ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжат
|
ПОӘК
|
042-18-22.1.13/02-2014
|
ПОӘК «Зоология» пәнінің студентке арналған бағдарламасы
|
Басылым № ___
«___» ____20_____
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Зоология»
5В060700 – «Биология» мамандығына арналған
СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
СЕМЕЙ
2014
Алғы сөз
1 құрастырылған
Құрастырушы _____________ «____»___________20____ Мадыбекова А.С. «Мал шаруашылығы және аңшылықтану, морфология негіздерімен» кафедрасының аға оқытушы, биология магистрі
2 талқыланды
«Мал шаруашылығы және аңшылықтану, морфология негіздерімен» кафедрасының отырысында
Хаттама №__ «__»_____20___ж
Кафедра меңгерушісі ___________ Б. Ахметова.
2.2. Аграрлық факультеттің оқу - әдістемелік кеңесінің отырысында
Хаттама №__ «__»_____20___ж
Төрағасы __________ Г. Джаманова
3 бекітілген
Университеттің оқу - әдістемелік кеңесінің
отырысында қаралып, баспаға ұсынылды
Хаттама №__ «__»_____20___ж
ОӘК төрағасы _____________Г.Искакова
4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН
Мазмұны
1 Жалпы ережелер.
2 Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу
3 Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
4 Пәннің форматы
5 Пәннің саясаты
6 Баға қою саясаты
7 Әдебиет
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы туралы
-Мадыбекова А.С. магистр, аға оқытушы
-«Мал шаруашылығы және аңшылықтану, морфология негіздерімен» кафедрасы
-Байланыс ақпараты – телефоны 442898, № 5 оқу ғимараты
-Сабақ өтетін бөлмелер - № 111
-Пәннің аты – «Зоология»
-Несие саны –3 , ал жалпы сағат саны – 135
1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы
Зоология- жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі,эволюциялық дамуы, жер бетіндегі тіршілік ету жағдайлары, құрылысы, дамуы, шығу тегі, маңызы туралы ғылым. Зоологияның биология ғылымдарының арасындағы орны және оның морфологиямен, систематикамен, экологиямен, биохимиямен, генетикамен, зоогеографиямен, палеонтологиямен, этологиямен, биофизикамен, гистологиямен, физиологиямен, цитологиямен, эмбриологиямен байланысы
1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:
Жануарлардың алуан түрлілігін, құрылыстарының ерекшеліктерін, тіршілік әрекетін, ортаға бейімдеушілігін, таралу зандылықтарын зерттеу.
1.4 Пәнді оқытудың міндеттері:
1) Жануарлардың көптүрлілігін, олардың шығу тегін, органдар жүйесінің құрылысын, систематикасын, таралуын, тіршілік ортасымен байланысын және адам үшін маңызын көрсету.
2)Типті, оның кластарын, қазіргі жүйеге сәйкес төменгі сатыларынан жоғарыларына дейін зерттеу.
3) әрбір топтардың ерекшеліктері туралы түсінік беру, олардың пайда болуы мен туыстық ара –қатынастарын, құрылысы мен органдар жүйесінің эвлюциясын және олардың функционалдық байланыстарын бақылау.
1.5 Оқытудың нәтижелері:
- білу жануарлардың көптүрлілігін және олардың қалыптасуын негізгі зандылықтарын әртүрлі топтарын биологиялық прогресі немесе регресінің себептерін;
- игеру мүшелер мен мүшелер жүйелерінің құрылысын, омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың негізгі өкілдерінің систематикасы мен эволюциясын;
- меңгеру жануарлардың экологиялық жүйелердегі орны мен маңызын шаруашылықтық және кәсіптік маңызын білу тиіс;
- істей білу ғылыми мәселелерді білуге, зертханалық және далалық жағдайларды зерттеу жұмыстарын іске асыруға Зертханалық дағды алуды;
- иемдену алған білімін ғылыми және Зертханалық мәселелерді шешуге , түрлердің биологиялық ерекшеліктерін түсінуге, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің эволюциясындағы әртүрлі топтарының маңыздылығын анықтауға колдану.
1.6 Пәннің пререквизиті:
1.6.1 зоология
1.7 Пәннің постреквизиті:
1.7.1 жануарлар систематикасы
1.7.2 жануарлар физиологиясы
2 ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ
Кесте 1
№
р/қ
|
Тақырыптың атауы
|
Сағаттар саны
|
Д
|
ЗС
|
БОӨЖ
|
БӨЖ
|
Әдебиеттер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Модуль 1 Омыртқасыз жануарлар
|
Блок 1 Біржасушалылар патшалық тармағы.
|
1Кіріспе. Зоология пәні, міндеттері. Зоологияның қысқаша даму тарихы.
Біржасушалылар патшалық тармағы.
Саркомастигофоралар, инфузориялар типі.
|
1
|
2
|
1.5
|
4.5
|
1, 5,6,7,10,
|
Блок 2 Көпжасушалылар (Metazoa) патшалық тармағы
|
2
|
Көпклеткалылар патшалық тармағы. Губкалар типі.
|
1
|
1
|
1.5
|
4.5
|
1, 5,6,7,10,
10
|
3
|
Ішекқуыстылар типі.
|
1
|
1
|
1.5
|
4.5
|
1, 5,6,7,10,
10
|
Блок 3Eumetazoa, Plathelminthes, Nemathelmintes
|
4
|
Жалпақ құрттар типі
|
1
|
1
|
1.5
|
4.5
|
1, 5,6,7,10,
10
|
5
|
Жұмыр құрттар типі. Нематодтар класы.
|
1
|
1
|
1.5
|
4.5
|
1, 5,6,7,10,
10
|
6
|
Буылтық құрттар типі
|
1
|
1
|
1.5
|
4.5
|
1, 5,6,7,10,
10
|
Блок Буынаяқтылар типі Arthropoda
|
7
|
Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер класы. Кеңірдектыныстылар тип тармағы. Бунақденелілер класы.
|
1
|
3
|
1.5
|
4.5
|
1, 5,6,7,10,
10
|
8
|
Екінші ретті ауыздылар: тікентерілілер,погонофоралар, қылтанжақтылар, жартылай хордалылар.
|
1
|
1
|
1.5
|
4.5
|
1, 5,6,7,10,
10
|
9
|
Былқылдақденелілер типі. Омыртқасыз жануарлар әлемінің филогенетикалық дамуы.
|
1
|
1
|
1.5
|
4.5
|
1, 5,6,7,10,
10
|
2 Модуль Хордалылар типі
|
1 Блок Бассүйексіздер тип тармағы
|
10
|
Бас сүйексіздер- Acrania тип тармағы. Дөңгелекауыздылар класы –Cyclostomata.
|
1
|
2
|
1.5
|
4.5
|
2,3,4,8,9,12
|
2 Блок Бассүйектілер тип тармағы
|
11
|
Балықтар класы. Шеміршекті, сүйекті балықтар класы.
|
1
|
2
|
1.5
|
4.5
|
2,3,4,12
|
12
|
Қосмекенділер класы -Amphibia
|
1
|
1
|
1.5
|
4.5
|
2,3,4,12
|
13
|
Бауырмен жорғалаушылар класы - Reptilia.
|
1
|
2
|
1.5
|
4.5
|
2,3,4,12
|
14
|
Құстар класы - Aves.
|
1
|
5
|
1.5
|
4.5
|
2,3,4,12
|
15
|
Сүтқоректілер класы - Mammalia.
|
1
|
6
|
1.5
|
4.5
|
2,3,4,12
|
3 Пәнді оқУ БОЙЫНША Әдістемелік ұсыныСТар
Оку үрдісіне белсенді қатысу, уй тапсырмасын ынтамен орындау, сабакта карама-карсы байланысты колдау, ұжымдық жұмыска жәрдемдесу, ұқыпты және міндеті болу қажет. Курстарыен және оқытушылармен ашық, шыдамды да, мейірімді болған жөн.
Пән барысы. Оқылатын дәрісте кейінгі ғылымның көкейтесті мәселелері, қазіргі жетістіктері мен жаңалықтары айтылады. Пәннiң әр дәрiсiнен кейiн ұсынылған сұрақтар мен тестерге жауап берiп, оған қайтаратын жауапты жинақтап қорытып, күмәндiк туса, алдын ала дәрiстен оқып, оны толық түсiнiп, дәрiске, сабаққа дайын болып келген жөн.
Зертханалық сабақтарды өткізуге толық нұсқаулар, ұсынылған әдебиеттерде толық берілген. Жұмысты бастамас бұрын сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтап алып, ұсынылған әдебиеттерден теориялық материалдармен танысу қажет. Жұмысты жасаған соң міндетті түрде қорытынды жазып, суретін салу керек. Оқулықтағы тақырып соңында берілген сұрақтарға жауап беру керек.
3. Зертханалық сабақтар
Қатынасу: дәрiс, Зертханалық сабақтарға мiндеттi түрде қатынасу керек. Егерде қандайда болмасын себептермен сiз оларға қатынаса алмасаңыз, онда барлық меңгере алмаған материалға жауапкер боласыз. Мiнез – құлық: Студент ар кодексiн: мiнез-құлық этикасын сақтауы керек. Сабаққа кешiгу кешiрiлмейтiн қылық. Сабақ үстiнде оқу тәртiбiн жиi бұзушылар дәрiсханадан шығарылып жiберiледi, немесе бүкiл курс бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады. Бақылау тапсырмалары. Олар сөзсiз орындалып, белгiленген мерзiмде тапсырылуы қажет. Кешiгiп орындалған жұмыстардың бағасы өзiнен - өзi төмен болады. Межелiк бағалау: Межелiк бағалаудың қортындысы сабақ қатысуы мен үлгерiмiне, студенттердiң белгiленген мерзiмге өз бетiмен жұмыс орындауына, сабақта ауызша немесе жазбаша түрде берген жауабына, межелiк бақылау қортындысына байланысты қойылады. Көшiрiп алу және бiреудiң шығармасын толық немесе жарым-жартылай өз атымен ұрлап пайдалану: Қандай да болмасын көшiрiп алу немесе бiреудiң шығармасын толық, не жарым-жартылай өз атымен ұрлап пайдалану (басқа студенттерден дайын тапсырма және шешiмдер көшiрмесiн пайдалану) дәрiсханадан шығарумен тоқтатылады немесе «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады. Ұрлап пайдалану мен алдауды болғызбау керек. Ұялы телофон: Сабақ үстiнде оны үзiп тастау, немесе ұялы телефонмен байланысты болғызбау керек.
Апта сайын аралық бақылау жүргізіледі. 8 және 15 аптада межелік бақылау болады.
Емтихан: Қортынды емтихан барлық студенттер емтихан беруге рұқсат етiлгеннен кейiн емтихан тест арқылы өткiзiледi.
Зертханалық сабақтардың қысқаша мазмұны.
Зертханалық жұмыс №1.
Тақырыбы: Зоология пәні. Микроскоптың құрылысы. Онымен жұмыс жасау ережелері. Біржасушалылар патшалық тармағы.
Мақсаты: Микроскоптың құрылысымен танысу. Саркодиналар, талшықтылар кластарының өкілдерінің құрылысымен және тіршілік циклімен танысу. Тапсырмалар:
Амебаның құрылысымен танысып, суретін салу. Цитоплазманың дифференциациясына көңіл аудару. Органоидтарды анықтау.
Эвгленаның және трипаназоманың құрылысымен танысу. Қоректену, дененің осмос жүйесін, қимыл-қозғалысын реттеу органоидтарын және жарық сезгіш көзін қарау. Цитоплазманың экто- және эндоплазмалық қабаттарына көңіл бөлу.
Шар тәрізді вольвокстің колониясымен танысып, клекталарының ұсақ соматикалық және ірі генеративті болып дифференциациялануына көңіл аудару.
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зертханалық жұмыс № 2.
Тақырыбы: Біржасушалылар патшалық тармағы. Споралылар, инфузориялар типтері.
Мақсаты: Грегариналардың құрылысымен және даму циклімен танысу. Кокцидия мен безгек плазмодиясының даму циклімен танысу. Инфузория туфельканың құрылысымен танысу және суреттерін салу.
Тапсырмалар:
Омыртқалы жануарлардың ішкі клетка паразиттерімен танысып, даму циклдеріне талдау жасау. Ұрпақ алмасуына көңіл бөлу.
Уақытша препараттан инфузорияларды тауып сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Инфузориялардың қозғалу, қоректену, осмос жүйесін реттейтін процестерін көру. Макронуклеус пен микронуклеусті мұқият қарау.
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зертханалық жұмыс № 3.
Тақырыбы: Көпжасушалылар патшалық тармағы. Губкалар типі.
Мақсаты: Губкалардың құрылысымен танысу.
Тапсырмалар:
1. Тұщы сулардағы және теңіздердегі губкалардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.
2. Тұрақты препараттардан әр түрлі губкалардың скелеттеріне, бадяганың геммуласына қарап суреттерін салу.
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зертханалық жұмыс № 4.
Тақырыбы: Ішекқуыстылар типі.
Мақсаты: Тұщы су гидрасының құрылысымен танысу. Сцифомедузалардың құрлысымен, даму циклімен Аурелия аурита мысалында танысу.
Тапсырмалар:
Уақытша препараттан тірі гидраның қоректенуін, жылжуын және тітіркендіргіштерге жауап беруін бақылау. Гидраның сыртқы құрылысын, аузы мен табан жағын, симметриясын қарау қажет және оған мән беріп, суретін салу. Тұрақты препараттан гидраның ұлпалық құрылысын қарап, эктодерма жыне энтодерманың клеткаларының суретін салу. Гидраның көлденең және ұзынынан кесінділерін көріп, суретін салу.
Сцифомедузалардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, суретін салу. Даму циклінің схемасын салу.
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зертханалық жұмыс № 5.
Тақырыбы: Жалпақ құрттар типі.
Мақсаты: Кірпікшелі құрттардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Бауыр сорғыштың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу. Таспа құрттардың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу.
Тапсырмалар:
Фиксацияланған планарияны қарап, сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, оның суретін салу. Кесіндісі бар препараттан планарияның гистологиялық құрылысымен танысу. Оның үш қабаттан тұратындығын бақылау. Тері-бұлшық ет қапшығының құрылысын көріп, суретін салу.
Сорғыштардың сыртқы құрылысымен танысып, суретін салу. Препараттың көмегімен бауыр сорғыштың ішкі құрылысымен танысып, суретін салу.
Таспа құрттың сыртқы құрылысын қарап, сколекстерінің қаруына көңіл аудару. Жетілген және жетілмеген буындарының құрылысын салыстырып, оларға мән бере отырып, суретін салу. Финналардың құрылысыныа қарап, суретін салу. Шошқа солитерінің даму циклінің суретін салу.
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зертханалық жұмыс № 6.
Тақырыбы: Жұмыр құрттар типі.
Мақсаты: Аскариданың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу.
Тапсырмалар:
Аскариданы сойып, оның анатомиялық құрылысын: ас қорыту, жыныс жүйесін анықтау. Аскариданың көлденең кесіндісі мен жұмыртқаларын микропрепараттар арқылы қарап, оларды сипаттап, құрылысының суретін салу.
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зертханалық жұмыс № 7.
Тақырыбы: Буылтық құрттар типі.
Мақсаты: Көпқылтандылар класының сыртқы құрылысымен танысу. Жауын құртының сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Медициналық сүліктің дене құрылысымен танысып, ерекшеліктерін анықтау.
Тапсырмалар:
1.Буылтық құрттардың сыртқы құрылысын байқау. Денесінің дифференциациясына және үш бөлімге бөлінуіне, сегменттеріне көңіл бөлу керек. Препараттан – бас бөлімнің (простомиум), дене бөлімінің, аналь бөлімінің (пигидий) құрылысын қарап, суретін салу. Параподийлернің құрылысымен танысып, суретін салу керек.
2.Жауын құртының сыртқы пішінін көріп, суретін салу керек. Жауын құртын сойып, оның ішкі мүшелерінің орналасуын, құрылысын анықтап көріп, белгілеп, суретін салу. Жауын құртының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, оның дене қабаттарын ажырату және барлық белгілерін көрсетіп суретін салу.
3.Сүліктің дене құрылысымен танысып, суретін салу. Сүлікті сойып, анатомиялық құрылысына қарап, ас қорыту, жүйке, жыныс, зәр шығару жүйелерін анықтап, суретін салу. Гистологиялық препараттардан сүліктің көлденең кесіндісін қарап, суретін салу.
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Болатова, Қ.Б. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы / Қ.Б. Болатова, Л.А. Байдулова; БҚМУ.- Орал, 2007ж.
Зертханалық жұмыс № 8.
Тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер класы.
Мақсаты: Өзен шаянының сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Желбезекті шаян тәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Циклоптың құрылысымен танысу.
Тапсырмалар:
Өзен шаянының дене бөлімдерін анықтап, сол бөлімдеріндегі орналасқан аяқтарының құрылысын көру керек. Өзен шаяндарының аяқтарын ұқыпты түрде жіктеп алып, оларды ретімен орналастырып, суретін салу.
Өзен шаянын сою. Ішкі мүшелерін қарау. Өзен шаянының бұлшық ет, ас қорыту, тыныс алу, қан айналу, жыныс, зәр шығару, жүйке жүйелерін көріп, сойылған өзен шаянының суретін салу.
Дафнияның ішкі және сыртқы құрылысымен танысып, суретін салып, белгілеу.
Циклоптың сыртқы құрылысымен танысып, денесінің сегменттелуіне, аяғының құрылысына, науплиальды көзіне көңіл аудару қажет. Ішкі құрылысын қарап, суретін салу.
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Болатова, Қ.Б. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы / Қ.Б. Болатова, Л.А. Байдулова; БҚМУ.- Орал, 2007ж.
Зертханалық жұмыс № 9.
Тақырыбы: Кеңірдектыныстылар тип тармағы. Бунақденелілер класы.
Мақсаты: Бунақденелілердің сыртқы құрылысының ерекшеліктерін қарастыру. Бунақденелілердің негізгі ауыз аппараттарын зерттеп білу. Бунақденелілердің аяқтарының және қанаттарының құрылысын сипаттап, морфофункционалдық әртүрлілігін көрсету. Бунақденелілердің ішкі анатомиялық құрылысымен танысу. Бунақденелілердің постэмбрионды дамуының өзгешелігімен танысу.
Тапсырмалар:
Бунақденелілердің сыртқы құрылысының ерекшеліктерін – бас, көкірек, құрсақ бөлімдерінің сегменттелуін талдау.
Қарапайым және специализацияланған ауыз аппараттарының құрылысын көріп, суретін салу.
Бунақденелілердің әртүрлі типтегі аяқтарының құрылысын қарап, бунақтарын бөлімдерге бөлшектеу және суретін салу. Әртүрлі қанаттардың типтерін қарап, жүйкеленуінің схемасына және ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оларды белгілей отырып, суретін салу.
Бунақденелілердің ішкі мүшелер жүйелерін көріп суретін салу.
Бунақденелілердің екі түрлі даму типтерінің айырмашылықтарын, нимфаның, дернәсілдердің, қуыршақтардың құрылысындағы ерекшеліктерін және ересек түрінен айырмашылықтарын анықтау.
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Болатова, Қ.Б. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы / Қ.Б. Болатова, Л.А. Байдулова; БҚМУ.- Орал, 2007ж.
Зертханалық жұмыс № 10.
Тақырыбы: Бунақденелілердің көбеюі мен дамуы.
Мақсаты: Насекомдардың алуан түрлілігімен танысу.
Тапсырмалар:
1. Анықтағышпен жұмыс істеуді үйрену. Толық түрленбей дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу және коллекциядағы насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу.
2. Толық түрленіп дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу және коллекциядағы насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу.
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М.,
Болатова, Қ.Б. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы / Қ.Б. Болатова, Л.А. Байдулова; БҚМУ.- Орал, 2007ж.
Зертханалық жұмыс № 11.
Тақырыбы: Былқылдақденелілер типі. Тақтажелбезекті моллюскалардың сыртқы құрылысы.
Мақсаты: Бауыраяқтылардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Тақтажелбезектілердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.
Тапсырмалар:
Ұлудың бақалшағының құрылысын қарап, оның бақалшақтың ішінде қалай орналасқанын көріп, оны сойып, ішкі мүшелерімен танысып, суретін салу керек.
Тіссіз моллюсканың бақалшағының сыртқы және ішкі құрылысына қарап «құлпына» көңіл аудару. Тіссіз моллюсканың денесін сойып, анатомиялық құрылысын және мантиялық комплекс мүшелерін көріп суретін салу.
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Болатова, Қ.Б. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы / Қ.Б. Болатова, Л.А. Байдулова; БҚМУ.- Орал, 2007ж.
Зертханалық жұмыс № 12.
Тақырыбы: Екіншіауыздылар. Тікентерілілер типі.
Мақсаты: Тікентерілілердің сыртқы және ішкі құрлысымен танысу.
Тапсырмалар:
Теңіз жұлдызының сыртқы құрылысын сипаттағанда денесінің бес сәулелі симметриясына көңіл аудару. Теңіз жұлдызын сойып ішкі мүшелерінің құрылысын қарап, суретін салу. Теңіз кірпілерінің сыртқы құрылысымен танысу.
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Болатова, Қ.Б. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы / Қ.Б. Болатова, Л.А. Байдулова; БҚМУ.- Орал, 2007ж.
Зертханалық жұмыс № 13.
Тақырыбы: Бассүйексіздер тип тармағы . Ланцетник пен асциядияның сыртқы құрылысы.
Мақсаты: Су миногасын мысалға ала отырып, дөңгелекауыздылардың ішкі, сыртқы құрылыс ерекшеліктерімен танысу.
Тапсырмалар:
1.Аппендикулярия, асцидия және сальпылар кластарын қарастыру.
2.Қандауыршаның құрылысы.Қандауыршаның көлденең кесіндісін қарастыру.
3.Қан айналу жүйесіне назар аудару. Суретін салып белгілеу
Қолданылатын әдебиеттер:
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
Зертханалық жұмыс № 14.
1 Миноганың сыртқы құрылысы. Аралық бақылау
Мақсаты: Су миногасын мысалға ала отырып, дөңгелекауыздылардың ішкі, сыртқы құрылыс ерекшеліктерімен танысу.
Тапсырмалар:
1.Аппендикулярия, асцидия және сальпылар кластарын қарастыру.
2.Қандауыршаның құрылысы.Қандауыршаның көлденең кесіндісін қарастыру.
3.Қан айналу жүйесіне назар аудару. Суретін салып белгілеу
Қолданылатын әдебиеттер:
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
Зертханалық жұмыс № 15.
Тақырыбы: Шеміршекті балықтар класы.
Мақсаты: Шеміршекті балықтардың ішкі және сыртқы құрылысымен, ерекшеліктерімен, систематикасымен танысу.
Тапсырма:
1.Акуланың бас сүйегі қаңқасының құрылысымен танысу.
2.Акуланың ішкі құрылысымен танысу.Қан айналу және жүйке жүйесі.
3.Шеміршекті балықтардың сезім органдарының ерекшеліктерімен танысу.
4.Суреттерін салып, белгілерін жасау.
Қолданылатын әдебиеттер:
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
Зертханалық жұмыс № 16.
Тақырыбы: Сүйекті балықтар класы.
Мақсаты: Сүйекті балықтардың ішкі және сыртқы құрылысымен, ерекшеліктерімен танысу.
Тапсырма:
1.Өзен алабұғысының ішкі құрылысын зерттеу. Қан айналу және жүйке жүйесі.
2. Зәр шығару жүйесімен танысу.
3. Суреттерін салып, белгілерін жасау.
Қолданылатын әдебиеттер:
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
Зертханалық жұмыс № 17.
Тақырыбы: Қосмекенділер класы. Көлбақаның сыртқы құрылысы.
Мақсаты: Көлбақаның сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктерімен танысу. Қосмекенділердің классификациясын меңгеру.
Тапсырма:
1.Бақаның бассүйегінің және миының құрылысын зерттеп оқып, балықтармен салыстырып, ортақ белгілерін, ерекшеліктерін сипаттау.
2.Қосмекенділердің жыныс-зәр органдарын зерттеу.
Суреттерін салып, белгілерін белгілеу.
Қолданылатын әдебиеттер:
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
Зертханалық жұмыс № 18.
Тақырыбы: Бауырмен жорғалаушылар класы.
Мақсаты Бауырмен жорғалаушылар класының ішкі және сыртқы құрылысымен танысу. Бауырмен жорғалаушылардың классификациясын меңгеру.
Тапсырма:
1. Кесірткенің ішкі құрылысын зерттеу.
2. Кесірткенің қан айналу жүйесін зерттеу.
3. Суреттерін салып белгілерін жасау.
Қолданылатын әдебиеттер:
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
Зертханалық жұмыс № 19.
Тақырыбы: Тушкалары бойынша бауырмен жорғалаушыларды анықтау.
Мақсаты: Бауырмен жорғалаушылардың алуан түрлілігімен танысу.
1. Бауырмен жорғалаушылардың негізгі отрядтарымен танысып, оларды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу.
2. Анықталған түрлерге сипаттама беру.
Зертханалық жұмыс № 20
Тақырыбы: Құстар морфологиясы. Көк кептердің сыртқы құрылысы.
Мақсаты: Ұшуға байланысты сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктерін зерттеу.
Тапсырма:
1. Көгершіннің қаңқасын зерттеу
2. Көгершіннің бас сүйегін зерттеу.
3. Көгершіннің ішкі органдарының орналасуын зерттеу.
4. Көгершіннің қан айналу жүйесін зерттеу.
5. Суреттерін салып белгілерін жасау.
Қолданылатын әдебиеттер:
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
Зертханалық жұмыс № 21
Тақырыбы: Құстардың қаңқасы.
Мақсаты: Құстардың қаңқасын зерттеу.
Қолданылатын әдебиеттер:
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
Зертханалық жұмыс № 22,23,24
Тақырыбы: Тушкалары бойынша құстарды анықтау
Мақсаты: Құстардың алуан түрлілігімен танысу.
1. Құстардың негізгі отрядтарымен танысып, оларды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу.
2.Анықталған түрлерге сипаттама беру.
Зертханалық жұмыс № 25
Тақырыбы: Сүтқоректілер класы. Морфологиясы. Ақ егеуқұйрықтың құрылыс ерекшелігі.
Мақсаты: Ақ егеуқұйрықты мысалға ала отырып, сүтқоректілердің сыртқы құрылыс ерекшеліктерін зерттеу. Сүтқоректілердің алуан түрлілігімен танысу.
Тапсырма:
1.Сүтқоректілердің қаңқасын зерттеу.
2.Ақ егеуқұйрықтың ішкі органдарының орналасуын зерттеу
3.Ақ егеуқұйрықтың миын зерттеу
4.Тушкалары бойынша сүтқоректілерді анықтап, сүтқоректілердің негізгі отрядтарымен танысып, оларды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтау.
5.Анықталған түрлерге сипаттама беру.
6.Суреттерін салып белгілерін жасау.
Сұрақтар:
1.Сүтқоректілердің тері жамылғысының ерекшеліктері.
2.Сүтқоректілердің иық белдеуінің ерекшелігі.
3. Сүтқоректілердің ми сауытының ерекшеліктері.
4.Сүтқоректілердің жыныс органдарының ерекшеліктері.
Қолданылатын әдебиеттер:
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы. Алматы., 2011ж
Зертханалық жұмыс № 26
Тақырыбы: Сүтқоректілердің ішкі құрылысы.
1. Сүтқоректілердің ішкі құрылыс ерекшеліктері.
2. Сүтқоректілердің систематикасы.
Мақсаты: Ақ егеуқұйрықты мысалға ала отырып, сүтқоректілердің ішкі құрылыс ерекшеліктерін зерттеу. Сүтқоректілердің алуан түрлілігімен танысу.
Тапсырма:
1.Ақ егеуқұйрықтың ішкі органдарының орналасуын зерттеу
2. Ақ егеуқұйрықтың асқорыту жүйесін зерттеу
3.Тыныс алу жүйесін зерттеу
4. Қан айналу жүйесін зерттеу
5.Жүйке, сезім органдарын зерттеу
6.Суреттерін салып белгілерін жасау.
Сұрақтар:
1.Сүтқоректілердің тері жамылғысының ерекшеліктері.
2.Сүтқоректілердің асқорыту жүйесінің ерекшелігі.
3. Сүтқоректілердің зәр шығару жүйесінің ерекшеліктері.
4.Сүтқоректілердің жыныс органдарының ерекшеліктері.
Қолданылатын әдебиеттер:
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы. Алматы., 2011ж
Зертханалық жұмыс № 27,28,29.
Тақырыбы: Тушкалары бойынша сүтқоректілерді анықтау
Тушкалары бойынша сүтқоректілерді анықтап, негізгі отрядтарымен танысып, оларды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтау.
Анықталған түрлерге сипаттама беру.
Суреттерін салып белгілерін жасау.
Сұрақтар:
1.Жер бетін мекендейтін сүтқоректілердің ерекшеліктері.
2. Жер астын мекендейтін сүтқоректілердің ерекшеліктері
3. Ұшатын сүтқоректілердің ерекшеліктері
4. Су аңдарының ерекшелігі
5. Сүтқоректілердің тіршілігіндегі жылдық цйиклдерді ата.
6. Сүтқоректілердің экономикалық маңызы.
Зертханалық жұмыс № 30 Аралық бақылау 2.
4 ПӘННІҢ форматы
Қатынасу: дәрiс, Зертханалық сабақтарға мiндеттi түрде қатынасу керек. Егерде қандайда болмасын себептермен сiз оларға қатынаса алмасаңыз, онда барлық меңгере алмаған материалға жауапкер боласыз. Мiнез – құлық: Студент ар кодексiн: мiнез-құлық этикасын сақтауы керек. Сабаққа кешiгу кешiрiлмейтiн қылық. Сабақ үстiнде оқу тәртiбiн жиi бұзушылар дәрiсханадан шығарылып жiберiледi, немесе бүкiл курс бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады. Бақылау тапсырмалары. Олар сөзсiз орындалып, белгiленген мерзiмде тапсырылуы қажет. Кешiгiп орындалған жұмыстардың бағасы өзiнен - өзi төмен болады. Межелiк бағалау: Межелiк бағалаудың қортындысы сабақ қатысуы мен үлгерiмiне, студенттердiң белгiленген мерзiмге өз бетiмен жұмыс орындауына, сабақта ауызша немесе жазбаша түрде берген жауабына, межелiк бақылау қортындысына байланысты қойылады. Көшiрiп алу және бiреудiң шығармасын толық немесе жарым-жартылай өз атымен ұрлап пайдалану: Қандай да болмасын көшiрiп алу немесе бiреудiң шығармасын толық, не жарым-жартылай өз атымен ұрлап пайдалану (басқа студенттерден дайын тапсырма және шешiмдер көшiрмесiн пайдалану) дәрiсханадан шығарумен тоқтатылады немесе «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады.
5 ПӘН саясаты
Бірігіп жұмыс істеу барысында біз келесідей тәртіпті ұстанамыз:
Оқытушымен студент бір-біріне сыйластықпен қарау керек.
Кез келген тәртіп бұзушылықтар жазаланады, ал белсенді жұмыс керісінше мадақталады.
Сабаққа кешікпеу және сабақты босатпау.
Білімді бағалау баллды-рейтингті жүйе бойынша жүргізіледі.
6 Баға қою саясаты
«Зоология» пәнінен балдық көрсеткіш
Кесте 2
Апта
|
Бақылау түрі
|
Балл саны
|
Ескерту
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1-мен 7 апта аралығындағы барлық сабақ түрлеріне қатысуы
|
30
|
|
1
|
Ағымдағы бақылау
|
|
|
2
|
Ағымдағы бақылау 20 балл.
|
20
|
|
3
|
Ағымдағы бақылау 20 балл.
|
20
|
|
4
|
Ағымдағы бақылау 20 балл.
|
20
|
|
5
|
Ағымдағы бақылау 20 балл. ОӨЖ 52 балл
|
72
|
|
6
|
Ағымдағы бақылау 16 балл. ОӨЖ 52 балл.
|
68
|
|
7
|
1 аралық бақылау
|
70
|
|
1-мен 7 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша қорытынды баллдар
|
300
|
|
|
8-бен 15 апта аралығындағы барлық сабақ түрлеріне қатысуы
|
30
|
|
8
|
Ағымдағы бақылау 15 балл
|
15
|
|
9
|
Ағымдағы бақылау 15 балл.
|
15
|
|
10
|
Ағымдағы бақылау 14 балл.
|
14
|
|
11
|
Ағымдағы бақылау 14 балл.
|
14
|
|
12
|
Ағымдағы бақылау 14 балл. ОӨЖ 50 балл
|
64
|
|
13
|
Ағымдағы бақылау 14 балл.
|
14
|
|
14
|
Ағымдағы бақылау 14 балл. ОӨЖ 50 балл
|
64
|
|
15
|
2 аралық бақылау
|
70
|
|
8-бен 15 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша қорытынды баллдар
|
300
|
|
Емтихан бойынша қорытынды баллдар
|
400
|
|
Академиялық мерзгіл бойынша қорытынды баллдар
|
1000
|
|
ӘДЕБИЕТ
7.1 Негізгі әдебиет
7.1.1 Түсіпова К.С.Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы,1999ж.
7.1.2 К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов, Омыртқалылар зоологиясы.Алматы., 2011ж
7.1.3 Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
7.1.4 Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007
7.1.5 Дәуітбаева К.А. Омыртқасыздар зоологиясы. –Алматы Қазақ
университеті, 1997. 2 -бөлім.
7.1.6 Болатова, Қ.Б. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы / Қ.Б. Болатова, Л.А. Байдулова; БҚМУ.- Орал, 2007ж.
7.2 Қосымша:
7.2.7 Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
7.2.8 Наумов Н.П. Зоология позвоночных.-М.,1979
7.2.9 Лукин Е.Н. Зоология. - М., 1989
7.2.10 Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.
7.2.11 7.2.14 Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические
указания).
М., 1975.
7.2.12 История биологии. -М, 2002. т.1, С. 536.
Достарыңызбен бөлісу: |