Тақырыбы: Калориметрлік өлшеу.
Мақсаты: Әр түрлі құрамдағы жүйенің жылу сыйымдылығы, химиялық реакциялардың, физика-химиялық процестердің жылу эффектілерін өлшеу, жылу әсерінің күй параметрлеріне тәуелділігін анықтау.
Негізгі сұрақтар:
Калориметр құрылысы
Студент білуі қажет: Калориметр түрлерін, калориметрлік жүйенің жылулық мәнін анықтауды, жылу сыйымдылық жайлы түсінік, жылу түрлерін және оларды есептеу жолдарын.
Бақылау сұрақтары:
Жылу мен жұмыстың айырмашылығы қандай?
Жылу сыйымдылығы дегеніміз не?
Жылу сыйымдылығының температураға тәуелділігі қандай формуламен өрнектеледі?
Еру жылуы дегеніміз не?
Бейтараптану жылуы дегеніміз не?
Кристаллогидраттану жылуы дегеніміз не?
Өткізілу әдістемесі Калориметрлік жүйенің жылулық мәнін анықтау. Калориметрлік жүйенің жылулық мәнін, жылу алмасуына қатынасатын құрылымдық бөлшектердің жылу сыйымдылықтарының қосындысы ретінде есептеуге болады:
С = Gс + Ск (2)
мұндағы Сс - тәжірибені жүргізгеннен кейінгі калориметрлік сұйықтың (тұз ерітіндісінің) салмағы; С – калориметрлік сұйықтың, меншікті жылу сыйымдылығы; Ск – калориметрдің жылулық мәні.
Калориметрлік сұйықтың меншікті жылу сыйымдылығын (Ск) анықтамалық кестеден алады немесе тәжірибелік жолмен анықтайды. Калориметрдің жылулық мәнін Ск тендеу бойынша есептейді:
Ск (3)
мұндағы - калориметрлік затгың салмағы, - меншікті жылу сыйымдылығы; - калориметриялық сұйыққа енгізілген барлық құрал-саймандардың салмағы мен жылу сыйымдылықтарының көбейтіндісі. - Бекман термометрінің сұйыққа батып тұрған бөлігінің жылу сыйымдылығы.
Калориметрдің жылулық мәнін анықтаудың бұл әдісі аса дәл емес, өйткені есепке калориметрдегі бөлшектің бәрі енеді. Шынында олардың калориметрден сыртқа шығып тұрған бөліктері кезіндегі температураға дейін қыздырылмайды. Демек, жоғарыдағы (3) теңдеу бойынша есептелінген калориметрдің жылулық мәні жоғары болып шығады. Бұл әдісті өлшеу қателігі бірнеше проценттен аспайды.
Калориметрдің жылулық мәнін дәлірек анықтау үшін, жүйеге жылулық мәні белгілі, әрі ауытқымайтын қосылыстарды енгізіп, осындағы өзгерісті өлшей отырып, тәжірибе барысында айқындайды. Нақтылы жылу көзі ретінде жүйені қыздыратын электрлік тогын немесе жылу әсері белгілі химиялық реакцияны пайдаланады.