Перкуссия (percussio)- дененің әртүрлі бөліктерін қағудан (соққылаудан) және осы кезде пайда болатын дыбыстарды бағалаудан тұратын зерттеу әдісі. Перкуссияны тәуелсіз зерттеу әдісі ретінде австриялық дәрігер Леопольд Ауенбруггер(1722-1809) ойлап тапқан, ол Вена университетін бітіріп, 1752 жылы докторлық дәрежеге ие болды. 1761 жылы «Inventum novum ex percussione thoracis humani ut signo abstrusos interni pectoris morbos detegendi»( «Адамның кеуде қуысында жасырылған ауруларды анықтау үшін кеудесін соғуды қолданудың жаңа әдісі») атты Л.Ауенбруггер еңбегі жарық көрді. Бұл кітап орыс тіліне тек 1961 жылы аударылды. Л. Ауенбруггер
пирамида түрінде бүктелген саусақтарымен тікелей перкуссияны қолданды. Жаңа әдісті әріптестері сенімсіздікпен қарсы алды. XIX ғасырдың басында француз дәрігері Жан Корвизар перкуссияның белсенді қолдаушысы және насихаттаушысы болды. 1826 жылы Пиорри перкуссиялық дыбыстық сапасын жақсарту үшін плессиметрлерді (әртүрлі материалдардан жасалған пластиналарды) пайдалануды ұсынды. Осыдан бастап перкуссия плессиметрлі болды. 1846 жылы Винтрих перкуссиялық балғашықты қолдануды ұсынды, содан бері перкуссия аспапты болды. Өткен ғасырдың ортасына дейін әртүрлі формадағы балғашықтар мен плессиметрлер қолданылған. Бимануалды перкуссияны Г.И.Сокольский қолданған (1835). Бұл кезде сол қолдың саусақтары плессиметр ретінде, ал оң қолдың 2-3 саусағы балғашық ретінде қолданылды. Перкуссия кезінде пайда болатын дыбыс перкуссия аймағында орналасқан тіннің құрылымына байланысты, перкуторлық дыбыс амплитудасы, жиілігі және ұзақтығы бойынша сипатталуы керек. Амплитудасы бойынша дыбыс қатты және тыныш, жиілігі бойынша жоғары не төмен, ал ұзақтығы бойынша ұзақ не қысқа болып ажыратылады. Дыбыс сипаттамасы зерттелетін мүшедегі ауа мен тіннің қалыңдығына тәуелді. Зерттелетін мүшенің ауалылығы көп болса, перкуссия дыбысы соғұрлым амплитудасы қатты, жиілігі төмен, ұзақтығы ұзақ болады. Керісінше тығыз тіндерді перкуссиялағанда амплитудасы тыныш, тұйық, жиілігі жоғары және ұзақтығы қысқа болады.
Қазіргі таңда негізгі 3 перкуторлық дыбысты ажыратамыз:
Ашық өкпелік дыбыс, қалыпты жағдайда сау өкпелердің үстінен анықталады. Сипаты: қатты, төмен, ұзақ және тимпаникалы емес;
Тұйық дыбыс, қалыптыда тығыз тінді мүше үстінен анықталады(бұлшықет, бауыр, жүрек). Сипаты: тыныш, жоғары, қысқа, тимпаникалық емес;
Тимпаникалық (асқазан- ішектік) ауалы, қабырғалары жұқа (асқазанда, ішектерде) мүше үстін перкуссиялағанда естіледі.Сипаты: қатты, жоғары және ұзақ.
Тапсырма: Алдымен перкуссиялау техникасын жасап көріңіздер. Әр түрлі беткейлерге. Мысалы: үстел үстінде, оқулық үстінде, адам денесінде. Содан соң аталған үш перкуссиялық үндерді ажыратып, мүшелерге перкуссия жасап көріңіздер. Жасалу әдістері бойынша екі түрін ажыратамыз:
Тура (тікелей) перкуссия