ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет1/2
Дата14.11.2019
өлшемі182 Kb.
#51756
  1   2
Байланысты:
УММ нефтех.каз.
УММ нефтех.каз.

ПОӘК 042–14–01.06.01.20.57/3– 2010


30.09.2010ж.

№2 басылым



24 беттің беті






ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

«Мұнай химиясы»


«050721 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандығы үшін


Семей


2010

1 ӘЗІРЛЕНГЕН


ҚҰРАСТЫРУШЫ « 31 » 08 2010 ж. Дінжұманова Р. Т., химия ғылымдарының кандидаты, доцент‚ «Химия» кафедрасы

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің химия кафедрасының отырысында
« » 2010 ж., № хаттама
Кафедра меңгерушісі, доцент Яшкарова М.Ғ.

МАЗМҰНЫ:
1 . Дәрістер.......................... ................................................................................ 4

2. Зертханалық жұмыстар....................................................................................7

3. СӨЖ...................................................................................................................8




  1. Дәрістер (қысқаша конспект).


Мұнайдың жіктелуі

Дәріс сабақтың мазмұны:

1. Мұнайдың ғылыми жіктелуі

2. Мұнайдың технологиялық жіктелуі

3. Мұнайдың түзілуі

4. Мұнай және мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттері


Мұнай – күрделі көмірсутектер және гетероциклды қосылыстар қоспасы болып келетін табиғи шикізат. Мұнайдың әр түрлі жіктеулері бар: химилық, генетикалық, өнеркәсіптік, товарлық, т.б. Мұнайдың ғылыми жүктелу түрлері:

1) ең алғаш ұсынған тығыздық бойынша жіктеу. Мұнайдың үш түрі болады: а) жеңіл, (бензин фракциясы көп);

б) ауырлау,

в) ауыр, (шайыр заттар көп)

2) Химиялық жіктеу. Мұны ұсынған Горное Бюро США. Бұл жүктеу негізінде тығыздық пен көмірсутектік құрама арасында тәуелділік жатыр. Мұнайдың екі фракциясы зерттеледі. Олардың тығыздығы анықталып, мұнай үш кластың біреуіне жатқызылады.

3) Химиялық құрамы бойынша жіктеу. Бұл жіктеу негізінде мұнай құрамында қандай көмірсутек класы көп болатыны алынған. Бұл жіктеу бойынша алты класс болады:

1. парафиндік;

2. парафиндік-нафтендік;

3. нафтендік;

4. парафиндік-нафтендік-ароматтық;

5. нафтендік-ароматтық;

6. ароматтық.

Мұнайдың технологиялық жіктелуі


1967 жылы Совет Одағында енгізілген. Бұл жіктеу бойынша мұнайды бөледі:

1) кластарға, мұнайдағы, бензиндегі, реактивті және дизельді жанармайдағы күкірт мөлшері бойынша;

2) типтерге, 350°С-ге дейінгі фракцияның шығымы;

3) топтарға, базалық майлар мөлшері бойынша;

4) топшаларға, базалық майлардың тұтқырлық мөлшері бойынша.
Мұнайдың түзілуі
а) Мұнайдың бейорганикалық түзілуінің үш түрлі гипотезасы:

1) Соколовтың космостық гипотезасы (1992 ж)

2) Менделеевтың карбидтік гипотезасы (1978ж)

3) Кудрявцевтың магмалық гипотезасы

Ең алғаш мұнайдың органикалық түзілуі жайлы ұсынған Ломоносов болған. Органикалық теория бойынша мұнайдың түзілуінің көзі бұл төмен өсімдіктік және жануарлардың, организмдердің органикалық қалдықтары. Бұлар суда өмір сүрсе планктон, судың түбінде өмір сүрсе бентос деп аталады. Бастапқы түзілген субсрат бактериялар әсерінен бактериялық биомассаға айналады. Сондай-ақ, полимерлену мен поликонденсация жүреді. Нәтижесінде хераген түзіледі. Хераген жер жынысына сорбцияланып, органо-минералды комплекс түзеді. Тереңдікке – қысым мен температураға байланысты мынадай сатылар болады:

а) 1,5-2 км тереңдік, декарбоксильдеу, дегидротация, шеткі функционалдық топтардың түзілуі жүреді.

б) 2-3 км тереңдік, 80-170°С температура керогеннің деструкциясы жүреді. Битумоидтар түзіледі.

в) МБФ аяқталған соң 4-6 км 250°С кероген өзгеріске ұшырайды:

1) кокстік сатысы;

2)көмірсутектік газдар көп түзіледі, яғни бұл саты газ түзілуінің басты фазасы ГБФ.

г) 6 км-ден артық тереңдікте,мұнда газ өнімдерін жоғалтып, көмірге айналады. Бұл саты антрацит сатысы деп аталады.
Мұнай және мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттері
а)Салыстырмалы тығыздық деп зат тығыздықтарының стандартты зат тығыздықтарына қатынасы.

б)Молекулалық шама фракцияға кіретін заттардың орташа молекулалық массасын көрсетеді. Яғни фракцияның құрамын сипаттайды. Молекулалық массаны әр түрлі әдістермен анықтайды: криоскопиялық, эбуллиоскопиялық, т.б.

в) Тұтқырлық- сұйықтардың бір бөлігінің басқа бөлігіне қатысты жылжуына кедергі көрсету қасиеті.Үш түрлі тұтқырлық болады:

1) динамикалық;

2) кинематикалық;

3) шартты тұтқырлық;

Майлардың тұтқырлықтық температуралық қасиеттерін келесі көрсеткіштер сипаттайды:

тұтқырлық коэффициенті;

тұтқырлықтың температуралық коэффициенті:

керісінше тұтқырлықтық температуралық коэффициент сирек пайдаланылады

тұтқырлық индексі;

г) Қату, лайлану және кристалдану температуралары

д) Ұшқындану, тұтану және өздігінен тұтану температуралары

е) оптикалық қасиеттері

1) Рефракция және жарықтың сынуы

2) меншікті рефракция

3) молекулалық рефракция- меншікті рефракцияның молекулалық массаға көбейтіндісі

4) дисперсия- бұл n –нің толқын ұзындығына тәуелділігі. 3 түрлі болады:

а)орташа

б) салыстырмалы

в) меншікті

5) рефракция интерцепті немесе рефрактометриялық айырма – бұл сыну көрсеткіші мен жартылай тығыздықтың айырмасы


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Мұнайдың парафиндік-нафтендік фракциясында қандай класс көмірсутектері бар?

2. Мұнайдың парафиндік фракциясында қандай класс көмірсутектері бар?

3. Химиялық жіктелуі бойынша мұнайдың неше класс тармағы бар?

4. Қандай температурада мұнай өнімінің салыстырмалы тығыздығы анықталады?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет