ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет2/4
Дата17.02.2017
өлшемі1,03 Mb.
#9562
1   2   3   4

4. Пәнаралық байланыс негізінде кіріктіре оқыту тарихына көз жүгіртсек. Бұл идея Я.А. Коменскийден басталады. Ұлы дидакт: «Бір-бірімен байланысы бар заттар, сол байланысы көрсетіле отырып оқытылуы қажет»,– деген болатын. Атақты педагог пәндердің арасындағы байланысты пайдаланып кіріктіре оқыту негізінде оқыту үрдісінің біртұтастығын қалыптастыруға қол жеткізуге болатынын айтты. Осы идеяға көптеген педагогтар қосылып, оны одан әрі дамытты. Кіріктіре оқыту идеяларын В.Я. Стахарин, Н.Ф. Бунаков, В.И. Водовозов, т.б. педагог ғалымдар жалғастырып, пәндерді кіріктіре оқыту әдістемелерін ұсынды.

Этимологиялық мағынасы («интеграция» – лат. untegratio) «қалпына келтіру», «толықтыруды» білдіретін бұл ұғым педагогикада бірнеше тұрғыдан қаралады:

  • кіріктіру – оқытудың жүйелік принципіне сай жақсы ойластырылған, жіті қарастырылған педагогикалық үрдіс;

  • кіріктіру – мазмұндық қайталауларды болдырмау; оқу үрдісінде бағдарламадағы пәндерді логикалық негізделген бірізділік принципіне қарай құрастыру және түрлі пәндерді оқытуда «шекаралық білімді» үйлестіру арқылы қол жеткізуге болады;

  • кіріктірудің маңызы, кіріктірілетін пәннің оқу жоспарына сәйкес оқушылар сапалы білім ала отырып, өздерінің танымдық қабілеттерін дамытады, табиғаттың біртұтас ғылыми бейнесі жөнінде түсінік қалыптастырады, алған білімдерін болашақта тиімді пайдалануға, оны дамытуға қажетті білік-дағдыларды бойына сіңіреді.

Түрлі пәндерді кіріктіру материалдық дүние мен оны кешенді танып білу мүмкіндіктерінің жалпы әдіснамалық бірлігі принципіне негізделеді. Сондықтан да жаратылыстану пәндерін, соның ішінде, биология мен химия пәндерін ақпараттандыру негізінде кіріктіре отырып оқыту табиғат, қоғам, болмысты, олардың өзара диалектикалық байланысын тұтас қабылдап, оқушылардың жүйелі ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді.

Сөйтіп, пәнаралық байланыстардың әртүрлі нысандары болуы мүмкін. Теорияда мұндай байланыстардың нысандарын: 1) құрамына, 2) әсер ету бағытына және 3) байланыстарды түзетін элементтердің өзара әрекеттесу тәсіліне қарай ажыратады. Алғашқы нысан оқу материалының мазмұнымен, қалыптастырылатын білік-дағдылармен әрі ойлау операцияларымен, әдістерімен және ұйымдастырушылық нысандармен анықталатындықтан, мұнда
а) мазмұндық, ә) операциялық, б) әдістемелік және в) ұйымдастырушылық пәнаралық
байланыс типтерін анықтауға болады.

Екінші нысанда байланыс тараптарын шартты түрде латын А, В, С және D әріптерімен белгілер болсақ, онда бұл нысанның келесі типтерін былайша бейнелеуге болады:



  1. Біржақты пәнаралық байланыс .

  2. Екіжақты пәнаралық байланыс ;

  3. Көпжақты пәнаралық байланыс .

5. Жобалап оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей. Ол жобалау әдісі туралы былай дейді:

- оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба (проект) ұсынылуы тиіс.

- жобаға қатысушылар оқыту түрі, міндеттерді атқару туралы өзара келіседі;
- оқушылар алған білімдерін танымдық және практикалық міндеттерді шешуге пайдаланады. Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып үйренеді;

- ұжымда жұмыс істеп үйренеді;

- зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) меңгереді;

- оқушылардың жүйелі ойлауы дамиды.

Жобалап оқыту технологиясының объектілері нақты өмірден алынған практикалық маңызы бар жобаға енуі тиіс.

Жобалау әдісі – оқушылардың зерттеу жұмыстары әдісі болып табылады.

Жобаны орындау мынадай кезеңдерден тұрады:

І –кезең. Жобалық тапсырманы, тақырыбын құрастыру. Жобаның тақырыбын жіктеп бөліп, оларды оқушылар арасында бөлу

ІІ –кезең. Шығармашылық топтар құру, топтағы оқушылар өзара үйлесімді жұмыс істеуі үшін олармен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу

ІІІ –кезең. Зерттеу жұмысына материалдар дайындау. Жауап берілуі тиіс сұрақтарды тұжырымдау, командаларға тапсырмалар, қажетті әдебиеттерді таңдау.

Ү –кезең. Оқушылардың жобаны орындауы. Мұғалім оқушылар жұмысын үйлестіреді, кеңес береді, олардың іс-әрекетін көтермелеп отырады. Оқушылар іздеу, тану жұмыстарын орындайды.

Ү –кезең. Нәтижелерді шығару, нәтижелерге нақтылы жағдайға сәйкес ішінара түзетулер жасау.

ҮІ –кезең. Жұмыстар қортындысымен жұртшылықты таныстыру (презентация). Мұғалім экспертизалық жұмысты ұйымдастырады. Мысалы эксперт ретінде жоғары сынып оқушыларын немесе ата-аналарды шақыруға болады.

ҮІІ –кезең. Орындалған жұмысты талдау, бағалау (рефлексия). Мұғалім балалардың іс-әрекетін педагогикалық тұрғыда бағалайды, балалардың ынтасын ескереді.

Бұл технологияда жобаға оқушылардың қызығушылығын туғызу басты қиындық болып табылады. Сондықтан жобаның маңызын түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек болады.

Рефлексияның шығармашылық формасы – Синквейн.

Синквейн француздың «бес» деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі.

- Бірінші жолда- тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)

- Екінші жолда- тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)

- Үшінші жолда- тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)

- Төртінші жолда- тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз

- Бесінші жолда-4 сөзден тұратын бір сөйлем.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Бағдарламалап оқыту технологиясында пайдаланылатын дәстүрлі оқыту элементтері кездеседі?

  2. Проблемалық оқытудың ерекшелігі неде?

  3. ЖОО –да жобалау әдісі қалай қолданылады?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Зайцев О.С. Методика обучения химии: Теоретический и прикладной аспекты: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Владос, 1999. -384 с.

  2. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. - Ростов н/Д: Феникс, 2002. - 544 с.



Дәріс 4. Химияны оқыту процессінде проблемалық оқыту технологиясын қолдану

Дәріс жоспары:



  1. Проблемалық оқытудың шығу тарихы мен дамуы.

  2. Проблемалық оқытудың маңызы және оны қазіргі оқыту процесіне енгізу қажеттілігі.

    1. Проблемалық оқытудың теориялық негіздері.

    2. Проблемалық жағдаят түрлері және оны туғызу әдістері.

    3. Проблемалық оқытудың технологиялық сызбанұсқасы.

    4. Проблемалық оқытудың деңгейлері.

    5. Проблемалық оқытуды ұйымдастыру әдістері.

3. Органикалық химия сабағында проблемалық оқытуды пайдалану.

1. Проблемалық оқыту теориясын В.Т. Кудрявцев, И.Я.Лернер,

М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин, М.Н.Скаткин білікті маман жеке тұлғасының қалыптасу тұжырымдамасын Л.А.Волович, Г.И.Ибрагимов, Г.В.Мухаметзянова өз еңбектерінде жан-жақты зерттеген. Проблемалық оқыту теориясының негізін қалаушылар оқудағы ойлану қызметі тек қана жаңа білімді меңгеріп қана қоймай, сол мақсатқа жетудің жаңа тәсілдерін де үйрену деп есептейді. А.М.Матюшкиннің анықтамасы бойынша, «оқытудағы ойланудың негізгі қызметі тек қана жаңа білім алып, жаңаша әрекет етуге мүмкіндік беретіндігінде. Адам өміріндегі барлық білім жүйесі мен іс-әрекеті оның ойлау қабілетінің нәтижесі. Адамның білімі оның ойлануының көрінісі, яғни негізгі танымдық құралы».

М.И.Махмутов: «Білім мен білім алу әрекеті арасындағы өзара байланыс оқушы өзі білмейтін нәрсемен танысқанда, оны түсінуге тырысқанда пайда болатын қайшылықтардан шығу жолын іздегенде ғана тығыз болады. Өйткеніол жаңа білімді игеру барысында ізденіс жасап, әрекет етеді»,-деп көрсетеді. Мұндай жағдайдан шығу білімді меңгерудің жолын құрастыру кезінде туындаған проблеманы шешу үшін ойлану қабілетін дамытқанда ғана іске асады. Демек, проблемалық оқыту ғана білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытады деген сөз

Проблемалық оқытудың теориялық негіздері. Проблемалы оқыту кезінде мұғалімнің жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып, оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады, осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушылар кәсіби білімді, дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау қабілеттерін дамытады.

   Проблемалы оқыту ынталандырудың ерекше проблемалы түріне негізделеді, сондықтан материалдық дидактикалық мазмұнының тиісті дәрежеде, яғни проблемалы жағдайдың тізбегі ретінде берілуін талап етеді.

   Ғылыми білім логикасының түп-төркіні проблемалы жағдайлардың логикасы болып табылады. Проблемалы жағдайлар мазмұнның белгісіздігіне қарай, проблемалықтың деңгейіне қарай, ақпарат сәйкессіздігінің түріне қарай, басқа да әдістемелік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Проблемалы оқыту технологиясы – бұл проблемалы жағдайларды, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға негізделген технология. Педагогикалық проблемалы жағдай белсенділікті оятатын әрекеттердің, таным обьектісінің жаңалығын, маңыздылығын, сұлулығын және басқа да ерекшеліктерін айқындайтын мұғалім сұрақтарының негізінде туындайды. Психологиялық – проблемалық жағдай жасаудың өзіндік жеке ерекшеліктері бар. Тым қиын не тым жеңіл танымдық міндет оқушылардың ойында проблемалық жағдай туғызбайды.

    Проблемалы жағдайларды оқу үрдісінің барлық, яғни жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезеңдерінде ойластыруға болады. Мұғалім проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге оқушыларды бағыттайды. Сөйтіп, бала өз оқуының субьектісіне айналады, соның нәтижесінде бала жаңа білім игеріп, әрекет әдістерін меңгереді.



Проблемалық жаңдаятты шешу әдістері:

  • Зерттеушілік: индуктивті (жекеден жалпыға) және дедуктивті (жалпыдан жалқыға) зерттеулер

  • Жобалау.

Проблемалық жағдаятты шешу құралдары:

  • Эксперимент;

  • Ақпаратпен жұмыс;

  • Бақылау;

  • Модельдеу.

Оқушылардың жұмыс формалары:

  • әңгімелесу (эвристикалық, дикуссия, диспут және т.б.)

  • проблемалық дәріс;

  • экскурсия;

  • зерттеушілік сипаттағы зертханалық тәжірибені шешу;

  • топтағы теориялық жұмыс;

  • тарихи құжаттармен, мәтіндермен, мәліметтермен жұмыс.

Проблемалық оқытудың технологиялық сызбанұсқасы келесідей: оқытушы проблемалық жағдаят тудырып, оқушыларды оның шешімін табуға бағыттап,мәліметтерді іздестіруге, ұсынылған гипотезалардың дұрыстығын тексеруге және алынған білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік туғызады.

Педагогтар мен оқушылардың қызметіне байланысты проблемалық оқыту әртүрлі деңгейлі болуы мүмкін (кестеде).


Деңгей

Мұғалімде сақталатын звено саны

Оқушыға берілетін звено саны

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

0

3

0

Жағдаят туғызады, оны шешеді

Жағдаятты шешімін есте сақтайды

1

2

1

Жағдаят туғызады, оны жинақтайды

Жағдаятты шешеді

2

1

2

Жағдаят туғызады

Жағдаят туғызады, оны шешеді

3

0

3

Ұйымдастырады, бақылайды және жетекшілік етеді

Жағдаятты түсінеді, жинақтайды және шешеді


Проблемалық оқытуды ұйымдастырудың ең тиімді үш тәсілі:

  1. проблемалық мазмұндама;

  2. ізденушілік (эвристикалық) әңгімелесу;

  3. оқушылардың өзіндік ізденушілік және зерттеушілік қызметтері.

Проблемалық оқытудың түрлері:

      1 Теориялық ізденіс немесе ғылыми-шығармашылық (ғылыми-зерттеу). Оқушының жаңа теорема, заң, ереже т.б. ойлап шығарудағы ізденісі және өз болжамын жасау. Оқу проблемаларының теориялық шешімін табу қарастырылады.

     2 Тәжірибелік ізденіс немесе тәжірибелік-шығармашылық. Оқушы меңгерген теориялық білімін жаңа жағдайда, өмірде қолдан білуі қажет. Проблемалық оқытудың бұл түрінде оқушы оқу проблемаларының тәжірибелік шешімін іздестіреді.

     3 Шығармашылық ізденіс. Оқушы үйреніп білген білім қорын одан әрі дамытып,  шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру қажет. Шығармашылық жұмыстарға көркем зерттеу жұмыстары, ғылыми жобалар, шығарма жазу, әңгіме құрастыру, сурет салу, ән шығару, жоба құрастыру, слайд жасау, т.б. жатады.

         Проблемалық оқыту түрлері студенттердің шығармашылық белсенділіктерін жетілдіреді, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, пәннен терең білімділіктерін дамытады. Студенттің ғылыми тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасады. Көтерілген мәселе бойынша көпшілік ақпарат құралдары мәліметтерімен, кітапханада, қосымша әдебиеттермен, энциклопедиялық сөздіктермен, т.б. жұмыс істей отырып білім қорларын молайтады. Қозғалған мәселе бойынша бір-бірімен ой бөлісуге,   өз көзқарастарын білдіреді, оны дәлелдейді.   Проблемалық жағдайларды шеше отырып, оқушылардың өз беттерінше саралау, түсіну, игеру, талдау, баға беруі болып табылады.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Проблемалық оқыту негізінде қандай принциптер жатыр?

  2. Проблемалық оқытудың қандай деңгейлері бар?

  3. Проблемалық оқытудың басты ерекшеліктері неде?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Чернобельская Г.М. Методика обучения химии. – М.: Владос, 2000. -336с.

  2. Цветков Л.А. Преподавание органической химии в средней школе. - М.: Просвещение, 1984. – 312с.

  3. Грабовый А.К. Технологизация обучения во взаимосвязи с химическим экспериментом // Химия в школе. – 2006. - № 1. – с. 64-65


5 дәріс - Органикалық химия және ЖМҚ химиясын жоба әдісімен оқыту

Дәріс жоспары:



  1. Жоба әдісі туралы ұғым.

  2. Орташа мектептегі жоба әдісі

  3. Жоғары оқу орындарындағы жоба технологиялары

1. Жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: «оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту». Жобалар әдісінің мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды.

Рефлекторлы ойлау мәні – фактілерді әрдайым іздеу, олардың талдауы, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін, күмәннан шығу жолдарын табу үшін, фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастыру.



2. Оқу процесінде жобалау әдісің ұйымдастыру

Жобалау әдісінің нәтижелерін бірнеше әдістермен енгізуге болады:

- сабақ кезінде;

- сабақтан тыс.



Жобаны орындаудың алгоритмі

1. Мәселені анықтау (зерртеудің тақырыбын анықтау, мақсатын анықтау).

2. Мәселені талқылау және оны шешу тәсілдерін іздеу.

3. Мәселенің шешуі .

4. Нәтижелерді өңдеу.

5. Жобаны қорғау.

6. Нәтижелерді бағалау.

Жобалау әдісінің негізгі критерийлері

1. Қызықты мәселенің бар болуы.

2. Жобаның практикалық, теориялық және оқулық маңыздылыққа ие болуы;

3. Оқушылардың өзіндік жұмысының болуы.



3. Жобалар әдісі біріншіден – қандай бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды.

Жобалар әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады. Мәсенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің интегралдануының қажеттілігін болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы.

Жобалап оқыту түзу болып табымайды, және бұл жерде тек нәтиже ғана емес, көп шамада үрдістің өзі құнды.

Жобалармен жұмыс істеу студенттерге дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын білім алуға мүмкіндік бере отырып, жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Бұлай болуы мүмкін, өйткені студенттер өздері өз таңдауларын жасайды және өздері талаптанады. Бұл көзқарастан жақсы жобаның:

- тәжірибелік құндылықтары болуы;

- студенттердің өзіндік зерттеулерін жүргізуінің болжауы болуы ;

- онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және оның аяқталуында да бірдей мөлшерде болжаусыз болуы;

- оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында оралымды болуы;

- өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің болжауы болуы;

- студентке өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін беруі;

- кең спектрлі тапсырмаларды шешуде студенттің қабілеттерінің ашылуына көмегі болуы;

- студенттер арасындағы өзара әрекеттерін реттеуге жағдай жасалуы тиіс.

Жобалар әдісінің мәртебесі (басқа әдістермен және технологиялармен салыстырғанда):

Жобалар әдісін педагогикалық технологиялар ретінде айтатын болсақ, онда бұл технология зерттеушілік, ізденістік және мәселелі әдістердің жиынтығы, өзінің мәнісіне қарай шығармашылық болып табылады. Жобалар әдістері – тек шынайы білім шоғырына ғана емес, оны қолдануға және жаңа білім алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы) бағытталған педагогикалық технология.

Жобалар әдісі білім беру жүйесінің толық өңделген және құрылымдалған компоненті болып табылады. Жобалар әдісінің танымалдығы нақты мәселелерді шешу үшін, онда теориялық білімдер мен олардың тәжірибеде қолданылуының үйлесу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.

Жобалардың түрлері:

Жобаларды түрлерге бөлудің негізі болып келесі белгілер табылады:

- Жобада басты іс-әрекет: зерттеу, іздеу, шығармашылық, рольдік, қолданбалы (тәжірибелік бағытталған), таныстырулық бағытталған және т.б. (зерттеу жобасы, ойын, таныстырулық бағытталған, шығармашылық);

- Жобаның пәндік – мазмұндық ауқымы: моно жоба (білімнің бір саласында); пәнаралық жоба;

- Жобаны үйлестіру сипаты: бір беттілік (бұлжымайтын, иілгіш), жасырын (анық емес, телекоммуникациялық жобаларға тән, жобаға қатысушыны имитациялау);

- байланыстың сипаты: бір ЖОО, факультет, қала, аймақ, елдің және әр түрлі елдер арасындағы қатысушылар үшін;

- жобаға қатысушылардың саны;

- жобаның ұзақтығы.

Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері (сипаттаудың мүмкін нұсқалары):

I нұсқа. Жобалар әдісінде жобамен жұмыс жасаудың келесі кезеңдері анықталады: іздеу, конструкторлық, технологиялық, қорытынды.

Іздеу кезеңі:

- Мәселені іздеу және талдау.

- Жоба тақырыбын таңдау.

- Кезеңдер бойынша жобалау іс-әрекетін жоспарлау.

- Жоба тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтау, зерделеу, өңдеу.

Конструкторлық кезеңі:

- Жоба тапсырмасының оңтайлы шешімін іздеу.

- Дизайн талаптарын ескере отырып, құрылым нұсқаларын зерттеу.

- Дайындау технологиясын таңдау.

- Экономикалық баға беру.

- Экологиялық сараптама жасау.

- Конструкторлық және технологиялық құжаттарды құрастыру.

Технологиялық кезең:

-Жобаны тәжірибеде жүзеге асырудың жоспарын құру, қажет материалдарды, құралдарды және құрылғыларды таңдау.

- Жоспарланған технологиялық операцияларды орындау.

- Сапаға ағымдық бақылау жасау.

- Қажет болған жағдайда құрылымға және технологияға өзгерістер енгізу.

Қорытынды кезең:

- Жобаның орындалуының сапалық бағасы.

- Жобаның орындалуындағы нәтижелерді талдау.

- Жобалаудың нәтижелерін қолданудағы мүмкіндіктерді зерделеу (көрме, сату, жобалар банкіне қосу, жариялау).

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Жоба әдісіне қандай талаптар қолданылады?

  2. Мектептегі және жоғары оқу орындарындағы жоба әдістерінің айырмашылығы неде?

  3. Жоба әдісінің этаптары қандай?

Ұсынылған әдебиеттер:

1. Лазарев В.С. Новое понимание метода проектов в образовании // Педагогика, 2011, №10, С. 3-11.

2. Жилин Д.М. Проектное обучение в химии: обзор западного опыта. / Инновационные процессы в химическом образовании. Материалы IV всероссийской научно-практической конференции с международным участием. Челябинск, 2012. С. 109-118.

3.Зерщикова Т. А. О способах реализации метода проектов в вузе. Проблемы и перспективы развития образования: материалы междунар. заоч. науч. конф. (г. Пермь, апрель 2011 г.).Т. II. — Пермь: Меркурий, 2011. — С. 79-82.


6 дәріс - Кейс әдісімен органикалық химияны оқыту

Дәріс жоспары:



  1. Сase-study әдісінің жалпы сипаттамасы

  2. Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты

  3. Кейс құрылысы және оны құрастыру принциптері

  4. Метод сase-study оқу технологиясы ретінде

1. Кейс әдісі нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Ол студенттерді пәнді оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды саралауға мүмкіндік береді.

CASE-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген: мақсаттарды анықтау, әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу, CASE – тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау. Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады:

1) кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну);

2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс.

3) жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері.

CASE STUDY әдісі келесі дағдыларды дамытады:

1. Аналитикалық дағдылар. Оларға келесілерді жатқызуға болады: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б. Нақты және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды.

2. Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді.

3. Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз CASE-пен мәселе шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды.

4. Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен төмендегілерді атап айтуға болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолдану – топтарғабірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп дайындау.

5. Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында CASE-те нақты әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың өзін - өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама – қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін өзі ұстау және т.б.

6. Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларынқалыптастыруды талап етеді.

Кейс әдісін қолдану тек оқытумен ғана шектелмейді, бұл әдіс зерттеу әдісі ретінде де белсенді қолданылады. Сонымен қатар, оқудағы оқу, білім және ізденіс мазмұнын біріктіру арқылы oқытушының кәсіптік құзыреттілігін жоғарылатудың нақты тәсілдерінің бірі. Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай байланысуы мүмкін.

2. Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты:

Әдістің категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай арттыруға көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі технолизациялау әдісі үшін, жаңа мүмкіндіктер ашады. Кейс-әдісте қолданылатын негізгі ұғымдар «жағдай» және «анализ», сонымен қоса олардан туатын – «жағдайды талдау» ұғымдары болып табылады.

Кестеде кейс - әдісін қолдану кезіндегі әр түрлі анализ түрлері көрсетілген.

Аналитикалық қызметтің көптүрлілігі Оларға сипаттама Негізгі түрлері

Проблемалық анализ Проблемаларды атап көрсету, проблемалық өріс қалыптастыру, олардың квалификациясы 1. Жағдайдың проблемалық мазмұнын талдау.

2. Жағдайдың проблемалық шарттарын талдау.

3. Жағдайдың проблемалық нәтижесін талдау.

Жүйелі анализ Құрылымымен және функцияларымен сипатталатын кейбір жүйелер сияқты объектіні жүйелік жол жағынан қарастыру. 1. Дескриптивті анализ, яғни бар құрылымдар негізінде, функция қалыптасады.

2. Конструктивті анализ яғни, берілген функциялар негізінде құрылым құрылады.

Праксеологиялық анализ Қызметтік процесстерді оптимизациялау көзқарысына байланысты қарастыру. 1. Қызметті оптимизациялау жолдарын талдау.

2. Қызметті алгоритимизациялау және үлгілеу.

Прогностикалық анализ Жағдайдың болашақ дамуына қатысты болжауды қалыптастыру. 1. Жүйенің болашақ күйі берілсе және болашаққа жетудің мүмкіндіктері анықталған болса нормативті прогностикалық талдау.

2. Трендттік модельдер құру арқылы болашақтың жағдайы анықталатын ізденісті прогностикалық талдау.

3. Оқытуды ұйымдастыру әдістері жүйесіндегі кейс әдісі:

Кейс әдісінің маңызды ерекшелігі, оның басқа әр түрлі оқыту әдістерімен тиімді үйлесуі болып табылады. Кестеде кейспен жұмысты ұйымдастыруда әр түрлі әдістермен үйлесу мүмкіндіктері берілген.

Кейс-әдісімен үйлескен әдіс Оның кейс - әдістегі ролінің сипаты

Үлгілеу Жағдайдың үлгісін құру

Жүйелі талдау Жүйелік ұсыныс және жағдайды талдау

Ойша тәжірибе Жағдай туралы білімді ойша түрлендіру арқылы алу тәсілі.

Сипаттау әдістері Жағдайдың сипатын құру

Проблемалық әдіс Жағдайдың негізінде жатқан түйінді мәселені ұсыну.

Жіктеу әдісі Жағдайды құрастыратын қасиеттер, тараптардың реттелген тізімін құру.

Ойын әдістері Жағдай кейіпкерлерінің жүріс-тұрысының нұсқаларын ұсыну.

«Миға шабуыл» Жағдайға қатысты ойларды генерациялау.

Пікірталас Түйінді мәселе және оны шешу жолдары жайлы көзқарастармен алмасу.

Кестеден көрініп тұрғандай, білім беру үрдісін ұйымдастырудың әр түрлі әдістері кейс - әдіспен сәтті үйлесуі мүмкін.

Кейстердің бастаулары:

Кейс оқытушы қызметінің бейнелік нәтижесі болып табылады. Интеллектуалды азық ретінде оның өзінің бастаулары бар. Кейстердің бастауы - өмір деген тезис біреуге күмән келтіруі мүмкін емес. Қоғамдық өмір өзінің әртүрлілігімен кейстің сюжетінің, түйінді мәселесінің және деректік базасының бастауы болады.

Білім келесі бастау болып табылады. Ол кейс - әдіске үйлескен басқа оқыту мен тәрбие әдістерінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.

Ғылым – бұл бейнелік кешен ретіндегі кейстің үшінші бастауы. Ол аналитикалық іс-әрекетпен және жүйелік жақындасумен, сонымен қатар, кейске және оны талдау үрдісіне үйлестірілген көптеген басқа ғылыми әдістермен, екі негізгі әдістемелерді ұсынады.

Кейстің негізгі детерминация бастауларының ара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін. Кейстерді құраудың шынайы тәжірибесінде әдетте бастаулардың біреуі басым болуы байқалады. Осылай қарастыру негізгі бастауларының әсер ету дәрежесіне қарай кейстерді топтауға негіз болуы мүмкін. Бұл жерде даусыз шынайы өмір жағдайларын бейнелейтін, тәжірибелік кейстерді, негізгі міндеті оқыту болып табылатын оқыту кейстерін, зерттеулік іс-әрекетті іске асыруға бағытталған ғылыми-зерттеулік кейстерді ерекшелеуге болады.

Кейстің құрылымы:

Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады.

Ережеге сәйкес кейс келесілерден тұрады:

- Жағдайлар – кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға.

- Жағдайдың контексті - хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері.

- Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру.

- Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

- Қосымшалар.

Кейсті құрастыру сатысы:

Білім мақсаттары жүйесінде кейстің орнын анықтау.

Кейс тақырыбына тікелей қатысы бар институциалды жүйені іздеу.

- Жағдай моделін құру немесе таңдау.

- Сипаттауды құру.

- Қосымша ақпараттарды жинау.

- Ақырғы мәтінді даярлау.

- Кейстің тұсаукесері, талқылауды ұйымдастыру.

Кейспен жұмыс істеуді ұйымдастыру:

Нұсқалары өте көп, бұл оқытушының шығармашылығы үшін мүмкіндік. Біз жұмыс ұйымдастыруға болатын, максималды жалпыланған сабақ үлгісін ұсынамыз.

Сабақты ұйымдастыру сатылары:

Бірлескен іс-әрекетке жұмылу сатысы:

Бұл сатының негізгі міндеті: бірлескен іс-әрекетке дәлелдеме құру, талқылауға қатысушылардың бастамаларының айқындалуы.

Бұл сатыда келесі жұмыс нұсқалары болуы мүмкін:

- Кейс-стади мәтіні студенттерге өз бетімен зерделеу және сұрақтарға жауап дайындау үшін сабақ басталғанға дейін таратылып берілуі мүмкін.

- Сабақ басында тыңдаушылардың кейс-стади материалдарын білуі және талқылауға қызығушылығы анықталады.

- Кейс-стади негізінде жатқан басты мәселе анықталады, және ол курстың сәйкес бөлімімен үйлестіріледі.

Біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру сатысы:

Бұл сатының негізгі міндеті: – мәселелені шешуге арналған іс-әрекетті ұйымдастыру. Іс-әрекет кішігірім топтарға біріктірілуі және жеке болуы мүмкін. Тыңдаушылар оқытушы берген қандай да бір анықталған уақыт көлемінде сұраққа ұжымдық жауап дайындау үшін уақытша кішігірім топтарға бөлінеді. Әрбір кішігірім топтарда (басқа топтардан тәуелсіз) жауаптарды салыстырулар, оларды өңдеу, тұсаукесер үшін рәсімделетін жеке бір көзқарасты өндіру жұмыстары жүреді. Әрбір топта шешімді жеткізетін «спикер» таңдалады немесе тағайындалады. Егер кейс сауатты құрылған болса, онда топтардың шешімдері сәйкес келмеуі керек. Спикерлер топтардың шешімін таныстырады және сұрақтарға жауап береді. Оқытушы жалпы дисскусияны ұйымдастырады және бағыттайды.

Талдау және біріккен іс-әрекеттің рефлексиясы сатысы:

Бұл сатының негізгі міндеті: - кейспен жұмыстың нәтижелерімен білімдік және оқытулық нәтижелерін айқындау. Сонымен қатар, бұл сатыда сабақтың ұйымдастырылуының тиімділігі талданады, біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың түйінді мәселелері анықталады, ары қарай жұмыс жасау үшін міндеттер қойылады. Оқытушы әрекеттері келесідей болуы мүмкін: оқытушы кейс-стадиді талқылау үрдісін және барлық топтардың жұмысын талдай отырып пікірталасты аяқтайды, оқиғаның шынайы дамуына қысқаша түсініктеме береді, қорытынды шығарады.

Основные понятия, которые необходимо знать после изучения материала данной лекции: типы и жанры кейсов, способы их представления, структура кейса, принципы построения кейса, метод сase-study как образовательная технология

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Кейс типтерін атаңыздар

  2. Кейсті құрастыру принциптері неде?

  3. Кейс сабағының қатысушылары қалай бағаланады?

Ұсынылған әдебиеттері:

  1. Зайцев О.С. Методика обучения химии: Теоретический и прикладной аспекты: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Владос, 1999. -384 с.

  2. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. - Ростов н/Д: Феникс, 2002. - 544 с.



7 дәріс - Жоғары оқу орнында модульдік оқытудың теориясы мен практикасы

Дәріс жоспары:

1. Модульдік оқытудың мақсаттары, міндеттері және принциптері

2. Органикалық химия курсын модульдік оқыту



1. Модульдік технология дегеніміз-білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы. Оның ерекшеліктері:

  • Оқу материалын іріблокты ұйымдастыру. Әрбір блокта оны оқу және тапсырмалары бойынша ұсыныстар болады;

  • оқушылардың өзіндік жұмысы;

  • студенттерді оқыту кезінде бағдарламалар және алгоритмдер көмегімен басқару;

  • педагогтың методикалық жүйесінің ашықтығы;

Модулдік оқытудың негізі:

  • Арнайы ұйымдастырлған бағдарламаның бар болуы;

  • Дидактикалық мақсаттарды реализациялау үшін ақпарат банкінің және методикалық басқарудың бар болуы;

2. Органикалық химия курсының оқу бағдардламасы 16 модульдан турады (8 – бірінші семестрде және 8 – екіншіде). Оларға 16 модульдік бағдарлама сәйкес келеді. Оқу жұмысының барлық түрлеріне 2 апта арналған.

Әрбір модульдік бағдарламаның технологиялық схемасы тұрады:

1. Өзіндік жұмыстан (жеке тапсырмаларды орындау).

2. Дәрістерге қатысу.

3. семинарлық сабақтарға қатысу.

4. Лабораториялық практикум.

5. Модульдың оқу бағдарламасының теориялық материалды өзіндік оқу және жеке тапсырмаларын орындау.

6. Оқытушының жеке консультациясы.

7. Өзін өзі бақылау.

8. ағымдық тексеріс



Рейтингі құрастырудың механизмі. Органикалық химияны оқуда студенттің максималды балы 1000. Рейтингті құрастыру кезінде максималды үлесті (61.5%) ағымдық тестілеу (КТ), семинарлық сабақтар (КС) және зертханалық практикум (КЭ) құрайды:

Қорытындылау және соңғы бақылаудың үлесі 38.5%. Сонымен қатар "приздік фонд" – дәрістік бақылау, ол жалпы рейтингке кірмейді, бірақ оның үлесі өте жоғары (9.5%).

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Модульдік оқытуға қандай талаптар қойылады?

  2. Студенттердің рейтингі қалай құрастырылады?

  3. Модульдік оқытудың технологиялық схемасына не кіреді?

Ұсынылған әдебиеттер:

1. Гареев В.М., Куликов И., Дурко Е.М. Принципы модульного обучения // Вестник высшей школы. – 1987. – № 8. – С. 30–33.

2. Юцявичене П.А. Теория и практика модульного обучения. – Каунас: Швисса, 1989. – 271с.

3. Варенова Л.И., Куклин В.Ж., Наводнов В.Г. Рейтинговая интенсивная технология модульного обучения.– Центр разработки информационных технологий и методик. – МарПИ, 1993. – 67с.

4. Зиновьева В.А. Усвоение и контроль знаний // Высшее образование в России. 1993. № 3 – С. 154–158.
8 дәріс - Органикалық химия курсында химиялық тәжірибенің ролі мен міндеттері

Дәріс жоспары:



  1. Химиялық эксперименттің функциялары

  2. Химиялық эксперименттің түрлері

  3. Органикалық химияны оқытуда эксперименттердің мақсаттары

  4. Органикалық химиядан демонстрациялық эксперименттің әдістемесі

1. Химиялық эксперименттің функциялары. Химиялық экспериментте жалпы компоненттер:

1) барлық оқушылардың бір уақытта қабылдауға негізделген химиялық объектілерді зерттеу;

2) эксперименттің мақсаттарын және міндеттерін құрастыру;

3) оқушылардың экспериментальды қызметы;

4) химиялық эксперименттің техникасын игеру.

Химиялық эксперименттің маңызды функциялары: оқу, тәрбие, (рухани, эстетикалық, экономикалық) және даму. Химиялық эксперименттің тағы функциялары – ақпараттық, эвристикалық, критериальды, қорытындылау және әлеуметтік.



1. Ақпараттық функция химиялық эксперимент білімнің алғашқы көрінісі ретінде қызмет етеді.

2. Эвристикалық функция енгізілген фактілерді ғана емес, сонымен қатар кейбір эмпирикалық ұғымдардың, қорытындылардың және тәуелдіктерінің құрастыру негізі болып табылады.

3. Зерттеуші функция заттардың анализі және синтезі бойынша практикалық дағдылардың дамуымен, яғни ғылымыи зерттеу жұмыстарының қарапайым әдістерін игерумен байланысты.

4. Қорытындылау функция эмпирикалық қорытындыладың типтерін құрастыруға негізделген.

5. Әлеуметтік функция ғылыми білімде химиялық эксперименттің дидактикалық ролімен анықталады. Химиялық эксперименттің барлық функциялары бір бірімен байланысқан және бір бірін толықтырады.

2. Химиялық эксперимент оқытудың арнайы әдістеріне жатады.

Химиялық эксперименттің келесі типтерін ажыратады:

• демонстрациялық эксперимент;

• зертханалық тәжірибиелер;

• зертханалық жұмыстар;

• практикалық жұмыстар;

• экспериментальдік (зертханалық) практикум;

Демонстрациялық эксперимент – бұл оқытушымен жүргізілетін химиялық эксперимент.

Демонстрациялық эксперимент кезінде келесі талаптар қойылады:

1) барлық студенттерге жақсы көріну керек;

2) көрнекілік;

3) мінсіз орындалу техникасы;

4) студенттердің және оқытушының қауыпсіздігі;

5) эксперимент әдістемесінің оптималдігі;

6) сенімділік;

7) бейнелілік;

8) сезімпаздық;

9) сендірерлік;

10) өткіншілік;

11) рәсімділеудің эстетикалығы;

12) орындау техникасының қарапайымдылығы;

13) түсіну үшін қолжетімділік;

14) экспериментті алдын ала дайындау;

15) эксперимент әдістемесін репетициялау.

Зертханалық тәжірибе – оқытушының басқаруымен студенттермен орындалатын эксперимент. Зертханалық тәжірибелер химиялық объектінің жеке қасиеттерін зерттеу үшін көмектеседі.

Зертханалық жұмыстар зертханалық тәжірибиелердің жиынтығы болып табылады және химиялық объектілердің және процестердің барлық қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді. Зертханалық жұмыстарда оқытушының тапсырмасы бойынша студенттер приборларды, инструменттерді және қондырғыларды қолданып орындайды. Уақыт бойынша олар 5–10 тан 40–50 мин дейін созылады.

Практикалық жұмыстар студенттердің эксперименталды оқу қызметінің бірі болып табылады. Практикалық сабақтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғары дәрежесімен ерекшеленеді және олардың білімдерінің жоғарлауына себеп болады.

3. Органикалық химияда органикалық косылыстардың әртүрлі кластары зерттеледі. Осы заттардың таңдауы анықталады: а) ғылым негіздерін игеру үшін маңыздылығымен; б) адамзат және халық шаруашылығының маңыздылығымен.

Сондықтан ЖОО химия курсында келесі класстар анықталады: көмірсутектер, спирттер, альдегидтер, қышқылдар, күрделі эфирлер, көмірсулар, нитро- және аминоқосылыстар, белоктар, полифункциональды қосылыстар - бояғыштар, гетероциклды қосылыстар, алкалоидтер және т.б.



Бірінші мақсаты бұл зерттелетін заттарды көрнекті таныстыру.

Эксперименттің екінші мақсаты заттардың барлық химиялық қасиеттерін көрнекті көрсету.

Эксперименттің үшінші мақсаты — оқытушыға органикалық химиядағы даму идеясын студенттерге көрсетуге көмектесу: заттардың генетикалық байланысын, органикалық қосылыстардың класаралық өтулерді, қарапайым заттардан күрделі заттардың синтезін және т.б.

Эксперименттің төртінші мақсаты — заттардың химиялық қасиеттерінің олардың құрылысына байланысты тәуелдігін көрсету.

Эксперименттің бесінші мақсаты студенттердің политехникалық оқытуға әрекет ету.

Химиялық эксперименттің алтыншы мақсаты студенттерді практикалық дағырлармен қамтамасыз ету.

4. методикалық қорытындылар:

1. Органикалық химияның эксперименті оқушылардың ойлану қабілетінің дамуына және шығармашылық зейіндердің тәрбиесіне ықпал етеді. Эксперимент білімнің көзі болып табылады, ол студенттердің ойлану қызметін арттырады, олардың байқау қабілеттерін дамытады және де фактілерді салыстырып оларды анализдеуге үйретеді, сонымен қатар гипотезаларды құрастырып, оларды тексеру жолдарын табуға, дұрыс тұжырымға және қорытындыларға келуге мәжбірлейді.

2. Органикалық химиядан тәжірибелер ұзақтығына байланысты үлкен әдістемелік ұқыпты талап етеді. Тәжірибелердің 60% астам ұзақ болады - 10 минуттан 1 сағ дейін және кейбір кезде одан да ұзақ болады.

3. органикалық химиядан көпшілік тәжірибелер процестедің және алынған заттардың көрнекілігі аз болғандықтан женіледі.

4. Органикалық химияда реакциялар үшін олардың өту жағдайлары маңызды болып табылады.

5. органикалық химияны оқу кезінде сабақта айтылып кеткен барлық құбылыстарды көрсетуге мүмкіндік жоқ және де қажеті жоқ.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Химиялық эксперимент қандай функцияларды атқарады?

  2. Дәрістік және демонстрациялық эксперименттің айырмашылығы неде?

  3. Эксперименттің қандай түрлері жиі қолданылады?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Космодемьянская С.С., Гильманшина С.И. Методика обучения химии: учебное пособие. – Казань: ТГГПУ, 2011. С. 75-80

  2. Иванова М.А. Химический демонстрационный эксперимент. –М.:Высшая школа, 2009. – 248с.

  3. Чернобельская Г.М. Методика обучения химии в средней школе. – М.: Владос, 2000. С. 81-90.


Микромодуль 2 – Жоғары оқу орнында органикалық химияны оқыту әдістемесінің ерекшеліктері
9 дәріс - Жоғары оқу орнында органикалық химияны оқытудың әдістемелік ерекшеліктері

Дәріс жоспары:

1. ЖОО органикалық химияны оқудын ерекшеліктері

2. Органикалық химияның бөлімдерінің құрылысы және мазмұны



1. Бүгінгі таңда білімдердің фундаментализациясы үш негізгі бағытта жүреді: а) оқудың мазмұның өзгерту; б) бұл мазмұнды келешек мамандардың профессиональды мақсаттарына адаптациялау; в) жалпы теориялық пәндерді мамандандыру.

Химиялық пәннің курсы фундаментальды болып саналу үшін ол ерекше қасиеттерге ие болуы тиіс. Біріншіден оқытудың логикасына және әдістемесіне ие болуы қажет. Ол мектептегі курсан ерекшелену керек, сонымен қатар ол мектепте берілген білімдерге сүйену қажет.

Органикалық химия курсы университеттер техникалық, жаратылыстану және химиялық факультеттерде жүреді.

Жоғары мектептегі органикалық химия курсын төрт бөлікке бөлуге болады: органикалық химия негіздері (органикалық қосылыстардың номенклатурасы, органикалық қосылыстардың кеністік құрылысы, органикалық қосылыстардағы электрондық эффектілер, органикалық қосылыстардың қышқылдығы және негіздігі), органикалық реакциялардың механизмдері (радикальды, электрофильды, нуклеофильды), жоғары молекулалық қосылыстардың ерекшеліктері, органикалық химияның профильды бөлігі (әртүрлі мамандықтар үшін әртүрлі).



Пән спецификасының кейбір ерекшеліктері:

1. Органикалық химияның мазмұны қосылыстардың көп саңын зерттеуіне негізделген.

2. Органикалық химияны білу үшін А.М. Бутлеровтың құрылыс теориясын білу қажет.

3. Органикалық химияны білу үшін органикалық қосылыстардың электрондық құрылысын, олардың номенклатурасын және заттар арасындағы байланыстарды білу қажет.

4. Органикалық химия курсы зерттелетін заттардың құрылыстарының күрделенуіне негізделген.

2. ЖОО органикалық химияны оқытуы келесі нормативті құжаттарға негізделген:

- ҚР «Жоғары оқудан кейінгі білім. Магистратура. Жалпы ережелер» мемлекеттік жалпы міндетті стандарт 23.08. 2012ж. № 1080;

- «Органикалық химия» пәнінің типтік оқу бағдарламасы;

- СТУ 042-ГУ-4-2013 Университет страндарты «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін құрастыру және рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар»;

- ДП 042-1.01-2013 Құжатталған процедура «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерінің құрылымы және мазмұны».

Пәннің міндеттері - нақты практикалық міндеттерді шешу мақсатында студентердің теориялық дайындықтарының негізін қамтамасыз ету;

- студентердің ғылыми түйсіктерін қалыптастыру, айталық, органикалық қосылыстардың құрылымы мен реакция жүру ағы логикалық байланысты сол қосылыстар және оларды алу жолдары арқылы түсіндіру;

- қосылыстарды синтездеу барысында немесе және идентификацияланғанда студенттерді практикалық машықтануға баулу;



- алған білімін күнделікті өмірде, өндірісте, табиғатты қорғау мәселерін шешкенде қолдана білуге үйрету

Студенттер пәнді оқу нәтижесінде: органикалық молекулалардың құрылысы (химиялық, электрондық, кеністік), реакциялардың әртүрлі типтерінің негізгі заңдылықтары мен механизмдері, органикалық қосылыстардың негізгі кластарын алу әдістері және олардың қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі.

Оқып білудің нәтижесінде студент мыналарды:

  • А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидаларын, изомерия және гомология ұғымдарын, атомдар арасындағы жай және еселік байланыстарды, көмірсутектік радикал, органикалық қосылыстардың маңызды функционалдық топтарын, заттардың белгілі бір органикалық қосылыс кластарының өкіліне жататындығын білу;

  • заттардың маңызды физикалық және химиялық қасиеттерін олардың құрылысына байланысты тәуелділігін (және керісінше) болжау;

  • заттардың химиялық формулаларын халықаралық, тривиальді (тарихи) номенклатура бойынша атау, заттардың химиялық формулалары бойынша сандық және сапалық құрамын және белгілі класс өкіліне жататынын анықтау, сандық және тәжірибелік есептерді шешу. Өз іс-әрекетінің мүмкін болатын салдарына саналылықпен және жауапкершілікпен қарау.

  • оқып үйренген көмірсутектерді, олардың оттекті және азотты қосылыстарының химиялық құрылысын, қасиеттерін, табиғатта кездесуін және практикалық маңызын білу;

  • органикалық заттардың қасиеттерін және олардың генетикалық байланысын, алыну жолдарының химиялық реакция теңдеулерін құрастыру;

  • органикалық заттардың қатысатын негізгі реакция типтерін (орынбасу, қосылу, изомерлену), мономер, полимер, құрылымдық буын, полимерлену дәрежесі, полимерлердің сызықтық және кеңістіктік құрылымын білу;

  • органикалық заттардың құрылымдық формулаларын құрастыру және оларды халықаралық және тривиальді номенклатура бойынша атау;

  • органикалық заттардың көптүрлілігінің себептерін, органикалық және бейорганикалық қосылыстардың өзара байланысын, заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері және практика жүзінде қолданылуы арасындағы себеп-салдар байланысын түсіндіру;

  • органикалық заттармен қарапайым тәжірибелер жүргізу, қосылыстарды және полимерлерді белгілері бойынша танып білу;

  • химиялық формулалар және теңдеулер бойынша органикалық заттардың қатысуымен жүретін реакцияларға есептер шығару;

  • қоршаған ортаның ластануының адам организміне және басқа тірі ағзаларға әсерін бағалау;

  • химиялық ақпараттарды түрлі ақпарат көздерінен (ғылыми-көпшілік басылым, компьютерлік деректер көзі, ғаламтор ресурстарынан) өз бетінше іздеу тиіс.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Химия курсындағы органикалық химияның орны.

  2. Органикалық химияның маңызы.

  3. Органикалық химияның мазмұны және құрылысы.

  4. Органикалық химия аймағында түлектердің біліміне қойылатын талаптар.

Ұсынылған әдебиеттер:

1. В.Ф. Травень. Органическая химия. – М.: Академкнига, 2008. Т.1. 727с.

2. В.Ф. Травень. Органическая химия. – М.: Академкнига, 2008. Т.2. 582с.

3. В.Л. Белобородов, С.Э. Зурабян, А.П. Лузин, Н.А. Тюкавкина. Органическая химия. – М.: Дрофа, 2009. –Кн.2: 592 с.

4. Робертс Дж., Кассерио. Основы органической химии. В 2 т. – М.: Мир, 1978.

5. Терней А. современная органическая химия. В 2 т. –М.: Мир, 1981.


10 дәріс - Органикалық химияны жүйелік-құрылымдық жағдай негізінде оқыту

Дәріс жоспары:



  1. Органикалық химия курсының жүйесі

  2. А.М. Бутлеровтың құрылыс теориясың оқытудың ерекшеліктері

  3. «Изомерия» және «гомология» ұғымдарын оқыту ерекшеліктері

  4. Органикалық химия курсында қорытындылау

1. Қазіргі уақытта органикалық химияны оқыту құрылыс теориясына негізделген. Ол үш теорияны ұсынады: бутлеровтың химиялық құрылыс теориясына және де оны толықтайтын электрондық теория мен кеністік құрылыс теориясына.

Органикалық химияның барлық түсініктері құрылыс теориясына негізделіп бес топтқа бөлінеді: химиялық құрылыс, электрондық теория, стереохимия, жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, химиялық реакциялардың заңдылықтары.



2. А.М. Бутлеров теориясының негізгі идеясы 1861 ж «Заттардың химиялық құрамы туралы» мақаласында жарияланған. Бұл теориясының негізгі қағидалары:

  1. Органикалық қосылыстар молекулаларының құрамына кіретін атомдар бір бірімен кезектесіп, белгілі бір тәртіппен байланысады. Әр заттың молекуласының бұлжымас белгілі химиялық құрамы болады және атомдардың бір біріне (көршілес атомдардың) немесе басқа атомдар арқылы әсер етуінде белгілі бір заңдылық байқалады. Молекуладағы атомдардың дәйекті байланысуын А.М. бутлеров химиялық құрылыс теориясы деп атады.

  2. Молекуланың құрылысы, яғни молекуладағы атомдардың байланысу реті заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін анықтайды.

  3. Заттардың қасиеттерін зерттеу олардың химиялық құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Керісініше, құрылымы белгіліс болса, оларда қандай қасиеттер болатынын алдын ала білуге болады.

  4. Молекулаға кіретін атомдар мен атомдық топтардың қасиеттері тұрақты болмайды, ол молекуладағы басқа атомдарға байланысты. Химиялық құрылысы теориясы изомерия құбылысын түсіндіруге мүмкіншілік береді.

Бұл теориясының арқасында органикалық қосылыстардың қасиеттерін алдын ала анықтауға мүмкін болды.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет