін, адамзаттың өз дамуында өтетін күрделі жолдарын түсінуге мүмкіндік беретін ғылым. Тарих, әрбір ғылым сияқты, объективті білімдерді жүйелеусіз, эмпирикалық материалдарды теориялық толықтырусыз, зерттеу құбылыстарының мәніне осы құбылыстарды басқаратын ішкі заңдылықтарын ашу жолдарына тереңдеп енбей өмір суре алмайды.

ХІХ ғасырдың басындағы көптеген көрнекті тарихшылар қоғамдық таптардың тарихи үдерістегі таптық күресті танығанға дейін өмір сүру фактісін мойындады. Бірақ, таптар неге пайда болды? Адамдардың әрекеттерін қандай жасырын серіппелер бағыттап отырады? Оларды күресуге, қандай да бір ұрандарды, саяси және әлеуметтік идеалдарды алға қоюға не итермелейді? деген мәселеге ешкім де дұрыс жауап бере алмады.

Көрнекті ойшыл А.Сен-Симон білімді дамытуды тарихи үдерістің негізігі факторы ретінде есептеді. Өйткені, оған дейін адамзат табиғатының өзгермейтіндігі туралы козқарас қалыптасқан болатын. Оның даму идеясына өту, адамзат идеяларының өзгеретіндігі жайлы пікірі бір адым алға басқандық болды. Бірақ ол да, білімнің неге дамитындығын түсіндіріп бере алмады. Соңында, жетілуге ұмтылатын адамның ерекше қасиеті жайлы тезиске оралды.

Маркске дейінгі тарихи ғылымда, қандай да бір қоғамның тиянақты дамуы, әр түрлі екінші кезектегі себептер нәтижесінде өз бетімен жүріп отырады деген көзқарас кең таралды. Ұзақ уақыт бойына, қандай да бір қоғамның немесе адамзат дамуының, тіпті, тұтас өркениеттердің өзіне тән себептерін іздестіруге ұмтылыс жасалды. Олар мұны, бұлардың діни көзқарастарымен, күрделі иерархиялық құрылымымен, қауымдық немесе туыстық – рулық байланыстардың ерекше беріктігімен түсіндіруге тырысты.

Кез келген халықтың, кез келген адамдар қауымының, жалпы тұтас қоғамның өмір сүруін және дамуын анықтайтын жағдай – барлық уақыттарда негізгі өмірлік қажеттілікті, оның ішінде тамаққа, киімге және тұрғын үйге деген қажеттілікті қанағаттандыру. Тарихи ғылым мәселелерінің бірі – осы қажеттілікті қамтамасыз етудің әр ғылым мәселелерінің бірі – осы қажеттілікті қамтамасыз етудің әр түрлі тәсілдерінің қоғамдық қатынастарға қалай әсер ететіндігін, бұл қатынастар түрінің қалай қалыптасатынын түсіндіру болып табылады.

Саясаттың мазмұны өндірісті қоғамдық ұйымдастырумен анықталады. Оның ерекше белсенді рөлінің қайнар көзі нақты осында болып табылады. Экономикадан өз импульсін алып, оған тәуелді бла отырып, саясат терең экономикалық мүдделердің анағұрлым ауқымды күшіне қарай, өте жиі қоғам өмірінде жетекші жағдайға ие болады.

Бүкіл әлемдік тарихи үрдістің бірлігі қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарында көрініс береді. Бұл бірлікті жалпы заңдылықтардың тиянақты түрінің міндетті сәйкестігі ретінде түсіну дұрыс болмас еді. Қоғамдық даму заңдылықтары бұл дамудың барлық құрамдас бөліктерін байланыста алып қарап зерттемей тарихи үрдісті түсіну мүмкін емес.

Әр түрлі кезеңдегі көрнекті өкілдердің аттары белгілі. Оларды толық құқықпен «ұлы адамдар» деп атауға болады. Олардың саны аз, бірақ олардың қалдырған ізі өте маңызды. Ол бәрінен бұрын, бұл көрнекті өкілдердің дана жеке тұлғалар ретінде көрінуіне емес, керісінше, тарихи дамудың сол сатысындағы тұтас таптардың немесе әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіргендігіне байланысты. Бұл таптар немесе әлеуметтік топтар алдыңғы позицияны алған кезде, олар қоғамдық прогрестің тасушыларына айналады.

Қоғамдық қайраткерлерге тарихи талдау жасау кезінде қоғамға теріс ықпал еткен тұлғаларды да естен шығармау керек. Мұндай жағымсыз сирек кездесетін жеке тұлғалардың да, өзінің жеке тілегі бойынша тарихи сахнаға шықпағанын атап өту керек. Олардың құрылымы бұзылған қызметтің «жеке мейірімсіз еркі» қоғамдық прогрестің реакциялық сипатын, тарихи сахнадан кетіп жатқан таптық күштер қарсылығын білдіретін белгілі бір әлеуметтік жағдайда жүзеге асуы мүмкін.

Сонымен бірге қандай да бір белілі кезеңдегі халықтың әлеуметтік мінез – құлқы және өздерінің жеке позициясына сәйкес келетін жеке тұлғаны таңдауы, көбінесе, сол кезеңнің рухани өмірімен, мирасқа қалған дәстурлерімен анықталады. Сондықтан да қоғамдық сана мен мәдениет мәселесінің, тұтас алғанда тарих ғылымының бір бөлігі болып табылатыны даусыз.

Тарих мәдениеті - өткенді зерттеудің арнайы саласы...

Мәдениет элементтері тек әлеуметтік – экономикалық формацияның барлық қуысына терең еніп қана қоймайды, сонымен бірге онда автономдық жағдайды ұстайды. Әлеуметтік психология саласымен тығыз байланысты бола отырып, мәдени мұра, тіпті, ең ірі деген әлеуметтік өзгерістердің ықпалына баяу ұшырайды. Ол мұнда тез қайта құруға бөгет жасайтын белгілі бір селқостықты сақтайды.

Зерттелген қоғамда дамып отырған, тарихи – мәдени үрдістерге көңіл аудару – оны терең зерттеудің және түсінудің қажетті жағдайы. Сонымен қатар мәдени үрдістерді түсіндіруге деген қарапайым механикалық көзқарастан сақтану қажет. Оларды тікелей саяси және экономикалық өзгерістерден шығарып қарауға болмайды. Мысалы, белгілі бір қоғамның әдебиетіне талдау жасау, зерттеліп жатқан құбылыстар мен үдерістерді олар дамыған тарихи «түсте» алып зерттеуді талап етеді. Алайда, ол әдеби шығармашылықтың көптеген өзіндік ерекшеліктерін түсіндіре алмайды. Әлеуметтік – экономикалық дамуға негізді тұжырым жасау үшін қарапацым сәйкестендіру жеткіліксіз. Тек тар хронологиялық шеңберде қарастыру арқылы, мәдени – психологиялық үдерістерді терең түсіндіру мүмкін емес. Мұнда күрес пен жарыс дамып отырған кзеғдегі, уақытша орын алған әлеуметтік – экономикалық жүйенің, аталған тарихи кезеңнің көптеген қарама – қайшы факторларының ықпалын зерттеә қажет. Мәдениет тарихын зерттеудің мәдени, әсіресе көркемдік көрнекті құбылыстардың қазіргі бай тарихтың күрделі үдерістерімен байланысын анықтауды маңызы зор.

Тарихи ойдың, зерттеудің жаңа әдістері мен тәсілдерінің дамуы көп зерттелген іс жүзіндегі материалдан жаңаны көруге мүмкіндік береді. Тарихи зерттеу нысаны қатып қалған және өзгермейтін нәрсе болып табылмайды. Археология мұндай жаңалықтардың көптеген мысалдарын бере алады. Ол материалдық мәдениеттің бұрыннан белгілі, жан – жақты зерттелген ескерткіштерге жаңа көзқараспен қарауға мәжбүр етеді. Тастар «сөйлеп», бұрыңғы өткен заманның бейнесін маңызды түзетулер енгізе отырып, қабылдауға ықпал етеді.

Тарих ғылымы пәнінің керемет кеңдігі ғылымдарға жоғары талап қояды. Ол міндетті кәсіби және жалпы теориялық дайындықты қажет етеді. Кәсіби дайындық соған сәйкес мамандануды, тарих ғылымның белгілі – бір саласына жататын тиянақты материалды білуді білдіреді. Жалпы тарихи дайындық әдіснамалық зерттеуді меңгеруді, ішкі күрделілігіне және көлеміне қарамастан, эмпирикалық материалдың бағытын анықтауға мүмкіндік беретін, материалистік диалектика материалдарын тиянақты түсінуді қарастырады.

Тарихтың өзге де ғылымдар тәрізді өзіндік методологиялық негіздері мен ұстанымдары бар. Методологияның дұрыс қойылуы ғылымда оқиғалар мен құбылыстарды объективті түрде терең жол ашады.

Методология көне грек сөзінен аударғанда «методос», «зерттеу жолдары», «таным тәсілдері», ал «логос» ілім деген мағына береді,яғни ол ғылыми зерттеу жолдары, таным тәсілдері туралы ілім болып шығады.

Ғылымда методологияның «тарихи таным теориясы» деген интерпретациясы да кездеседі. Қазіргі кезеңде методологияның анықтамасын беруде ресейлік тарихшылар белсенділік танытуда. Мәселен, В.В.Журавлев: «.. тарихи зерттеу методологиясы-бул тарихи білімді дүниеге келтіру және олардың принциптерін реттеу.Методология бұл тұста ғалымның қармағындағы малай немесе құлдық ұруды талап ететін патша емес.Яғни, методологияны не істеме де өзім білемін деген принципті ұстанып, оны біржақты дәріптеуге немесе елеусіз қалдыруға болмайды. Нағыз тарихшы ең алдымен өмір бойы методологиялық жағынан жетіледі. Ол ғылымда жинақталған методологиялық қазынмаен бірге өседі, ал соңғысы ғалымның күш- қайратының арқасында молаяды,- деп жазды. Сонымен тарих ғылымының методологиясы теориялық, дүниетанымдық ережелердің жүйесі, ол нақты шындықты танудың тәсілдері ретінде ғылыми талдау жасау талаптарынан пайдаболады. Басқаша айтқанда тарих ғылымының методологиясы ғылыми зерттеу жұмысында танымдық принциптер, идеялар ретінде пайдаланылатын белгілі бір дүниетанымдық теориялық ережелердің жүйесі. Методология- белгілі бір мәселені зерттеудің ғылыми әдістемелері. Тарих ғылымындағы зерттеу тәсілдері мен жолдары,яғни методология математикадағыдай дайын формула емес, ол өзін теориялық жағынан жетілдіруді және үздіксіз ізденістер арқылы қалыптастырып, дамытуды талап етеді. Методологияға суйеніп, зерттеуші іс-тәжірибелік қызметінде әдістер кешенімен жұмыс істейді. Осыған байланысты ғылыми әдістер құрылымын былайша көрсетуге болады: 1.танымының мазмұнын сипаттайтын дүниетанымдық ережелер мен теориялық приницптер. 2. зерттелуге тиіс мәселенің ерекшеліктеріне сәйкес әдістемелік қолданыстар.3. ғылыми зерттеуді дәйектейтін, оның барысы мен нәтижелерін көрсетуде қолданылатын тәсілдер осылайша, әдіс зерттеудің теориясының, әдістемесінің және техникасының өзара байланысын іске асырады.

Методология әдістен де кең, ол әдістердің ілімі ретінде білімнің үш деңгейінен құралады; философиялық, ғылыми- теориялық және эмпирикалық.

Тақырыпқа арналған сүрақтар

1.Тарих ғылым ының пәнінің мәні?



2.Тарих пен идеология ның, тарих пен саясаттың арақатынасы?

Ұсынылатын әдебиет

1 Жуков Е.В.Очерки методологии истории. М.,1980.

2Барг М.А.Категории и методы исторической науки. М.,1984.

3 Тарих.Адамзат ақыл-ойының қазынасы.Астана,2006.6-7том1 Жуков Е.В.Очерки методологии истории. М.,1980.


Тақырып 7. Тарихи танымның әдістері.

1.Болмысты танудағы жалпы методологиялық принциптері, ғылыми

танымның жалпы логикалық әдістері.

2.Пәнаралық әдіс. Арнаулы тарихи әдістер.

3.Тарихи зерттеулердің методологиясы.

4.Тарихи әдістің мазмұны және мәні.

Методологияның маңызды міндеті тарих ғылымының әдістерінің табиғатын, пайдалануын және ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатқа қол жеткізу әдістің жалпы мазмұнын, соның ішінде ғылымның әдісі ретінде түсіну арқылы мүмкін болады.

Әдістің ғылыми зерттеу үшін маңызы өте зор. Оның үстіне тарихи үрдістің күрделілігі көптеген зерттеу тәсілдерін қолдануды талап етеді. Тарих ғылымында әдістің құндылығы сол, ол методологияны жетілдіру және байыту мақсатында қажеттә материал бере алады.

Әдіс адамның танымдық қызметі мен тәжрибеде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізудің тәсілдері, құралы ретінде баршаға таныс. Әдіс эвристикалы. Ол өз бойында объективтілік пен субъективтілікті сақтайды. Ол метод-ия арқылы теориямен астасып жатады, өйткені теория ғылыми әдістің дамуынсыз өмір сүре алмайды. Себебі әдіс теориялық білімге негізделген сайын күше түседі.Сондай ақ әдіспен теорияның алшақтығы алғашқының бұрмалануына, соңғының мазмұнынан айрылуға әкеледі. Осылайша теоря мен әдістің диалектикалық өзара байланысының нетижесінде олардың арасында бір- бірімен сабақтастықты толысу процесі жүреді. Сонымен, ғылыми әдістер- бұл тарихшының танымдық қызметіндегі тарихи білімнің шынайылығына жетудің саналы тәсілдері мен жолдары болып табылады.

Тарих ғылымында да басқа ғылым салаларындағыдай нақты зерттеу міндетін шешу үшін жалпы ғылыми әдістер қолданылады:



  • ғылыми зерттеудің жалпы тәсілдері. қорыту, анализ, абстракция, салыстыру, индукция, дедукция т.б.

  • жалпы ғылыми сипаттағы эмпирикалық зерттеудің ерекше әдістері: сыныптау, жүйелеу, бақылау, өлшеу, эксперимент.

  • Теориялық зертеудің жалпы ғылыми әдістері: идеализация, формализация, ойша эксперимент, жүйелік тәсіл, математикалық әдіс, абсракциядан нақтыға және керісінше жүру әдістері, тарихи әдіс, логикалық әдіс.

Ғылыми таным үрдісінің дамуы жаңа әдістерді туғызд:

  • жүйелік- құрылымдық талдау.

  • Қызметтік (функционалдық) талдау.

  • Алгоритмдеу.

  • ЭЕМ арқылы зерттеу әдісі.

Аталған жалпы ғылыми әдістермен қатар, тарих ғылымының өзінің арнайы таным әдістері бар. Олар жалпы ғылыми әдістердің тарих ғылымының зертеу ерекшеліктеріне негізделген формасы болып табылады. Арнайы тарихи әдістердің екі тобы бар:

  • дәстүрлі тарихи әдістер

  • дәстүрлі емес тарихи әдістер.

Дәстүрлі тарихи әдістің түрлері:

  • таптық талдау әдісі.

  • тарихи-генетикалық әдіс.

  • тарихи- типологиялық әдіс.

  • тарихи- жүйелік әдіс.

  • диахрондық талдау әдісі.

  • ретроспективтік әдіс.

  • тарихи- салыстырмалы әдіс.

Дәстүрлі емес ( қазіргі ) тарихи әдістер:

  • әлеуметтік- психологиялық әдіс.

  • зерттеудің сандық әдісі.

  • зертеудің сандық талдау әдісі.

кластерлік талдау әдісі т.б.

Тарихи деректерді талдаудың құрамдас үш бөлігі — методология, методика және техника. Объективтік принцип, тарихилық принцип, партиялық, принцип – деректану методикасының негізгі принциптері. Деректермен жұмыс істеудің негізгі үш кезеңі: деректерді іздеу, табу (деректанулык, эвристика), деректанулық талдау (сын), деректердегі алынған мәліметтер нақты зертгеулерге пайдалану, тәсілдсрін жасау (методика).

Методологияның маңызды міндеті тарих ғылымының әдістерінің табиғатын, пайдалануын және ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатқа қол жеткізу әдістің жалпы мазмұнын, соның ішінде ғылымның әдісі ретінде түсіну арқылы мүмкін болады.

Әдістің ғылыми зерттеу үшін маңызы өте зор. Оның үстіне тарихи үрдістің күрделілігі көптеген зерттеу тәсілдерін қолдануды талап етеді.Тарих ғылымында әдістің құндылығы сол, ол методологияны жетілдіру және байыту мақсатында қажетті материал бере алады.

Әдіс адамның танымдық қызметі мен тәжірибеде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізудің тәсілдері, құралы ретінде баршаға таныс. Әдіс эвристикалы. Ол өз бойында объективтілік пен субъективтілікті сақтайды. Ол метод-ия арқылы теориямен астасып жатады, өйткені теория ғылыми әдістің дамуынсыз өмір сүре алмайды. Себебі әдіс теориялық білімге негізделген сайын күше түседі. Сондай ақ әдіспен теорияның алшақтығы алғашқының бұрмалануына, соңғының мазмұнынан айрылуға әкеледі. Осылайша теоря мен әдістің диалектикалық өзара байланысының нетижесінде олардың арасында бір-бірімен сабақтастықты толысу процесі жүреді. Сонымен, ғылыми әдістер- бұл тарихшының танымдық қызметіндегі тарихи білімнің шынайылығына жетудің саналы тәсілдері мен жолдары болып табылады.

Тақырыпқа арналған сұрақтар


      1. Жалпы ғылыми әдістерді атаңыз?

      2. Тарихи таным әдістерінің маңызы неде?

      3. Дәстүрлі тарихи әдістің түрлерін сипаттаңыздар.

Ұсынылатын әдебиет

1.Ракитов А.И. Историческое познание. М., 1989.

2.Хвостова К.В., Финн В.К. Проблемы исторического познания в свете современных междисциплинарных исследований. М., 1997.

3.Смоленский А.В. Теория и методология истории. М., 2003.


Тақырып 8. Тарихи танымның негізгі методологиялық принциптері.

1.Тарихи танымның негізгі принциптерінің түрлері.

2.Тарихилық принципінің формалары.

3. Неопозитивизм және тарихилық..

Принциптер логикалық және тарихи сипатта өткен кезеңднрдегі тарихатн,дүниетанымынан олпрдың жалғасы ретінде шығарылады. Табиғат та, адамзат та принциптерді бейнелемейді, керсінше, принципттер ақиқатты, себебі олар табиғат пен тарихқа сәйкес келеді. Принциптер – зерттеудің тоқтайтын пункті емес, оның қортынды нәтижесі. Осы идеялар ғылымдағы принциптің жетекші желісі, ғалым қызметінің негізгі ережесі оның ішкі сенімі екндігінен көрсетеді. Принциптердің қатарында саяси және әлеуметтік құбылыстарға талдау жасауда, баға беруде, сондай- ақ ғылыми тұжырымдамаларда қолданылатын жалпыметодологиялық түрлері анықтаушы болып табылады. Олар табиғат пен қоғамның объективті заңдылықатрын теориялық тану негізінде пайда болған негізгі дүниетанымдық бағыттар. Принципттер объективті шындыққа, ғылыми білімге сүйене отырып, кездейсоқ ойдан шығарылмайды. Тарихта жалпы методологиялық принциптер «тірек пункті» ретінде таным үшін нақты пайдаланылып, ғылыми білімнің осы саласының оның мақсат, міндеттерінен шыға отырып, өзіне тән көрініске ие болады.

Осылайша приницптер дегеніміз ғылымның негізі, жетекші ұғымдары. Олар тарихтың объективті заңдарын оқып үйренуден туындайды,соның нәтижесі ретінде саналады және осы мағанада заңдылықтар іспеттес болады. Әйтсе де олардың арқасында айырмашылық бар: заңдылықтар объективті түрде зерттеушіден тыс әрекет етеді, ал принциптер логикалық категория ,олар табиғатта емес, адамдардың санасында өмір сүреді. Тарихи зерттеулер методологиясының басты орынды тарихилық, объективтілік,әлеуметтік принциптер алады. Тарихилық және объективтілік принциптерінің тарихи оқиғалар мен құбылыстар дың шынайы сипатын, мән- мазмұнын ашудағы маңызы зор. Сондықтан олар тарихшылар үшін ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде басты принциптерге айналулары тиіс. Тарихтағы ең бірінші принципі –объективтілік принципі. Ол зерттеушілердің белгілі бір тарихи оқиғалар мен процестерді талдауда шынайы пікір танытып, тұжырым жасауын таразылап, олардың шынайлығын анықтауда жетекші рөл атқарады. Осы объетивтілік арқылы тарихшы тарихи оқиғалар мен құбылыстарды шынайы түрде ашу деңгейіне баға береді. Тарихта объективтілік принципін басшылыққа алу шынайы тарих жазудың кепілі болып табылады.

Екінші принцип –тарихилық. Тарихилық танымының жалпы методологиялық принципі болып табылады. Ғылыми танымда ол өзіндік,дербес маңызға ие болады. Тарихилық принципі арқылы тарихи оқиғалар мен процестердің, олардың пайда болуы және дамцуының, нақты жағдайларымен байланысының зерттелу деңгейін айқындауға болады. Бұл принцип құбылыстардың сандық және сапалық,жалпылама, дара ерекшеліктерін тануға жол ашады. Тарихилықтын келесі таным функциясы ол шынайылық туралы білімді нақтыландыруға және дәйектей түсуге мүмкіндік береді. Тарихилық принциптерінің басты талаптарының бірі- тарихта кезеңдер мен сатыларды, олардың дамуын уақыт желісі және заңды сабасқтастық негізінде қарастыру, өткендегі оқиғаларды, құбылыстарды зерттеуде тарихи бағытты ұстану. Тарих ғылымының дамуындағы кезеңдер мен сатылардың ауысымын талдауда ғана көрінбейді. Бұл тұрғыда осы процестің әлеуметтік тарихи прогресінің заңдылықтарын айқындайтын алғы шарттары анықталады. Осылайша жалпы методологиялық тарихилық принципі тарихта білімнің дамуын бір жағынан олардың пайда болуы бойынаша тұжырымдамалық бірлікте зерттеуге мүмкіндік береді. Тарихилық принциптердің арасныда тағы бір мәселе – ол олардың жиынтығы өздерінің пайда болу,қалыптасу, өзгеру, даму, бір-бірімен бірігу процесінде талданады. Бұл принцип тарихшыдан теориялық материалдардың шынайлығын тексеруді талап етеді. Тарихилық принципі тарихи фактілерді зерттеудегі абстрактілі бағытқа, оларды сыңар жақ, бұрмалап бағалауды болдырмауды ескертеді. Бұл принцип басшылыққа алып тарихтық құбылыстың пайда болуының шарттарын, себептерін, олардың экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық тамырын терең зерттеп ,оның өзгеруіне, дамуына назар аударып, қазіргі кезеңдегі жағдайын ашып көрсету қажет. Тарих ғылымындағы оқиғаларды олардың пайда болуының тарихи алғышарттармен тығыз байланыста зерттеу тарихтық фактілерді бір бірімен өзара және қоғам дамуының заңдылықтарымен байланыстырып талдауға мүмкіндік береді. Тарихтық құбылыстарды қоғам дамуы заңдылықтарымен бір тұтастыққа қарастыру күрделі, бірақ қажет шешілуге тиіс міндет. Ғылыми ойдың дамуын талдау тприхи білімді жинақтаудың шарттары мен ерекшеліктерін ескеру арқылы жургізілуі тиіс. Тарихилық принциптің тарихта тарихтық фактілердің шынайлылығын, олардың көпжақтылығын нақтылығын көруге мүмкіндік береді. Оның өзі тарихта жол ашады. Нақтырақ айтсақ ол әртүрлі проблемалардың ғылыми дамудыңтүрлі кезеңдерінде емес бір уақытта шығарылғандығын айқындауға жекелеген бір мәселелердің қарастыруына басты назар аударылып екінші біреуі маңыздылығына мән берілмей зертелгендігінің себептерін ашуға жағдай жасайды.

Үшінші принцип-әлеуметтік принцип. Ол тарих ғылымының қажетті принциптерінің бірі. Кейде бұл принципті партиялық де те атайды. Ол қоғамның әлеуметтік құрылымымен, топтарымен тығыз байланысты ұғым. Әлеуметтік принцип объективті шындықты көрсете отырып алдын ала пікір қалыптастыруға жол бермейді, кеез келген құбылысты оның әлеуметтік алғышарттары тұрғысынан нақты талдауды талап етеді. Бұл принцип тарихтық фактілер мен құбылыстардың сипатын олардың шынайы нәтижелері бойынша баға берудің қажеттілігін көрсетеді. Ол ғылыми білімге ұласу тұрғысында шынайы маңызына орай бағаланады. Негізі бұл принцип тарихтық талдау жасауда зерттеушіге тарихи деректердің әлеуметтік ортасын, тарихшының ұлттық, таптық мүддесін ескеруде қажетті болып саналады. Сонымен қатар әлеуметтік тарихи құбылыстардың өзектілігін айқындауға да негіз болады. Өзекті болып ғылым дамуының кез- келген кезеңіне жататын,тарихи білімді алдыға жылжытуда прогрессивті рөл атқаратын ол тарихтік факт. Тарихшы әлеуметтік принципті ғылыми пікір- талас тәрізді тарихтық фактіні талдауда басшылықа алады. Бұнда бұл принцип тарихтық құбылыстардың пайда болуы мен дамуында әлеуметтік саяси және тарихи шарттардың ерекшеліктерін ескергенде ғана іске қосылады немесе әрекет етеді.Жалпыметодологиялық элеуметтік принцип өзінің нақты қолданысында тарихилық принципімен диалектикалық бірлікте пайдаланады.

Тарих ғылымында да басқа ғылым салаларындағыдай нақты зерттеу міндетін шешу үшін жалпы ғылыми әдістер қолданылады:


  • ғылыми зерттеудің жалпы тәсілдері. қорыту, анализ, абстракция, салыстыру, индукция, дедукция т.б.

  • жалпы ғылыми сипаттағы эмпирикалық зерттеудің ерекше әдістері:сыныптау, жүйелеу, бақылау, өлшеу, эксперимент.

  • Теориялық зертеудің жалпы ғылыми әдістері: идеализация, формализация, ойша эксперимент, жүйелік тәсіл, математикалық әдіс, абсракциядан нақтыға және керісінше жүру әдістері, тарихи әдіс, логикалық әдіс.

Ғылыми таным үрдісінің дамуы жаңа әдістерді туғызд:

  • жүйелік- құрылымдық талдау.

  • Қызметтік (функционалдық) талдау.

  • Алгоритмдеу.

  • ЭЕМ арқылы зерттеу әдісі.

Аталған жалпы ғылыми әдістермен қатар, тарих ғылымының өзінің арнайы таным әдістері бар.Олар жалпы ғылыми әдістердің тарих ғылымының зертеу ерекшеліктеріне негізделген формасы болып табылады.Арнайы тарихи әдістердің екі тобы бар:

  • дәстүрлі тарихи әдістер

  • дәстүрлі емес тарихи әдістер.

Дәстүрлі тарихи әдістің түрлері:

  • таптық талдау әдісі.

  • тарихи-генетикалық әдіс.

  • тарихи- типологиялық әдіс.

  • тарихи- жүйелік әдіс.

  • диахрондық талдау әдісі.

  • ретроспективтік әдіс.

  • тарихи- салыстырмалы әдіс.

Дәстүрлі емес ( қазіргі ) тарихи әдістер:

  • әлеуметтік- психологиялық әдіс.

  • зерттеудің сандық әдісі.

  • зертеудің сандық талдау әдісі.

  • кластерлік талдау әдісі т.б.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет