Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі



Дата22.12.2021
өлшемі0,53 Mb.
#127681
Байланысты:
деңгейлеп оқыту


Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті 3 деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Болашақта оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік талап-тілектерді ескере отырып дамыту, ғылыми жетістіктер мен педагогикалық тәжірибелерді жаңартуға, мұғалімдерді ақпараттық қамтамасыз етуді, біліктілігін үздіксіз көтеруді қажет етеді.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты:

  • Әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
  • Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
  • Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
  • Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады:
  • ең төменгі деңгей (базалық),
  • бағдарламалық деңгей
  • күрделенген деңгей
  • Сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін а) жеке тұлға ерекшеліктеріне, б) психологиялық даму ерекшеліктеріне в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отыру қажет.

Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:

  • Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты
  • Алгоритмдік деңгей.Оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
  • Эвристикалық деңгей.Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
  • Шығармашылық деңгей.Оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:

  • Топ оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы
  • Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы
  • Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы
  • Оқушылардың оқуға ынтасы мен мамандығына деген қызығушылығының артуы
  • Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы
  • Оқушы белсенділігінің оянуы
  • Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы
  • Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы

Нәтиже

Оқушы өз көзқарасын білдіріп, ой қорытынды жасайды

Салыстырмалы ойлау қабілеті дамиды

компьютерлік сауаттылықтары дамиды



шығармашылық қабілеттері шыңдайды.

Қорытынды

  • Сонымен, саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет