ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет1/4
Дата17.02.2017
өлшемі1,03 Mb.
#9562
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-10.1.37./03- 2013

ПОӘК

«Мұнай химиясы» пәннің оқу-әдістемелік материалдары



18.09 2013ж.

№ 1 басылым







ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

«ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР ХИМИЯСЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ»


«6М011200» – Химия магистратура мамандығы үшін

СЕМЕЙ


2013

Мазмұны


1

Глоссарий

2

Дәріс оқулар

3

Зертханалық сабақтар

4

Магистранттың өзіндік жұмысы


Глоссарий

  1. Әңгімелесу– оқутышының оқушымен диалогы

  2. Дәріс оқу материалын реттеп беру

  3. Дидактика – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы

  4. Емтихан оқушылардың білімін тексеру тәсілдерінің бірі.

  5. Қалдықсыз технология – минералды шикізаттарды неғұрлым тиімді және толығырақ пайдалану мақсатымен әр түрлі процестердің жиынтығы қолданылып жарамсыз қалдық мөлшері барынша азайтатын технология

  6. Қорытындылау – высший уровень мыслительной деятельности

  7. Методология — белгілі бір ғылымда қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы; танымның принципін, формасы мен әдіс – тәсілін құру жөніндегі ілім

  8. Оқытуоқытушы (оқыту) мен оқушы (оқу) арасындағы екі жақты процесс.

  9. Оқыту әдістері – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.

  10. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.

  11. Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.

  12. Оқыту құралдары - мұғалімге оқытуда көмектесетін аспаптар мен тұп деректер, яғни оңушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға көмектесетіндердің бәрі.

  13. Оқыту принциптері – оқыту жүйесіндегі, соның ішінде жеке пәндер бойынша негізгі дидактикалық ұстанымдар

  14. Өзіндік жұмыс – студенттердің күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы

  15. Сабақ – толық фукционалдық жүйе, ол оқу процессінде оқушы мен оқытушының арақатынасының бір ортаға бағыттайды

  16. Сөйлеу — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. 

  17. Техникалық оқыту құралдары (ТОҚ) – оқу процесінде қолданылатын әртүрлі бейнелік және дыбыстық аппараттар мен құралдар

  18. Химияны оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым, ол оқытудың заңдылықтарын қарастырып, (екі жақты процесс ретінде орын алады. оқытушы мен оқушы)


Микромодуль 1 – Жоғары оқу орнында білім беру формасы
Дәріс 1 – Жоғары оқу орнында білім беру формасы

План лекции:



1.Оқытуды ұйымдастыру формалары

2. Дәріс

3. Дәрісті өткізудегі дәстүрлі емес форма

4.Жоғарғы оқу орындарында семинарлық және практикалық сабақтар

1. ЖОО оқытуды ұйымдастыру формалары. Жоғарғы мектепте ұйымдық оқыту процесін келесі форма бойынша көрсетуге болады.

Ішкі оқыту формасы (кейде оны күндізгі деп атайды). Оқыту ереже сияқты жүзеге асады, өндірістегі үзіліс және аудиторияда сабақ өтудің негізгі акценті оқушылардың оқытушылармен және өзара қарым – қатынасымен шартты түрде байланысты. Осындай оқытудың артықшылығы «тәлім-тәрбие берушілердің» білім процесіне қатысушылардың барлығымен қарым – қатынасы максималды көлеміне байланысты бекітілген.

Сыртқы оқыту формасы – іштей формаға тікелей қарама – қарсы – оқушы мен оқытушы арасындағы байланыс бірден төмендейді (өздік жұмыс формасын қалыптастырады), аралық және соңғы бақылауда қатысады, оқылытын материал көлемі азайтылған. Сыртқы оқыту спецификасы кейбір білім алу түрлері (мысалы, медицинада) практикада қолданылмайды.



Іштей-сырттай (кешкі) форма – барлық параметрлер ішкі және сыртқы формалардың арасындағы кезеңдік жағдайда орын алады.

Экстернат – тек соңғы бақылауда толығымен өздік дайындалу.

Осы анықтамаға «қашықтықтан оқыту» ұғымын қосуға болады ( оқытушы мен студент арасындағы диалог тек электрондық почта немесе интернет арқылы жүзеге асады), сонымен қатар деректі оқыту ( хат алысу арқылы).

Ұйымдық оқыту формасына студенттердің танымдық қызметін бір уақытта үздіксіз басқаруға жатады:

  • дәрістер,

  • семинарлар, просеминарлар, арнайы семинарлар,

  • коллоквиумдер

  • зертханалық жұмыстар,

  • практикумдар және арнайы практикумдар,

  • өздік жұмыстар,

  • студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары,

  • өндірістік,

  • педагогикалық;

- дипломдық тәжірибе және т.б. ЖОО да осы аталған формалардың ішінде дәріс ең маңызды орын алады, ол жұмыстың күрделі түріне жатқызылады және дәрісті оқу неғұрлым білімді квалифицированды және тәжірибелі оқытушыларға беріледі (ереже бойынша, профессорларға және доценттарға).

2. Дәріс. «дәріс» сөзі латынның "lection" – оқу деген сөзінен шыққан. Дәріс Ежелгі Грецияда пайда болған, одан кейінгі дамуын Ежелгі Римде және орта ғасырда алған. ЖОО-қ лекция – оқытудың дидактикалық циклының басты атауы.

Оқу процесінде келесі жағдай туындайды, егер дәрістік оқыту формасы басқа ешқендай формамен орын ауыстырылмаса.

Дәріс келесі функцияны атқарады:

  • информациялық (керекті мағлұматтар алады),

  • стимулирлеушілік ( тақырыпқа қызығушылық туғызады),

  • тәрбиелеушілік,

  • дамушылық (тануға баға береді, ойлануды дамытады)

  • ориентирлеушілік (мәселеде, әдебиеттерде)

  • анықтаушылық (басты, негізгі ғылыми түсініктерді формирлеуге бағытталады)

  • растаушылық (дәлелдеме системасындағы акцент)

Ауыстырылмайтын дәріс және берілген дисциплинадағы барлық білім көлемінің систематизация және құрылымдық функциясы.

Келесі дәріс түрлерін көрсетуге болады.

  1. Ортақ мақсат бойынша: оқулық, агитационды, тәрбиелеушілік, дамушылық.

  2. Ғылыми дәреже бойынша: академиялық және танымдылық

  3. Дидактикалық тапсырма бойынша: кіріспе, ағымдағы, бекітілген – айқындама, орнатылған, дәріс – консультациялық, дәріс – визуальды (қарау элементі күшейтілген)

  4. Материал мазмұны бойынша: бинарлы немесе дәріс – дискуссиясы (әртүрлі позиция жақтаушы екі оқытушы арасындағы диалог), мәселелі, дәріс – конференция.

3 Мәселелі дәріс көмегі арқылы 3 негізгі дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге болады:

1.Студенттермен теориялық білімді жетілдіру.

2.Теориялық ойлау дағдыларын жетілдіру

3.Оқыту пәнінің мағынасына қызықтыру және болашақ маманды мамандыққа баулу .

Дәріс мәселесі мәселенің туындау принципіне байланысты. Осы арқылы екі бірімен бірі байланысты шарт қойылады.


  1. Дәріс кезінде оқу курсының жағдайын дидактикалық өңдеулер мен мәселе шешуі принциптері мен шыңдау.

  2. Дәрісте мәселенің құрамын қалайда шешуді шыңдау.

Диалогиылық қатынас студенттің ойлау дағдысын арттырады. Мәселелі дәрісте оқытушының сөйлеу мәнері:

  1. Оқытушы студенттермен байланыста болғанда заңгерге ұқсамай ақыл беруші ретінде көрсетуі қажет, ойлау дағдысын диалогиялық әдіспен жеткізіу.

  2. Оқытушы студент құқығын біліп қана қоймай, мәнісін біліп, қызықтыру.

  3. Жаңа білім тек айқын оқытушының беделі емес, түсіндіру жүйесінің айқын дәлелі екенін көрсету.

  4. Оқу мәселесін шешу дәріс материалын әртүрлі ойды алмай, ғылым дамуының логикасын арттырып, оның құрамын таңдау.

  5. Студенттермен әңгімелесу былай болады: өзіндік қабілетін дамыту үшін дайынды, іздеу процесіне қосу керек және әңгімелесу долын дамытып, жалғастыру.

  6. Оқытушы сұрақ қарастырып оған жауап табу, дәріс кезінде студенттерге сұрақ қойып өзіндік ізденіс жауабын алу.

Студент ойын жетілдіруге, тірі тілдесуге қатыстыру. Ол үшін дәрісте семинар жұмыстарын, дискуссия жүргізу.

Дәріс – визуализация.

Дәрістің бұл түрі принциптік көрсеткішке жатады. Дәріс – визуализация студенттерді жазу ақпаратымен ауызша ақпаратты алмастыруды оқытады. Бұл ойлауды дамытады. Әр түрлі ақпарат береді, тәжірибелік және ойлау қабілеттерін арттырады. Әрбір көрсеткіш ақпарат мәселе оқытушының шешімі осы форма арқылы ары қарай дамыту.



Екеу арасындағы дәріс.

Екеу арасындағы дәрісте студенттердің алған білімі пайдаланылады, ол оқу мәселесі мен өздік жұмысты түсінуге мүмкіндік береді, мәселелі жағдай немесе гипотезаның шешімі бойынша бірнеше жағдайлар туғызылады.

Дәріс-пресс-конференция.

Оқытушы пресс-конференциялық дәріс арқылы тыңдаушылардың аудиторияларының сұлбасын, мүмкіншіліктерін,орналасуын құрастырады.

Бұл әсіресе оқытушының бірінші курс студенттерімен кездесуде, немесе арнайы курстың бірінші күнінде,жаңа дисциплина кіргізуде жіне т.б маңызы зор. Пресс конференциялық дәрісте тақырып ортасында немесе курста тындаушылардың көнілі оқу құралының жалпы көрінісіне бағытталады.

Әңгімелесу дәрісі.

Әңгімелесу лекциясы немесе аудиториямен сойлесу кең тараған және оқу кезіндегі студенттермен салыстырғанда қарапайым болып келеді. Бұл дәріс аудиториямен оқытушы арасындағы байланысты көрсетеді. Әңгімелесу дәрісінің мақсаты студенттерді маңызды тақырыптарға байланысты сұрақтарға көңіл аударту, берілген оқу құралындағы мазмұны мен берілген тақырыбын анықтауды үйретеді.



Дискуссиялық дәріс.

Бұл әңгімелесу дәрісінен басқаша, оқытушы дәрістегі тақырыптың мазмұнын студенттерге қойылған сұраққа жауап ретінде ғана қолданбайды, оган қоса логикалық түрде ой бөлісуді еркін түрде айталатындай етіп қолданады. Дискуссия –бұл студент пен оқытушы арасындағы қатынас, ойларын еркін бөлісу,сұрақтарға байланысты көқарастарын жетік көрсету. Бұл оқу процессін жеделдетеді және ең маңыздысы оқытушының топтағы бірауызды ойларын басқара алады, кейбір студенттердің қате ойларын дұрыс еместігіне көндіре алады.



Нақты жағдайды шешетін дәріс.

Бұл дәріс дискуссия дәрісіне ұқсас, бірақ оқытушы талқыланып жатқан жағдайға байланысты сұрақтар қоймай тоқетерін ғана айтқызды. Әдетте мұндай жағдай ауызша немесе қысқа видиожазба, диафильм ретінде жүргізіледі. Сондықтан оның мазмұны өте қысқа болуы керек,бірақ толық мағұлмат беретін, талқыға салуға болатын жазбалар болуы керек.



4. Семинарлар. Қазіргі уақытта семинардың екі түрі қалыптасты:

- Семинардан кейінгі – студенттерді өздік жұмыс спецификасымен, әдебиетпен және өзі айналысатын жұмыс әдістемелігімен таныстыру.

- Жеке семинар:

а) анық жоспарға алдын ала белгіленген әңгімеге оралу;

б) студенттердің баяндамасы

Можно выделить несколько видов учебных семинаров.

Пәнаралық семинар. Сабақта берілген тақырыпты әртүрлі аспектіде қарау : политикалық, экономикалық, ғылыми-техникалық, психологиялық. Оған берілген дисциплинадағы педагогтар және профессияға сәйкес мамандар шақырылуы мүмкін. Студенттер арасында тақырыпқа хабарлама дайындауға арналған тапсырмалар. Аралықдисциплина семинары студенттердің ойлау қабілетін кеңейтеді, пәнаралық байланысты көрсетеді

Мәселелі семинар. Курс бөлімін зерттемей тұрып, алдымен оқытушы берілген тақырып бөлімі мазмұнымен байланысты мәселелер жөнінде әңгіме жүргізеді. Алдынгы кундері студенттер тапсырманы орындайды, формирлейді және мәселені түсіндіреді. Семинар уақытында топтық пікірталас шарты бойынша мәселелерді талдау жүргізіледі.

Тақырыптық. Семинардың бұл түрі студенттерді қандай да бір актуалды тақырыптағы немесе бар және маңыздырақ аспектілерге назар аудару. Семинар алдында алдымен студенттерге тақырыпқа қатысы бар немесе оны оқытушы студенттер қиналғанда, қоғамдық және еңбектік қабілеттілік байланыстарын қадағалау.

Ориентациялық. Бұл семинарлар пәні болып жаңа аспектілер саналады, ол белгілі немесе шешуге болатын бекітілген және зерттелген мәселелер, материалдарды салтанатты жариялау, көрсету және т.б. Мысалы, Қазақстан Республикасының білім жөніндегі заңы.

Жүйелік. Зерттелетін тақырыпты тікелей және жанамалық қатынасы бар әртүрлі мәселелерді терең тану арқылы жүргізеді.

Семинар сабағындағы критерий бағалары:



  • Мақсаттылық;

  • Жоспарлылық;

  • Семинарды ұйымдастыру;

  • Семинар өткізу стилі;

  • «Оқытушы-студент» қатынасы;

  • Топты басқару.

Практикалық сабақ. Жоғарғы оқу орындарында оқу процесі практикалық сабақтар бойынша қарастырылады. Олар дисциплинаны тереңдетіп оқуға негізделген. Олардың формалары әртүрлі. Бұлар біртұтас түсінік: ағылшын тілі сабағы, зертханалық жұмыс, семинар сабақтары, тәжірибелер.

Тәжірибелік сабақ құрылымы:

- оқытушының кіріспе сөзі;

- белгісіз материалдарға студенттердің жауабы;

- жоспарға ұқсас практикалық бөлім;

- оқытушының түйін сөзі;

Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: оқытудың ұйымдастыру формалары, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, ұйымдастыру формалардың түрлері, артықшылыраы, кемшіліктері

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Неліктен дәрісті оқытудың ұйымдастыру формалардың негізгі түрі болып саналады?

  2. Жоғары оқу орында дәрістердің қандай түрлері іске асырылады?

  3. Практикалық сабақтарға қандай талаптар қойылады?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Зайцев О.С. Методика обучения химии: Теоретический и прикладной аспекты: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Владос, 1999. -384 с.

  2. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. - Ростов н/Д: Феникс, 2002. - 544 с.



Дәріс 2Студенттердің әдістемелік білімін бақылау

Дәріс жоспары:

1. Бақылау әдістері.

2. Бақылаудың міндеті және оған қойылатын талаптар.

3. Бақылау формалары.

1. Бақылау әдістері – бұл оқытушы мен студент арасындағы байланыс тәсілдері, ол студенттердің меңгерген оқу материалдары және қойылған талаптарды меңгеруімен анықталады.

Жоғарғы оқу орындарында студенттің білімділігі мен қабілеттілігін бақылау жұмысының негізгі әдістері: ауызша сұрақ, жазбаша және практикалық тексеру, стандарттық бақылау болып табылады.



Ауызша сұрау – студенттер білімін тексерудің ең тиімді әдісі. Ауызша бақылау кезінде оқытушы мен студенттің арасында тікелей байланыс орнатылады, бұл жағдайда оқытушы студенттің оқу материалдарын қандай деңгейде дайындалғанын байқауға кең мүмкіндік алады.

Жазбаша тексеру аузыша тексерумен бірге маңызыд бақылау әдісі болып табылады. Студент жұмысының біркелкілігі барлығына бірдей талап қойғыза отырып, бағалауды объективті жүргізуге әкеледі. Бұл әдісті қолдану қысқа мерзім ішінде студенттердің материалды қалай игергендігін тексеруге мүмкіндік береді.

Жазбаша тексеру бақылаудың барлық түрлерінде қолданып аудиториялық және аудиториялық емес жұмыстарда болады (үй жұмысын жасағанда)



2. Студенттердің ептілігін және білімін бағалау оқу үрдісінің маңызды элементі. Ол дұрыс ұйымдастырылуына, оқу-тәрбиелік процесстің тиімді басқаруына және маманның сапалы дайындалуына тәуелді.Оқытудың барлық формалары бойынша студенттердің материалды қалай меңгергендігі туралы толыққанды үздіксіз және обьективті ақпаратсыз, «кері байланысты » қалай игергендігі туралы біліп, оқу материалының меңгеру динамикасын бағалай отырып, біліміді, ептілікті талдап оқу процессін ұйымдастыруға қажетті түзетулер енгізіледі.Оқу барысында студенттердің білімін және ептілігін бағалау, тексеру, оқыту, дамыту, тәрбиелік және әдістемелік функциялары маңызды және арнайы функция тексеру фцнкциясы болып табылады. Бақылау студентті тәрбиелеп, өз жұмысына деген жауапкершілікті арттырады, оқу еңбегіне жүйелі қарауға үйретеді, күнделікті оқу ісін белсенді етіп, оқуға деген ниетті түзейді. Бақылауды дұрыс жасаған оқытушы оқушының білімімен ептілігін жетілдіруге шақырады және өзін бағалаудың объективті пікірі қалыптастырып, өзін бақылауға қажеттілікті туындатады.

Білім мен ептілікті бағалау әдістемелік функцияға ие.Оның процесі мен нәтижесі оқытушының өзінің жұмысын жетілдіруге керек. Бақылау сабақ берудің әдістемесін бағалауға, оның күшті және әлсіз жақтарын анықтап, оқытудың оптимальды жақтарын таңдауға көмек береді.

Бақылау талаптар қатарын сақтағанда қажетті және тәрбиелік тиімділік береді.

Бақылау болуы керек: жоспарлы және жүйелі түрде, яғни оқу тәрбиелік процестің жоспарымен бірге жүзеге асырылады. Оның оргнаикалық бөлігі болып табылып, оқыту бағдарламасының негізгі сұрақтарына негізделеді.



3. ЖОО-ның оқу жоспарлары мен бағдарламалары студенттің білімі мен машығының келесідей формаларын қарастырады: міндетті бақылау жұмыстары, сынақты, біліктілік сынақтары, курстық және дипломдық жобасын қорғау, семестрлік және мемлекеттік емтихандар.Қорытынды бақылауда тексеру әртүрлі формада болады, көбінесе бақылау жұмысының және ақпараттың сипатымен анықталады. Мұның бәрі тапсырманы мұқиятты таңдауға қажет етеді. Маманды дайындағанда тапсырма барлық оқу пәндерінің мақсатын көрсету керек және оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес келу керек. Тексеру тапсырмаларының құрамын таңдағанда келесілер негіз болып табылады.

1. Оқыту материалының толық көлемділігін қамтамасыз ету.

2. Бақылау білімінің жалпыланған сипаттамасы.

3. Бақылау тапсырмаларының қолданбалылығы және өнімділігі.

4. Бақылау материалдарының мазмұнының студенттің танымдық жұмысын белсендіруге бағытталады.

Оқу орындарында келесі бақылау жұмыстарының түрлері бар:

Теориялық ол студенттердің теориялық түсініктерді олардың құбылысын, сипаттарын, ерекшеліктерін қалай меңгергендігін тексеруге мүмкінідк береді.

Тәжірбиелік жұмыстар алған білімін нақты тапсырмаларды шешуге арналады;

комплексті, теоретикалық және практиалық смпаттамалары бар, тапсырмалар.

Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: бақылау әдістері – ауызша және жазбаша сұрау, студенттердің білімін бақылауға қойылатын талаптар

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. ЖОО бақылаудың қандай түрлері жиі қолданылады?

  2. Жеке сұраудың басқа ауызша түрлімен салыстырғанда қандай артықшылары бар?

  3. Оқу орындарда бақылау жұмыстарының қандай түрлері қолдыналады?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Зайцев О.С. Методика обучения химии: Теоретический и прикладной аспекты: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Владос, 1999. -384 с.

  2. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. - Ростов н/Д: Феникс, 2002. - 544 с.



Дәріс 3 – Органикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары

Дәріс жоспары:



  1. Оқыту технологиялары туралы түсінік, мақсаттары мен міндеттері. Оқыту технологияларының классификациясы.

  2. Проблемалық оқыту технологиясы. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы.

  3. Оқытудың ойын технологиясы. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар.

  4. Интеграция – жаңа педагогикалық технологияларды енгізу құралы ретінде.

  5. Жобалап оқыту технологиясы. Рефлексияның шығармашылық формасы – Синквейн.

1.Оқыту технологиясы – бір жағынан оқу ақпаратын өңдеуге, бейнелеуге және өлшеуге арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы, екінші жағынан оқытушының оқыту процесіне қажетті техникалық немесе ақпараттық құралдарды пайдаланып студентке әсер ету әдістері туралы ілім.

Оқыту технологиясын жасау үлгісін мына 1-суретте келсетілген.
Оқыту технологиясы:

білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында туындаған мәселелерді шешу бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру;

– оқыту, өздігінен білім алу және өзін өзі бақылау процестерін қажет етіп, соларды жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы.

Оқыту технологиясының басты мақсаты – техникалық ресурстарды, адам ресурстарын және олардың өзара әрекеттесуін ескеріп, білім берудің үдерісін оңтайландыру. 

Жалпы «оқыту технологиясы» мен «педагогикалық технологияны» тығыз баланысты алып қарастыру керек (2-сурет). Бірақ бұл екі технология тепе-тең емес. Оқыту технологиясы көпшілікті оқыту мен кәсіби дайындау жүйесін құрастыршы, ал педагогикалық технологияны білім беру кеңістігінің қағидаларын және оңтайландыру тәсілдерін анықтаушы ұғым ретінде қабылдауымызға болады.

Оқыту технологиясы – жүйелік категория, ол ғылыми білімді дидактикалық пайдалануға, оқу процесін ғылыми жолмен ұйымдастыруға және талдауға бағытталған. Мұнда оқытушылардың ізденістері және студенттердің жеке тұлға ретінде дамуында жоғары нәтижелерге жетуге бағытталуы да ескеріледі.

2. Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.басқасын ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан  мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Бұл оқыту студент ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың  ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.

   Проблемалық оқытудың күшті жақтары:

-         Студенттердің логикалық ойлау қабілетін арттырады;

-         Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

-         Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;

-         Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.



Проблемалық оқытудың кемшіліктері:

-         Студенттердің танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;

-         Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.

   Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзіне де, процесінде меңгеру, студенттердің таным  дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

   Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады.Проблемалық оқытуда студенттер бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмсайды.

 Проблемалық оқыту арқылы өнімді, тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тарапынан проблеманы дәл, нақты қоя білудің де маңызы зор. Студенттер проблеманы шешуде қиындыққа кезіксе, мұғалім оларды жетелеп, әдіс-тәсілдерін ұсынады.

   Проблемалық оқытудағы студенттердің шығармашылық іс-әрекетін бұлай тұжырымдауға болады

1.     Оқу материалының мазмұнын талдау, саралау.

2.     Проблеманы ашу, өнім жасаушы шығармашылық еңбекке қол жеткізу.

3.     Қорытынды жасау, өзіне-өзі баға беру, саралау.

    Проблемалық оқыту технологиясы дұрыс іздене білгенде, ол тіл дамытуда өнімді нәтижелі қорытынды береді.

Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы — оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай жинау әдісіне баулу.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:

- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;

- оқушының ынталандыруға;

- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;

- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;

- баға әділдігіне;

- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.

Деңгейлеп – саралап оқытудың басты сипаты – мақсатты нәтиже. Қоғам талабы да – нәтижелі маман даярлауда болып отыр. Жаңаша оқыту студенттің жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауға үйретеді.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті 3 деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Болашақта оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік талап-тілектерді ескере отырып дамыту, ғылыми жетістіктер мен педагогикалық тәжірибелерді жаңартуға, мұғалімдерді ақпараттық қамтамасыз етуді, біліктілігін үздіксіз көтеруді қажет етеді.



3. Ойын – қоғам тәжірибесін қайта құруға және қабылдауға бағытталған, бір шартты жағдайдағы қызметтің түрі.Сол бойынша өзін-өзі басқарады,тәрбиелеу жетіліп қалыптасады.

Ойын түрінде оқытудың мақсаты: жеке – қызмет түрінде білімді, біліктілікті, дағдыны меңгеруді қамтамасыз етеді.

Іске асыру құралы:Оқушыларды шығармашылық қызметіне ойын әдістері арқылы қызықтыру.

Қазіргі таңда ойын – қызмет ретінде төмендегі жағдайларда қолданылады.



  • Жеке технология ретінде;

  • Оқу пәнінің бөлімін, тақырыбын ұғып меңгеру үшін;

  • Кең көлемді технология бөлігі ретінде ;

  • Сабақ ретінде ,не болмаса оның кезеңдері / кіріспе ,түсіндіру ,бекіту, жаттығу орындау,бақылау/;

  • Сыныптан тыс жұмыстар технологиясы.

Ойын тәсілдері мен жағдайларын сабақ кезінде өткізу мына негізгі бағыттарда жүргізіледі:

  • Дидактикалық мақсат оқушыларға ойын түрінде беріледі;

  • Оқу қызметі ойын ережелеріне бағынады;

  • Оқу материалы оның құралдары ретінде қолданылады, құыту қызметіне жарыс ретінде кіргізіп, дидактикалық міндеттерді ойынға айналдырады;

  • Дидактикалық тапсырмаларды орындау ойын қорытындысымен байланыстырылады.

Ойындарды дене (қозғалыс), ой-өрісі (ақыл-ой), еңбек, әлеуметтік және психологиялық қызметтер түрлеріне бөлу керек.

Ойындар ерекшеліктеріне қарай мына топтарға бөлінеді:

а/ оқыту,жаттығу,бақылау және қорытындылау;

б/ таным,тәрбие,даму:

в/ еске алу,өнімділік,шығармашылық;

г/ коммуникативтік,таным әдісі,кәсіпке бағдарлау және т.б.

Ойын әдістемесі пән бойынша сюжеттік, рөлдік, іскерлік, еліктеушілік және драмалық ойындар.

Пәндер бойынша ойындар барлық оқу пәндері саласына бөлінеді.Ойын ортасы ойындартехнологиясының ерекшелігін анықтайды:затпен және затсыз ойындар үстел үстінде ,көшеде ,бөлмеде ,компьютерде ,оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).



Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.


    • Тұтынушының қолдану сапасында;

    • Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.

Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.

Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:

·  Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;

·  Ақпарат іздеу жүйесі;

·  Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;

·  Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;

·  Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;

·  Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет