Пәннің ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет8/32
Дата07.02.2022
өлшемі250,62 Kb.
#91889
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
Байланысты:
32dd0c3d-bdf7-11e3-b0bc-f6d299da70eeУММ каз

2. Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.басқасын ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Бұл оқыту студент ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.
Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
- Студенттердің логикалық ойлау қабілетін арттырады;
- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
- Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
- Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Проблемалық оқытудың кемшіліктері:
- Студенттердің танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
- Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.
Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзіне де, процесінде меңгеру, студенттердің таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады.Проблемалық оқытуда студенттер бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмсайды.
Проблемалық оқыту арқылы өнімді, тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тарапынан проблеманы дәл, нақты қоя білудің де маңызы зор. Студенттер проблеманы шешуде қиындыққа кезіксе, мұғалім оларды жетелеп, әдіс-тәсілдерін ұсынады.
Проблемалық оқытудағы студенттердің шығармашылық іс-әрекетін бұлай тұжырымдауға болады
1. Оқу материалының мазмұнын талдау, саралау.
2. Проблеманы ашу, өнім жасаушы шығармашылық еңбекке қол жеткізу.
3. Қорытынды жасау, өзіне-өзі баға беру, саралау.
Проблемалық оқыту технологиясы дұрыс іздене білгенде, ол тіл дамытуда өнімді нәтижелі қорытынды береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет