адамдардың тиімді қарым-қатынас жасауының негізі болып табылады. Бұл мәнмәтінде нақты сынып – бүгінгі күні бар, нақты жұмыс істеп жатқан сы- Нып. Өзара білім алуға көмектесетін диалогтік оқыту – мұғалім оқу материалын түсіндіруі, оқушының оны меңгеруі; оқушыларды проблемаларды қоюға және оны шешуге қатысуға түрткі болу; олардың білім алуларын күшейту мақсатында оқу материалын дайындау және хабар- лаушы әңгіме өткізудің оқу қағидаттарына негізделген реттеуші ережелері жүйесі. Негізгі функциялары: репродуктивтік сұрақтар мен арнайы жасалған проблемалық жағдаяттардың көмегімен оқу қызметінің жаңа ұғымдары мен тәсілдерін ашу; танымдық қарым-қатынасты жандандыру және оқушылардың ойлау және тәжірибелік қызметіне түрткі болу, оларда сөз сөйлей білу және өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру; оларға ұжыммен ойлау қызметінің тәсілдерін үйрету. Негізгі белгілері: оқу материалы хабарлаушы әңгіме түрінде баяндалады, онда негізінен оқушыларға белгілі материал бойынша репродуктивтік сұрақтар қолданылады. Мұғалім проблемалық жағдаят тудырып, бірқатар проблема- лы сұрақтар қоя алады, бірақ бұл жағдайда жаңа ұғымдар мен әрекет ету жолдарының мәнін мұғалім түсіндіреді. Пішіндеу – таным объектілерін өз модельдерінде зерттеу: шын мәнінде бар заттар мен құбылыстардың (тірі ағзалардың, инженерлік құрылғылардың, қоғамдық жүйелердің, түрлі үдерістердің т.б.) моделін құру. Рефлексивті делдал – оқушының өзінің оқуына қатысты рефлексия жүргізуіне көмек көрсетілген жағдайда мұғалім делдал бола алады. Рефлексивті практик (мұғалім) – өз тәжірибесін дамыту, өзгерту және жетілдіру әдістері туралы мұқият және үнемі ойластырып жүретін мұғалім.