Персоналды басқарудың мәні мен түсінігі


Аттестаттау жүргізу үшін келесі құжаттарды дайындау ұсынылады



бет24/38
Дата27.06.2020
өлшемі336,09 Kb.
#74601
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Байланысты:
Персоналды басқару ГЭ

Аттестаттау жүргізу үшін келесі құжаттарды дайындау ұсынылады:

1. Аттестаттау туралы ереже;

2. Аттестаттау туралы ережені бекіту туралы бұйрық;

3. Аттестаттауды жүргізу туралы бұйрық;

4. Аттестаттауды өткізу кестесі;

5. Аттестаттауға жататын жұмыскерлер тізімі;

6. Жұмыскерлерге алда болатын аттестаттау туралы хабарлама;

7. Әр жұмыскерге арналған мінездеме;

8. Аттестаттау парағы;

9. Аттестаттау комиссиясы мәжілісінің хаттамасы;

10. Аттестаттау қорытындылары бойынша шаралар туралы бұйрық.

Ұйым басшысы өз бастамасы бойынша жұмыскерлерді кезектен тыс аттесстаттаудан өткізе ала ма?

Кадр бөлімінің бастығы, Талдықорган қ.

Персоналды аттестаттау кәсіпорындардың барлығы үшін міндетті рәсім болып табылмайды. Заңдармен көзделген жекелеген жағдайларда жұмыскерлер (педагогтар, көлік, энергетика саласы, қауіпті өндірістік объектілер жұмыскерлері, медицина жұмыскерлері және т. б.) міндетті аттестаттауға жатады. Ерікті аттестаттау персоналды басқаруды оңтайландыру мақсатында әкімшіліктің қалауы (шешімі) бойынша, демек, еңбек қабілеттілігі мен бизнестің тұрақтылығы үшін жүргізіледі. Аттестаттау өткізудің оңтайлы кезеңділігі – үш жылда бір рет.

Мысалы, білім мекемелерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа алады.

Аттестаттау – персонал жұмысын бағалаудың анағұрлым таралған нысандарының бірі болып табылады, дәлірек айтқанда – атқаратын лауазымға сәйкестігі.

Қызметкерлерді аттестаттау тәртібі, талаптары мен кезеңділігі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 53-бабының 3-тармағында айқындалған.

Аттестаттау нормативтік құқықтық актілермен көзделмеген қызметкерлер санаты үшін аттестаттау жұмыс беруші әзірлейтін және жұмыскерлердің өкілдік органының пікірлерін ескере отырып, қабылданатын жергілікті нормативтік актілердің негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұл, аттестаттауды өткізу рәсімі, оның мерзімдері, аттестаттау комиссиясына қойылатын талаптар және аттестаттау нәтижелерін дауласу әдістері жазылған Жұмыскерлерін құрамын аттестаттау туралы ереже немесе жұмыс берушінің өзара байланысты жергілікті актілер кешені болуы мүмкін (жұмыскерлерді аттестаттауға даярлау және жүргізу жоспары, жұмыскерлерге мерзімді аттестаттау жүргізу туралы және аттестаттау комиссиясын, мерзімді аттестаттауға жататын жұмыскерлер тізімін, аттестаттау кестесін жасау туралы бұйрық). Егер ұйымда бұл көзделсе, онда аттестаттау жүргізуге болады.

Осылайша, кезекті немесе кезектен тыс, коммерциялық ұйымдарда аттестаттауды өткізу жұмыскерлер өкілдерінің келісімімен жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет